Файл: Жаз мезгіліндегі ауіпсіздік ережелері туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 29

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері туралы

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында ата-ананың назарына

ЕСКЕРТЕДІ:
Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

* Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол-көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, ауыл жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Балалардың жол ережесі қауіпсіздігін сақтауын үнемі талап етіңіздер.

* Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде балалардың өмір қауіпсіздігін тілсіз жау - өрттен, суға түсу, рұқсатсыз табиғат аясына шығу т.б жағдаяттардан мұқият болу керек. Жазғы демалыс кезінде балаларыңыз әрине көлге барып суға жүзгілері келеді, бірақ ондай жағдайда ӨЗДЕРІҢІЗ жанында болуларыңыз міндетті.
* Теріс діни ағымдар ықпалына түспеу жолдарының бірі белгісіз сайттарға кірмеу; тегін ұсынған газет- журналдар, кітаптарды алмау керектігін, балаңызға дұрыс ақпараттар ұсынып отыру;
* Компьютерді, смартфондарды пайдаланғанда, теріс ықпалы байқалған сайттар мен ойындарға кіруіне тыйым салыңыз, үнемі қадағалуда ұстаңыз;
* Жасөспірімдерді спирттік ішімдік, темекі сатып алуға жұмсамаңыз;

* Ата - ана баласына көшеге, дүкендерге барған кезде үнемі мынаны ескертіп отыру қажет:

  1. Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспеуін:

  2. Мас және қауіпті адамнан алыс жүруін және т.б

  3. Сені артыңнан бөтен адам қуса көпшілік арасына жүгіруін;

  4. Танымайтын адаммен еріп кетуге немес бөгде автокөлікке отырмауын;

  5. Кешкі сағат 22.00 - ден кейін көшеде жүруге болмайтындығын және т.б.

Демалыс кезіндегі оқушылардың техника қауіпсіздік ережелері:

  1. Бос қалған, бұзылған үйлерге баруға, жақындауға болмайды;

  2. Жаңадан салынып жатқан ғимараттарының жанынан өтпеуін талап ету;

  3. Электрлік желілердің жанына жоламау;

  4. Далада, үйде, қоғамдық жерлерде тәртіп бұзбай, өздерін дұрыс ұстауы;

  5. Өрт болған жағдайда суға, жағажайға, тоғайға жалғыз бармауы.

*Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:

- суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз; 

- тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз; 

- суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар;

- өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз;

- суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз;

- суға шомылуға ата-ананың рұқсатынсыз және қастарыңда үлкен ересек адам болмай баруға болмайды;

- жалпы қазіргі кезде су лас, сондықтан түрлі ауру жұқтырып алу да мүмкін;

- сол себепті суға өзен суына шомылмаған дұрыс.
*Ойын барысындағы қауіпсіздік
Жол бойында ойнауға,  велосипед тебуге, доп ойнауға болмайды. Өйткені ойламаған жерден жол көлік оқиғасына себепші болуларыңыз мүмкін. Сондықтан жолдан алыс, аулада, есік алдында ойнаған жөн.
*Табиғат аясындағы қауіпсіздік:
Жаз мезгілінде ата-ананың рұқсатынсыз табиғат аясына шығуға болмайды, сонымен бірге қалың шөп арасында, қалың ағаш арасында, қуыс жерлерге жасырынып ойнауға болмайды. Өйткені ондай жерлерде улы жәндіктер шағып алуы мүмкін. Улы жәндіктер көбіне адам көзінен таса, салқын жерлерде көп болады, оларда ыстықтан тығылып жатуы мүмкін.
ҚҰРМЕТТІ  АТА - АНАЛАР!!!

Ата-аналар баланың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін

сақтауды ең бірінші орынға қою керек!!!

Балаларыңыз үнемі қатаң қадағалауыңызда болсын!

Балаларымыз жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап,

жайдары көңіл күймен жаңа оқу жолына оралуына тілектеспіз!