Файл: Лекция 1. Кіріспе. Мдениет ымы жне оны мні Мдениеттануды зерттеу обьектісі жне пні.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 314
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Араб философиясының әрі қарай дамуы Ибн Баджу, Ибн Туфаиль және Ибн Рушд есімдерімен байланысты, олардың шығармашылығы араб философиясының шыңы болды. Ибн Рушд аристотельдік ілімді кейінгі неоплатондық өзгешіліктен тазартып қана қойған, натуралдық пантеизмге бейімделген дербес жүйені құрды. Ибн Рушд сенімнен ақыл-парасаттың басымдылығын дәлелдеді және діндарлардың философиялық проблемалармен айналысуының заңсыз екендігін дәлелдеді. Орта ғасырлық араб ғылымының орталықтары Бағдат, Куфа, Басра, Харон қалалары болды. Әсіресе Бағдатта өмір қызу қайнап жатты, онда «Ғылым үйі» - академиялардың, обсерваториялардың, кітапхана мен аудармашылар алқасының өзіндік бірлестігі құрылды.
Шығыс ислам әлемінің көркем мәдениеті айрықша. Онда кескіндеме жоқ, өйткені Алла мен құдайға қатыстының барлығын бейнелеуге рұқсат етілмеді. Нәтижесінде бейнелеу өнері кілем тоқуда жақсы дамыды, оған тән белгілер түрлі-түстілігі мен өрнектілігі болды. Араб сәулет өнері ерекше дамиды, ол арабтардың ең алдымен барлық грек, рим, иран көркем дәстүрлерін қайта өңдеу негізінде дамыды. Сол кезеңнің ең белгілі сәулет ескерткіштері Фустаттағы Амра мешіті мен VII-VIII ғ.ғ. салынған, Куфадағы собор мешіті. Осы кезеңде мозайкамен және әр түрлі мәрмәр таспен өңделген Дамаскідегі «Құз күмбезі» храмы салынды. Кейіннен мешіттерді әсем өсімдік және геометриялық өрнектермен безендіре бастады, оған стильденген жазу- араб вязі қосылды. Мұндай өрнекті европалықтар арабеска деп атаған, ол өрнектің шексіз дамуы мен ырғақты қайталануы принципі бойынша құрылды.
Орта ғасырлық араб мәдениетінде поэзия мен проза тығыз байланысты болды: өлеңдер табиғи түрде махаббат жырларында да, медициналық трактаттар мен батырлар жырларында да кездеседі. Халифтар, сұлтандар, шахтар өзіне сарай ақындарын алу үшін қаражаттарын аямады. Поэзияны олар өзін-өзі таныту, мадақтау құралы ретінде қарады. Бұл жағынан ұлы парсы ақыны, «Шах-намэ» («Патшалар кітабы») өшпес эпопеясын жазған Фирдоуси (993-1030 ж.ж.) шығармашылығы белгілі. Мұнда ол иранның мифтік және тарихи патшаларын жырға қосқан. Ең басты кейіпкер - өз халқының ұлы, эпикалық қаһарман Рустам. Поэма әділдік пен ізгілік идеяларына толы.X-XV ғ.ғ. әлемге танымал араб халық ертегісі «Мың бір түн» жазылды. Оның негізін парсы, үнді, грек ертегілерінің қайта өңделген сюжеттері құрады.Парсы ақыны, математик, философ Омар Хайямның (1040-1123 ж.ж.) шығармашылығы көпшілікке белгілі. Философиялық төрт жол өлең – рубаилар оны танымал етті, оның әрқайсысы тұлға еркіндігіне, антиклерикальды еркін ойға, гедондық мотивтерге толы кішкене поэма. Поэзияның әрі қарай дамуы парсы-тәжік ақыны Низами, Джами (1414-1492 ж.ж.) және өзбек әдебиетінің негізін қалаушы Әлішер Навои (1441-1501 ж.ж.) есімдерімен байланысты.
Суфистiк идеялар негiзiнен шейiттiк мұсылмандардың жолын ұстаушылардың ортасында қадiр тұтылады. Рационалдылық Х - ХII ғғ. Аль Фараби, Ибн Баджжа, Ибн Сина (Авиценна), Ибн Рошд (Аверроэс) сияқты ұлы араб философтарының аттарымен философиялық ойдың ең күштi ағымына айналды. Мұсылмандардың идеялық құралы ежелгi грек философиясы әсiресе Аристотель iлiмi болды. Ибн-Сина өзiнiң «ақиқаттың екi жағы туралы» тезисiн ұсына отырып философияны дiннен жоғары қойды.
Танымға рационалдылық тұрғыдан қарау ғылымның дамуында үлкен роль атқарды. Батысеуропалық философтардың барлығы дерлiк дiнилiкке жатқанда, мұсылман философтары дәрiгер, химик, астроном, мате-матик болды. Орта ғасырда адамзатқа араб-мұсылман әлемi ғылым мен тәжiрибе облыстарында көптеген бiлiмдер бердi.
Мұсылмандық көркем әдебиет пен поэзияның дамуы философиямен және ғылыммен ұштасып табиғи байланысқан. ХII ғ. Ибн Туфейлдiң шығармалары «Якзананың ұлы Хайа туралы роман» - роман жанрындағы философиялық ой. Автор жан баспаған аралдағы «табиғи адамның» өмiрi жәйлi айтады. Бұл адам ойланудың арқасында Құдiреттiң ешбiр ашып беруiнсiз-ақ бiлiмнiң шыңына жетiп, ақыр соңында Құранның үйрететiндерiне дейiн жетедi.
Омар Хайямның өлеңдерiнiң орны тiптен бөлек, ең тамаша философиялық поэзияның үлгiсi десе де болады. Ол өзiнiң төрт шумақты өлеңдерi арқылы адам өмiрiнiң қарама-қайшылығын және адамның күр-делiгiн таңқаларлықтай аша бiлдi:
Бiз ғой - қайғының қазынасы, шаттықтың шығар жағы.
Бiз ғой -таза бұлақ және де зұлымдықтың болар шағы.
Айнадағы әлемдей көп жүздiлi, - адам тағы,
Ол бейшара, ол және шексiздiктiң әлем таңы.
Омар Хайям - еркiнойлы, көпшiлiк мақұлдаған ақиқат Құраннан да тайқу үшiн қауiп-қатерге баратын. Ол, о дүниелiк өмiрге онша сене қоймай мұсылмандыққа қарсы - шаттықты, сауық-сайранды, махабатты, болмыстың жер бетiндегi қуанышын жырлады. Бiрақ кейбiреулер кiнәлағандай оның негiзгi мақсаты iшкiлiк пен бұзықшылық емес. Оның поэзиясы - адамзаттық ap, нaмыc мен абройының гимнi. Онымен бiрге Фирдоуси, Низами, Руми сияқты мұсылмандық Шығыс ақындары өлместей әлемдiк даңққа ие болды.
Әдебиеттер:
1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002)
2. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.
3. Философиялық энциклопедия. Алматы. 2004.
4. Кенни Энтони Батыс философиясының жаңа тарихы, 2-том, Орта ғасыр философиясы. - Алматы: 2018 ж.
5. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. – Алматы: 2018ж.
6. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. – Алматы: 2018 ж.
Қосымша әдебиеттер:
1. Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 1998.
2. А.И.Шендрик. Теория культуры. М., 2002.
3. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпохи и цивилизации. -М., 1993.
4.. Гуревич В.В. Памятники средневековой культуры. М., 1982.
5. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. - Алматы, 1994.
Лекция№7. Қайта өрлеу мәдениеті
-
Қайта өрлеу мәдениетінің ерекшелігі -
Қайта өрлеу дәуірінің негізгі жетістіктері
Мақсаты: Қайта өрлеу мәдениетінің дамуының басты кезеңдерімен таныстыру, оның даму түрлерін қарастыру.
Міндеттері: Студенттерді қайта өрлеу дәуірнің негізгі жетістіктерімен таныстыру, олардың ерекшеліктерін анықтау.
1. Бүкіл әлемдік әдебиет тарихындағы келесі кезең ХІІІ ғ. аяғы мен ХYІ ғ. дейінгі аралықты қамтиды. Осы кезеңде Еуропаның бір қатар елдерінде феодалдық құрылыс ыдырап, капиталистік қоғамның алғашқы белгілері пайда бола бастайды. Феодалдық қоғамның ыдырауы мен шіркеудің рухани диктатурасының құлдырауына қарамастан, әлі де буржуазиялық идеология қалыптаса қоймаған еді. Осындай қоғамдық төңкерістер жүріп жатқан кезде мәдениет пен әдебиеттің дамуына қолайлы жағдайлар туады. Мәдениет тарихындағы ең жемісті кезең Қайта өрлеу дәуірі деп аталады. Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) Батыс және Орталық Еуропа елдері мәдениеті тарихындағы ортағасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі болған. Адамзат мәдениетінің тарихында ерекше орын алған бұл дәуірдегі түрлі географиялық ашылулар мен экономикалық өзгерістер Жаңа әлемге қадам басудың алғы шарты еді. Қайта өрлеу дәуірінде «адам мен әлем» төңірегінде көптеген жаңалықтар болады. Рухтың дүмпуі, мәдениеттің адамдық сипаты осы дәуірде айрықша гүлденіп, адамзат пісіп-жетілген мәдениет жемістерін өз игілігі үшін толық қолдана бастайды. Гегель Ренессанс идеясын бүкіл адамзаттың «алтын таңы», жер бетіндегі мәдениетінің жаңа дәуірі деп атаған. Осы дәуірде шіркеу диктатурасы мен түрлі феодалдық идеологиялық жүйелердің құлдырауы мәдениеттің жаңа сатыға көтерілуіне жол ашады. Осындай төңкерістер адамдардың феодалдық қоғам мен түрлі діни идеологиялардан бас тартып, адам дамуының үйлесімділігі мен оның интеллектуалды, рухани және материалдық сұраныстарының негізінде туындайды. Бұл дәуір әлем мәдениетінде ортағасырлық дәуірден жаңа заманға көшу кезеңі болады.
Еуропадағы Қайта өрлеу дәуірі өндіріс күшінің бұрын-соңды болмаған жетістікке жетуіне байланысты жүрген. Ол өз кезегінде жаратылыстану мен нақты ғылымдардың дамуына айтарлықтай әсер етіп, Батыстың көптеген елдерінде өндірістік күштер, ғылым мен техниканың осы күнге дейін байқалмаған жетістікке қол жеткізуіне негіз болады.
Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиетте сол кезеңде өмір сүрген көптеген адамдарға тән ерлік істер, алып қуат пен феодалдық сипаттардың және жауыздықтың үйлесімділігі көрсетілген. Жыртқыштық пен жауыздықтың көрінісі Мексиканы жаулап алушы Эрнон Кортестің, сандаған отаршылдар мен буржуазиялық орта өкілдерінің, патшалар мен мырзалардың, тіпті папалардың бейнелерінде де байқалды. Данте, Босх, Дюрер мен Микеланджело сияқты Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілдері осындай адамдардың төрешісі іспетті болған.
Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері, әсіресе ағылшындық Кристофер Марло мен Шекспир сол кезеңдегі индивидуализмнің қалай жауыздыққа айналғанын көрсететін аты аңызға айналған тарихи кейіпкерлерді дүниеге әкелді. Мысалы, Марлоның Жаулап алушы Темірлан мен өсімқор Варвва және Шекспирдің Иоаннадан бастап ІІІ Ричардқа дейінгі тарихта болған шынайы патшалар мен Эдмунд, Яго, Шейлок сияқты қарапайым кейіпкерлердің бейнесінен сол дәуірде орын алған қатыгездік пен жауыздықты көруге болады.
Қайта өрлеу дәуіріндегі мәдениеттің негізгі ерекшеліктері шынайылық, гуманистік дүниетаным, көне мәдени мұраларға ден қою мен оны қайта «жаңғырту» болған. Қайта өрлеу адамдарына шіркеулік қағидалар, феодалдық қатынастар мен ортағасырлық дәстүрлер тарлық ете бастап, қоршаған орта мен табиғатты басқаша көретін болады, оны пайымдап бағалауы, эстетикалық талғамы, шындық пен өткенге деген көзқарасы өзгереді.Қайта өркендеу заманы жаңа гуманизмді қалыптастырады: адамның ерікті және бақытты болуға, теңдік, әділдік және парасатқа ұмтылуына құқығы бар екенін алға тартады. Кайта өркендеу мәдениеті батыстық адамның уақыт пен кеңістікті игеру тәсілі кызметін атқарған. Ұлы географиялық жаңалыктар осы адамның әлем туралы түсінігін кеңейтіп, техникалық жетістіктер тіршілік тербелісін тездетеді. Данте, Джотто, Петрарка, тіпті Боккаччодан бастап еуропалық гуманистер өздері өмір сүрген кезді ортағасырлық дәуірмен салыстырғанда адамзаттың даму тарихындағы жаңа кезең деп қабылдай отырып, оны мақтан тұтқан және бұл дәуірді антикалық кезеңмен салыстырған.
2.Батыс Еуропадағы Қайта өрлеу кәсіптердің табыстары, мануфактураның пайда болуы, ішкі және халықаралық сауда мен қалалардың экономикалық тұрғыда даумының негізінде пайда болды десек болады. Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиеттің нағыз ұлы туындыларының ғажайып әсемдігі мен көркемдігі келесі ғасырларда да асқан таланттар мен біртума дарындардың шығармашылығына арқау болған. Италия әдебиеті. Қайта өрлеу дәуірінің алғы шарттары ХІІІ ғ. Еуропаның көптеген елдерінде пайда болады. Бұл құбылыс, әсіресе феодалдарға қарсы күрес айқын көрінген және қоғамдық мәдени өмірдің негізінде халық тұрған Италияның дамыған қалаларында кең тарайды.
Италияның дербес қалаларында ХІІІ ғ. соңынан бастап алғашқы капиталистік қатынастар пайда болып, Еуропада Кемелденген орта ғасырда дамыған мәдениеттен тым өзгеше мәдинет қалыптаса бастайды. Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиет пен орта ғасырдан Жаңа заман мәдениетіне өтудің ең жарқын көрінісі ретінде Дантенің шығармашылығымен қатар падуандық гуманизм, Петрарканың шығармалары мен «Жағымды жаңа стиль» лирикасын да қарастыруға болады. «Жағымды жаңа стиль» («стильновизм») — ХІІІ ғ.