Файл: 7 класс. 1 жмыс. Кішкентай денелерді лшемдерін анытау. Жмысты масаты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 197

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

7 КЛАСС.

1 жұмыс.

Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Қатарлау тәсілімен өлшеп үйрену.

Құрал–жабдықтар: Сызғыш, кішкентай денелердің жиынтығы (бытыра, подшипник шариктері, бұршақ, тары, сымның қиындылары. т.б.), астауша, бұранда, бұранда шеге, бұранғыш(гайка).

1 – тапсырма. Шариктің диаметрін өлшеу.

Жұмыстың барысы:

1 .Астаушаға шариктердің бірнешеуін салыңдар да, оның екі жағындағы жылжымалы тиекті қозғай отырып, оларды бір – біріне.
түйістіріңдер. Сызғышпен екі тиектің L арақашықтығын өлшеп алыңдар.

Оны астаушадағы шариктердің N санына бөліп, бір шариктің диаметрін анықтаңдар: d =

2.Ұсақ денелердің өлшемдерін анықтайтын мұндай тәсіл қатарлау тәсілі деп аталады. Қатарлау тәсілімен жоғарыда аталған басқа да материалдардың өлшемдерін (диаметрлерін)анықтауға болады.

3.Өлшеу мен есептеу нәтижелерін мына кестеге жазыңдар.

Зерттелетін дене

Қатардағы бөлшектердің саны ( N )

Қатардың ұзындығы ( L, мм )

Диаметр

(d , мм )

Диаметрді өлшеу қателігі

( hd , мм )
















Өлшеу қателігі 0,1:2=0.05мм

2 – тапсырма. Бұранда қадамын өлшеу.

Жұмыстың барысы:

  1. Бұранда қадамы деп қатар жатқан орам оймасының ара қашықтығын айтады. Бұранда қадамы өте аз шама болуы да мүмкін. Сондықтан оны анықтау үшін де қатарлау тәсілі қолданылады.

  2. Бұранданың немесе бұрандашегенің орам оймалары орналасқан бөлігінің L ұзындығын сызғышпен өлшеп алыңдар. Одан кейін оймалардың N орам санын мұқият санап шығыңдар. Бұранда қадамы: d = өрнегімен анықталады.

  3. Бұранда қадамын анықтауда (әсіресе, оймасы ішкі жағында болатын бұранғыштар үшін) бұранда оймасының бедерін қағаз бетіне түсіріп алып өлшеу ұтымды болады. Ол үшін бұранда оймасы орналасқан бетті сия немесе жұмсақ графитпен ( қарындашпен) бояп алу керек.

  4. Өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін мына кестеге толтырыңдар.





Зерттелетін

дене

Ойма ұзындығы

( L, мм)

Орам саны

N

Бұранда қадамы

( d, мм)

Бұранда қадамын өлшеу қателігі

(hd , мм)

Бұранда

Бұранғыш

Бұранда шеге

3

2

3,2

6

5

7







Қорытынды.

3 жұмыс.

Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау.

1 – тапсырма. Дененің массасын таразыға тартып өлшеу.

Қ ұрал – жабдықтар: Таразы, ұсақ кірлер,параллелепипед тәрізді біл-еуше және массасы әр түрлі кішігірім бірнеше дене.
Жұмыстың барысы:

Дененің массасын анықтау тәсілдерінің бірі - таразы көмегімен өлшеу. Осындай таразылармен өлшеу кезінде оның бір табақшасына (сол жақтағы) массасы белгісіз дене, ал екіншісіне (оң жақтағы) таразыны теңгеретін кірлер салынады. Дененің массасы таразыны теңгеретін кірлердің массасына тең. Ол үшін:

  1. Таразыны өлшеуге дайындаңдар. Таразының дұрыс теңгеріліп тұрғандығына көз жеткезіңдер;

  2. Таразыны бұзып алмау үшін өлшенетін денені және кірлерді таразы табақшаларына жайлап қою керек.

  3. Денені кірлермен теңгеріп болғаннан соң, таразы табақшасындағы кірлердің жалпы массасын есептеңдер.

Өлшеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.


Тәжірибе реті

Өлшенетін дене

Дененің массасы, г

Дененің массасы, кг

1.

2.

3.

Шарик

Білеуше

Цилиндр






Қорытынды:

2 – тапсырма. Дененің тығыздығын анықтау.

Құрал – жабдықтар: тығыздығы анықталатын денелер, мензурка, сызғыш, жіп.
Жұмыстың барысы:

  1. Алдыңғы берілген тапсырмадағы массасы анықталған денелерді алыңдар. Параллелепипедтің көлемін анықтау үшін сызғышпен оның қабырғаларын өлшеңдер, содан соң оның көлемін (V=abc) есептеңдер.

  2. Пішіні күрделі болып келген басқа денелердің көлемін мензурка көмегімен анықтаңдар немесе № 1 зертханалық жұмыста көлемі анықталған денелерді пайдаланыңдар.


Дене тығыздығын формуласымен есептеп, оны г / см3 және кг / м3 – пен өрнектеңдер. Өлшеу мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.

Тәжірибе реті

Тығыздығы анықталатын дене

Дененің массасы, г

Дененің көлемі, см3

Тығыздығы

p =

г/см3

кг/м3

1.

2.


Шарик

Цилиндр













Қорытынды._№_4_жұмыс._Серпімді_деформацияны_зерделеу._1-тапсырма._Серпімді_элементі_серіппе_болып_табылатын_мектеп_динамометрін_градуирлеу.'>Қорытынды.

4 жұмыс.

Серпімді деформацияны зерделеу.

1-тапсырма. Серпімді элементі серіппе болып табылатын мектеп динамометрін градуирлеу.

Құрал – жабдықтар: динамометр, бір

тілім қағаз, әрқайсысының массасы 102г

болатын жүктер жиыны, қысқышы, сақинасы

және жалғастырғышы (муфтасы) бар штатив.

Жұмыстың барысы:

  1. Динамометр шкаласын ақ қағазбен бүркеңдер. Қағаздың екі жағы резеңке сақиналардың көмегімен динамометрге бекітіледі.

  2. Динамометрге массалары102г, 204г, 306г және т.б. жүктерді іле отырып, 1Н, 2Н, 3Н, т.с.с. күштерге сәйкес келетін көрсеткіш орнын белгілеңдер.

  3. Көршілес сызықшалардың арасын өлшеңдер. Олар өзара тең бе? Неліктен осы шкалада нъютонның оннан бір үлестерін белгілеңдер. Көршілес сызықшалар арасын өлшеп олар тең екенін білу. Себебі ілінген жүктің массалары бірдей.

  4. Өздерің жасаған шкаланы заводта градуирленген динамометрдің шкаласымен салыстырыңдар.

  5. Өлшеу дәлдігін бағалаңдар. Сызғыштың бөлік құны-0,1мм. Аспап қателігі-0,05.

Қорытынды.
2 – тапсырма: Серпімді дене мен оған әрекет ететін ауырлық күші мен оның арасындағы байланысты анықтау.

Қ ұрал – жабдықтар: Қысқышы, сақинасы және жалғас-

тырғышы бар штатив. Ұзындықтары 15 – 20 см болатын

бірдей екі резеңке жіп, ұзындығы 35 – 40 см болатын

бір тілім ақ қатырма қағаз (картон), жүктер жиынтығы,


сымнан жасалған ілгек, сызғыш, мектеп динамометрі.

Жұмыстың барысы:

  1. Резеңке жіптердің бір ұшын ілмектеп байлаңдар, екінші жағын қағазбен бірге штатив қысқышына бекітіңдер. Резеңкелердің ұштары бір деңгейде болуынакөңіл аударыңдар. Ол деңгейді қатырма қағазда белгілеп қойыңдар.

  2. Ілгектің көмегімен массалары m1= m, m2 =2m, m3=3 m жүктерді кезекпен бір жіпке іліңдер.

  3. Резеңкенің созылған кездегі орнын белгілеңдер.

  4. Денені ілгектің көмегімен екі жіпке қатар іле отырып, тәжірибені қайталаңдар.

  5. Ауырлық күші мен серпімді деформацияның арасындағы байланысты анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар. Эксперимент дәлдігі ауқымында Гук заңы орындала ма? Тексеріңдер.



Тәжірибе реті

Резеңкелер саны

Жүктің массасы, г

Ауырлық күші, F=mg, H

Жіптің ұзаруы, мм

Жіптің ұзаруы, м

1.

2.

3.

4.

5.

6.

біреу

біреу

біреу

екеу

екеу

екеу

100

200

300

100

200

300

1

2

3

1

2

3







Қорытынды:_№_6_жұмыс._Архимед_заңын_тексеру._1_–_тапсырма._Су_ішіндегі_массасы_100г_денеге_әрекет_ететін_ығыс-тырушы_күшті_анықтау.'>Қорытынды:

6 жұмыс.

Архимед заңын тексеру.

1 – тапсырма. Су ішіндегі массасы 100г денеге әрекет ететін ығыс-тырушы күшті анықтау.

Құрал – жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамо-метр, мензурка, жіп.



Жұмыстың барысы:

  1. Мензурка көмегімен жүктің Vg көлемін анықтаңдар

  2. Дененің өлшенген Vg көлемі мен су тығыздығы бойынша дене ығыстыратын су салмағын табыңдар.

  3. Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліңдер және оған әрекет ететін ауырлық күшінің (дененің ауадығы салмағының) мәнін табыңдар.

  4. Динамометр ілгегіне ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар және ығыстырушы күштің мәнін есептеңдер.

  5. Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? (тең)

  6. Тәжірибені басқа денемен жасаңдар.

  7. Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазыңдар.



Тәжірибе реті

Дененің көлемі, Vg , м3

Дене ығыстырған сұйық салмағы

P0, H

Дененің ауадағы салмағы, P, H

Дененің судағы салмағы P1, H

Ығыстырушы күш Fы, H

1
















P0=mg=ρcVg=9*10-3; P=0.6H; P2=0.5H; F A=g ρV=P0

Қорытынды: Дене ығыстырған сұйықтың салмағы мен ығыстырушы күш тең болатынына көз жеткізу.

  1. Бұл тәжірибеде Архимед заңы қандай дәлдікпен орындалатынын бағалаңдар.

2 – тапсырма. Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін Fы ығыс-тырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру.

Құрал–жабдықтар: Мектеп таразысы (табақшаларсыз), әрқайсысының массасы 100г болатын көлемдері әр түрлі екі дене, суы бар екі ыдыс.



Жұмыстың барысы:

  1. Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе – теңдік қалпына келтіріңдер.

  2. Егер екі денені де суы бар ыдыстардың ішіне батырсақ, таразының теп – теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер.

Қорытынды.
3 – тапсырма. Fы ығыстырушы күштің Pс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру.

Құрал – жабдықтар: Мектеп таразысы (табақшаларсыз), массалары мен көлемдері бірдей екі жүк , суы бар және судан басқа кез келген сұйық құйылған ыдыстар.

Жұмыстың барысы:

  1. Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе – теңдік қалпына келтіріңдер.

  2. Егер бір жүкті суы бар ыдысқа, екіншісін басқа сұйық құйылған ыдысқа батырсақ, таразының тепе – теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер.

  3. Тәжірибеде жауаптарыңды тексеріңдер.

Қорытынды:


7 жұмыс.

Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау.