Файл: азатарды тіршілікті амтамасыз етудегі дСТрлі жйесі 1 азастанда кшпелі малшаруашылыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 100

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


шаштарын бұрым етіп өрген екі жұзден астам тархандар еріп жүрді, Түйелер

мен жылқыларға мінгендердің санында есеп жоқ,көзбен шолу емес». VIII

ғасырда қала халқының саны үнемі өсіп отырған. Ортағасырлық қалалардың

бірі Баласагин - Қарахандардың астанасы есептелді.

Ұлы Жібек жолының тармақтары Іле Алатауының етегіндегі шағын қалалар

арқылы өтті. Солардың бірі транзиттік сауда орталығы Талхиз (Талхир) бен

Алмалық қаласы. Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалар қатарында

Испиджаб (Сайрам) аталады. Орта ғасырларда Испиджаб сауда және дін

орталығына айналды. Деректерде қала атауы алғаш рет VII ғасырда

кездеседі.Махмұт Қашғари «Сайрам - ақ қаланың аты, оны Испиджаб

атайды» деп көрсетеді. Жергілікті көпестер ақ маталар, қару-жарақ, зергерлік

бұйымдар мен ыдыстарды басқа жерлерге жеткізіп тұрды. Қалада теңге

сарайы, базарлар, мата сататын орындар (тимдер) және керуен-сарайлар көп

салынған.Қаладағы керуен-сарайлар жолаушы көпестер үшін маңызды рөл

атқарды. Керуен-сарайлар құрылыстарын бай көпестер тұрғызды. Олар,

әдетте, биік дуалдармен қоршалды. Керуен-сарайларда сауда жүргізіліп,

қажетті ақпарат алмасатын орталық жұмыс істеген

Ұлы Жібек жолы бойындағы атақты қалалардың бірі - Отырар (Фараб). Орта

ғасырларда Отырар Сыр өңірінің ірі сауда және мәдениет орталығына

айналды. Қалада монша, мешіттермен медреселер көп тұрғызылған.

Отырарда Шығыстың екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келді.

Отырықшы қала тұрғындары мен көшпелі халық арасында мықты байланыс

орнатылды. Жау шапқыншылықтары кезінде олар бірігіп отырды.Көшпелі

халық қаланың берік қамалында жасырынды.Үлы Жібек жолы тармағында

көне Түркістан (Йасы) қаласы орналасқан. XIV ғасырдың соңы - XV

ғасырдың басында қала Оңтүстік Қазақстан өңірінде маңызды әкімшілік,

сауда, саяси және мәдени орталық ретінде санала бастайды. Ол әйгілі ғүлама

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тұрғызылуымен байланысты еді.Қазақ

хандары Түркістан қаласын саяси астана ретінде бекітті.Ортағасырлық

тарихшы ибн Рузбехан мәліметтері бойынша,қала Орта Азия мен Қытай

аралығында атақты сауда бекетіне айналған: «Йасы қаласына тауарлар мен

қымбат бағалы заттар жеткізіледі де, сол жерде сату басталады. Қала

көпестердің теңделген жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын әр елге

аттандыратын орын есептелінді». Кейінгі ғасырларда Түркістан ірі егіншілік


аймағының орталығы болып қала берді.

3Керуендердің қауіпсіздігін қорғау.

Ұлы Жібек жолы бойындағы керуендерге қарақшылар үнемі қауіп төндіріп

тұрды. Сондықтан саудагерлер жолға аса дайындықпен шығатын Көпестер

жеке қауіпсіздігі мен тауар сақталуын қамтамасыз ету үшін арнайы

күзетшілерді жалдап отырды. Ұлы даланын қыр-сырын білетін

көшпелілердің ең мықты күзетшілер болғаны анық. Әр қаладан бір бағытқа

шыққан керуендер бірігіп те отырған. Ежелгі кезден бастап орта ғасырларда

да керуендерді тонау ең ауыр қылмыстар қатарына жатты. Себебі сауда

керуендері мемлекет тарапынан жасақталып жіберілді. Ал олардың тоналуы

елдер арасындағы қақтығыстарға әкелуі мүмкін еді. Жолды қорғау

мақсатында ел билеушілері қарауылдарын қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз

етіп тұрды. Керуендер мемлекеттік қазынаға мол табыс әкелген.

Араб саяхатшысы ибн Фадлан оғыздарға жат жерліктердің келу тәртібі

туралы: «Оның достарының ішінен белгілі бір адамды сенімді серік етіп

тағайындамайынша, ол елді аралап шыға алмайды. Оған қажетті киім-

кешек,ал әйеліне көрпе, бұрыш,тары, мейіз, жаңғақ т.б. азық-түлік әкеліп

береді. Сенімді серігі қонағы үшін арнайы киіз үй тігеді және оған қажетінше

мал жеткізіп береді», - деп жазды. Бұл дерек түркілер жерінен өтетінҰлы

Жібек жолы тармағының сенімді де қауіпсіз болғандығын көрсетеді

1987 жылы Юнеско шешімі бойынша Ұлы жібек жолы

қайта жанғырту жобасы қабылданды,қалыптасты.

1996 жылы Ташкентте түркі мемлекеттері президенттерінің бірлескен

декларациясында Ұлы Жібек жолы басты нысанға алынды.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

Н.Ә, Назарбаен «Қазақстан Республиксында Ұлы Жібек жолы бойында

туризм инфрақұрылымын дамыту туралы түркі тілдес мемлекеттер

басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен ДСУ жобасын іске

асыру» туралы Жарлыққа қол қойды.

1998 жылы «Жібек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес

мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және дамыту, туризм

инфрақұрылымын жасау» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Қазіргі таңда

Қытай мен Орталық Азия елдері бойынша «Бір белдеу, бір жол»

стратегиялық бағдарламасы, «Жібек жолының экономикалық белдеуі»

бастамасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар біздің жерімізден «Батыс

Еуропа - Батыс Қытай» автокөлік дәлізі өтеді. Бұл жоба тасымалданатын



жүктердің транзитінен Қазақстанға қаржылай молтабыс әкеледі.