Файл: 6 сынып. 1тосан. 1 Отан отбасынан басталады блімі бойынша жиынты баалау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 732

Скачиваний: 15

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмаларға сипаттама

Тапсырма түрлері

Орындау уақыты

Балл




1

2

3

4

5

6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау

6.1.3.1 - тұрмыстық - әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну

6.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 130 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды.

Мәтінді тыңдау барысында мазмұнды түсінуге бағытталған бірінші тапсырмада мәтіннің тақырыбын ашатын тірек сөздерді анықтайды, екінші тапсырмада жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі ойды анықтайды. Үшінші тапсырмада мәтінді тыңдау барысында берілген ақпараттардың ішінен 1 «шын» ақпаратты табады. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды. Төртінші тапсырмада ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрастырады.

Мәтіннің мазмұнына негізделген бесінші тапсырмада берілген сұраққа өмірмен байланыстырып жауап береді.

Көп таңдауы бар

сұрақтар

Қысқа жауапты қажет

ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

1

1

1


1


1




1

2


3

6.3.6.1 - тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру

6.3.3.1 - орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

6.3.1.1 – мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен

байланыстыру

6.3.4.1 - мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене

отырып, түрлерін салыстыру

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 130 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада мәтіндердің түрі мен тақырыбын салыстырады. Екінші тапсырмада бірінші мәтіннен2 негізгі және 2 жанама ақпаратты анықтайды.Бұл тапсырмаға екі ұпай қойылады. Үшінші тапсырмадағы ашық сұраққа оқушы шынайы өмірмен байланыстырып, мәтіннің мазмұнын басшылыққа алып жауап береді. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін, сөздік қорын орынды пайдалана алуын, өмірдегі жағдаяттарға өз көзқарасын

білдіре алуын бағалайды.



Көп таңдауы бар

сұрақтар

Қысқа жауапты қажет

ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

2
2


1




1 - 2

6.5.1.4 - өздік, болымсыздық, белгісіздік жалпылау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

6.4.5.1 - жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

6.5.1.5 - етістіктің шақтарының (нақ осы шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

6.4.2.1 - эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі

құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының жазба жұмысында стильді сақтауын, қосымшаларды дұрыс жалғауын, сөйлем соңындағы тыныс белгілерді, өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін, нақ осы шақ етістігінорынды

қолдануын бағалайды

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10




1

6.2.2.1 - тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу

6.2.5.1 - коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру

6.2.3.1 - ауызша мәтіндер құрауда лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту

6.2.1.1 - тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу

Тапсырма жұпта орындалады. Екі оқушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздарды оқушы өзі таңдайды). Жұптағы оқушылар берілген тақырып бойынша 4 минут диалогке түседі (әр оқушы диалогтe 6-8 сөйлем айту керек).

Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды. Екі

оқушының балы бір-біріне тәуелді емес.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айты лым сабақ тан тыс уақытта бағалан ады, әр білім алушы ға

2 минут беріледі

10




Барлығы

40 минут

30


Оқушының аты – жөні________________________________________________________

Сыныбы_____________________________________________________________________
Тыңдалым

Электр қуатын үнемдеу - жаһандық деңгейдегі маңызды мәселе. Оның балама көзін қарастыру үшін әлемнің сарапшылары талай бас қосты. Осы бағыттағы жұмысты жүйелеу үшін Қазақстанға БҰҰ өкілі Гордон Джонсон арнайы келді. Ол елімізді аралап, желдің соғу бағытына зерттеу жұмысын жүргізген.

Бізде жел қуатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама бар. Алғашқы жоспар бойынша сағатына 1,82 трлн. киловат қуат өндіру көзделген. Ал бағдарламаның екінші бөліміндегі бес мегаваттық жел қуаты бекеті Қытай шекарасына жақын Жоңғар қақпасының маңайында болады. Осы жобаны жүзеге асыруға Вашингтондағы Әлемдік қоршаған ортаны қорғау тәуелсіз ұйымы екі миллион доллар қаржы бөлген.

Ал осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында және Қарағанды облысында жел станциялары салынған. Балама қуат көздерін шығаруда биоқалдықтардың да орны ерекше. Бейресми ақпаратта көрсетілгендей, жыл сайын мал шаруашылығы саласында құрғақ күйінде 22,1 млн. тонна қалдық болады екен. Сонымен бірге, 17,7 млн. өсімдік қалдығын жарату мүмкіндігі бар.

Жетісу өлкесіндегі су жүйесі еліміздегі судың жартысын құрайды. Мұнда бес шағын су электр станциясы пайдалануға берілген. Ендеше, су көзі тапшы аймақтар жел қуатын пайдалану керек. Алпысқа жуық мемлекет өздеріне жел қуатымен жұмыс істейтін электр станцияларын салған. Сондықтан бізге де қолда бар мүмкіндікті пайдаланатын уақыт жетті.

1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.

А) Ауыл, зерттеу, топырақ

В) Отан, бала, қала

С) Станциялар, зерттеу, қаржы

Д) Зерттеу, адамдар, күш

1 балл

2. Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.

А) Еліміздегі түрлі станцияларды көбейту

В) Еліміздегі ауыз су мәселесін шешу

С) Еліміздегі жер сілкінісінің алдын алу

Д) Еліміздегі өсімдіктерді қорғауға алу

1 балл
3. Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.


Мәтіндегі ақпараттар

Шын

Жалған

А

Қазақстанға БҰҰ өкілі Гордон Джонсон арнайы келмеген







В

Жетісу өлкесінде бұрын бес шағын су электр станциясы

пайдалануға берілген





C

Бізде су қуатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама бар








1 балл

4. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.

/жетіспейтін, тәрбиеден, салттан, көп, арзан/

Су көзі __________________ аймақтар жел қуатын пайдалану керек. 1 балл
5. Мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап беріңіз.

Жел станциялары қай жерлерде кездеседі?

_______________________________________________________________________________ 1 балл


Оқылым

«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемдігімен ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша репертуарымен таң қалдырады.

«Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен ашты. «Біржан-Сара» операсы музыкалық-поэтикалық дәстүрдің жарқын көрінісі. Сол жылдың күзінде «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері болып, Дж. Вердидің «Аттила» операсы қойылды.

«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі. Сәулеті бойынша ол Миландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театр, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен-опера және т.б. атақты опера театрларының қатарынан орын алды. Театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын көрінеді. «Астана Опера» - алыптығы мен техникалық мүмкіндіктері бойынша әлемдегі үшінші опера театры. Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген.

1. Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.


Тұжырым

Шын

Жалған

А

«Астана Опера» - үлкендігі бойынша әлемдегі үшінші опера театры болып табылады







В

Театр ең алғаш «Аттила» операсы арқылы салтанатты түрде ашылды







С

«Астана Опера» опера және балет театры Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан







1 балл

2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

жапты (антоним) - _____________________________________ 1 балл

биік (синоним) - ____________________________________1 балл
4.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).


Мәтіндегі ақпараттар

Реті

Опера және балет театры - әлемнің аса сәулетті театрларының бірі




Алғашқы маусымын «Біржан-Сара» операсымен салтанатты түрде ашты




Алыптығы бойынша әлемдегі үшінші опера театры болып табылады





1 балл

5. Сұраққа толық жауап беріңіз.

Театр қашан және кімнің бастамасымен ашылды?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1 балл

Жазылым

Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда есімдік түрлерін, етістіктің шақтарын, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

1. Қуат көзін үнемдей білеміз бе?

Сізге пән мұғалімі қуат көзін үнемдейтін құрылғы туралы жоба жазуды тапсырды. Сіз өз жобаңызды жазып, қандай жаңалық аша аласыз? Жоба жазу кезіндегі әрекеттеріңізді күнделік етіп жазыңыз.

2. Астана – мәдениет пен өнер ордасы

Астана – бас қала. Жазғы каникулда Елордаға қыдырып келдіңіз. Қаланың көптеген мәдени, өнер ордаларымен таныстыңыз. Сізге қай мәдени орын ерекше әсер етті? Өз ойыңызды айтып, досыңызға хат жазыңыз. Хат құрылымын сақтаңыз.

3. Қазақстан қорықтары

Елімізде бірнеше қорық бар. Ал осы қорықтар қоғамға пайдалы ма, зиян ба? Өз ойыңызды дәлелдеп, эссе түрінде жазыңыз. Эссе құрылымын сақтаңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

10 балл

Айтылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз. (6-8 сөйлем). Диалог құрауда тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.

Ұсынылатын тақырыптар


1. Еліміздегі бір қорық туралы айтып беріңіз.

2. «Қызыл кітап» не үшін қажет?

3. Астана «мәдениетті қала» деген пікірмен келісесіз бе?

4. Елордадағы бір өнер ордасы туралы айтып беріңіз.

5. Біздің халық қуат көзін дұрыс үнемдеп жатыр ма?

6. Қуат көзін үнемдеудің пайдасы бар ма? Неліктен?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________10 балл