Файл: Лекция 1. Кіріспе. Мдениет ымы жне оны мні Мдениеттануды зерттеу обьектісі жне пні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 310

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
атты батырлар дастаны, «Атақты­лар туралы» (1338-1358) тарихи–биографиялық шығармасы, «Өлеңмен жолдау» (1350-1352), «Жалғыздық өмір туралы» (1346) трактаты сияқты шығармалары жарық көрген.

Петраркалық «классицизм» латындық гексаметриялармен жа­зылған батыр­лық поэма «Африкада» толық көрініс тапқан. ХІY ғ. гумманизм үшін «Африка» бағдарламалық шығарма болып табы­лады. Петрарканың мақсаты ұлттық эпопеяны жасау болғандықтан, ол Италия халқының өміріндегі басты оқиға, Римнің Карфагенді жеңгендігін және Сципион триумфын бейнелейді. Петраркада афри­калық Сципион халықтың бетке ұстары ретінде ғана бейне­лен­бей, сонымен қатар ол Италияны «жабайылардан», жатжұрттық­тардан азат еткен халық батыры болған. Осыдан біз поэманың қазіргі заманмен және Петрарканың саяси гум­ма­нистік бағдарла­масымен байланысын көре аламыз. Поэмада республикалық Рим тарихы ұлы бір бейне ретінде көрсетілген.

Петраркалық «классицизмінің» келесі бір көрінісі оның «Танымал адам­дар» атты тарихи шығармасында бейнеленген. Мұнда Петрарка антикалық тарихшылардың шығарма­ларын баян­дай отырып, «ұлы республикан­дық­тардың» бейнесін жасап, осы арқылы өзінің замандастарының ұлттық санасына әсер етуге тырысады. Осылай гуманистік тарихнама мен көркем-философия­лық биографияларды тарихи құжаттар негізінде көрсету бастау алады.

Петрарканың Миланға қоныстануына оған ғылыммен емін-еркін айналы­суға жасалған кең мүмкіндіктерден басқа да себептер болады. 1361 ж. Петрарка Венецияға қоныс аударады. Өмірінің соңын Франческа да Каррардың қонағы ретінде Падугада және Евганей тауларын­дағы Арквада өткізеді. Петрарка 1374 ж. 19 мау­сым түні Арквада мәңгілікке көз жұмады. Петрарка шығармасының соңғы кезеңі де ұлы периадалармен байланысты болған. Өмірінің соңғы кезіндегі негізгі шығармалары — «Жеке өмір ісіндегі хаттар» және «Қарттық хаттар».

Әдебиеттер:

1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002)

2. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.

3. Философиялық энциклопедия. Алматы. 2004.

4. Кенни Энтони Батыс философиясының жаңа тарихы, 2-том, Орта ғасыр философиясы. - Алматы: 2018 ж.

5. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. – Алматы: 2018ж.

6. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. – Алматы: 2018 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 1998.


2. А.И.Шендрик. Теория культуры. М., 2002.

3. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпохи и цивилизации. -М., 1993.

5. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. - Алматы, 1994.



Лекция№8 Жаңа заман мәдениеті

1.Жаңа заман мәдениетінің ерекшелігі

2.Ағартушылық ғасырдың мәдениеті

Мақсаты: Жаңа заман мәдениетінің дамуының басты кезеңдерімен таныстыру, оның даму түрлерін қарастыру.

Міндеттері: Студенттерді жаңа заман мәдениетінің негізгі жетістіктерімен таныстыру, олардың ерекшеліктерін анықтау.
1.Жаңа заман   Жаңа заман еуропалық мәдениеті. Еуропа үшін жаңа заман (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда айтарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII ғасыр ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды. Ғылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.   XVII ғасыр ғылыми революция — адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып-білуге деген құлшынысының жемісі болды. Ғылымның қарышты қадаммен алға басуы және оның қоғамдық өмірдің барлық саласына біртіндеп кіре бастауы рационализмнің қалыптасу процесін аяқтауға мүмкіндік берді. Рационализм жаңа заман адамының өмірі мен бет-бейнесін жан-жақты айқындай отырып, халық санасынан еркін орын алды. Рационализм қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды ескере отырып, христиан дінінің католиктік тармағымен, оның дүниені құдайдың жаратқандығы туралы ілімімен де санасып отырды.   Олай болса, жаңа еуропалық сана мен буржуазиялық мәдениет таза атеистік сипатта болмағандығын аңғарамыз. Христиан діні мен шіркеулер Реформацияға (XVI ғасыр) дейін де, Реформациядан кейін де өз беделін жойған жоқ, қайта олардың қоғамдық, саяси және рухани өмірдегі рөлі бұрынғыдан артпаса, мүлде кеміген жоқ, қайта христиан діні өз өрісін бұрынғыдан да кеңейтіп азаматтық, мемлекеттік өмір салаларына кеңінен араласты. XVII ғасырда Еуропа — жаңа өмір жолына түскен жас Еуропа болатын. Бұл жол — өткен ғасырлардың бай тәжірибесін ой елегінен өткізіп сарапқа салу жолы болды. Бұл тарихи жолда орта ғасырлар кезеңіндегі мәдени құндылықтарды ғана емес, жалпы адамзат баласының сонау көне заманнан бергі жинақтаған рухани байлығын игерумен қатар, сол бір баға жетпес мәдени дөстүрлерді жаңа заман талабына сай қайта жаңғырту сияқты игі мақсаттар жүзеге асырылды. Көне заман мен жаңа заманның арасында қаншама уақыт өтсе де олардың өзара сабақтастығы өмірлік сипат алды. Ойымыз дәлелді болу үшін, ғылым саласындағы әр заман өкілдерінің бізді қоршаған дүние жайындағы ой-толғамдарын қарастырып көрейікші. Шындығында да, жаңа заманның философы, әрі математигі Лейбниц (1646—1710 жылдары) пен көне дәуірдің философы, әрі математигі Пифагордың (б.з.б. VI ғасырлар) дүниеге қатысты ғылыми көзқарастары ның бірдей болып шығуын қалай түсіндіруге болады? Екі ғұлама да әлемді өзара тығыз байланыстағы біртұтас организм деп қарастырады. Лейбництің философиясында «айқындалған үндестік» теориясы басты орын алады. Бұл теория — діни-теологиялық, гуманистік және эстетикалық мазмұнға бай жан-жақты теория болып саналды. «Айқындалған үндестік» теориясын — замана талабы, қоғамдық сана-сезім және халықтық түсінік тұрғысынан қарастыратын болсақ; бұл-құдайтағаланың даналығына шексіз сенім болса, ал рухани тұрғыдан қарастырсақ, бұл — өнер атаулыны (мысалы, Бахтың музыкасын немесе классицизм стиліндегі өнер туындыларын және т.б.) бүкіл жан-дүниеңмен қабылдау болып табылады.   Жаңа заманда еуропалықтардың күш-жігері табиғатты меңгеруге жұмсалды, сондықтан да болар XVII ғасырда ғалымдарының басты назары табиғат құбылыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеуге бағытталды. Сонымен қатар XVI—XVII ғасырлар қалыптасқан ұлттық, мемлекеттік, экономикалық және саяси қарым-қатынастардың негізінде философиялық, әлеуметтік және саяси-құқықтық теориялар өмірге келді. Олардың авторлары ғасыр ойшылдары: Гоббс, Локк, Спиноза, Гуго, Гроций және т.б. болды.   Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл дөуірде
элем техникаландырыла бастады, табыс пен байлыққа ұмтылыс бұрын-соңды болмаған қарқынға ие болды, капитал күшіне енді. Ең бастысы — ғасырлар бойғы қалыптасқан өмір салтының бұзылуы адамдардың санасын өзгертіп, жалпы мәдениеттің дамуына өз ықпалын тигізді. Сондықтан да болар, қоғамда қандай терең өзгерістер жүзеге асырылса да, жаңа заман мәдениеті өзінің тар шеңберінен толық шыға алмады. Оның үстіне Еуропалық өркениеттің алға басуы дүние жүзінің басқа да халықтарын, соның ішінде көне мәдениеттің ошағы болған ұлы халықтарды (Үндістан, Қытай, Мексика және т.б.) ашықтан-ашық тонау есебімен жүзеге асырылды. Өркөкірек еуропалықтар өздерінің өркениетгі-мәдениетті елдерге айналуына тікелей әсер еткен бұл мемлекеттердің мәдени ықпалын тез арада ұмытып кетті. Еуропалықтар «ұлы географиялық ашулар заманын» басынан кешірді, жаңа жерлерді игерді, талай мемлекеттерді экономикалық тәуелділікте ұстады. Бірақ, өкінішке орай, олар жаңа жерлерді игергенмен, халықтардың рухани байлығын игеруді қажет деп санамады. Демек, жаңа еуропалық мәдениетті бір жақты қарастыруға болмайды. Оның шоқтығы биік мәдениет екендігін мойындай отырып, оның қарама-қайшылықтарын, ақтаңдақтарын да шындық тұрғысынан көрсете білуіміз қажет.

2. Ағарту дәуірінде қазіргі мәдениетке ауысу аяқталды. Өмір сүру мен ойлаудың жаңа бейнесі қалыптасты, яғни мәдениеттің жаңа типінің көркем сана-сезімі өзгерді. «Ағарту» атауы діни немесе саяси авторитеттерге негізделген орныққан пікірді өзгерту мақсатында мәдени және рухани өмір саласында осы ағымның жалпы рухын жақсы сипаттайды.Ағарту білімсіздікті, наным, ырымшылдықты адамзат апаты мен қоғамдық зұлымдықтардың басты себебі, ал білімді, философиялық және ғылыми қызметті, ойлау еркіндігін мәдени және әлеуметтік прогресс жолы деп білді.

Қоғамдық теңдік және жеке басының бостандығы идеясын үшінші сословие қолдады, осы сословиеден көптеген гуманистер шықты. Орташа сословие дәулетті буржуазия мен либеральды мамандық адамдарынан құралды, олардың капиталы, кәсіби және ғылыми білімі, жалпы идеялары, рухани ұмтылысы болды. Үшінші сословиенің дүниетанымы ағарту қозғалысында айқын білінді., ол мазмұны жағынан антифеодалдық, рухы бойынша революциялық болды.Эстетикалық санада да радикалды өзгерістер болып жатты. XVII ғ. негізгі шығармашылық принциптер – классицизм мен барокко Ағарту дәуірінде жаңа қасиеттерге ие болды, өйткені XVIII ғ. өнері нақты дүниені бейнелеуге көңіл аударды. Суретшілер, мүсіншілер, жазушылар оны картиналар мен мүсіндерде, повестер мен романдарда, пьесалар мен спектакльдерде жаңғыртты. Өнердің реалистік бағыты жаңа шығармашылық әдісті жасауға негіз болды.


Әдебиет қоғамдық ой-пікірге сүйенді, ол ой-пікір үйірмелер мен салондарда қалыптасты. Сарай жалғыз орталық болудан қалды. Париждің философиялық салондары сәнге енді, онда Вольтер, Дидро, Руссо, Гельвеций, Юм, Смит болды. Оқыған білімді қоғам ағартушылардың жаңадан басылып шыққан шығармаларын құмартып оқыды. 1717 жылдан 1724 жылға дейін Вольтердің жарты миллион томы және Руссоның шамамен миллион томы басылып шықты.Вольтер, шын аты Франсуа Мари Аруэ (1694-1778 ж.ж.) барлық Европаның ағартушыларының көсемі болды. Оның шығармашылығында ғасырдың қоғамдық ойы толық және айқын бейнеленді. Барлық рационалистік қозғалыс көбінесе Вольтердің қызметімен теңестіріледі және вольтерлік деп жалпы атпен аталады.

Ағартудағы демократиялық бағыт ең радикальды ағартушы Жан-Жак Руссоның (1712-1778 ж.ж.) есімімен «русоизм» деп аталады. Ол Француз революциясын рухани дайындаушы болды. Руссо әлеуметтік теңсіздік себебін жеке меншікте деп білді («Теңсіздіктің басы және негіздері туралы ойлар»). Ол республикалық демократиялық тәртіптерді қорғады, халықтыңмонархияны тақтан түсіру құқығын дәлелдеді. Оның қоғамдық-саяси трактаттары якобиндіктердің қызметінің негізін құрады.Руссо адамның табиғи дамуына бөгет жасайтын нәрселердің бәрі тәрбиенің көмегімен жойылу керек деп есептелді. Ізгілік пен демократизмге толы педагогикалық көзқарастар оның атақты «Эмиль, немесе тәрбие туралы» роман-трактатында жазылған. Руссоның шығармалары Европа әдебиетінде психологизмнің қалыптасуына мүмкіндік жасады. Оның «Юлия, немесе Жаңа Элоиза» және «Сыр» атты хат түріндегі романы барлық Европада оқыған адамдардың көптеген ұрпақтары үшін қолдан түсірмейтін кітабы болды.

XVIII ғ. 60-шы жылдарынан өнеркәсіптік төңкеріс басталды (мануфактуралық өндірістің машиналық кезеңге көшуі, ірі капиталистік өндірістің материалдық-техникалық негізін құру), қоғамдық өмірдің барлық жақтарына қуатты әсер етті: өнеркәсіп, саясат, идеология, мәдениет. Осы кезеңде бірінші рет ғылым жетістіктерін өндіріске жүйелі қолдану басталды.

Ағартушылардың қызметінде қоғам мен өндірісті ғылыми қорытындылардың негізінде қайта құруға ұмтылу анық көрінеді. Құдайдың бар екендігін ақыл-парасат құралдары – деизмнің көмегімен дәлелдеуге ұмтылу өте әйгілі болды. Діни-шіркеу парыздарын қабыл алмай, деистер құдай болмысын қорғады. Рационалистік дінді қалыптастыруда барлық Европа қатысты: Юм, Бейль, Руссо, Вольтер, Дидро, Лейбниц, Лессинг және басқалар. «Рационалистік дін» ырымшылдықпен күресті, ғасыр ортасында көптеген Европа елдерінің соттары сиқыршылық бойынша кінә тағу істерінен бас тартты.Қоғамдық ой шабытының жаңа атмосферасы көркем шығармашылықтың түрлері мен жанрларындағы ара қатынастың өзгеруіне әкеп соқты. «Ағартушылық қаруы» - әдебиеттің мәні басқа дәуірлермен салыстырғанда едәуір өсті. Ағартушылар өздерінің публицистикалық қызметінде оқырмандар үшін қысқа өткір тілді брошюралар формасын таңдап алды, олар Вольтердің «Филосоофиялық сөздігі», Дидроның «Сұқбаттары». Бірақ көпшілік оқырман қауымға философиялық идеяларды Руссоның «Эмиль», Монтескьенің «Парсы хаттары», Вольтердің «Кандиді», Дидроның «Жиен Рамо» романдары мен повестері түсіндіру керек болатын.