ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.11.2021
Просмотров: 2033
Скачиваний: 4

16
MORPHOLOGY AND EVIDENCE - BASED MEDICINE
До завершения полимеризации препараты
устанавливаются в нужном положении.
Вывод
: Таким образом, выше перечисленные
обстоятельства определяют большое будущее
технологии полимерного бальзамирования, и его
широкое внедрение в учебный процесс,а
силиконовые пластинаты будут идельными
препаратами для выставления в анатомических
музеях и для практических занятий студентов.
И, наконец, добиться того, чтобы анатомия,
перестанет быть наукой, которая дурно пахнет
и вызывает отрицательные эмоции, а станет
дисциплиной, способной доставлять эстетическое
наслаждение от изучения сложного строения
человеческого организма.
Литература:
1. VonHAGENSG., TiedmanK., KrizW. Thecurrent-
potentialofPlastination. Anat. EmbryoI. – 1987, Bd. 175.-
S.411-421.
2.. Гайворонский И.В., Кузьмина И.Н., Старчик
Д.А., Тихонова Л.П., Ничипорук Г.И. Современные
аспекты преподавания нормальной анатомии в Военно-
медицинской академии // Морфология, 2000, т. 117,
вып.3. – С..34-35
3. Аубакиров А.Б., Мауль Я.Я., Хамидулин
Б.С., Куминов Л.А. Полимерное бальзамирование –
инновационная технология в морфологии. Материалы
Республиканской научно-практической конференции.
«Инновационные технологии в образовании» - Алматы,
2008.– С.39-40
4. Аубакиров А.Б., Хамидулин Б.С. Опыт
изготовления анатомических препаратов методом
полимерного бальзамирования в Казахстане. Материалы
международной научно-практической конференции
руководителей анатомических кафедр и институтов
Вузов СНГ и Восточной Европы, посвященной 75-летию
УО ВГМУ. –Витебск, 2009. – С.15-16
ГИСТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНДА
ГИСТОЛОГИЯ-1 ПӘНІН «КЕЙС-СТАДИ»
ӘДІСІМЕН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Аяпова Ж.О., Юй Р.И., Есполаева А.Р.
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы
қаласы, Қазақстан
ҚазҰМУ-дің гистология кафедрасында жаңа
модульдік оқыту жүйесі іске асқаннан бастап,
кафедра ұжымы оқу-әдістемелік материалдарды
қайта өңдеп, тәжірибелік сабақтарға жаңа тал-
пыныстар мен дағдыларды енгізуге ұмтыла
бастаған. Соның бірі-Кейс деңгейінде (стади) оқыту
әдісі.
Кейс-деңгейлік деп аталған әдістің «Отаны»
Америка Құрама Штаты, Гарвард Университетінің
бизнес мектебі. Кейс әдісінің пайда болуы мен
дамуының мәдени негізі «прецедент» немесе
«жағдай» принципі болып табылады. Кейс әдісі
шынайы оқиғалар негізіндегі академиялық тео-
рияны көрсетуге мүмкіндік береді. Ол студенттердің
пәнді оқуына қызықтырады. Білім мен дағды
жинақтарын белсенді қабылдауға, әртүрлі жағдаят-
тарды түсіндіретін ақпаратты өңдеуге және
талдауға ықпал етеді [1]. «Олар бір түсінікпен
мәселені шығармашылықпен шешу жағдайды,
талдау қасиетін қалыптастыру мен шешімін қабыл-
даумен сипатталады». Кейс деңгейлік әдісі келесі
дағдыларды қалыптастырады:
• Аналитикалық дағдылар. Оларға мына-
ларды жатқызуға болады. Мағлұматтарды ақпарат-
тан ажырата алу қасиетін,жіктеу,нақты және нақты
емес ақпаратты ажырату, талдау, оны табу және
ұсыну, ақпарат қалдықтарын және оларды қалпына
келтіре білу. Анық және логикалық ойлай білу.
Әсіресе бұл ақпарат жоғарғы сапада болмаған кезде
маңызды.
• Тәжірибелік дағдылар. Нақты жағдайлар мен
салыстырғанда төмен кейсте көрсетілген мәселенің
қиындық деңгейі тәжірибеде экономикалық тео-
рия ларды, әдістерді, принциптерді пайдалану дағ-
дыларын қалыптастыруға негіз болады.
• Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай
Кейс-жағдаяттар бір логикамен шешілмейді.Логи-
калық жолмен табылмайтын альтернативті шешім-
дердің туындауында шығармашылық дағдылардың
маңызы зор.
• Коммуникативті дағдылар Оның ішінде
мыналарды бөліп қарастыруға болады: пікірталас
жүргізе алуы, кіші топтағы студенттердің көзқа-
расымен қарсыластарын сендіре білу. Көрнекі-
құралдарды және басқа да медиа құралдарды пайда-
лану, топқа ену, өз көзқарасын қорғау, оппоненттерді
сендіру, қысқа әрі нақты есеп құру.
• Әлеуметтік дағдылар. Кейс-деңгейлерін
талқылауда айқындалған әлеуметтік дағдылар қа-
лып тасады: адамзат іс-әрекетін бағалау, тыңдай
білу, пікірталасты қолдау немесе қарама-қарсы
пікірді аргументтеу, өзіне-өзі есеп беру.
• Өзін-өзі талдау. Пікірталастағы келіспеу-
шілік өзгелердің және өзіндік меншікті пікірді
жете түсінуге және талдауға ықпал етеді. Туын-
даған моралдық және этикалық мәселелер, олар-
дың шешімдерінің әлеуметтік дағдыларының
қалыптасуын талап етеді. Кейс-деңгейлік әдісінің
өзгеше ерекшелігі нақты өмір фактілері негізінде
мәселелік жағдаяттар тудыру болып табылады.
Осылайша, медициналық білім беруде нақты және
ойластырылған сырқатнама, анамнез, клиникалық
ақпараттар т.б. пайдаланады[2-3].

17
МОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА
Оқу үрдісінде кейспен технологиялық жұмыс
атқаруымен бірге келесі этаптары кіреді:
• Білім алушылардың кейс материалдарымен
жеке өзіндік жұмыстары (мәселені идентифи-
кациялау, негізгі альтернативтерді қалыптастыру,
шешімді немесе көрсетілген іс –әрекетті ұсыну )
• Негізгі мәселелерді және олардың шешім-
дерін анықтау келісімі негізінде шағын топтарды
жұмыс жасау;
• Жалпы пікірталаста шағын топтардың
нәтижелерін сараптау және презентациялау (оқу
топтары негізінде)
• Оқуда кейс-деңгейінің қолдану мүмкін-
діктері кез-келген кейс деңгейі оқытушыға оны оқу
үрдісінің әртүрлі кезеңдерінде қолдануға мүмкіндік
береді: оқу деңгейінде, оқу нәтижесін тексеру
деңгейінде.
Соңғы уақыттары кейс-деңгейін тек ғана
студенттердің оқуында ғана емес, сонымен қатар
емтихандарда оқу нәтижесін тексеруде қолдану
барынша танымал болуда. Студенттер кейс-деңгейін
емтихан уақытында да ұсынуға болады, бірақ
онда ол берілген шектеулі уақытта үлгеретіндей
қысқа әрі жеңіл болуы керек. Оқу үрдісінде кейс
деңгейін қолдану көбінесе екі әдіске негізделеді.
Оның біріншісі дәстүрлі Гарвард әдісінің атына
ие-ашық пікірталас. Альтернативті әдіс студенттер
жағдаятқа жүйелі ауызша баға жасайтын және
берілген кейс-деңгейге талдау, өз шешімдері және
алғышарттарын алға тартатын жеке немесе топтық
сұрау-жауаппен байланысты әдіс болып табылады.
Бұл әдіс оқушының бақылауды іске асыруын
жеңілдетеді,сонымен қатар, кейбір студенттерге
өздерінің оқу күштерін нықтауға негіз болады[4-5].
(әдіс студенттерде әр сабақта бір-екі реттен
сұралады.)
Әдіс студенттердің коммуникативті дағдыларын
дамытады, өз ойларын нақты жеткізуге үйретеді.
Бірақ ашық пікір таласта қатысушылардың ұйым-
дастырылуы мен бақылануы біршама қиын. Еркін
пікірталаста оқытушы көп жағдайда басында
мынандай сұрақтар қоюы мүмкін: «Қалай ойлай-
сыздар, бұл жердегі негізгі мәселе қандай?» Содан
соң қарама-қарсы аргументтерді және олардың
түсіндірмелерін тыңдап, пікірталасты жүргізеді,
бірақ жекелеген қатысушы немесе топ кейс
деңгейінің жазбаша талдауының соңын, мазмұнын
күтпейді.Студенттер бұл пікір талас жауабын бірден
ауызшанемесе кейін жазбаша жауап беруі мүмкін.
Кейс-деңгейінің тапсырмаларымен неме се жат-
тығуларымен ұқсастығы көп, бірақ олар принциптік
өзгеше ерекшеліктерге де ие: студенттерге толық
тәжірибелік дағдыларға ие болуына көмектеседі,
күрделі де құрылымдық мәселелерді шешуге
үйретеді.
«Бір қарағанда тапсырма кейбір ойластырылған
жағдаят суреттелген кейс деңгейінде өтеді, оқуда
тапсырма және кейс деңгейінің қолдану мақсаты
әртүрлі». Тапсырмалар студенттерге жеке дара
тео рияларды, әдістер мен принциптерді зерттеу
және қолдану мүмкіндігін беретін материалмен
қамтамасыз етеді. Кейс-деңгейі көмегімен оқыту
студенттерді әртүрлі дағдылардың шешімін табуға
көмектеседі. Аталмыш оқу әдісі көптеген шешімге
және де оған алып келетін көптеген альтернативті
жолдарға ие. Кейс деңгейінің негізгі функциясы
студенттерді аналитикалық тәсілмен шешуге мүм-
кіндігі жоқ. Бұл әдіс күрделі құрылымдық мәсе-
лелерді шешуге үйретеді. Кейс деңгейлік әдісін
қолдануда жалпы жұмыс технологиясы құрылады:
Сабақ басталғанға дейін оқытушы:
• тақырыптар бойынша кейсті таңдау;
• негізгі және көмекші материалды анықтау;
• іс-шара жоспарын құрастыру;
Студенттердің міндеті-кейсті және ұсыныл-
ған әдебиеттер тізімін алу және сабаққа дайын-
далу. Кейске ұсынылған тақырыптардан бұрын сту-
денттер ұсынылған әдебиеттермен таныса оты рып,
реферативті жұмыстар жасайды. (баяндама лар,
рефераттар, презентациялар)
Сабақ кезінде оқытушы:
• кейске алдын-ала талқылауды ұйымдастыру;
• топты кіші топтарға бөледі, әр топқа спикер
сайлану;
• кейсті талқылауды басқару;
Жалпы топтағы студенттер:
• сұрақ қою;
• шешім нұсқаларын ұсыну;
• шешім қабылдау;
• сабақ туралы жазбаша есеп құрастыру;
Мысалы: «Асқазан, ішек» ауруларында тілдің
үстін ақ қақ басады. Бұл нені білдіреді. Дәм сезілу
бұзылады ма?Жоқ па? Бұзылса себебі неде?
Саусақ, алақан және бас терісінің эпителийі
көп қабатты мүйізделген. Бұл эпителийлерінің
ерек шеліктері бар ма?Жоқ па?
Тін культурасынан алынған жасушаларды еккен
кезде бірінші флаконда-көп қабатты мүйізделген
эпителийдің базальды қабаты, екіншісінде жыл-
тыр қабаттағы жасушалары орналасқан. Қай
фла кондағы жасушалардың пролиферияциялық
(көбею) қабілеті байқалады? т.б.
«Кейсті» пайдаланудың шектеулері: оқудың бұл
әдісі көп уақытты талап етеді,осыған бай ланысты бұл
әдісті ауқымды аудиторияларда қолдана алмаймыз.
«Гистология-1» пәнінің тақырыптарын модульдік
жүйемен өткізу барысында «Кейс-деңгейлік»
әдісі өте тиімді, бірақ адам эмбриологиясы және
ұрықтық дамудың ерекшеліктері өте күрделі,әрі
ауқымды тақырыптарға жатады, әрі студенттерге

18
MORPHOLOGY AND EVIDENCE - BASED MEDICINE
жітік түсінуді талап етілетін тақырыптар болған-
дықтан, бұл тақырыптарды гистологияның бұрын-
ғы өтіліп жүрген,дәстүрлі әдістермен өткізген жөн.
( Оқытушылар мен студенттерге арналған Гис-
тология-1 бойынша оқу-әдістемелік нұсқау).
Қолданылған әдебиеттер:
1. Скуратовская Н. С. Кейс-метод в оценке
персонала // Справочник кадровика. 2007. № 5.б. 98–104
2. ECCHO Специализация: Case learning Язык:
English Издатель United Kingdom
3. Изменения в образовательных учреждениях:
опыт исследования методом кейс – стадии / под ред Г.Н.
Прозументовой.- Томск, 2003.
4. Козина, И. Особенности стратегии case-
study при изучении производственных отношений на
промышленных предприятиях России / И.Козина //
Социология: методология, методы, математические
модели. - 1995.- N5-6.- б.65-90.
5. Козина, И. Casestudy: некоторые методические
проблемы /И.Козина // Рубеж.- 1997.- № 10-11.-б. 177-
189.
6. Михайлова, Е. И. Кейс и кейс-метод: общие
понятия / Е.И.Михайлова / Маркетинг.- 1999.- №1.
СПЕЦИФИКА ПРЕПОДАВАНИЯ
АНАТОМИИ НА ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОМ
И МЕДИКО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОМ
ФАКУЛЬТЕТАХ
Байгамысова Д.С., Ахмад Н.С.,
Балапанова А.А.
КазНМУ им. С. Асфендиярова, г.Алматы,
Казахстан
До 20132014 учебного года преподавание
анатомии для специальности «Фармация» велось
вместе с курсом физиологии как дисциплина
«Физиология с основами анатомии». В прошедшем
году для студентов фармацевтического факультета
на изучение дисциплины «анатомия человека» был
выделен 1 кредит (45 часов), а с 20142015 учебного
года выделено 2 кредита (90 часов).
На фармацевтическом факультете большое
внимание уделяется вопросам функциональной
анатомии нервной системы, особенно подкорковым
образованиям, ядрам продолговатого мозга,
рефлекторной дуге.
Особое внимание уделяется вопросам функ
циональной анатомии сердечнососудистой сис
темы и эндокринной системы.
На медикопрофилактическом факультете с
20142015 учебного года преподавание анатомии
ведется в форме модульного обучения.
Была разработана интегрированная рабочая
программа совместно с кафедрой нормальной
фи зио логии по дисциплинам «Анатомия» и «Фи
зиология».
Содержание дисциплин было распределено на
шесть модулей: «Сердечнососудистая система»,
«Дыхательная система», «Пищеварительная сис
тема», «Мочеполовая система», «Эндокринная сис
тема» и «Опорнодвигательный аппарат».
Преподавание курса анатомии ведется как
традиционными методами – репродуктивный,
объяс
нительноиллюстративный, так и с
применением современных инновационных мето
дов преподавания – кейсстади, проблемный,
тестовые задания, презентации и т.д. Обязательно
затрагиваются возрастные, половые и индиви
дуальные особенности организма, варианты из
мен
чивости и врожденные пороки развития.
На каждой лекции акцентируется внимание на
влиянии роли труда, социальных факторов и
профессональных условий, физической культуры
и спорта на строение органов и систем организма
человека.
В лекционном курсе обязательно излагаются
материалы, представленные кафедре на семинарах
и мастерклассах визитинг профессорами – Скотт
Миллером (США) и Грегори Лившиц (Израиль).
2006Ж. МЖМБС БОЙЫНША
ИНТЕРНАТУРДА АЛҒАШҚЫ ТӘЖІРИБЕ:
ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ, БОЛАШАҒЫ
Балмуханова А.В., Тойлыбаева Г.Ш.,
Кулебаева Э.К.,
Хабдин К.Е., Балмуханов В.Н.., Даулетова Л.С.
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ,
Алматы, Казахстан
Мақалада бакалавриаттан кейінгі деңгейде
пәндерді біріктіру арқылы модульдік технологиямен
оқытудың алғашқы тәжірибесі келтірілген, аталған
оқытудың өз артықшылығы және қиындықтары
бар. Білікті клиникалық-мамандар даярлау үшін
модульдік оқыту негіз болуын есепке ала оты-
рып, осы мақалаға ден қою және болашақтағы
міндеттерді шешу маңызды деп санаймыз.
Негізгі сөздер: модульдік оқыту, технология,
МЖМБС-2006, дәрігер біліктілігі.
Медициналық ғылымның дамуы, клиникалық
тәжірибеге жаңа технологиялар жасау және енгізу,
емдік дәрі-дәрмектердің спектрінің тез жылдам-
дықпен кеңеюі үнемі өзгерістегі еңбек нарығының

19
МОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА
талабын қанағаттандыруға қабілетті медицина
жоғарғы оқу орындарын бітіруші түлектерді даярлау
сапасына қойылатын талаптардың ұдайы өсуін
анықтайды. Медицина жоғарғы оқу орындарын
бі тіруші түлектерді сапасынның өсуі денсаулық
сақтаудың барлық салаларының, және оның тә-
жірибелік, сонымен қатар ғылыми бөліктерінің әрі
қарай дамуына міндетті шарты болып табылады.
Медицина мектебінде оқытудың әрдайым жоғары
сапада болуына ғылымды, білім беруді және
инновациялық қызметті біріктіру арқылы ғана
қамтамасыз ету арқылы қол жеткіземіз. Қазақстан
Республикасындағы медицина жоғарғы мектебінің
қазіргі даму кезеңі – даярлау мазмұнының құрлымын
және озық білім беруге көшуді есепке ала отырып
оны сапалы түрде жаңартудан тұратын білім беру
парадигмасын ауыстырумен сипатталады. Сонымен
қатар медициналық және фармацевтикалық білім
беруді қайта құрудың жаңа тұжырымдамасы
клиникалық даярлыққа бағытталған, оның көп
қырлы және көп модальды сипатына студенттерді
төменгі курстардан бастап даярлауға ерекше көңіл
бөледі.
Осы ойды іске асыру – біріктіріп оқыту қағи-
даттарына негізделген инновациялық технологияны
оқу үдерісіне енгізген жағдайда ғана мүмкін,
бұл іс оқу кезеңінде мамандардың медициналық
жалпы мәдениетін жоғарлатып, және оларда кәсіби
мәселелерді шешуге заманауи ғылыми тұрғыда
келуге тұрарлық жоғарғы деңгейде ойлауды қалып-
тастыруға мүмкіндік береді. Бұл қағидат негізгі оқу
объектісі – адам ағзасынның жүйелі талдануына
негізделген және білім алуда модульдік тәсіл
қолдану арқылы оның көп қырлылығын ашу.
Модульдік технологиямен оқытудың мақсат-
тарының бірі – икемділікті қамтамасыз ету,
жеке тұлғаның талаптарына және оның негізгі
даярлығының деңгейіне бейімделу, студенттердің
ойлауын, жадына сақтауын, шығармашылық бейім-
ділігін және қабілетін дамыту үшін жағдай жасау.
Осыған байланысты, модульдік технологияға
көшу сабақ беруші оқытушыға деген талапты да
күшейтеді. Модульдік оқыту кезінде оқытушы
ақпарат беруші және бақылаушы міндетімен қатар
кеңес беруші және үйлестіруші міндетін де қоса
атқарады, бұл ретте оқытушы педагогикалық
үдерістегі өзінің жетекші рөлін сақтайды. Модульдік
оқыту студенттердің оқып-білу белсенділігіне
ынталандырудағы және кәсіптік ғылыми білімді,
біліктілікті және дағдыны игеру бойынша олардың
танымдық қызметтерін ұйымдастырудағы маңыз-
дылығымен ерекшеленеді. Модульдік білім беруге
көшу оқу үдерісіндегі өздік жұмыстың маңызы
мен оның салыстырмалы салмағын артыру, және
болашақ мамандардың өздігімен жұмыс жасауды,
ынтасын, шығармашылығын, әлеуметтік-кәсіби
бел сенділігін арттырады. Білім беру барысында
қойылған мақсатқа жету бойынша жұмыс жоспары,
ақпараттық-дидактикалық банксі және әдістемелік
ұсыныстары бар модульдік жүйе студент үшін
оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдерін
игеруде дәстүрлік жүйеге қарағанда өз бетімен
жұмыс істеу мүмкіншілігін анықтайды. Демек,
дәстүрлік жүйеге қарағанда, модульдік білім беруде
студенттің өздігінен білім алуының қалыптасуы
дәрежесі жоғары. Сонымен қатар, модульдік білім
беруде студенттің өз жұмысы туралы оқытушыдан
және басқа студенттерден көмек, кеңес және сын-
баға алу мүмкіндігі әрқашан да бар, бұл адамның
жеке қасиетін, атап айтқанда ұжымдық, бірлесіп
істеу дағдыларын алуға мүмкіншілік жасайды.
Бұның бәрі модульдік технологияны қолданудың
болашағы зор екенін және дәстүрлі білім беру мен
жаңашылдықтың арасындағы бірізділікті сақтай
отырып, оны «Жалпы медицина» мамандығы
бойынша білім беру үдерісінде іске асыруға түрткі
болады.
МЖМБС-2006 ж. сәйкес интернатурада клини-
калық пәндерді өту жоғарыда аталған оқытудың
модульдік тәсілін қолдануға негізделеді. Модульдік
технологияның тәжірибелік және ғылыми маңызы:
бұл жерде білім берудегі жаңа тәсілдер мен
құрастырылған сабақтар дәстүрінің үйлесімі; ол
педагогикалық теория мен практикадан алынған
көптеген тәжірибенің біріктірілуі; оның ішінде
бағдарламалық білім беру, дамып келе жатқан
білім беру теориясы және т.б.; психологиядан
рефлексивтік тәсіл қолданылады; студентерді те-
рең күйзелістен құтылуына мүмкіндік береді,
себебі ұдайы рефлексия оқытушыға оқу үдерісінің
жайы туралы ақпарат береді; модульдік технология
кезінде білім алушы оқу мазмұнын өзі сүйенеді, бұл
материалды саналы түрде және терең меңгеруге
әкеледі.
Қорыта айтқанда, интернатурадағы модульдік
білім берудің басқалардан айырмашылығы: білім
берудің мазмұны аяқталған дербес кешендермен
(модульдер) ұсынылады; білім алушыға арналған
дидактикалық мақсат тұжырымдалады және онда
оқылатын материалдың көлемі мен түрі ғана
көрсетіліп қоймай, оны игеру деңгейі де көрсетіледі;
студент пен оқытушының қарым-қатынас жасау түрі
де өзгереді, тең дәрежеде араласу басымдылыққа
ие болады; студент модульмен жұмыс істеу ба-
ры сында оқу-танымдық жұмысының нақты
мақсатын өз бетінше анықтайды және оларды іске
асыру әдістерін үйренеді: өз бетінше жоспарлау,
ұйымдастыру, өзін-өзі бақылау және өз-өзіне
сындық баға беру артады.

20
MORPHOLOGY AND EVIDENCE - BASED MEDICINE
Қазақстанның медицина жоғарғы мектебінде
қолданылатын Оқу жоспарының үлгісі (модель)
Мем лекеттік білім беру стандартына сәйкес құрыл-
ған, бұл үлгіде түлектің біліктілік мінездемесімен
анықталатын, білім алудағы соңғы мақсатына
жету көзделген. Мемлекеттік білім беру стандарты
біздің еліміздегі білім беру кеңістігінің бірлігін
қамтамасыз етеді, және білім берудің мазмұндық
құрамын және тұтастай өзгермеушілігін сақтауға
міндеттейді. Әрине, оқу жоспарын құрудың
басқа да үлгісі сияқты білім берудің біріктірілген
жүйесінде де өз кемшіліктері мен артықшылықтары
бар. Аталған білім беру технологиясының күмәнсіз
құндылықтарына Қазақстан Республикасының
ЖОО-ларында «Жалпы медицина» мамандығы
бойынша 3 курс студенттеріне 2009 жылдан бас-
тап қолданыла бастаған тұжырымдамалық және
маңызды үлгі жатады, ең алдымен базалық
кафедралардан бастап, ішкі аурулар пропедевтикасы
кафедрасымен аяқтай отырып, барлық сегіз жүйе
бойынша білім алудың бірізділігі жатады. Бұл
бір жағынан студенттерге клиникалық ойлау
қабілетінің негізін қалыптастыруға, білімдерінің
нақты көлемін анықтауға мүмкіндік берсе, екінші
жағынан оқытушының студентке әр пән бойынша
тереңірек дайындалуына мүмкіншілік жасау мақ-
сатында ақпаратың көп болуына байланысты
артық ақпараты азайтуға негізделген. Одан басқа
студентпен оқытушы арасындағы қарым-қатынас
түрі өзгерді де, қатынасу тең дәрежеге жетті.
Осылайша жаңа білім беру технологиясы жеке,
ұжымдық оқыту басымдылығын біріктіреді және
сонымен қатар, ол өз бетімен оқуды бақылауға
және бағытталған тұжырымдаманы жүзеге асыруға
мүмкіндік жасайды[5, 6].
Сонымен бірге, интернатурадағы модульдік
жүйе бойынша жасалған жұмыстың 2 жылдық
тәжірибесіне сүйенсек, біріктірілген оқуда бірнеше
шешілмеген мәселелер де кездесті.
Біріншіден – анатомия, гистология және
физиология кафедраларынан ағзаның сегіз жүйе-
сі бойынша алған «жартылай» білімдері бар
студенттерге тұтас ағза жөнінде жеткілікті мәлімет
бермейді, сондықтан біріктіріліп өткізілетін келесі
пәндерді сапалы игеруге қиындық туғызады.
Сондай-ақ ағзаның анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктерін, оның ішінде балалар ағзасының
ерекшеліктерін білмеу, студенттердің болашақ
дәрігерлік қызметінде іргелі пәндердің қаншалықты
маңызды екенін толық түсінуіне мүмкіндік
бермейді.
Біз біріктірілген курстарға кіретін сегіз
пәнге модульдық және пәнаралық тұрғыдан келу
ұстанымын сақтай отырып, оны оқытуды екі блокқа
бөлу – бұл мәселенің шешімін табудың ең ұтымды
жолы деп ойлаймыз.
Бірінші блокқа екінші курста оқытылатын
«Анатомия - 2», «Гистология - 2» және «Физиология
- 2» пәндерін кіргізу қажет. Бірінші блокты бітірген
соң, студенттер көрсетілген пәндер бойынша бірік-
тірілген емтихан тапсырулары керек. Ал тек содан
кейін ғана студенттер жүйелі түрде қалған бес
пәнді, яғни екінші блокқа кіретін-«Патологиялық
физиология - 2», «Патологиялық анатомия - 2»,
«Фар
мако логия - 2», «Кескінді диагностика»,
«Ішкі аурулар пропедевтикасын» оқуға кірісе
алады. Сонымен қоса жалпы және жеке модульдер
мен модульдік бірліктердің номенклатураларын
анықтап, оларды студенттердің алдын ала дайындық
деңгейлеріне бейімдей отырып, біріктірілген Типтік
бағдарламалар мазмұнын қайта қарау қажет. Екінші
блокты аяқтағаннан кейін студенттер алдымен
патофизиология, патанатомия және фармакология,
содан кейін – кескінді диагностика және ішкі
аурулар пропедевтикасы бойынша біріккен емтихан
тапсырады.
Осылайша, негізгі мақсат ғылыми білімді сіңі-
рудің тиімді нәтижесі және болашақ мамандардың
кәсіби шеберлігі мен жеке қасиеті қалыптасуы
болып табылатын модульдік білім медициналық
ЖОО-ларда білім беруді жетілдірудің тиімді тәсілі
ретінде қарауға болады. Модульдік технологияны
енгізу арқылы білім беру үдерістерін қайта құру
– медициналық ЖОО-лардың басқа да білім беру
мекемелерімен, ғылыми-зерттеу институттарымен
және тәжірибелік денсаулық сақтау мекемелерімен
неғұрлым тығыз бірігуіне жағдай туғызады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Литвинова Т.Н. Интегративно-модульное обу-
чение общей химии студентов медицинского вуза //
Успехи современного естествознания. – 2004. – № 3 –
стр. 71-73
2. Юцявичене П.А.Теория и практика модульного
обучения. Кауна, 1989, 271с.
3. Данильсон Т.С., Румбешта Е.А. Модульно-
деятельностный подход в обучении физике. Вестник
Томского государственного педагогического универ-
ситета, №10, 2010, С 35-38.
4. Педагогика: Большая современная энцикло-
педия. Минск: «Современнное слово», 2005, 720с.
5. Итоговый документ международной научной
конференции «Опыт международного сотрудничества
российских университетов: Боллонский процесс и
концепция модернизации образования, Екатеринбург,
2003г.
THE FIRST EXPERIENCE OF STATE OBLIGATORY
STANDARD OF EDUCATION – 2006 IN INTERN-
SHIP: STATUS, PROBLEMS AND PROSPECTS
A.Balmukhanova, G.Toilybayeva, E.Kulebayeva,
K.Khabdin, V.Balmukhanov, L.Dauletova
Kazakh National Medical University named after S.D.
Asfendiyarov