ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 98
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Контур сыртынан су айдау, нұсқаның ішінен су айдау болған кезде мұнайдың нұсқа сыртының аймағына ығысуына жол бермеу керек, сонымен қатар үрдісті қарқындандыру керек. Энергетикалық көзқараста контур ішінен су айдау, контур сыртынан және жанынан су айдауға қарағанда тиімді, өйткені барлық айдалатын су бұл жағдайда мұнайды бөлетін қатарлардың екі жағы бойынша ығыстыруға қолданылады.
Контур ішінен су айдау кезінде берілетін қатарлардың ұңғымалары ығысу фронтын, яғни қабаттың суға қаныққан бөліктерінің жолағын құру үшін мұнайды «біреуден кейін» игереді.
Суландырудың аталған жүйелері, ережеге сай, үлкен нұсқаланған, шектері анықталған және қабат сипаттамалары туралы нақты мәліметтері бар кен орындарда қолданылады.
Блокты су айдауды үлкен нұсқаланбаған кен орындарда барлау ұңғымасының мәліметтері бойынша, оларды орналастыру ауданында өндірістік мұнайлылық бар болған кезде қолдану мақсатты. Бұл жағдайда кен орындары соңғы барлауға дейін және мұнайлылық нұсқасын анықтауға дейін кен орынның айдау ұңғымалар қатарымен игеру ұңғымалар қоры бар жеке блоктарға бөлу арқылы объектіні игеруге жылдам енгізу мүмкін болады. Сонда әрбір блоктың ішінде қатарлар түрінде өндіру ұңғымаларын бұрғылайды. Қатарлардың санын және тығыздығын блок ауданында гидродинамикалық және техника-экономикалық есептеулермен анықтайды. Кен орынды соңғы барлау және нұсқалау кезінде игеруге бұрын енгізілген блоктарды өндірудің жалпы схемасына технологиялық кіреді де, онымен органикалық тұтасты құрайды.
Шоғырлап су айдауды қабаттың ығыстыруы мен жақсы қамтылуы, сонымен қатар қорды бөлек линзалардан немесе жақын жердегі қатарлары әсер етпейтін қабат аймақтарынан алу үшін су айдаудың кез-келген басқа жүйесімен бірлестіріп қолданады. Ережеге сай, шоғырлап су айдау кезінде айдаған қоршаған өндіру ұңғымаларына қатысты тиімді және откізгіштігі жоғары кабат аймағында орналасқан өндіру ұңғымаларының бірсуін пайдаланады, Бірак, шоғырлап су айдау үшін, қабаттың үлкен көлемдегі мұнайлық бөлігін және оны өткізгішті нашар аймақтарды әсермен қамтуды ұлғайту үшін ариайы ұнғыны немесе ұңғылар тобы бұрғылануы мүмкін.
Өндіру объектісінің қажетті детальдық геологиялық зертелуі кезінде, ошақтап су айдау, кен орынды игерудің және қайта игерудің барлық сатыларында қолданыла алады және белгілі мағынада ығыстыру үрдісін реттейтін құрал болып табылады. Су айдаудың таңдау жүйесін ошақтап су айдау сияқты, қалыңдығы және созылуы бойынша, көп жағдайда біртексіз коллекторлардан мұнай қорын алу кезінде қолданылады. Бұл жүйеде, мұнайдың сумен максималды қарқынды ығыстырылуын қаматамасыз ететіндей және қабаттың біртексіздігінің линза көрінісінің толық өндіруге және мұнай алудың соңғы коэффициентіне әсерін минимумға жеткізетіндей етіп, өнімді қабаттарының таралуының және оның жақын жердегі өндіру айдау ұңғымасының бұрғылау нүктелерін ұңғымалардың түптерімен байланысының иондық шарттарын детальды геологиялық зерттеу есебімен анықтайды. Осының әсерінен айдау ұңғымалары коллектордың табиғи біртексіздігін көрсетіп, ауданда бірқалыпсыз орналасады.
Бұл, айдау ұңғымасының сумен жабдықталу жүйесін қиындатады. Игерудің бірінші сатысында, яғни геологиялық ақпараттар шектеулі немесе жеткіліксіз болған кезде бұл жүйе қолданыла алмайды. Ол тек келесі сатыларда, қабаттың құрылымдық детальдары және ұңғымаларға негізгі су айдау жүйесінің нәтижелері белгілі болғанда ғана тиімді. Ауданға(алаңға) су айдау - бұл кен орынды игерудің ең жоғары қарқынды қаматамасыз ететін, қабатқа әсер етудің қарқынды жүйесі. Бұл жүйе кезінде өндіру және айдау ұңғымалары бес, жеті және тоғыз нүктелік тор түріндегі дұрыс геометриялық блоктарымен орналасады, ондагы айдау және өңдіру ұңғымалары кезектесіп тұрады.
Ұңғымалардың мұндай бірқалыпты торлары бойынша аудандарды бұрғылау кезінде, бес нүктелік сұлбада әрбір айдау ұңғымасына бір өндіру, жеті нүктелік сұлбада екі өндіру, ал тоғыз нүктелікте үш өндіру ұңғымалары келеді. Айдау ұңғымалары өнім бермейтіні ескеріле отырып, тоғыз нүктелік сұлба экономикалық тиімді екені көреміз, бірақ бұл кезде кенішке әсер етудің қарқындылығы аз болады және судың өндіру ұңғымаларына жарып өтуі кезінде кентіректердің бар болу ықтималдылығы жоғары болады. Бұрыннан, алаңда су айдау өндірудің соңғы сатыларында мұнай өндірудің екінші әдісі ретінде қолданылып келеді. Бірақ, алаңда су айдау жүйесінің өзіндік мәні бар, ол қабаттың жақсы зерттелген кезінде, өндірудің бастапқы сатыларында тиімді қолданылуы мүмкін.
Қорытындылай келе, ұңғымалардың орналасуының аталған сұлбалары тек су айдауда ғана емес, газ айдауда немесе газбен және сумен жиетеу (жұрын, оторочка) түріндегі әртүрлі еріткіштерді ығыстыру кезінде де қолданыла алатыны көрінеді. Бірақ, әсер етудің басқа әдістерінің қолданылу ауқымы, су айдаумен салыстырғанда аз болғаны соншалық, ұңғымаларды су айдау кезінде орналастыру туралы айту қажет болды.
Су айдап қабат қысымын қолдаудың(ҚҚҚ) техникасы мен технологиясының үрдісі, оның ауқымы, айдау мен өнім алудың орнын толтыратын деңгейі, қорды алу мерзімі, айдау және өндіру ұңғымаларының санын сипаттайтын кейбір түсініктермен және анықтамалармен байланысты. Мұндай сиппаттамалардың қатарына айдалатын су мөлшері жатқызылады. Мұнайды алу қабаттан қанығу қысымы жоғары қысым кезінде жүретін жасанды суарынды режимде, қабат жағдайларына келтіріліп алынатын сұйықтық көлемі, қабат жағдайларына келтіріліп айдалатын сұйықтық көлеміне, яғни қабат температурасына және қысымына тең болуы керек,. Бұл жағдайларда қабат өнімі тек мұнайдан және судан құралатындықтан, ал газ еріген күйде болғандықтан, қабат жағдайына келтірілген сұйық шығымының баланс теңдеулерін келесідей жазуға болады:
- стандартты шарттарда айдалатын судың көлемдік шығыны; b. - айдалатын судың, қабат температурасына дейін қыздырған кездегі судың өсу көлемін ескеретін және қабат қысымына дейін сығу кезіндегі оның көлемінің азаюын ескеретін, көлемдік коэффициенті (бірқалыпты қабат температурасы мен қысымы үшін b,=1,01); Qu - стандартты шарттарда (тауарлы мұнайдың дебиті) мұнайды көлемдік өндіру (дебит қосындысы), b- мүнайдың ерігеи газ, температурасының жоғарылауы және қысымнан шамалы сығылуы есебінен кеңеюін ескеретін мұнайдың көлемдік коэффициенті (әрбір нақты қабат үшін b, рут қондырғыларында тәжірибелі анықталады немесе статистикалық формулалар бойынша жуықтап есептелінеді. Әдетте b, 1,05-1,30, бірак кейде жоғарғы будың грозныйлық кен орындарының мұнайлары үшін 2,5 шамасына жетеді); Qв - стандарттық шарттарда өлшенген, қабаттан алынатын суды көлемдік өндіру; - тұщы судың көлемдік коэффициентінен ерекшелене алатын, өндірілетін минералды судың көлемдік коэффициенті; Qу – сырткы аймаққа кететін судың көлемдік шығыны; К - сулардың жарылуы кезінде және басқа технологиялық себептерден кезеңдік жұмысы кезінде, айдау ұңғымаларының өзіндік ағуға су шығынын ескеретін коэффициент. Әдетте
K=1,01-1,15.
теңдеуінен айдалатын судың шығынының Qнar табамыз. Айдау ұңғыларының саны Nuar, олардың орташа дебиті Qнаг және айналатын судың шығыны Quar келесі қатынаспен байланысты.
Егер айдау ұңғымаларының тәжірибелі нәтижелері бойынша немесе есептеу нәтижелері бойынша олардың дебиті Qнаг белгілі болса, онда теңдеуінен айдау ұңғымаларының қажетті санын пнаг анықталады…
Егер ұңғылардың орналасу сұлбасымен алдын-ала анықталса, онда (229)-ден айдау ұңғымасының орташа дебитін анықтайды, ол айдау ұңғымасының ауданындағы қабаттың гидроөткізгіштігіне және репрессияға, яғни су айдаудың қысым шамасына тәуелді.
Айдау ұңғымаларының дебитін барлық өндіру және айдау ұңғыларының гидродинамикалық есебімен және репрессия үшін түрленген радикалды ағын формуласы бойынша жуықтап анықталады. Айдаудың қысымы және дебиттері техникалық жүзеге асырылу шектерінде болуы керек және технологиялық жабдық мүмкіндіктерінен аспауы керек. Бұл шамалардың кейбіреулері айдау ұңғыларының түр аймағына, олардың жұту қабілетінің жақсаруы үшін әсер ету арқылы мүмкін болады (қышқылмен өңдеу, гидрожару және т.б.).
Қабаттан сұйықтықты алу компенцациясының деңгейін бағалау үшін компенсация коэффициенті деген ұғым енгізіледі.
Ағымдағы компенсация коэффициенті: уақыттың (жыл, ай, тәулік және т.б) бірлігіндегі қабат жағдайларына көлтірілің алынатын сұйықтар дебитіне айналатын су дебитінің қатынасы, Бұл коэффициент уақыттың қазіргі сәтіндегі өнім алу айдаумен қаншалыкты конпенсацияланғанын көрсетеді. Егер онда айдау өнім алудан кешігелі де, қабаттың орташа қысымының төмендеуін күту қажет. Егер , онда айдау өнім алудан жоғару болады және қабаттағы қысым өсуі керек. т,- кезінде ағымдағы қабат қысымы, өндірудің басындағы қысымға тәуелсіз қалыпқа келуі байқалу керек.
Алымы - қабатқа айдаудың басынан қазіргі t уақыт сәтіне дейінгі айдалған судың қосынды мөлшері, бөлімі - қабат жағдайына келтірілген, қабаттан алынған мұнайдың және судың мөлшерінің қосындысы, сонымен қатар кеніштің барлық пайдалану кезіндегі айдау уақыты ішіндегі барлау ұңғылары мен алынған суды қосқанда, су шығуының қосындысы. Бұл кезде, егер <1, онда ағымдағы орташа қабат қысымы бастапқыдан төмен болады, өйткені айдау өнім алу қосыныдысын компенсацияламайды (орнын толтырмайды). Егер >1, онда орташа қабат қысымы бастапқы қысымына дейін қалпына келтіріледі, өйткені айдау алынған сұйықтық қосындысының орнын толықтап толтырады.
Егер >1, онда ағымдағы орташа қабат қысымы бастапқыдан жоғары болады, өйткені қабатқа алынған алынқған сұйықтық мөлшерінен көп сұйықтық айдалады.
Мұнай өндіру технологиясында көбінесе «айдау сызығындагы қысым және «өнім алу сызығындағы қысым» сияқты түсініктер қолданылалы, бұл түсініктерді енгізу айдау ұңгымаларының орналасқан сызығынан өндіру ұңғылар қатарына дейінгі сұйықтық фильтрациясының физикалың көрінісін оңайлатады, сонымен қатар өнім алу сызығына келетін сұйықтық ағынының репрессиясын сипаттауға мүмкіндік береді, Айдау сызығындағы қысым – бұл қабаттағы айдау ұңғылардың сызығының бойындағы орташа интегралдық қысым. Айдау ұңғыларының айналасында жоғарыға қарайтын, айдау ұңғыларының түбінде жоғары түп қысымы бар репрессиялық құйғыштар түзіледі.
Айдау ұнғымаларының түп қысымы әр түрлі болуы мүмкін. Қысымның ұңғы түбінің айналасында таралу заңы лагорифм заңына жақын. Радиалды ағым кезінде қысымның таралу формуласын қолдана отырып, айдау ұңғымаларының арасында қысымдар таралуынан қисығын тұрғызуға болады. Осылайша, қысым таралуының эпюрасы бойынша, нақты жағдайда айдау сызығының бойында эпюраның Ғ ауданы анықталуы мүмкін, ал (133) формуласы бойынша айдау сызығындағы қысым анықталады. Айдау сызығында қысымды анықтаудың қарапайым есептеу әдістері бар. Бірақ бұл әдістер біртекті қабатта және ұңғылары арасындағы арақашықтық тең болғандағы, барлық айдау ұңғыларының түп қысымы бірдей болған кезінде әділ. Есептеу формуласы келесі түрде болады:
мұндағы, Рн - айдау ұңғымаларының түп қысымы (барлық ұңғыларда бірдей); Q - айдау қатарының дебит қосындысы;
Өнім алу сызығының бойындағы қысым өзгерісі өнім алу сызығының бойындағы қысым, яғни өндіру ұңғыларының сызығы бойындағы орташа интегралды қысым сияқты анықталады, өндіру ұңғымаларындағы депрессиялық құйғыштың (воронка) шыңы төмен қараған (45- сурет). Өнім алу сызығындағы қысым:
Айдау сызығындағы орташа қысымы айдау ұңғылараның түп қысымынан төмен (<Р,), ал өнім алу сызығындағы орташа қысым өндіру ұңғыларының түп қысымынан жоғары (Р-<Р). Р-Р.-AP шамасы айдау және өнім алу сызықтарының арасындағы депрессия деп аталады. Бұл депрессия шамасынан ұнғылардың өндіру қатарының Р өсуімен көбейетін дебит тәуелді. Депрессия өсуі айдау сызығындағы қысымның Рн өсуі есебінен, сол сияқты өнім алу сызығында кысымның Р. төмендеуі есебінен жүруі мүмкін.
Мұнай қабатынан төмен немесе жоғары орналасқан тереңдік сулы қабаттарының суын ҚҚҚ үшін пайдалану бұрыннан белгілі. Басында мұндай пайдалану су және мұнай қабаттарын бір уақытта бір ұнғымамен шашуға негізделді. Егер су қабатындағы қысым мүнай қабатына қарағанда үлкен болса, өнімді горизонтта судың құйылуы және мұнайдың ығысуы жүреді.
Терең қабаттардың сулары ережеге сай, өте таза, жүзгіндерсіз, құрамында темірдің тотығы аз минералданған, мұнайды жақсы ығыстыратын агенті болып табылады. Сулы горизонттары бар кен орындарда табиғатты коргау және санитарлы - гигиеналық нормалар көзқарасынан суды қолдану, бұл горизонтта ҚҚҚ жүйесінің сумен жабдықтанудың идеалды көзі бола алады.
Тереңдік суларды қолдану кезінде төмендегілерді айыра білу керек:
1. Күштеп су айдау сығымды сорап үшін механикалық құралдарды қолданусыз келтірілген қысымның табиғи репрессия әсерінен сулық қабаттан мұнай қабатына судың табиғи құйылу жүйесі.
2. Су айдауға қажетті репрессия арнайы батпалы немесе беттік сығымды сораптар көмегімен жасалатын күштеп құйылу жүйесі.
Екі жүйе өз кезегінде сулы қабат мұнай қабатынан жоғары орналасқан кезде төменгі құйылу жүйесі және мұнай қабатынан төмен орналасқанда жоғарғы құйылу жүйесі деп бөлінеді.
Сонымен қатар, тереңдік суларды пайдалану ұңғы ішіндегі құйылу схемасы бойынша жүзеге асырылады. Үңғы ішінде құйылу кезінде тереңдік су горизонтының суы ұңғы сыртынан құйылу схемасы бойынша судың сыртқа шыға алмайтындай етіп, мұнай қабатына айдайды, ол кезде терең су горизонтының суы сыртқа беріледі (табиғи немесе күштеп), содан кейін жанындағы айдау ұңғыларына сол су өндіру ұнғысына айдалады(46-сурет). Соңғы жағдайларда су өндіру және айдау ұңғыларының бірлестендіріледі.