Файл: 7 класс. 1 жмыс. Кішкентай денелерді лшемдерін анытау. Жмысты масаты.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 199
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
I₁, А | I₂, А | Iж, А | U₁, В | U₂, В | R₁, Ом | R₂, Ом | Rж , Ом | Rж, Ом |
| | | | | | | | |
Қорытынды:
№7 жұмыс.
Электр тогының жұмысы мен қуатын өлшеу.
Құрал - жабдықтар: ток көзі, амперметр, вольтметр, қыздыру шамы, кілт , өткізгіш сымдар, секундомер.
Жұмыстың барысы:
-
Амперметр мен вольтметр шкалаларын қарап, бір бөліктің құнын есептеңдер. -
Э лектр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар.
( 197 –сурет)
-
Тізбекті тұйықтап, қыздыру шамының қосылу уақытын белгілеңдер. -
Вольтметрдің көрсетуін жазыңдар. -
Тізбекті ажыратыңдар да , қыздыру шамының сөну уақытын белгілеңдер. -
Қуатты P =I * U формуласы бойынша есептеңдер. -
А =P * t формуласы бойынша жұмысты есептеңдер, мұндағы t қыздыру шамының жану уақыты. -
Барлық өлшеулер мен есептеулерді кестеге жазыңдар.
I , А | U , В | t , С | P , Вт | А , кДж | тұтынушы |
| | | | | |
Қорытынды:
№ 7 жұмыс. Тұрақты магниттің қасиеттерін зерттеу
және магнит өрістерінің кескінін алу.
Жұмыстың мақсаты: тұрақты магниттің полюстерімен танысу және әр түрлі магниттің төңірегінде магнит өрісінің қандай сызықтарын түзететінін көрсету.
Құрал - жабдықтар: әр түрлі магниттер (жолақ, таға тәрізді және дөңгелек), темір ұнтақтары, қағаз парағы.
Жұмыс барысы:
-
Темір ұнтағын қағаз стақанға салып, оның ішіне магнитті енгізіңдер. -
Магнитті шығарып алып,магниттің әр жеріне темір ұнтақтарының қалай таралғанына назар аударыңдар. -
Темір ұнтағынын көп жабысқан орындарын белгілеп, суретін салыңдар. -
Екі жолақ магнитті бір – біріне әр түрлі ұштарымен апарыңдар. Бақылағандарыңды айтып беріңдер. -
Үстел үстіндегі магнитті бір парақ қағазбен жауып, оған жұқалап металл ұнтағын себіңдер. -
Пайда болған магнит сызықтарына назар аударып, олардың суретін салыңдар.
Жұмысты орындау. 1.Темір ұнтағына магнитті енгізіп, шығарып алып, темір ұнтағының магниттің ортасына жақын жерде көп тартылатынын байқау.
2.Темір ұнтағының көп жабысқан жерінің суретін салу.
3.Екі жолақ магнитті бір-біріне оңтүстік пен солтүстік полюстерін қарама-қарсы қойып, магнит сызықтарын бақылау арқылы олардың олардың тартылу құбылысын қарау, суретін салу.
4.Магнит үстін бір парақ қағазбен жауып, темір ұнтағын себу арқылы ортасында бірін-бірі тарту құбылысын байқау.
Қорытынды. Магнит сызықтарының түрін көру, магнит өрісінің әсер ету құбылысын зерттеу.
№ 8 жұмыс.
Электромагнитті жинау және оның әрекетін тексеру.
Жұмыстың мақсаты: Электромагниттің негізгі бөлшектерімен танысып, оны жинау.
Құрал – жабдықтар: ток көзі, реостат, кілт, өткізгіш сымдар, магнит тілше, электромагнитті жинауға арналған бөлшектер.
Жұмыс барысы:
-
Ток көзін, шарғыны, реостаты, кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар. ( 198 – сурет) -
Тізбекті тұйықтап, магнит тілшені пайдаланып, шарғының магнит полистерін анықтаңдар. -
Магнит тілшені шарғының магнит өрісінің оған тигізетін әсері шамалы болатындай қашықтықта орналастырыңдар. -
Шарғыға темір өзекті енгізіңдер. -
Электромагниттің магнит тілшеге әрекетін бақылаңдар. -
Қорытынды жасаңдар.
Жұмысты орындау.
1.Электр тізбегін жинап,тізбекті тұйықтап магнит тілше арқылы, шарғының полюсін анықтау үшін тілшенің оңтүстік полюсіне ток көзінің теріс полюсіне жалғанған шарғының ұшын жақындатамыз. Олар тартылады, шарғының ұшы солтүстік полюс болып табылады.
2.Магнит тілшені шарғыдан қашықтатып, шарғыға темір өзекше енгіземіз. Электромагнит магнит тілшеге тартылады.
Қорытынды: Магнит тілше арқылы токқа жалғанған шарғының полюстерін анықтауға болады. Темір өзек енгізу магнит өрісін күшейтіп, магнит тілшемен әрекеттесу қашықтықтан байқалады.
№ 9 жұмыс.
Жинағыш линзаның фокустық қашықтығы
мен оптикалық күшін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: линзаның формуласы арқылы линзаның фокустық қашықтығын анықтау.
Құрал - жабдықтар: жинағыш линза, сызғыш, экран , жарық көзі.
Ж ұмыстың барысы:
-
Жарық көзін, линзаны, экранды
бір түзудің бойына орналастырыңдар.
-
Жарық көзі мен линзаны экранда
жарық көзінің анық кескіні шыққанша
қозғаңдар. Экранда жарық көзінің үлкейтілген, кішірейтілген және оған тең кескінін алып, тәжірибені 3 рет жасаңдар.
-
Барлық тәжірибелерде көзден линзаға дейінгі d, экраннан линзаға дейінгі f қашықтықты 1мм-ге дейінгі дәлдікпен өлшеңдер. -
Линзаның F бас фокустық қашықтығын, линзаның формуласын пайдалана отырып есептеңдер, оны метрмен көрсетіңдер. -
Линзаның D оптикалық күшін анықтаңдар. -
Барлық өлшеулермен есептеулер нәтижелерін кестеге түсіріңдер.
Кескіннің түрі | D , см | F , см | F , см | D, дптр | Г,үлкейту |
Үлкейген Кішірейген тең | 15 20 16,6 | 20 17 16,6 | 8,3 8,3 8,3 | 12 12 12 | 1,3 0,85 1 |
Қорытынды: Жарық көзі мен линзаны қозғай отырып, экранда алынған кескінге қарап, линзаның фокустық қашықтығы мен оптикалық күшін анықтадық.
9 КЛАСС.
№1 жұмыс.
Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың үдеуін есептеу. Ол үшін шардың белгілі бір t уақытта жүріп өтетін S орын ауыстыруының ұзындығын өлшейді. Бастапқы жылдамдықсыз
(υ0=0) теңүдемелі қозғалыс кезінде S= болатындықтан, S пен t –ны өлшеп алып, шардың үдеуін анықтауға болады. Ол : a =
Ө лшеу құралдары: өлшеуіш, таспа, метроном.
Құрал – жабдықтар: науа, шар,
қысқышы бар тұрғы , металл цилиндр.
Жұмысты орындау:
-
Тұрғы арқылы науаны көкжиекпен
кішкене бұрыш жасайтындай етіп
бекіту керек. Науаның төмендегі шетіне
металл цилиндрдіқоясыңдар.
-
Метроном дыбыс берген бойда шарды науаның жоғарғы басынан жіберіп, ол цилиндрге барып соғылғанға дейін метрономның неше рет соққанын санаңдар. Тәжірибе жүргізерде метрономда минутына 120 рет соғатын етіп қойыңдар. -
Науаның көкжиекке көлбеулік бұрышын өзгерте отырып, шарды жіберген мезеттен бастап, оның цилиндрге барып соғылуына дейін метроном 4 рет соғатындай етуге болады. (соғу арасы үш толас) -
Шардың қозғалыс уақытын есептеңдер. -
Өлшеуіш таспаның көмегімен шардың S орын ауыстыруының ұзындығын табыңдар. Науаның көлбнулігін өзгертпей (тәжірибе шарты өзгермеуі тиіс), метрономның 4- ші соғуы мен шардың металл цилиндрге соғылуы дәл келетіндей етіп алып, тәжірибені 5 рет қайталау керек. -
Sорт= формуласы бойынша орын ауыстыру модулінің орташа мәнін, ал содан соң үдеу модулінің орташа мәнін табыңдар: aорт = -
Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.
Тәжірибе нөмірі | S , м | S, м | t с | t орт, с | aорт, м/с2 |
1 2 3 4 5 | 0,65 0,70 0,80 0,85 0,90 | 0,78 | 1,2 1,4 1,6 1,8 2,0 | 1,6 | 0,6 |
Ешбір өлшеу абсолют дәл болмайды.өлшеу құралдарының жетілмеуіне және басқа себептерге байланысты, қалай да қателік кетеді. Қателіктерді мейлінше азайту үшін тәжірибе шартын өзгертпей, өлшеу жұмыстарын бірнеше рет қайталап орындаған жөн. Содан кейін олардың арифметикалық орташа мәне есептеледі. Бұл жұмысты да осылай орындау ұсынылады.
Қорытынды: Үдемелі қозғалыс кезіндегі дене үдеуі жүрілген жол мен уақыттың орташа мәні арқылы анықталды. Ескерту метроном орнына сеундомер қолданылды.
№ 2 жұмыс.
Горизонталь лақтырылған дененің
қозғалысын зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: горизонталь бағытта лақырылған дененің бастапқы жылдамдығын анықтау.
Құрал-жабдықтар: тұрғы, диаметрі 25мм болат шар, шар домалайтын науа, мм – к бөлігі бар сызғыш, ақ және көшірме (қара қағаздар).
Жұмыстың орындалу реті:
-
Науаны тұғырға бекітіңдер. Оның имек басы горизонталь өқалыпта болуына назар аударыңдар. Науаның алдына ақ қағаз жайып, оның үстіне көшірме салыңдар. Науаның бойымен домалаған шардың үстелге түскен жері ақ қағаз бетіне белгі түсіреді. -
Науадан домалаған шардың үстелге қандай Һ биіктіктен түскенін және L ұшу қашықтығын өлшеңдер. -
t =√ формуласы бойынша шардың ұшу уақытын есептеңдер. -
Алынған нәтижені υ0 = формуласы бойынша шардың горизонталь бағытта ұшу жылдамдығын есептеу үшін пайдаланыңдар. -
Алынған нәтиженің дұрыстығын тексеру үшін науаны шар басқа биіктіктен түсетіндей етіп орналастырыңдар. Оның ұшу қашықтығын тағы да есептеңдер. Шардың түсу нүктесін ақ қағазда белгілеңдер. -
Шарды науаның белгілі бір жерінен бірнеше рет домалатып жіберіп, тәжірибені қайталаңдар. -
Алынған нәтижені кестеге жазыңдар. -
Өлшеу дәлдігін бағалаңдар. (1–зертханалық жұмыстағы ескертуге қараңдар) -