ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 39
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Ауруханаға көп реттік кекірулер салдарынан үдемелі дистрофиямен 1 айлық бала тусті,анамнезінен бала туғаннан салмақ қосуы нашар, үлкен дәретінің тұрақсыздығы белгілі. 2 апталық жасынан бастап көп реттік кекірулер мен әр емізуден соң «фонтан тәрізді» құсу пайда болады, ауруханаға жатқызу кезінде баланың салмақ жеткіліксіздігі 21%ды құрады, бой өсуі қалыпты
БЭН ІІ дәреже
2. Бала 10 жаста, жедел жәрдеммен жеткізілді, жиі құрғақ жөтелге, дене қызуы 37.8 ге дейін әлсіздік тәбеттің төмендеуіне шағымданады. Қараған кезде тері қабаты бозғылт. Өкпе аускультациясында: қатаң тыныс, бүкіл өкпе бойында құрғақ жайылмалы сырылдар естіледі. Рентгенде: түбірлі маңында өкпелік суреттің күшеюі. Қан анализінде лейкоциттер-6, таяқша тәрізді 3 %, сегмент ядролы 63%, лимфоцит 21%, моноцит 6%, ЭТЖ – 22 мл.мин
Жедел бронхит
3. Ер бала 1 жаста, өмірінің 1 ші айларынан бастап өкпенің обструкция синдромына байланысты бірнеше рет ем қабылдаған, салмағы 7 кг, физикалық дамуында артта қалуы байқалады. Қарастыру кезінде: тері жабындылары және шырышты қабаттары бозғылт, пульсі 38 минутына, өкпедегі тыныс қатаң шығаруы күшейген, барлық өкпе алаңында ысқырықты құрғақ және ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдар естіледі. Өкпе перкуссиясында өкпелік тыныстың қорапты сипаты. Іші үлкейген, үлкен дәреті сазды, майлы, жылтыр, қиындықпен жуылады. Үлкен дәретінің өзгерістерін анасы дисбактериозбен байланыстырады. Болжамды диагноз:
Муковицидоз, аралас түрі
4. Бала 1 жаста, тексергенде анықталды: перкуторлы жүрек өлшемдері оңға және солға ұлғайған. Аускультативті: төстің сол жақ қырында 4 ші қабырғааралықта қатты систолалық шу. ЭКГ: жүрек гипертрофиясы. Рентгенологиялық: өкпе суретінің күшеюі, жүректің оң жақ және сол жақ бөліктеріне байланысты жүрек өлшемінің көлденең ұлғаюы. Сіздің болжамды диагноз:
Қарыншааралық перде ақауы
5. Бала 2 айлық, тексергенде анықталды, пальпаторлы жүрек ұшы түрткісі жоғарылайтын, таралған, төменге ығысқан. Перкуторлы жүрек шекаралары солға кеңейген. Аускультативті: төстің сол жағында 2-ші қабырғааралықта қатты систола-диастолалық шу. Өкпе артериясында 2ши тон акценті. Рентгенологиялық зерттеуде: өкпе артериясының доғасының биіктеуі, өкпе өлшемдерінің солға үлкеюі. ЭКГ: сол жақ жүрек гипертрофиясы. Болжамды диагноз:
Ашық артериальді түтік
6. 11 айлық бала стационарда физикалық дамуының артта қалуына, дене салмағы 7 кг,физикалық және эмоциянальді жүктеме кезінде ентігу, цианоздың пайда болуына шағымданып түседі. Қараған кезде: тері жамылғысы цианозды, «барабан таяқшасы» және «сағат шынысы» симптомдары анықталады. Салыстырмалы тұйық шекаралары: сол жақ- бұғана сызығы, оң жағы- оң жақ парастернальді сызық деңгейінде. ЖСЖ 150 рет мин. Бұғананың сол жақ қырында қатты систолалық шу естіледі. Сол жақта 2 ші қабырғааралықта 2-ші тон әлсіреген. Сіздің диагнозыңыз?
Тетрадо Фалло
7. 14 жастағы бала,клиникаға келесі шағымдармен түседі, АҚ 180-200 дейін жоғарлауына, мұрнынан қан кетуге және бас ауруына шағымданып түседі. Баланың диспропорционалді дамуын тексерген кезде: дененің жоғарғы бөлігі жақсы дамыған, төменгі бөлігі әлсіз. Қолда артериялық қысым 180, аяқта 90. Диагноз?
Қолқа коарктациясы
8. 6 айлық бала бөлімшеге мына шағымдармен түсті, ентігу, емуінің қиындауы, физикалық дамуының артта қалуы, құсу, қайталамалы суық тиюлер, түнгі уақытта ыңырсулар. Анамнезінде: анасы жүктіліктің 7 айында тұмаумен ауырған. Бұл шағымдар бала туылғаннан бері байқалған, бірақ соңғы уақытта қалыпты жағдайы нашарлаған. Қарау кезінде: баланың жалпы жағдайы ауыр, айқын тыныс және жүрек жетіспеушілігіне байланысты бозғылт, әлсіз. Туылған кезде салмағы 3 кг, түскен кездегі 5200г. Беті, табандары ісінген. Тыныштықта ентігу, мазасызданған , тахикардия байқалады. Жүрек үндері тұйық, аритмия, бауырдың екі бөлігі + 5 см шығып тұр. Зерттелген рентгенограммада: кардиомегалия. ЭКГ: антриовентрикулярлы блокада. УДЗ: жрек қуыстарының делетациясы, миокард гипокинезі. Диагноз?
Туа біткен кеш кардит
9. Ауруханаға келесі шағымдармен бала түсті: тізе буындарының ісінуі, қимылдауы шектелген, субфебрильді температура. 3 апта бұрын ангинамен ауырған. Осы ауру табан буындарының ісінуімен және ауырсынумен басталды. Сәл басылды, бірақ тізе буындары қосылды. Қарағанда интоксикация. Тізе буыындары ісінген, қимылы шектелген, тізелері ыстық, жүрек көлденең шекаралары ұлғайған. Жүрек тондары әлсіз, жүрек ұшында систолалық шу.
Жедел ревматикалық қызба, миокардит, полиартрит
10. 14 жастағы қызда ұзақ изоляциядан кейін бетінің терісінде ісінумен бірге, мұрын қанаттарында бетте орналасқан көбелек тәрізді экзофитті эритема байқалады.
Жүйелі қызыл жегі
11. 12 жастағы бала стационарға мына шағымдармен түсті, дене қызуы 38-39С дейін жоғарылауы, әлсіздік, буын мен бұлшықеттерінде ауырсыну, көздің шырышты қабатының құрғауы және қышуы. Қараған кезде: бет терісінде, санның сыртқы бетінде, білекте ісік пен эритема байқалады. Пальпацияда арқа мен мойын, аяқ қолдарының проксимальді бөлігінің бұлшықеттерінде ауырсыну, параорбитальді аймақта көгілдір түсті ісінуі білінеді. Көзілдірік симптомы оң. Жүрек тамыр жүйесі жағынан: жүрек шекарасы солға қарай ұлғайған, тондары тұйық, тахикардия 120 мин. Ритм экстрасистолия түрінде бұзылған.
Дерматомиозит
12. Нурлан 12 жаста, стационарға түскен кездегі шағымдары, түнгі уақытта жиі болатын ұстамалы пышақ сұққандай шаншитын ауырсыну. Күндіз тамақтанғаннан кейін ауырсыну басылады. Іштің пальпациясы қиындатылған. Пилородуоденалдьд аймақта ауырсыну байқалады. Мендель симптомы оң.
Асқазан мен 12 елі ішек ойық жарасы
13. Бала 1 жаста, стационарға тәбетінің, салмақ қосуының жоғалуына, күніне 5-6 рет көп мөлшерлі сасық, көпірікті, майлы, жылтыр нәжістің пайда болуына шағымданады. Табиғи тамақтандыру 6 айға дейін, кейін жасанды. 7 айдан бастап манный ботқасын берген. Бала мазасызданып, тамақтанудан бас тартқан.Түскен кезде салмағы 9500 г, бойы 80 см. Тері тургоры төмендеген. Тері жамылғысы құрғақ, бозғылт. Іш өлшемі ұлғайған, жұмсақ, пальпация кезінде ауырсыну. Бауыры +2 см қабырға доғасынан шығып тұр.
Целиакия
14. Клиникаға түскен 12 жасар баланың шағымдары: енжарлық, жүрек айнуы, бас ауырады. Бетінде, сирақта щамалы ісік, зір түсінің өзгеруі. Қарағанда терісі бозғылт, беті ісіңкі, жүрек тондары тұйықталған АҚ 140/90. ЖЗА: түсі ет жуындысы тектес, үлес салмағы 1008, белок 0.66, эритроциттер көру аймағында түгел жапқан, лейкоциттер 2 көру аймағында. Диагноз:
Нефритикалық синдром (жедел гломерулонефрит)
15. Бала 3 жаста. Бой ұзаруының тежелуі. Аяқтарының ауыратындығына, О тәрізді деформациясына шағымданады. Остеопатия көріністері алғаш рет 4 айында анықталды. Д 3 витаминмен емделген, нәтижесіз. 1 жаста аяқ қысқаруы cалдарынан бойы ұзаруының тежелуі байқалды. Қан анализінде: органикалық емес фосфор мөлшерінің төмендеуі, кальций мөлшері қалыпты, сілтілік фосфатаза 2 есе жоғарылаған. Зәр анализінде: фосфоурия. Рентгенограммада: метоэпифизарлы өсу аймақтарындағы бұзылыстар мен остеопороз. Жоғарғы клиниколабороторлы көрсеткіштерге тән:
Фосфат диабет
16. Ұл бала 12 жаста, ауру басталуының 3 ші күнінде стационарға келесі шағымдармен түсті, дене қызуы 38С дейн жоғарылауы, бет аяқ ісінуі, зәр түсінің өзгеруі. Ұл бала 10 күн бұрын тонзилофарингитпен ауырған. Қарау барысында баланың жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Дене қызуы 37.5С , қабағы мен балтырларының шамалы ісінуі. АҚ 140-90. ЖҚА: Нв 106 эритроциттер 3.3 лейкоциттер 8.8 таякша 0.9 ЦП 0.96 ЭТЖ 45 мм эозинофилы 5 палояка ядер 2 сегмент 74 моноцит 4. ЖЗА – уд вес 1022 белок 0.99 лейкоцит 10 12 14 озгерген эритроцит 35-46 БХА- мочевина 9,3 креатинин 117 белок 62 холестерин 5.6. Клиникалық лабороторлы көрсеткішерге байланысты:
Жедел гломерулонефрит
17. Саша 3 жаста. Беттегі, кеуде және аяқтарындағы ісінуге, сирек зәр шығаруға шаығмданып ауруханаға түсті. Науқас ауру басталғаннан 5ші күн госпитализацияланады. Ауруға дейін 1 ай бұрын аллергодерматозды асқыну фонында А гепатитіне қатынасты болуына байланысты иммуноглобулин иньекция алды. Қарау барысында алдыңғы құрсақ қабырғасында, бел аймағында, балтырда және табанында айқын ісіну, АҚ 95/65, бауыр қабырға доғасынан +4 см. ЖҚА 100 гемоглобин, эритроцит 3-6 лейкоцит 8 ЦП 0.89 этж 55.эозтнофил 2 палояка ядер 70 лимфоцит 2 моноцит 4. ЖЗА- белок 3.3 лейкоцит 4-3-4 измен эритроцит 5-6 гиалин цилиндрлер 2-5 к.а. БХА- мочевина 5,9 креатинин 52 белок 42 альбумин 21 холестерин 10,6.
Бірінші нефротикалық синдром
18. 10 жаста, 3 күн бұрын басынан өткізген баспадан кейін температурасы 38 градус,өз өзін сезінуә бұзылуы, бастың ауыруы, бет ісінуі,зәр мөлдірлігі өзгеруі; Обьективті: тері жамылғылары бозғылт. АҚ 115/70. ЖҚА: этж 34. Лейкоцит 13 жза- эритроцит 10 көріну алаңында; Уроцитограммада – сегментарлы лейкоциттер 84% лимфоцитарлы 16%
Жедел пиелонефрит
19. Бала 2 жаста. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері құрғауы мен бозғылттануы, шаштың көмескіленуімен, сынгыштағы, тырнақтарының жұқалануы, сынуы анықталады. Мінез құлқы өзгеруі, тәбетінің төмендеуі пайда болды, бор жейді. Гемоглобин 73
Темір тапшылык анемиясы орташа ауырлық дәрежесі
20. 9 жасар кыз бала эндокринологқа жолдама алды. Толу сезіміне және терлеуге шағымданады. 3 айда 5 кг азған,Обьективті: эмоциональді тұрақсыз, қозғыш,жылағыш,тері жамылғылары ылғалды, ұстағанда ыстық. Төменге қарағанда склераның нүрлы қабатының үстіндегі аймағы көрінеді. Грефе симптомы оң, қалканша безі диффузды үлкейген, тығыз консистенциялы, без үстінен тамырлық шу естіледі. Тахикардия калыпты жагдайда, жүрек аймақтары солға қарай ұлғайған. Жүрек ұшы түрткісі күшейген, жиі үлкен дәрет.
Диффузды токсикалык зоб
21. 11 айлық бала, дене массасы 7 кг. Барабан таяқша, сағат шынысы. Рентгенограммадағы өзгеріс:
Етік формалы жүрек көлеңкесі
22. Дерматомиозит нактылау үшін лаб кайсыны аныктау:
Креатинфосфокиназа лактат дегидрогенеза альделоза
23. 3 жас бала,физ дамуы артта қалуына шағымданып келді ,нашар жүреді, психикалық дамуы қалыпты.Дененің төменгі бөлігі әлсіз, жүрек шекаралы солға 2 см әлсіреген. Жүрек ұшында бірінші тон күшейген, бауыры ұлғаймаған. Аорта коарктациясын нақтылайды:
АҚ аяқта төмен қолда жоғары
24. 14 жастағы бала. АҚ 180-200, мұрын қан кету,бас ауыру,диспропорциялық дамуын тексергенде дене жоғары бөлігі жақсы дамыған, төменгі бөлігі әлсіз. Қолда 180 Аяқта 90. Рентгендегі өзгерістер (аорта коарктациясы)
3-8 жұп қабырғалардың төменгі қыры бойынша узурлар
25. Нәрестеде ему кезінде ауыз ұшбұрышының жеңіл көгеруі байқалады. Аускультативті: бірінші тон өзгермеген, екінші тон кеуденің алдынғы қабырғасы мен жауырын арасында таралатын систола диастолалық шуммен үйлескен. Осындай тума жүрек ақауы кезінде қанның қысымы қалай өтеді? (ашық артериалық түтік)
аортадан өкпе артериясына
26. Жүректің туа пайда болған жүрек ақауы бойынша бақыланатын 6 айлық балада бетінде цианоз бен айқын ентігу ұстамалары,акрацианоз бірінші рет пайда болды,зерттелгенде Тетрадо Фалло байкалынады,оң қарынша гипертрофиясы,қарыншааралық перде ұлғаюы, өкпе артериясының тарылуы, 50 пайыз аорта тромбпозициясы. Ентігу цианозды. Ұстаманы жою үшін ең тиімді?
Анаприллин
27. Балаларда өңештің зақымдануымен жүретін склеродермия кезінде рентгенологиялық зерттеуде не көреміз?
Өңештің жоғарғы 1/3 бөлігінің тарылумен қолба тәрізді кеңеюі
28. Балаға ауруханада ревматикалық қызба, миокардит, митральді қақпақшаның жеткіліксіздігі, полиартрит диагнозы қойылды. Қай фармокотерапия ең тиімді?
Индометацин
29. Бала 10 жаста,3 апта бұрын ЖРВИ мен ауырған.Қарағанда жүрек шекарасы көлденең кеңейген, жүрек тондары тұйықталған, жүрек түрткісінде жұмсақ систолалыкһқ шу естіледі,экстрасистолалар пайда болды. Осы науқаста Эхокардиограммасында қандай өзгерістер болуы мүмкін:
Қан айдау фракциясының жоғарылауы
30. 12 жасар ревматикалық қызбамен ауыратын балада журек ұшы түрткісі күшейген және астыға ығыскан, жүрек шекаралары солға ұлғайған, аускультацияда систолалық шу естіледі ,1 тоннан кейін және ол жүрек ұшында жақсы естіледі. ЭКГ: сол жақ қарынша гипертрофиясы. Төменде көрсетілген қайссы тиімді диагностикасы болып табылады: