Файл: Емтихан сратары (хх . басындаы аза дебиеті) Кітби аындар шыармашылыы Маыш алтаев шыармашылыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 132

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
, Шыңғыс тауының сыртындағы Шақпақта 67 жасында жазған. Романда ескі қазақ ауылының 1910 жылдардағы өмір тұрмысы, сол кездегі әлеуметтік теңсіздік суреттері, сүйгеніне қосылса да зорлық пен әділетсіздіктің құрбаны болған. Әйел тағдыры шыншылдықпен суреттеледі. Романның идеялық нысанасымен әлеуметтік астарына келетін болсақ,мұндада қазақ қоғамындағы әйел теңсіздігі, махаббат еркіндігі жолындағы күресі арқау болған.Шәкәрім шығармасын оқи отырып, сол кездегі халықтың тұрмыстіршілігін, әдет-ғұрпын, этнографиясын, салт-дәстүрін қоршаған орта табиғатын ұтымды пайдаланғанын байқаймыз. Ш. ҚҰдайбердиевтің «Әділ мен Мария» атты прозалық шығармасы – ұлттық әдебиетімізді байытқан, өз заманының шындығын дәл, шынайы жеткізе білген,біздің әдебиеті тарихымызлдан өзіне лайық орын алуға тиіс, көркем шығармалардың бірі.

Сонымен Шәкәрім - әдебиеттің көптеген жанрларында туындылар жасаған қаламгер. Шығармашылығының басты тақырыптары сол кездегі қазақ қоғамының бір саласын қамтыған. Ол әсіресе, Абай үлгісін шашуда елеулі еңбек етті. Сондықтан Абай дәстүріндегі көркемдігі жоғары, мазмұн, түр жағынан сонылығы басым, үлкен қоғамдық-әлеуметтік мәні бар лирикалар туғызды. Абай ұстанған ағартушылық, гуманистік көзқарасты қатты қолдады.
11. Шәңгерей Бөкеев шығармашылығы
12. Әріп Тәңірбергенов шығармашылығы

Әріп Тәңірбергенов (1856-1924). Аягөз өңірінде туып-өскен. Өз тұсындағы алуан қырлы әлеуметтік оқиғаларға араласып, сан түрлі қызмет атқарған. Мұсылманша да, орысша да білім алған. Өз кезіндегі өрелі жанның бірі ретінде бағаланып, көп тілді игерген (орыс, түрік,араб, фарсы, қытай). Шығыстың классикалық әдебиетінен де, орыс әдебиетінен де нәр алып өсуіне байланысты шығармашылығында осы әдебиеттер әсері алмасып көрініс тауып отырады.

Өлеңдерінде өз дәуірінң өзекті мәселелерін көтере білген. Бірақ жалпы шығармашылығында қарама-қайшылықтар кездесіп қалатын кездері бар. Бірқатар өлеңдері поэзиялық тұрғыдан жатық, ұйқасы келісімді, ой ағыны айқын болып келеді. Кейбір өлеңдері табан астында суырып салмалылықпен шығарылғандықтан да мағынасы жағынан шашыраңқы шығып жатады.

Әріп шығыс әдебиеті үлгісінде қиссаларда жазған (“ЗиядаШамұрат”). Абай мен Әріп арасында ұстаздық, шәкірттік қарымқатынастар болған. Жалпы шығармашылығын тақырыбына, көтерген мәселелеріне орай шартты түрде төрт салаға бөлуге болады:

Сатиралық өлеңдері, ағартушылыққа үндеген өлеңдері, адам баласына тән сезім күйлерін жырлауы, өмір жайлы өсиет-өнеге сөздері.


Ақын отаршылдық саясат зардаптарын тұспалдай айтып, ел басқарған әкімдер мен надан байлардың елге істеген қиянатын ашық сынға алған (“Найман Секікбай қожаға”, “Тұрғали болысқа”, “Тәуірбек болысқа”, “Қабділдә биге айтқаны” т.б.). Бұл өлеңдерінде сатиралық сипат басымдау жатады және тапқыр әжуа, сықақ, әзілге де толы болып келеді.

Әріп біраз өлеңдерінде еңбекті ардақтап, ғылым-білімнің пайдасы жөнінде ой толғайды (“Еңбек туралы”, “Замандасқа”, “Ғылым туралы”, “Шәкірттеріме”, “Шұғбанға”, “Орыстың муссанифы Пушкин дана”, “Халқыма”, “Ғанидің тірлігі” т.б.). Достық, махаббат жайлы өлеңдері де (“Сараға” т.б.) кездеседі. Ақынның өнеге-өсиетті негіз еткен дидактикалық сарындағы өлеңдері де бар (“Ақыл”, “Дүние туралы”, “Өлім туралы”, “Нәпсіге”, “Иман туралы” т.б.). Бұл топтағы өлеңдерінде Әріп тақырып ретінде алынған мәселелер туралы өзіндік көзқарасын танытады. Онда діни тұжырымдар басымдау шығып жатады.

Әріптің “Біржан мен Сара айтысына” қатысы бар. Кейбір зерттеушілер осы айтысты шығарған немесе әдеби өңдеген Әріп деген пікірді ұстанады. Оған дәлел ретінде Қазандағы баспаға 1898 жылы Зайсаннан жіберілген қолжазбаны айтады. Қанша дегенменде Сара мен Әріп арасындағы адамгершілік, достық қатынастар болғандығы рас. Бірақ айтысқа Әріптің қатысы туралы пікір-талас әлі бір жақты шешіле қойған жоқ. Әріп Кеңес тұсында да бірді-екілі өлеңдер жазған. Бірақ шығармашылықпен толыққанды күйде айналыспаған.

Әріп шығыстың ғажайып оқиғалы ертегілік сюжетіне құрылған бірнеше дастан жазған. Оның алғашқысы “Зияда-Шаїмұрат” дастаны 1884 жылы жазылып, 1890, 1892, 1893, 1896, 1909, 1912 жылдары немере туысы Жақып Байжігітұлының атынан Қазан қаласында баспадан шыққан. “Қисса-и Бәїрам” дастаны 1908, 1912 жылдары жарық көрді. Осы шығармалары және “Қожа Ғапон” “Нұрғызарун”, “Таїир” дастандары —махаббат тақырыбына арналған қисса үлгісіндегі туындылар. Әріп сонымен бірге, ислам дінін жақсы біліп, мұсылмандық әдет-ғұрыптарды зерттеген. Әріптің қиссашылдығын айыптаған Абайдың әділ сынынан кейін ол өз кезінің әлеуметтік өмір шындығын жырлауға бет бұрып, қарапайым халық жоқшысы болды. Өлеңдерінің тақырып аясы кеңейіп, ғылым, білім, еңбек туралы шабыттана жырлап, сараң байлар мен жебір би-болыстарды, өтірікші-өсекшілерді, халық есебінен күн көруші пайдакүнем алаяқтарды сын тезіне алды. Көптеген өлеңдерінде қалың мал сияқты ескі әдет-ғұрыпты әшкерелеп, әйел теңдігі мәселесін батыл көтерді, өнер-ғылымды насихаттап, жастарды білім алуға шақырды. Әріп өз шығармашылығында Абайдың дәстүрін ілгері жалғастыра білді. Қапалда қызметте болған кезінде атақты ақын қыз Сарамен танысып, ғашықтық жырларын арнады.Біржан — Сара айтысын көркемдік жағынан қайта өңдеп, хатқа түсірді, баспаға ұсынып, мәңгілік мұра етіп қалдыруда көп еңбек сіңірді. Әріп 1913 жжылы айтыс түріндегі “Тәуке-Ұрқия” дастанын жазды.



А.С. Пушкиннің “Евгений Онегин” романын еркін аударма үлгісінде өлеңмен қазақ тіліне аударды.
13. Әсет Найманбайұлы шығармашылығы
14. Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармашылығы
15. Мұхаметжан Сералин шығармашылығы

Мұхамеджан Сералин (1872-1929). Қостанай облысында туып өскен. Мұхамеджан Сералин – ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының үлкен қоғам қайраткері, белгілі санаткері, көрнекті ақыны, танымал көсемсөзшісі. Қазақша-орысша білімді болған. Оның (“Топ жарған”(1900), “Гүлкәшима” (1903)) поэмалары қазақ жазба әдебиетіне елеулі үлес болып қосылды. М.Сералин өлеңдері қазақ өмірінің, әлеуметтік тұрмысының шындығын танытады (“Бай, патша һәм кедей”, “Бай, қасқыр, аңшы” т.б.).

Топ жарған” поэмасында Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің нақты шындығы көрініс табады. Поэманың басты кейіпкері Адай жігітінің бостандықты көксеген ой-арманы Кенесары көтерілісімен желілес беріледі. Поэмада Кенесары-Наурызбай көтерілісін қалың бұқараның жақтауы жеке кейіпкерлер сөздері арқылы беріліп, шындықты ашудың жақсы тәсілі қолданыс тапқан.

“Топ жарған” поэмасында Кенесары көтерілісінің қазақ бұқарасының мүддесін қорғаған көтеріліс екендігі қилы тағдырлар тоғысы арқылы көрініс табады. Адай жігіті бейнесі – көтерілісті жүрек қалауымен жақтаған ерлер бейнесінің жиынтық образы.Поэманың композициялық құрылымының ерекшелігі – ақынның орыс классикасынан үйренуінің дәлелі. “Топ жар-ған” поэмасында тіл сонылығы бар. Тарихи шындықты, нақты өмірді тың теңеу, көркем суреттеулермен бере білген ақын поэмасының тарихи мәні өте зор.

М.Сералиннің “Гүлкәшима” атты шығармасы (1903) – қазақ өмірінен алынып жазылған лирикалық поэма. Поэманың негізгі идеясы бас бостандығын аңсаған жастар мен әйел теңсіздігін жырлау болып табылады. “Гүлкәшима” поэмасы – махабатты жырлауда жазба кәсіптік әдебиет деңгейінде жазылған, өмір шындығын нақты көрсететін шынайы көркем туынды. Поэмада жекеленген бөлімдердің жүйелігі мен тұтастық желісі бар.

Ақын ескілікті әдет-ғұрыптарға және қазақ қоғамының кертартпа күйіне бас кейіпкердің (Баймағамбет) өлімі арқылы наразылық білдіреді. Поэмада еркіннен айрылған адал жардың сезім тазалығы жырланады. Шығарма сюжеті авторлық шешім арқылы жаңа жүйеде құрылған. Оқиғаның өрбуі көбіне хат арқылы беріліп, авторлық көзқарас арқылы түйінделіп отырады. Поэманың публицистикалық сипаты басым. Онда ауыз әдебиеті дәстүрінің белгілері де кездеседі.Поэмада қазақ тұрмыс-салты кең көрініс тапқан.
М.Сералиннің “Гүлхашима” поэмасы ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ поэзиясының ірі табысына саналды. М.Сералин “Рустам-Сухраб” дастанын орыс тілінен аударған (Жуковский). Шығыстың классикалық шығармасы “Шаһнаманың” тұңғыш рет қазақ тіліне аударылуының тарихи маңызы өте зор.

М.Сералиннің журналистік қызметі “Айқап” журналын шығарумен тығыз байланысты. Журналдың бас редакторы ретіндегі идеялық көзқарастарының қазақ ұлтының санасын оятуда мәдени-эстетикалық маңызы бар. М.Сералин – көсем-сөзші ретінде өзіндік қолтаңбасы

қалыптасқан қаламгер. Журналдың қазақ мәдениеті мен әдебиетін дамытудағы іс-әрекеттерінде М.Сералиннің басшылық қызметінің әсері мол болды. Өзінің жеке мақалаларында (“Аштық хаһында”, “Келешек заманымыздың қамы”, “Қазақ халқының мұң-мұқтаждығы”, “Қазақ жастары”, “Отырықшы болған қазақтар туралы” т.б.) қазақ қауымын” жоғын жоқтап, отырықшылдық, оқу-ағарту секілді басты мәселелерді нақты көтерді. Мақалаларында тілдік тұрғыдағы жетістіктер де кездеседі. М.Сералин жалпы ұлттық сананы ояту тұрғысында еңбек етіп, ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының көрнекті санаткерлерінің қатарына көтерілді.
16. ХХ ғасыр басындағы баспасөздің дамуы
17. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы

Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Өз ұлтының рухани ой-санасын өрістетуді, отаршылдық езгіден азат етуді мақсат тұтып, бар білімін, қайрат жігерін соған арнаған ұлы тұлға осылайша 64 жасында еліне теңдік әпереді деп ұққан Кеңес өкіметінің қаһарлы үкімінен қаза тапты. Бірақ А.Байтұрсынов кейінгі ұрпағына мың жыл азық боларлық рухани мұра қалдырып кетті.

Өзі жазған өмірбаянында газет-журналдарда жарияланған еңбектерінің тізімі көрсетілген. Онда:

1. «Тіл – құрал». І бөлім.Фонетика;

2. «Тіл – құрал», ІІ бөлім. Морфология;

3. «Тіл – құрал».ІІІ бөлім. Синтаксис;

4. «Әдебиеттанытқыш»,

5. «Баяншы».Методикалық жазбалар;

6. «Тіл жұмсар», І бөлім, практикалық

грамматика;

7. «Тіл жұмсар», ІІ бөлім, практикалық грамматика;

8.«Оқу құрал» балалар әліппесі;


9. Әліппе;

10 «Сауат ашар». Ересектер

әліппесі.

11. «Әліппе астар». Әліппеге методикалық нұсқау;

12.«Қырық мысал» - Крылов мысалдары аудармасының жинағы;

13.«Маса» - төл тума және аудармалар жинағы;

14. «Оқу құрал» (хрестоматиялық нұсқалық) деген еңбектері көрсетілген.

А.Байтұрсынов әдебиеттану саласында да ұланғайыр еңбек етті.1923 жылы «Ер Сайын» жырын, 1926 жылы «23 жоқтау» атты жинақты Мәскеуден шығарып, алғы сөз жазып, түсініктемелер берді.Ал әдебиетке қатысты келелі ой-пікірлерінің бастау көзі – 1913 жылғы «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласы болып табылады. Бұл ұлы Абай шығармашылығы туралы жазылған алғашқы ғылыми мақала еді.

А.Байтұрсыновтың қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан аса зор үлесі – 1926 жылы басылып шыққан «Әдебиеттанытқыш» атты әйгілі еңбегі. Ахметтің осы кітапта тұңғыш рет қазақ тілінде түзген анықтамалар мен терминдері уақыт өтсе де өз құнын жойған емес.Ахмет Байтұрсыновты үлкен ақын ретінде танытатын екі жинағы бар. Оның бірі – 1909 жылы Петербургте жарық көрген «Қырықмысал» - мысал аудармалары. Екіншісі – 1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» атты өлеңдер жинағы.

Ахмет Байтұрсынов шығармаларының үлкен саласының бірі –поэзия. Бұл – негізінен замана талабы, уақыт сұранымынан туындаған шығармашылық ізденіс жемісі. Орыстың атақты мысалшысы И.А.Крылов шығармашылығына айрықша назар аударған ақын, оның көптеген шығармаларынан өз қажеттілігін тауып, «Қырық мысал» деген атпен аудармаларын 1909 жылы Петерборда бастырып шығарды. Осы тұрғыдан алғанда, «Қырық мысал» жинағындағы аудармалардың «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалымен ашылуы Ахмет үшін белгілі бір мақсаткерлікті танытардай. Ол осы мысал арқылы сол кездегі қазақ өміріндегі ең бір келеңсіз жайды – ел бірлігінің жоқ екендігін аса бір күрделі мәселе ретінде көтерген.

«Қырық мысалдың» үлкен тобы адамдардың бойындағы көре алмаушылық, іштарлық, күншілдік туралы мәселелерге арналған.Бұларды зер сала отырып оқығанда, өз халқын осынау жаман қасиеттерден арылтуды арман етіп, мақсат тұтқан азаматтың жан толғанысын, үздіксіз ұмтылысын айқын сезінеміз. Мұндай мысалдарға«Жүргіншілер мен иттер», «Маймыл», «Үлес», «Ағаш», «Өгіз бен Бақа», т.б. жатады.

«Жүргіншілер мен иттер» мысалында күншілердің сөзіне, іс-әрекетіне бола кібіртектемей, ілгері басуды уағыздайды.Ахаң бұл мысалды сол түпнұсқадан ауытқытпай аударған. Мысалдағы оқиға мазмұны түгелдей сақталып, ғибратты тұжырымы да Крыловпен ұштасып жатады.Ахмет қазақ өміріне қатысты ділгір де дертті мәселелерге келгенде өзіндік ой ұстанып, негізгі сюжеттік желіні дамытып немесе жаңғыртып, өз заманына сай мысалдың өткірлігін арттыра түсуді мақсат ететінін аңғару қиын емес. Ал жеке адамдар арасындағы әртүрлі жағдайларға, адам бойындағы жаман әдеттерді көрсетіп, одан арылуға уағыздауда ұлы мысалшы салған даңғыл жолдан ауытқымайды. Өйткені ол жаман әдеттер адамның ұлтына, қоғамдық қатынастарға тәуелді емес.