Файл: 7 класс. 1 жмыс. Кішкентай денелерді лшемдерін анытау. Жмысты масаты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 198

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


r = U1-U2/I1-I2 = 4,4B-4,3B/1,6A-1,35A =0,1B/0,25A= 0,4Ом.

Ԑ=U2I1 – U1I2/I1-I2= 4,3B·1,35A - 4,4B·1,6A/1,6A -1,35A=4,96B.

Ԑ =Ԑпр ΔԐ =4.96 0,16; ΔԐ= ΔиԐ +ΔоԐ==0,15+0,01=0,16.

Сұраққа жауап беріндер.1. Ток көзінің Э.Қ.К-і деп нені атаймыз?

Зарядтың ток көзінен алған электр энергиясының ток көзінің ішкі құрылысына тәуелділігін сипаттайтын шама ток көзінің Э.Қ.К деп аталады.

2.Реостаттың реттегішін қай бағытқа қозғаған дұрыс? Неге?

Реостат реттегішін сол бағытқа қозғаған дұрыс. Себебі кедергі азайып, ток пен кернеу артады.

Қорытынды: ток көзінің ЭҚК-ін және оның кедергісін анықтадық.


11 КЛАСС.

1- зертханалық жұмыс.

Жарықтың интерференциясын және дифракциясын бақылау.

Құрал – жабдықтар: 1) шыны пластиналар – 2 ; 2) қыздыру қылы түзу шам ( сыныпқа біреу ); 3) жарықтандырылған фотопленка ; 4 ) ұстараның жүзі.

Жұмыстың мақсаты: Интерференция және дифракция құбылыстарын бақылау.

Жұмыстың барысы:

Жарықтың интерференциясын бақылау. 1. Екі шыны пластинаны мұқият сүртіңдер, екеуін қосып , оларды бір – біріне саусақпен қысыңдар.

2. Пластиналарды күңгірт реңде шағылған жарықта қараңдар. Осы кезде пластиналарды олардан жарқырап шағылған жарық болмайтындай етіп ұстаңдар.

3. Пластиналардың жанасатын жерлерінде пайда болатын айқын түрлі – түсті тұйық сызықтарды бақылаңдар.

4. алынған интерференциялық көріністің ақ қабатының қалыңдығына сай физикалық және орналасуының өзгерістерін бақылаңдар.

5. интерференцияны өтетін сәуледе бақылап көріңдер.

Жарықтың дифракциясын бақылау.1. Фотопленкада ені 0,5 мм саңылау жасаңдар.

2. Саңылауды вертикаль етіп, көзге тақап ұстаңдар.

3. Саңылау арқылы вертикаль орналасқан шамның қылына қарап отырып, оның екі жағындағы түрлі – түсті жолақтарды бақылаңдар (дифракциялық спектр).

4. Саңылаудың енін 0,5 мм-ден 0,8 мм-ге өзгерте отырып, дифракциялық спектрдің қалай өзгеретінін байқаңдар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жарықтың интерференциясы кез келген жағдайда бола ма? Оны барлық кездерде де бақылауға бола ма?

  2. Қай жарықта интерференцияны бақылау оңай : өтетін немесе шағылған?

  3. Гюйгенс – Френель принципін пайдаланып , жарықтың дифракциясын түсіндіріңдер.

  4. Егер саңылаудың жолына жарық сүзгіштерін қойса , дифракциялық кескін қалай өзгерер еді? Мұны тәжірибеде тексеріп көріңдер.Дифракциялық кескін ені өзгереді.

  5. Көзіңді сығырайтып , шамның қылына қара. Не көрдің? Көзіңді сығырайтуыңа қарай кескін қалай өзгереді? Кескін өлшемі өзгереді.

  6. Дифракциялық спектрдің дисперсиялық спектрден айырмашылығы неде? Толқын ұзындығы мен жиілігіне байланысты.



Жұмыстың орындалуы :

  1. Екі шыны пластинаны қосып , бір – біріне саусақпен қысу керек. Шағылған жарықта қараса , пластиналардың жанасатын жерлерінде түрлі – түсті сызықтар байқалады. Бұл интерференциялық көрініс. Қабат қалыңдығына сай орналасуы өзгереді.

  2. Саңылауы бар фотопленканы вертикаль ұстап көзге тақап , вертикаль орналасқан шамның қылына қарап , оның екі жағындағы түрлі – түсті жолақтарды көреміз. Саңылау енін өзгерте отырып , спектрдің өзгерісін бақылаймыз.

Қосымша тапсырма.

1 тапсырма

«Жіңішке жіптен алынған жарық дифракциясы»

Құралдар: проекциялық аппарат, жылжымалы саңылау , жапқыш дискілер , рамкаға керілген жіп , экран.

Жұмысқа нұсқау:

  1. Экранда барлық жері бірқалыпты жарықтанған саңылаудың айқын кескіні жіпсіз алынады.

  2. Лампа қырының «қыры» саңылауға параллель орналасатындай және онымен бірге конденсордың оптикалық осінде жататындай етіп, жарық көзінің , конденсордың және саңылаудың орындарын ауыстырады.

  3. Саңылаудың алдына конденсордың оптикалық осіне рамкағак керілген жіп қойылады, мұнда жіп пен саңылаудың параллельдігі сақталу керек. Саңылауды ақырындап тарылтады да, экранда дифракциялық спектрдің жолақтары алынады. Экранды 40 – 45 0 –қа бұрғанда кескін «созылады». Орта тұсында жарық жолақ пен оның оң жақ және сол жағында кезектесіп келетін күңгірт және жарық жолақтар кескінделген.

  1. А мен А1 бағытында күңгірт жолақ

  2. В мен В1 бағытында жарық жолақ

  1. Δd = - ң жұп саны с/тан күңгірт

  2. Δd = - ң тақ саны с/тан жарық


2 тапсырма.

« Жұқа қабықшадағы жарық интерференциясы»

Құралдар: проекциялық аппарат , сабын қабықшасына арналған сым рамка , сабын ерітіндісі , экран.

Жұмысқа нұсқау:

  1. Конденсор алдында сым тұзақ қойылады. Тұзақты конденсордан шыққан жарық шоғы оны толық жабатындай қашықтыққа орналастырады. Ол үшін тұзақтың артына жарық конусын вертикаль жазықтықта қиып өтетін , кішірек табақ, ақ қағазды жақындап қояды.Оны тұзақпен бірге отырғыштың бойымен қозғай отырып, жарық дағының тиісті өлшемі алынады. Тұзақ астына сабын ерітіндісі бар стақан қойып, тұзақты ерітіндіге толық батырады да, стақанды алып кетеді. Тұзақта сабын қабықшасы пайда болады. Сабын қабықшасынан жағылған жарық шоғының жолына универсал штативтің үшаяғына қондырылған объектив қосылады. Осы шоқтың бойымен объективті қозғай отырып экранда жап – жарық интерференциялық түсті жолақтары бар сабын қабықшасының айқын кескіні шығады.


III. Үйге : № 3 М/ж.даярлық
2- зертханалық жұмыс.

Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау.

Құрал – жабдықтар: 1) жарықтың толқын ұзындығын анықтайтын аспап; 2)дифракциялық тор; 3)жарық көзі.

Жұмыстың теориясы. Жарықтың дифракциясы дифракциялық тордың көмегімен жақсы бақыланады. Дифракциялық тордың формуласы d sin φ= Rλ ( 1) бойынша түрліше ұзындықтағы толқындар үшін максимумдар түрліше бұрыштармен бақыланады. Φ бұрышы аз және тор мен экранның а қашықтығы саңылаудан толқынның максимумы бақыланатын b қашықтықтан көп үлкен болатындықтан, sin φ=tg= ( 2) деп алуға болады. (§4.5 –ты қараңдар)

( 1 ) мен ( 2 ) формулаларынан λ= аламыз :

Жұмыстың барысы:

  1. Дифракциялық торды (1 )аспаптың рамкасына ( 2 ) қойып , оны көтерілгіш үстелдің қысқышына бекітіңдер ( 1 – сурет ).

  2. Жылжымалы экранды (5) дифракциялық тордан 50 см қашықтыққа қойыңдар.

  3. Дифракциялық тор (1) арқылы қарап, аспапты нысана саңылауынан көрінетін етіп қойыңдар. Осы кезде жылжымалы экранның қараңғы реңінде бірнеше ретті дифракциялық спектрлерді көруге болады. Спектрлер көлбеу тұрса, торды олар вертикаль болатындай етіп бұрып қойыңдар.

  4. Экрандағы шкала бойынша бірінші реттік спектрдің қызыл және күлгін шекарасын анықтаңдар, сонымен қатар спектрдің жасыл сызығының орнын да байқаңдар.

  5. Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.

  6. Жылжымалы экран мен тордың арақашықтығын өзгертіп, өлшеулерді қайталаңдар. Мұны экранның әр түрлі үш орналасу жағдайы үшін қайталаңдар. үшін толқын ұзындығын анықтаңдар.

  7. Қызыл, жасыл және күлгін сәулелер үшін толқын ұзындығының орташа мәнін табыңдар.

  8. Өлшеу қателігін бағалаңдар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Дифракциялық тор дегеніміз не?

  2. Тордың периоды деген не? Ол қалай есептеледі?

  3. Спектрдің қай бөлігі экранның саңылауына жақын орналасқан: қызыл немесе күлгін?

  4. Тор мен экранның арақашықтығы дифракциялық спектрдің ретіне қалай әсер етеді?

  5. Тордың периоды дифракциялық спектрлердің арақашықтығына қалай әсер етеді?

  6. Егер көшедегі шамға капрон , тюль арқылы қарайтын болсақ , неге олардың төңірегінде түрлі – түсті шеңберлер пайда болады?




Жұмыстың орындалуы:


Спектрдің реттілігі



Тордың периоды,

d ( м )

Тордан экранға (шкалаға) дейінгі қашық тық а

Спектрдің шкала-лары және белгілері м

Толқын ұзындығы , м

қызыл

жасыл

күлгін

қызыл

жасыл

күлгін

1

10 – 5м

0,5м

14*10-2

9*

10-2

8*

10-2

7*10-7м

5* 10-7 м

4*10-7м

2

10 – 5м

0,5 м

7*

10-2

5*

10-2

4*

10-2

7*10-7м

5* 10-7 м

4*10-7м



d= 10-5м ; К =4

а = 0,5 м
bқ= 14*10 -2м , bж=9*10-2м ; bкүл=8*10-2м

λқыз= = = 7*10-7м

λкүл= = = 4*10-7м ; λж= = = 5* 10-7 м

d=10 – 5м ; К=2

а = 0,5м

bқ = 7* 10-2м ; bж =5*10-2м ; bк=4*10-2м

λқыз= = = 7*10-7м

λж= =
= 5* 10-7 м

λкүл= = = 4*10-7м