Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі м. Уезов атындаы оТстік азастан университеті.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 1202
Скачиваний: 2
минималды балдармен; бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды);
• жеке мәліметтерді шифрлайды, білім алушылардың жұмыстарын модерацияға дайындайды. Модерация кезінде:
• білім алушылардың жұмыс қорытындысын әріптестермен талқылайды, барлық балдардың балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді;
• қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді;
• отырыс хаттамасына қол қояды.
Модерациядан кейін:
• модерацияны ескере отырып, өзгеріс енгізу қажет білім алушылардың барлық жұмыстарын қайта қарастырады. Мұндай жағдайда жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдардың өзгеруі де мүмкін;
• білім алушының жұмысына соңғы нақты балдар қойылады;
• соңғы нақты балдар электрондық журналға қойылады.
Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар: ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы (конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып табылады.
8.Баға қою механизмі.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу журналында тіркеледі. Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады. Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды көрсетеді. Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі. (3-кесте).
3-кесте Нәтижелерді тіркеу
Тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінен жинақталады.
Тоқсандық бағаны қою үшін бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысының белгілі пайыздық арақатынасы пайдаланылады:
- тоқсандық бағаның 50% бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қорытындысы арқылы белгіленеді;
- тоқсандық бағаның 50% тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысы бойынша белгіленеді
4-кесте «Математика» пәнінен 5- сынып білім алушыларының бөлім бойынша және1-тоқсанның жиынтық бағалау нәтижелері
Жылдық баға қою Білім алушының пән бойынша жылдық бағасы барлық төрт тоқсанның нәтижелерінен құралады. (1-сыныптағы 3,4-тоқсандар). Төменде 5-сыныптың «Математика» пәнінен білім алушының жылдық бағасын есептеу бойынша мысал келтірілген. 5-кесте «Математика» пәнінен 5- сынып білім алушыларының 1-4 тоқсандардағы нәтижесіӘдебиеттер:
-
Методические рекомендации по системе критериального оценивания учебных достижений детей с ограниченными возможностями. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. – 54 с. -
Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана. НАО. 2013. – 80 с. -
Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе: учебное пособие.-Пермь,2010.-84 с. -
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік құрал, / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 54 б. -
Набуова Р.А., Жубандыкова А.М. Бағалаудың өлшемдік технологиялары. Оқу құралы. – Алматы, 2019. -260 бет. -
Урмашев Б.А. Критериалды бағалау технологиясы. Оқу құралы. - Алматы: «ССК» баспасы, 2016. – 140б. -
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. –Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 58 б
КАРАНТИНДІК ЖӘНЕ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ
-
Формативті бағалау нәтижелері күн сайын электрондық/қағаз журналға балл түрінде қойылады. Бағаланатын бала санын педагог өзі анықтайды. -
Формативті бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспайды, бұл ретте 1-3 балл төменгі деңгей критерийлеріне сәйкес келеді, 4-7 балл – орта деңгей, 8-10 балл – жоғары деңгей. -
Мұғалім күн сайын журналда білім алушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуін келесі саралауға сәйкес балл түрінде белгілейді:
-
балл - 10%-ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберілді, сабақта пассивті, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша қорытынды жасамайды, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды, өткен материалды білмейді; -
балл – 20% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберілді, сабақта пассивті, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша әрдайым тиісті қорытынды жасай бермейді,тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды; -
балл – 30% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберілді, қателіктерін түзетуге тырысады, сабақта кейде белсенділік танытады, оқу тапсырмаларын орындау кезінде мұғалімнің/ата-ананың/құрдастарының қолдауын қажет етеді; -
балл - оқу тапсырмаларының 40% - на дейін орындады, қателіктер жіберді, қателерді түзету кезінде көмек қажет, әрдайым белсенді бола бермейді, кейде тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады; -
балл - 50% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, бес қате жіберді, мұғалімнің көмегі қажет, сабақта әрдайым белсенді бола бермейді, кейде мүмкін болатын тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады; -
балл - оқу тапсырмаларының 60% - на дейін орындады, 4 қате жіберді, мұғалімнің көмегі қажет, сабақта ынталы, орташа күрделі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады; -
балл - 70% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, 3 қате жіберді, қателіктерді уақтылы жойды, сабақта белсенді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады; -
балл - оқу тапсырмаларының 80%-на дейін орындады, 1-2 елеусіз қателіктер жіберді, мұғалімнің түсініктемелері негізінде өз қателіктерін түзетеді, белсенді, өз бетінше жұмыс жасайды; -
балл - оқу тапсырмаларының 90% - на дейін орындады, тапсырмаларды орындау кезінде шамалы дәлсіздіктерге жол берді, қателермен жұмыс істейді, белсенді, өз бетінше жұмыс жасайды; -
балл-оқу тапсырмаларының 100% орындады, қателіктер жібермеді, белсенді, дербес жұмыс жасай алады, өз жауаптарын түсіндіре алады, негіздей алады.
-
Кеңейтілген кері байланыс үшін мұғалім оқушының электронды күнделігі арқылы түсініктемелер түрінде ұсынылатын айдарларды қолданады. -
1-сыныпта бағалау жүргізілмейді. -
Қашықтан оқу режимінің енгізілуіне байланысты енгізілген электронды журнал форматындағы өзгерістерді түсіндіру үшін оқу жылының басында атааналар мен мұғалімдерге электронды журналды пайдалану туралы жадынама беріледі. -
Электронды журнал формативті бағалау үшін орташа балды автоматты түрде шығарады және ТЖБ бағанына орналастырылған жеке бағанға қояды (бұл формативті бағалау үшін орташа балды шығаруды жеңілдетеді). -
БЖБ мен ТЖБ есептеу қолданыстағы формула бойынша есептеледі. -
Қорытынды баға формативті бағалау үшін орташа баллды ескере отырып шығарылады.
-
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы (9 ақпан 2018ж №47 бұйрығы өзгерістермен); -
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР БҒМ 2018 жылғы 14 маусымдағы № 272 бұйрығы; -
Негізгі және жалпы орта мектеп педагогтеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. «НЗМ» ДББҰ,2016; -
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жүйелік-әдістемелік кешені http://smk.edu.kz;
-
Критериалды бағалау бойынша әдістемелік әзірлемелерді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы сайтынан «Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік құралдар» бөлімінен табуға болады https://www.nao.kz; -
«Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» онлайн курсы https://academia.kz/ru/course/1.
Баға қою механизмі Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу журналында тіркеледі. Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады. Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды көрсетеді. Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі. Тоқсан соңында бағалаудың барлық нәтижелері «2-ден» «5-ке» дейінгі бірыңғай баға шәкілі негізінде есептеледі, бұл бағалаудың ашықтығын, салыстырымдылығын, білім беру үдерісіне қатысушылардың бірдей түсінігін қамтамасыз етеді Тоқсандық баға қою Тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінен жинақталады. Тоқсандық бағаны қою үшін бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысының белгілі пайыздық арақатынасы пайдаланылады: - тоқсандық бағаның 50% бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қорытындысы арқылы белгіленеді; - тоқсандық бағаның 50% тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысы бойынша белгіленеді.Тоқсандық бағаның есебі келесі формулада жүргізіледі: Тоқсандық баға = � Бөлім бойынша ЖБ нақты балл жиынтығы Бөлім бойынша ЖБ максималды балл жиынтығы ∗ ????????%� + � Тоқсандық ЖБ нақты балы Тоқсандық ЖБ макс. балы ∗ ????????%� Тоқсандық бағаны есептеу үшін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы балдың пайыздық мазмұны жинақталады. 29% + 45% = 74% Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша баға білім алушының тоқсандық бағасымен анықталады. Баға Негізгі мектептегі балдардың пайыздық мазмұны «2» 0- 39% «3» 40% - 64% «4» 65% - 84% «5» 85% - 100% Аталған шәкіл негізіндегі 74%, «4» деген бағаға сәйкес. «Математика» пәні бойынша білім алушының 1-тоқсандағы бағасы – «4». 6.2 Жылдық баға қою Білім алушының пән бойынша жылдық бағасы барлық төрт тоқсанның нәтижелерінен құралады. (1-сыныптағы 3,4-тоқсандар). Төменде 5-сыныптың «Математика» пәнінен білім алушының жылдық бағасын есептеу бойынша мысал келтірілген. «Математика» пәнінен 5-сынып білім алушыларының 1-4- тоқсандардағы нәтижесі Жиынтық бағалау (ЖБ) 1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан Жалпы балл саны Арақатынасы, % Оқу жылы бойынша балдардың пайыздық мазмұны Бөлім бойынша ЖБ 34-тен 23 30-дан 20 25-тен 21 20-дан 18 109-дан 82 50% 37,6% Тоқсан дық ЖБ 20-дан 18 20-дан 15 20-дан 19 20-дан 16 80-нен 68 50% 42,5% 40 Жылдық баға есебі келесі формулада жүргізіледі: Жылдық баға = � Бөлім бойынша ЖБ нақты балл жиынтығы (???? − ???? т. ) Бөлім бойынша ЖБ максималды балл жиынтығы (???? − ???? т. ) ∗ ????????%� + � ???? − ???? тоқсанның ЖБ нақты балы ???? − ???? тоқсанның ЖБ макс балы ∗ ????????%� Жылдық баға есебі үшін білім алушының бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы жалпы саны есептеледі. Бұдан соң оқу жылындағы балдың пайыздық мазмұны (50%:50%) пайыздық арақатынаспен анықталады. Оқу жылындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық балдың пайыздық мазмұны жинақталады, балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша бағаға ауыстырылады. 37,6% + 42,5% = 80,1% Дөңгелектелген мәні 80% тең Баға Негізгі мектептегі балдың пайыздық мазмұны «2» 0- 39% «3» 40% - 64% «4» 65% - 84% «5» 85% - 100% Балдарды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес 80 %, – «4» деген баға. «Математика» пәнінен 5-сынып білім алушысының жылдық бағасы – «4».