Файл: азатарды тіршілікті амтамасыз етудегі дСТрлі жйесі 1 азастанда кшпелі малшаруашылыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 99

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


қолөнершілері металл өңдеудің тәсілдерін ежелгі заманнан берік

сақтап, дамытып келеді.

2. Жаңа замандағы үй кәсібі мен қолөнердің жағдайы.

XVIII ғасыр мен XX ғасырдың басында қазақтардың үй кәсіпшілігі мен

қолөнерінде қалыптасқан дәстүр сақталып, үне-

мі жетілдірілумен болды. Қазақ қоғамында, негізінен, малшаруашылығы

шикізаттарын өңдеп, түрмысқа қажетті бүйымдар,

киім, сәндік әшекейлер жасады. Малшаруашылығы көшпелілер

өмірін толық қамтамасыз етіп тұрды

Мал өсіру күнкөрістің негізгі көзі болғандықтан, малшаруа-

шылығы барынша қалдықсыз өндіріске айналып, экологиялық

және эстетикалық мәдениеттің жарқын үлгісі саналды. Мал өнімі

ысырап етілмей, барынша қажетке жаратылып, «обал», «күнә»

деген ұғымға теңелді. Малдың етін азық етсе, терісінен киім,

аяқкиім, әшекейлер, ыдыс-аяқ жасады. Сүйек пен мүйізден

халық шеберлері түрлі қобдишалар, музыкалық аспаптар мен

үй жиһаздарын көмкерді.

Мал жүнінен және киізден киімнің сан алуан түрін, аяқ-

киімдер мен тұрмыстық заттарды әзірледі. Үй және жа-

байы жануарлардың мүйізінен тарақтар жасап, жылқы жа-

лынан мықты берік арқандар ескен. Қойдың тезегін отынға,

жылқы тезегін үйдің сыртын сылауға пайдаланды. Төрт түлік

сүйектерінен жоғары сапалы қара сабын қайнатылды. Жақсы

сұрыпты жүннен кілем мен киіз (сырмақ,текемет, аяққап, тұскиіз, алаша т.б.)

дайындалды


3. Ерлер көсібі мен қолөнері. Ерлер кәсібі үсталық, зергерлік, ағаш, сүйек,

Тас өңдеу шеберлігін қамтыды. Қазақ ауылдарында ерте замандағы

шеберлердің дәстүрлерін жалғастырған зергер-ұсталар алтын және күмістен

түрлі бұйымдар жасаумен айналысты.Зергерлер сырға, білезік,

түйреуіштер,шашбау, шолпы т.б. әшекей бұйымдарын жасады. Ұста өзінің

немесе тапсырыс берушінің үйінде жеке-дара жүмыс істеген.XIX ғасырдың

соңында ел арасында темір ұсталары үлкен абыройға ие болды. Олар т

емірден таға, үзеңгі, пышақ,самаурын кернейі, қайшы, орақ, кетпен сияқты

құрал-саймандар соқты. Зерттеуші И.Я. Словцов: «Темір үсталары балта,

үзеңгі, ер-тұрман, пышақ жасады. Бұл заттардың сапасы біздегі Ресей

бұйымдарынан кем түспейді», - деп қазақ ұсталарының жасаған

бұйымдарына жоғары баға берген.

Сүйек ұқсататын шеберлерді халық ерекше қүрметтеді. Олар

тұрмыстық бұйымдарды әсемдеуге мал сүйектерін (жауырын,


қабырға) пайдаланған. Үй жануары мен жабайы вилар мү-

тілінен қанжар, қамшы, кышақтын сабы жасалды, Насыбай

сақтайтын шақшаға қой мүйізі, ожаулын сабы, тарак сиякты

заттарга ірі қараның сүйегі колданылған. Тостаған, асадал, адал

бақан, сандық, кебеже сиякты үй жиһаадары түрлі ою өрнекпен

безендірілді.

Тері және былғарыдан жасалған бұйымдар казак өмірінде

ежелден маңызды орын алды, Теріден киім, аяккиім, ыдыстар,

ат әбзелдері т.б. заттар дайындалды, Бүл кәсіппен, негізінен,

ерлер айналысты. Әйелдер мал терісімен қатар, аң терілерінен

де түрлі киімдер мен баскиімдерді оюлап, кесте тікті, Жабайы

аң терісінен тон (ішік) пішілді, Үй малы терісінен жасалған

саба, торсық, мес сияқты ыдыстар күнделікті өмірде кеңінен

қолданылды.Тас қашаушылардың шеберлігі қабір үстінде құлпытастар

тұрғызуда көрініс тапты. Бұл өнердің кең таралған аймағы - Батыс Қазақстан

өңірі. Аталған аймақта оңай өнделетін тау жыныстарының молынан кездесуі

тас өндеу кәсібінің дамуына әсер етті.Ағаш өңдеуді кәсіп еткен ұсталар аса

жоғары бағаланды.Ағаш ұсталары ер-тоқым, жерағаш, келі-келсап тағы басқа

да малшаруашылығы, егіншілікпен айналысқан қазақ қауымының күнделікті

тұрмысына қажетті ағаш бұйымдар түрлерін жасай білді. Олар ағаштан

дөңгелек, арба, шана, шығыр, ыдыс-тардың түрлерін (күбі, астау, шара,

тегене, тостаған, ожау т.б.) және үй жиһаздарын жасауға маманданды.

Ағаштан жасалған бұйымдарға ұсталар сүйек пен күмістен өрнектеп ою

салды. Қайың, қараағаш, үйеңкі ағашынан айыр, тырма, күрек сияқты құрал-

саймандар дайындалды.Қазақтың ыдыс-аяғы көші-қон салтына ыңғайлы,

жеңіл, сынбайтын етіп тері және ағаштан әзірленетінін білеміз. Теріден бие

саууға арналған ыдыс көнек жасалды.Ағаштан шабылған тегене, шара, ожау,

астау сияқты ыдыс түрлері кең тарады.

Әйелдер қолонері. Жаңа заманда әйелдер кәсібі мен қол өнері кеңінен

дамыды. Қазақтар қыздарына жастайынан киім,аяқкнім тігуді, кілем және

алаша, кесте тоқуды үйретті. Әрбірқазақ әйелі үй кәсіптерінің барлық түрін

толық меңгерген. Бұл туралы Құсмұрын округінің аға сүлтаны Шыңғыс

Уәлиханов:«Жейде, шапан, тон аң терісінен тігіледі. Малақай,

шалбар,бешпент, қамзол, тақия - осының барлығын әйелдер

өздері дайындайды, сатып алмайды», - деп жазған.Киім, аяқкнім, үй

тұрмыстық заттары әрбір отбасында қажетіне қарай әзірленді. Әйелдер

сырмақ, түскиіз, текемет,кілем түрлерін киізден жасады.Қазақ кілемдері



тоқылу ерекшелігіне қарай түкті және тақыр деп аталды. Кілем тоқуға түйе

немесе қой жүні қолданылды.Кілемді жерге төседі немесе қабырғаға

ілді.Сыйлы қонақ күткенде жаңа әдемі кілемдер төселді. Қазақ халқы

кілемді сыйға беріп, бәйге жеңімпаздарына тарту етеді. Кілемді кейде қалау

дәстүрі бойынша да беретін болған. Бұл халық өмірінде кілемнің маңызы мен

бағалылығын көрсетеді.Кілем тоқу оңай шаруа болмағандықтан оны бірнеше

әйел, қыз-келіншектер бірігіп өзара тоқыған. Ежелгі дәстүр бойынша

кілемасар салтын өткізген.

5. Қазақтардың ою-өрнегі. Қой малының халқымыздың өміріндегі алатын

орны ерекше болған.Қойды қастерлеудің ғасырлардан жалғасып келе жатқан

өзіндік айрықша мәні бар. Қой - далалықтардың негізгі байлық

өлшемі есептелінді. Киізден жасалған бұйымдарда қошқар мүйіз өрнегі

байлық пен молшылықты, дәулет пен еркіндікті білдіретін. Ою-өрнек - қазақ

халқының қолөнер саласында кең қолданылып келе жатқан көне өнердің бір

түрі. Ою-өрнек арқылы шеберлер халықтың арман-мүддесін, өз ойларын,

көңіл күйін жеткізіп отырған. Қазақ ою-өрнегінің мыңжылдықтармен

саналатын терең тарихы бар. Ежелгі Пазырық және тағы басқа Алтай

қорғандарынан табылған бұйымдардағы ою-өрнектер қазіргі қазақ

оюларымен сәйкес келеді

Ең жиі кездесетіні - зооморфтық ою-өрнектер. Қазақстанның

кейбір аймақтарында әсіресе Батыс Қазақстанда, қабір үстіндегі

құлпытастар бетіне де зооморфтық ою-өрнектер қашалған. Оның

бірнеше түрлері - мүйіз, қосмүйіз, сынықмүйіз, сыңармцйіз кең

таралған. Үй малына байланысты табан, түйемойын, қазмойын,

өркеш т.б. өрнектер ұшырасады.

Қазақ халқы тұрмысында қолданатын барлық заттарын: киім,

баскиім, зергерлік әшекейлер, аяқкиім, ыдыс, күбі, қоржын,

музыкалық аспаптар, ер-тұрман, ат әбзелдері, киіз үйдің ішін,

үй жиһаздары, есік, қару-жарақ, шақша, бесік, сандық, қамшы,

түкті және тақыр кілемдерді түрлі ою-өрнектермен әшекей-

леп, безендіріп отырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұлттық

ою-өрнек түрлері халықтың дүниетанымдық түсінігі мен тұр-

мыс-тіршілігін, санасы мен ұлттық болмысын айқындайды.

Ою-өрнектер, негізінен, сипаты жағынан зооморфтық (аңдық

стиль), космогониялық (қиял-ғажайып), өсімдік, геометриялық

түрлерге жіктеледі. Кейде оларды бір-бірімен сабақтастырып,


жарасымды етіп салған.

Ең жиі кездесетіні - зооморфтық ою-өрнектер. Қазақстанның

кейбір аймақтарында әсіресе Батыс Қазақстанда, қабір үстіндегі

құлпытастар бетіне де зооморфтық ою-өрнектер қашалған. Оның

бірнеше түрлері - мүйіз, қосмүйіз, сынықмуйіз, сыңармцйіз кең

таралған. Үй малына байланысты табан, туйемойын, қазмойын,

өркеш т.б. өрнектер ұшырасады.

Екінші тарау

ДАЛА МЕН ҚАЛА ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ӨЗАРА ӘСЕРІ

§5-6 Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы-Жібек жолының рөлі

1. Ұлы Жібек жолы және Қазақстан.

Ұлы Жібек жолы - елдер мен халықтардың қатынасын нығайтқан, түрлі

мәдениеттерді бір-бірімен жақындатқан, Қазақстан жеріндегі қала

мәдениетіне ықпалын тигізген байланыс жолы болды. Шығыс пен Батыс

елдерін байланыстыратын сауда жолының бағыты ретінде бекіту үшін

«Жібек жолы» атауын 1877 жылы неміс ғалымы, географ Ф. Рихтгофен

ұсынған болатын. Оның «Қытай» атты еңбегінде алғаш аталған бұл тарихи

термин ғылыми әдебиеттерде қалыптасып кетті.Жолдың маңыздылығы мен

мыңдаған шақырымды құрайтынқашықтығына байланысты «ұлы» сөзі

қосылды

Бұл түрлі бағыттағы керуен жолы еді. Б.з.б. II ғасырда Қытай жерінен

басталып, Жерорта теңізіне қарай шыққан. Үлы Жібек жолының негізгі

торабы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен. Жетісу өңірі

Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын, ал Оңтүстік Қазақстан аймағы

Батысқа шығатын қақпалардың бірі болған Шығыс пен Батысты

ұштастырған бұл жолда Қазақстан мемлекеттерді өзара байланысты.Бүкіл

Еуразияға осы бағытпен білім мен технологиялар, мәдениетпен дін, тауар

мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат тарады. Басты тауарлары жібек,

араб арғымақтары, нефрит т.б. асыл тастар мен фарфор еді. Сауда дамыған

сайын өнім өндіру тәсілдері артып, елдер арасында өтімді тауарлар: шарап,

жоңышқа,кептірілген жеміс, кілем, тұрмыстық бүйымдар ағыла

бастады.Мысалы, үйсін жері арқылы асыл тастар мен жібек, фарфор

артылған қытайлықтардың ірі керуені өткен.Жібек сауданың басты тауары

саналды.Ғалымдардың пайымдауынша, жібек өндірутехнологиясы осыдан

6000 жыл бұрын ашылған. Жібек маталарды адамдар ерте замандарда-ақ

жоғары бағалаған. Жібек - жүқа,жеңіл, жүмсақ мата. Таза және табиғи

болғандықтан, зарарсыздандыру қасиеті де бар.Жібек өндіруші елдер мен


оны тұтынушылар жібектен тігілген киімге жәндіктердің жоламайтынын

байқаған. Жібек киімдер әдемі және ыңғайлы, сәнді еді.

Сондықтан жібек жасаудың құпиясы ғасырлар бойы қатаң сақталды.

Қытайдан шығарылған маталар ҰлыЖібек жолы арқылы дүниежүзінің басқа

аймақтарына таралып, қазынаға мол табыс әкелген. Қытайдан кейін жібек

құрты Шығыс Түркістан, Орта Азия, Үндістан, Иран, Византия елдерінде

өндіріле басталды.Түркі ақсүйектері тек жібек матадан тігілген киімдер киді.

Мысалы, Тон Жабғу қағанның (VII ғ.) жасыл жібек шапан кигені белгілі.

Араб географы әл-Идриси мәліметтері бойынша, дәулетті қимақтар түрлі

түсті жібек киімдер киген. XVIII ғасырдағы ғалым, этнограф И. Георги

далалықтардың жібек матадан тігілген киімдер кигені туралы

жазады.Алтынмен бірге жібек халықаралық валютаға айналды, айырбас

өлшемі ретінде бекітілді. Жібек сыйға тартылды, жалдамалы әскерлерге және

қызметкерлерге ақы ретінде төленді. Ортағасырлық түркілердің аттарын

жібекке айырбастап отырғаны белгілі.Жібек жолының бойымен Еуропадан

Жібек жолын бақылауға алған империялар сауданың қауіпсіздігін

қамтамасыз ету мақсатымен керуендерге және діни миссияларға арнайы

өкілеттік құқық пайзалар табыс еткен Олардың тоналуына жол бермеген.

Жолды қорғау үшін қарулы күзет қойылып, байланысшылар хабарды дер

кезінде жеткізіп отырған.Әмір Темір мемлекетінің тарих сахнасына

шығуымен XIV ғасырдың соңында Үлы Жібек жолындағы сауда

қатынастары біршама құлдырады. Әмір Темірдің әскери ұрыс қимылдарымен

шапқыншылық жорықтары нәтижесінде қалалар қирады,жерлер тоналды,

көрші елдердің экономикасы талқандалды,транзиттік сауда желісі

үзілді.Теңіз жолдарының ашылуы да Ұлы Жібек жолының құлдырауына әсер

етті.Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы кезінде Ұлы Жібек жолының

Ұлы даламен өтетін тармағындағы сауда жандана түсті.

2,Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар. Ұлы Жібек жол

тармақтарының Қазақстан жерін басып өтуі ірі және шағы

қалалардың құрылуы мен дамуына игі әсер етті.

Жетісудың аса ірі сауда және әкімшілік орталығы Суяб - Батыс Түрік, кейін

Түргеш, Карлук кағанаттарынын астанасы болды. 629 жылы Суяб қаласында

болған будда монахы Сюань Цзянь Түркі қағанымен кездесуін былай

сипаттайды: «Бұл жатжерліктердің жылқыларры әдемі Қаған жасыл жібек

шапан киген, басы ашық жібек мата ғана ораған. Оған сәнді шапан киген,