Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5533

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

166

 

атеросклероз  дамуына  қауіп  төнеді.  Гиноидтық  семіру 
жартылай  гиперплазиялық  түрде  болады.  Сондықтан  оны 
емдәммен емдеу онша нәтижелі болмайды. 

Араласқан  семіру  –

  андроидтық  және  гиноидтық  түрлері 

біріккен  түрде  кездеседі  және  андроидтық  түрге  тән 
атеросклероз және оның асқынуларына көтеріңкі қауіп-қатер 
сақталады. 

Сонымен  қатар  майдың  ішкі  ағзаларда  (ішек-қарын 

шарбысында,  шажырқайда,  ішпердесі  артында)  және  тері 
астында 

жиналуларын 

ажыратады. 

Бұндай 

семіруді 

висцералдық  (ішкі  ағзалық)  семіру

  дейді.  Ол  андроидтық 

семірумен  қабаттасады  және  ішкі  ағзалардың  қызметтерінің 
екіншілік  бұзылыстары  дамуына  ауыр  қатер  төндіреді. 
Өйткені  ішкі  ағзалардың  май  жасушалары  катехоламиндердің 
әсерлеріне өте сезімтал болып келеді және инсулинге қарсы 
әсер  ететін  кахексинді  көбірек  бөліп  шығарады.  Сондықтан 
толық 

науқас 

адамдарда 

осы 

адипоциттер 

инсулинге 

төзімділік  дамуына  үлкен  үлес  қосады.  Висцералдық  май 
жасушалары 

өндіріп 

шығарған 

гормондық 

заттар 

мен 

майлардың  ыдырау  өнімдері  қақпалық  көктамыр  арқылы 
тікелей  бауырға  бағытталады.  Содан  бауырда  заттардың 
алмасуына және  жүйелік қанайналымға қатты әсер етеді. 

Тұжырымдай  келе

:  гиперплазиялық,  андроидтық  және 

висцералдық  семірулер  гиноидтық,  гипертрофиялық,  тері 
астылық  семірулерге  қарағанда  организм  үшін  зияндырақ 
екенін көрсеткен жөн

Осыған  мысал  ретінде  жапондардың  сумо  күресімен 

шұғылданатын  күрескерлердің  толықтығын  келтіруге  болады. 
Олар,  тым  артық  салмағына  қарамай,  өздерінің  денсаулығын 
ұзақ уақыт сақтай алады. Өйткені бұл күрескерлердің артық 
дене  салмағы  қанықпаған  май  қышқылдарымен  толықтырылған 
арнайы дәстүрлі түрде тамақтануына байланысты дамиды және 
олар  ұдайы  ауыр  қимыл-қозғалыстарда  болады.  Ал  қимыл-
қозғалыстың  аздығынан  семіру  кездерінде  май  негізінен 
ішкі ағзаларда жиналады. 

Сонымен  майдың  организмде  жалпы  жиналуынан  көрі  оның 

дененің 

жекелеген 

бөліктерінде 

жиналуы 

дерттануда 

маңыздырақ деуге болады. 

 

Липостаздық жүйенің өзгерістері және біріншілік 

семірудің патогенезі. 

Майдың 

май 

тінінде 

жиналуы 

(липогенез) 

липопротеидлипаза  ферментінің  қатысуымен  жүреді.  Бұл 
фермент  май  тінінің  қан  қылтамырларындағы  эндотелий 
жасушаларының  сыртқы  беттеріне  шығып,  ішектерде  және 


background image

 

167

 

бауырда 

өндірілген 

липопротеидтерден 

үшглицеридтерді 

ыдыратып  шығарады.  Май  қышқылдары  эндоцелиоциттерден 
өтіп, 

жасуша 

аралық 

кеңістіктерге, 

артынан 

май 

жасушаларына  ауысады.  Оларда  глицериннің  қайта  әтірленуі 
және  меншік  үшглицеридтердің  қалыптасуы  болады.  Артық 
тамақтанғанда 

және 

біріншілік 

семіру 

кездерінде 

липопротеидлипазаның 

белсенділігі 

көтеріледі. 

Оның 

белсенділігі артуына инсулин ықпал етеді. 

Май  жасушаларында  май  глюкозадан  да  түзіледі.  Инсулин 

май  тінімен  глюкозаның  қамтылуын  күшейтіп,  одан  май 
түзілуін 

арттырады. 

Липогенез 

α

2

-адреномиметиктердің 

әсерлерінен  де  күшейеді.  Глюкокортикоидтық  гормондар 
майлардың  әрі  түзілуін,  әрі  ыдырауын  арттырады.  Олардың 
әсері  катехоламиндердің  май  жасушаларына  пермиссиялық 
(қолдаушы)  әсерінен  байланысты  болады.  Дененің  әр  түрлі 
бөліктерінде  орналасқан  май  тіндерінде  катехоламиндерді 
қабылдайтын  адренорецепторлардың  жиынтықтары  да  әрқилы 
болудан  гиперкортицизм  кезінде  глюкокортикоид-  тардың 
әсерлерінен  май  негізінен  бетте,  мойында  және  дененің 
жоғары  жақтарында  артық  түзіледі.  Бұл  кезде  аяқ-қолдарда 
липогенез керісінше азаяды. 

Майлардың  ыдырауын  (липолизін)  май  жасушаларының 

іштерінде  болатын  гормонға  тәуелді  липаза  ферменті 
қамтамасыз  етеді.  Ол  ц-АМФ-  тәуелді  протеинкиназамен 
әсерленеді. 

Адипоциттердің 

сыртқы 

беттеріндегі 

рецепторларға  норадреналин  әсер  етуден  аденилатциклаза 
әсерленіп,  май  жасушаларының  ішінде  ц-АМФ  көбеюден 
липолиз  күшейеді.  Бұл  катехоламин  май  жасушаларына  β

3

-

адренорецепторлары  арқылы  әсер  етеді.  Осыған  байланысты 
біріншілік 

семіруге 

бейімділігі 

бар 

адамдардың 

адипоциттерінде  β

3

-адренорецепторлардың  әсерленуі  төмен 

болады. Осыдан майлардың ыдырауы кеміп кетеді.  

Аденогипофиздің 

гормондары: 

кортикотропин, 

соматотропин,  лютеотропин,  тиреотропин,  липотропин  және 
қалқанша  бездің  гормондары,  симпатикалық-адренергиялық 
жүйенің  қозуы  майлардың  ыдырауына  әкеледі.  Осыдан  қанда 
май қышқылдары мен глицерин көбейеді. Май қышқылдары онда 
әлбуминмен  байланысып  бауырға  тасымалданады.  Біріншілік 
семіруге  бейім  адамдарда  глицериннің  көп  бөлігі  қайтадан 
үшглицеридтерге  айналады.  Сонымен  бұндай  адамдардың 
адипоциттері 

үшглицеридттерден 

айырылғысы 

келмейді. 

Липолизге 

қажетті 

гормондық 

липаза 

ферментінің 

белсенділігін 

инсулин 

тежейді. 

Сол 

себептен 

гиперинсулинизм 

кезінде 

(инсулинге 

тәуелсіз 

қантты 

диабеттің  2-түрінде  және  инсулинома  кездерінде)  адамның 


background image

 

168

 

салдарлық толып кетуі байқалады. 

Біріншілік  семірудің  негізінде  липостаздық  жүйенің 

шеткері  май  тіні  мен  гипоталамустың  арасындағы  өзара 
қатынастардың  бұзылуы  маңызды  орын  алады. 

1994-жылы  Дж. 

Скотт  «тоқтық»  жағдайда  адипоциттер  пептидтік  гормон  – 

лептин

  өндіретінін  ашты.  Оның  жалпы  мөлшері  организмдегі 

май  тінінің  мөлшеріне  тікелей  байланысты  және  әйелдерде, 
еркектерге  қарағанда,  көбірек  болады.  Май  жасушаларымен 
лептин 

өндірілуін 

инсулин, 

және 

аз 

мөлшерде 

глюкокортикоидтар, 

сергітеді. 

Лептин 

гипоталамустың 

вентромедиалдық  ядроларына  әсер  етеді  де  тойыну  сезімін 
туындатады.  Сонымен  бірге  ол  жылу  өндіру  орталығын 
сергітіп,  симпато-адренергиялық  жүйенің  белсенділігін 
көтереді. 

Осыдан 

термогенез 

артып, 

норадреналиннің 

әсерінен  май  тіндерінің  ыдырауы  күшейеді.  Оның  әсерінен 
негізгі  алмасу  көтеріліп,  оттегіні  пайдалану  жоғарлайды 
және липолиздің басқа жолдары да артуы ықтимал.  Лептиннің 
әсерінен  аштық  сезімінің  орталығында  (вентролатералдық 
ядроларда) 

нейропептид 

Y

 

өндірілуі 

азаяды. 

Бұл 

нейропептид: 

●  аштық сезімін туындатып, тәбеттің ашылуына әкеледі; 
●  кейбір  эндокриндік  бездердің  гипофиз  арқылы  және 

гипофизден тыс реттелулеріне қатысады; 

●  инсулин өндірілуін арттырады; 
●  тамақ қабылдауға түрткі болады; 
●  адипоциттерде май жиналуына әкеледі. 
Осылай  май  жасушалары  мен  гипоталамустың  өзара 

байланыстарымен  денедегі  май  тінінің  тұрақтылығы  қалыпты 
мөлшерде ұсталынып тұрады. 

Осы  жағдайларға  байланысты 

біріншілік  семірудің  даму 

патогенезінде май жасушаларында лептиннің жеткіліксіздігі 
маңызды 

орын 

алады

Оның 

жеткіліксіздігі 

гендік 

ақаулардың нәтижесінде: 

●   май жасушаларында лептиннің аз түзілуінен; 
● 

гипоталамустың 

вентромедиалдық 

ядроларының 

нейрондарында  лептиннің  әсерін  қабылдайтын  рецепторлар 
болмауынан немесе аз болуынан - байқалады. Соңғысында май 
тіндері  лептинді  жеткілікті  өндіруіне  қарамай  оның 
гипоталамусқа  әсері  болмайды.  Содан  гипоталамустың  аштық 
сезімінің орталығы ұдайы нейропептид Y-ді артық өндіреді.  

Осыдан  адамдардағы  біріншілік  семіру  дамуында  тұқым 

қуалаушылықтың маңызды екенін байқауға болады. Біріншілік 
семіруді, 

тамақтанудың 

бұзылыстарымен 

қабаттасатын, 

полигендік  дерттік  жағдайға  жатқызады.    Ата-анасының 
біреуінде  семіздік  болса,  онда  олардан  туған  балалардың 


background image

 

169

 

56%-ында  семіруге  бейімдік  байқалады.  Ал,  екі  бірдей 
толық адамдардан туған балалардың 78%-ында артынан семіру 
пайда болады.  

Біріншілік  семірудің  даму  негізінде,  тұқым  қуалауға 

бейімділіктің  нәтижесінде  май  жасушаларында  лептиннің  аз 
түзілуінің  маңызы  зор  дегенмен  де,  организмге  түсетін 
энергия  мен  оның  шығындалуының  арасындағы  тепе-теңдіктің 
бұзылуына  мән  бермеуге  болмайды.  Бұл  кезде  адипоциттер 
мен 

гипоталамустың 

арасындағы 

байланыстардың 

өзгерістерінен,  денедегі  май  тінін  жеткіліксіз  деп 
қабылдайтын,  дене  салмағын  орнықтыратын  нүкте  жоғарылап 
ығысып  кетуі  болады.  Содан  оны  нейропептидтік  реттеудің 
жаңа  сапалы  деңгейіне  сәйкес  организмге  түсетін  энергия 
оның 

шығындалуынан 

басым 

болып 

кетеді. 

Энергия 

шығындалуының  азаюы  адамның  гиподинамиясынан  байланысты. 
Сол себепті адам ішетін тамақты азайтып, қимыл-қозғалысты 
көбейту  арқылы  дене  салмағын  қалыпты  мөлшерде  ұстап  тұра 
алады.  Семіру  ішкен  тамақтың  мөлшерінен  ғана  емес,  оның 
сапалық 

құрамынан, 

қоректену 

тәртібінен 

де 

көп 

байланысты. 

Тамақтың 

құрамында 

нәруыздардың 

аздығы 

семіріп  кетуге  ықпал  етеді.  Тамақ  ішу  сирек  және  бір 
ішкенде  мол  болса,  олда  семіруге  әкеледі.  Бұл  кезде 
организмдегі  инсулиннің  деңгейі  жоғары  деңгейде  ұзақ 
ұсталып  тұрады.  Тамақты  тым  кеш,  жатар  алдында  ішуде 
дененің толуына қауіп төндіреді. 

 Біріншілік  семіру  кезінде  артық  салмақтан  арылу  әлі 

адамның  толық  сауығуы  емес.  Бұл  кезде  көптеген  дерттік 
өзгерістер сақталып қалады және олар әртүрлі бұзылыстарға 
әкелуі ықтимал. Артық салмақтан арықтаған адамдарда: 

● 

зат 

алмасуларының 

бұзылыстары, 

соның 

ішінде 

лептиннің  жеткіліксіздігі,  содан  нейропептид  Y  ұдайы 
артық түзілуі сақталып қалады; 

●  адипоциттер  бұрынғыша  май қышқылдары  мен  глицеринге 

өте  үйір  болады  және  оларда  липолизден  босаған  май 
қышқылдарын қайта әтірлеу жоғары деңгейде болады; 

● 

май 

тінінде 

липопротеидлипаза 

ферментінің 

белсенділігі көтеріңкі болады; 

●  тойыну  сезімі  орталығының  серотонинге  сезімталдығы 

төмен болады; 

●  адипоциттердің  β-адреномиметиктерге  сезімталдығы  аз 

болады; 

● гипоталамустың инсулинге сезімталдығы төмендеген; 
●  гиперплазиялық  және  аралас  семірулер  кездерінде  май 

жасушаларының саны көбейген.  

Осыдан  артық  салмақтан  арылған  адамдардың  біршама 


background image

 

170

 

қызметтік көрсеткіштері нашарлайды. 

♣  гипоталамус  қалыпты  дене  салмағын  азсынып, 

арықтауға қарсы жауап қайтарады; 

♣ гипофизде тиреотропин өндірілуі азаюдан гипотиреоз 

дамиды.  Содан  бұндай  адамдардың  суыққа  төзімділігі 
төмендейді; 

♣ негізгі алмасу төмендейді; 
♣  әсіресе  әйелдердің  жыныстық  қабілеті  азаяды, 

етеккір  келу  оралымының  бұзылыстары  байқалады.  Өйткені 
адипоциттерде эстрогендер түзілуі азайған; 

♣  арықтау  үшін  еркінен  тыс  қоректену  адамның  жан-

дүниелік күйзелістеріне  әкеледі; 

♣ 

кейбір 

адамдарда 

лейкопения, 

брадикардия, 

гипотензия дамиды;  

♣  қатты  арықтаудың  нәтижесінде  иммунитет  әлсіреуі 

мүмкін. 

Осы  келтірілгендерге  байланысты  семірудің  бұл  түрін 

емдеу  қоректенуді  азайту  мен  емдік  гимнастикаларға  ғана 
бағытталып  қоймауы  керек.  Негізгі  патогенездік  емшаралар 
организмде лептиннің деңгейін көтеруге бағытталғаны жөн.  

Сонымен 

липостаздық 

жүйеде 

гипоталамус, 

ішек 

гормондары,  бүйрек  үсті  бездері,  ұйқыбездің  β-жасушалары 
және  май  тіні  аралық  қатынастарының  маңызы  өте  зор. 
Олардың  өзара  әсерлері  дене  салмағының  тұрақтылығын  және 
организмнің  метаболизмдік  мұқтаждығына  сәйкес  қоректену 
тәртібін қамтамасыз етеді. 

Салдарлық (екіншілік) семіру. 

Этиологиясы 

мен 

патогенезі.

 

Бастапқы 

жүйкелік-

эндокриндік  бұзылыстардың  дамуы  нәтижесінде  байқалатын 
семірулерді 

салдарлық  семіру 

дейді.  Қазіргі  күні  оны  май 

тінінде өндірілетін лептиннің немесе лептинді қабылдайтын 
гипоталамустағы  рецепторлардың  жеткіліксіздіктері-  мен 
байланысты емес семіру деуге болады. Семірудің бұл түрін: 

● гипоталамустық-гипофиздік (

орталықтық

) семіру 

● 

басқа 

эндокриндік 

бездердің 

қызметтерінің 

бұзылыстарымен  байла-  нысты  (

шеткерілік

)  семіру  –  деп 

ажыратады.  Әрине  бұлай  ажырату  шартты  түрде  ғана  дұрыс 
болады.  Өйткені  гиперкортицизм  кезіндегі  семіру  әрі 
орталықтық,  әрі  шеткерілік  бездердің  бұзылыстарымен 
байланысты болады. 

Салдарлық  семірудің  орталықтық  түрі  гипоталамус  пен 

гипофиздің көптеген бүліністері кездерінде байқалады. Бұл 
бүліністерге:  гипофиздің  базофильдік  аденомасы  (Иценко-
Кушинг  ауруы),  жекеленген  гипопитуитаризм,  гипофиздік 
ергежейлілік т.б. көптеген арнайы синдромдар кездеріндегі