Файл: 7 класс. 1 жмыс. Кішкентай денелерді лшемдерін анытау. Жмысты масаты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 203

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қорытынды: таразы, калориметр әртүрлі денелермен жұмыс жасап, өлшеп, есептеп, үйренеді. Жылу баланс теңдеуін қолдана отырып, жылу мөлшерін анықтайды. Металдардың молярлық жылусыйымдылықтарын салыстырып, мыстың молярлық жылу сыйымдылығы үлкен екеніне көз жеткізеді.
5 жұмыс.

Судың беттік керілу коэффициентін тамшының үзілуі және сұйықтың капилляр бойымен көтерілуі әдістерімен өлшеу.

Жұмыстың мақсаты: судың беттік керілу коэффициентін тамшының үзілуі әдісімен өлшеу және сұйықтын капилляр бойымен котерілуі әдістерімен өлшеу, зерттеу.

Керекті құралдар: зертханалық таразы, гірлер, штангенциркуль, өлшемі 1 10см қаңылтыр өлшеуіш сына, ине, миллиметрлік бөліктері бар 30 см-лік өлшеуіш сызғыш, конус тәріздес құты (колба), стақан, сабағы қысқа конус тәріздес құйғы (воронка), шүмегі бар және ұшының диаметрі 3-4 мм болатын шыны резеңке түтін, жаппай жұмысқа арналған штатив, тазартылған су.

Теориялық түсінік. Беттік керілу сұйықтың беттік қабатының шекарасына әрекет ететін Fбеттік керілу күшінің, сол шекараның ℓ ұзындығына қатынасымен өлшенеді: .

Сұйықтың беттік керілуі шектелетін шекералардың табиғатына және сұйықтың температурасына тәуелді. Берілген жұмысқа судың беттік керілуін екі тәсілмен, тамшының үзілуі және сұйықтың капилляр бойымен көтерілуі әдістерімен өлшеу қажет.

1 Бірінші әдіспен өлшеу үшін 13.4-суретте көрсетілгендей құрылғы жиналады. Ұшы 3 шыны, 2 краны бар резеңке түтік 1 құйғыға кигізіліп штативке бекітіледі. Құйғыға таза су құйылады. Шүмек арқылы судың жеке тамшылары стақанға ағатындай етіп реттеледі.

Тамшының үзілер мезетінде беттік керулер күшінің F модулі массасы m тамшының Fау ауырлық күші модуліне тең болады

F=Fау немесе .




Жұмыстың орындалу тәртібі.

1-тапсырма. Судың беттік керілуін тамшының үзілуі әдісімен өлшеңдер.

1)Дәптерге өлшеу нәтижелерін және есептеулерді жазатын кесте даыйндаңдар (3 кесте).

2 )13.4 –сурет бойнша қондырғы жинаңдар.

3) Өлшеуіш сына мен штангенциркульдің көмегімен шыны ұшының ішкі диаметрін өлшеңдер.

3 - кесте

Тәжірибе



D,м

n

М,кг

,Н/м

Δ ,мм



1

2

3

0,006

0,006

0,006

80

120

160

0, 0081

0,0121

0,0163

54

54

54

0,16

0,16

0,16

1,6·10-4

1,6·10-4

1,6·10-4


4) Бос стақанның массасын 0,01г дейінгі дәлдікпен өлшеңдер.

5) 2 кран жабылады (13.4-сурет) да, құйғыға таза су құйлады. Түтіктің астына құты (колба) қойып, кранды жайлап ашып,түтікпен судың жеке тамшы болып ағуы реттеледі, жиілігі минутына 30-40 тамшыдай болғаны дұрыс. Осы шарт

орындалғанда ғана тамшының үзілуі ауырлық күшінің әрекетінен деп санауға болады.

6) Түтіктің астына бос стақан қойып, 80-100 тамшыны санап, стақанға жинап алыңдар.

7) Стақанды тағы да өлшеп, оған аққан тамшының массасын есептеңдер.

8) (13.10) теңдеудің көмегімен судың беттік керілуін есептеңдер.

9) Өлшеулердің абсолют және салыстырмалы қателерін мына теңдеулермен есептеңдер:



10) Өлшеулер мен есептеулер нәтижесін 3- кестеге жазыңдар.

2- тапсырма. Капилляр бойымен сүйықтың көтерілу әдісімен судың беттік керілуін өлшеңдер.

1.Кесте дайындау.






h

D







1

1000

0,02

0,005

25

0,16

0,0064

2.Ине мен штангенциркульмен капиллярдың ішкі диаметрін өлшеңдер. D=5мм=0,005м;

3.Капиллярды суға батырып, оның бойымен көтерілген судың биіктігін өлшеңдер. h=2см=0,02м;

4.(13.11) формуласымен судың беттік керілуін есептеңдер

= ghD/4=25Н/m

5.Өлшеуді бірнеше рет қайталап орт орташа мәнін табыңдар.

6.Өздерің алған мәнді оның кестелік мәнімен салыстырыңдар.

Қорытынды: Судың беттік керілу коэффициентін тамшының үзілу және капилляр бойымен сұйықтың көтерілу әдісімен өлшедік. Таразы, штангенциркульмен жұмыс жасау әдісін меңгерді.
Бақылау сұрақтарға жауап беріңдер:

1)Тәжірибеде неліктен тазартылған су қолданылады?

Беттік керілу коэффициентін нақты алу үшін

2) Қай әдіс беттік керілудің дәлірек мәнін береді?

Тамшының үзілу әдісі.

3) Жұмыста өлшенген шамалардың қайсысы салыстырмалы қатеге көбірек әсерін тигізеді? Ішкі диаметрді өлшеу
6 жұмыс

Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы.
Жұмыстың мақсаты: тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу мен кедергі арасындағы тәуелділікті тағайындау.

Керекті құралдар: вольтметр; амперметр; миллиамперметр; номи-налды кедергілері 2Ом болатын резистор; реостат 6 Ом; МН 6,3 х0,3А маркалы шам; 4В-қа негізделген ток көзі; жалғағыш өткізгіштер (сымдар), макеттік тақта.

Жұмыстың орындалу тәртібі.

1- тапсырма. Тізбек бөлігі үшін ток күші, кернеу мен кедергінің арасындағы тәуелділікті тағайындаңдар.

1.13.6- суреттегі сұлба бойынша кедергісі 2 Ом болатын резисторды пайдаланып, электр тізбегін жинаңдар.

2. Тізбекті тұйықтаңдар және өлшегіш құралдардың көрсетуін жазып алыңдар.

3. Әрбір жағдай үшін U/R кернеудің кедергіге қатынасын тізбек бөлігі үшін анықтаңдар.

4. Өлшеу мен есептеулердің нәтижелерін 5-кестеге жазыңдар.

5. Өз корытыңдыларыңды Г. Омның тізбек бөлігі үшін жасалған тұжырымдамасымен салыстырыңдар.

13.6 -сурет

5-кесте

Төжірибе



Кедергі R, Ом

Ток күші I,A


Кернеу U, В

U/R

1

4

1,2

4,8

1,2

2

6

0,8

5,0

0,83


I=U/R; I1= 4,8В/ 4 Ом=1,2А; I2=5B/6Ом=0,83 А

Ескерту: приборлардың аспаптық қателігіне байланысты мәліметтерде айырмашылық бар. Резистор R= 2 0,2 Ом.

Қорытынды: Амперметрдегі ток күшінің мәні мен U/R қатынасы тең болып, Ом заңының тізбек бөлігі үшін дұрыстығы анықталды.

2- тапсырма. Ом заңын пайдаланып, тізбек бөлігіндегі кедергіні анықтаңдар.

1.13.7-сурет бойынша тізбекті жинаңдар.

2.Тізбектегі ток күшінің әр түрлі мәніндегі R2резистор кедергісін өлшеңдер.

3 .Өлшеу мен есептеу нәтижелерін алдын ала дайындаған кестеге енгізіңдер.

Кесте толтырамыз.




І, А

U, В

R2, Ом

R1, Ом

1

0,6

1,2

2

6

2

1,1

2,2

2

6

3

1,5

3,0

2

6


R2=U/I; R2=1,2B /0,6A=2Oм;

R2=2,2B/1,2A=2Oм;

R2=3B/1,5A=2Oм.


13.7-сурет

4. Тізбек бөлігі кедергісінің мәнін есептеп салыстырыңдар және қорытынды жасаңдар.




I,А

U,В

R2,Ом

R1,Ом

1

0,6

1,2

2

6

2

1,1

2,2

2

6

3

1,5

3,0

2

6
Қорытынды: Тізбек бөлігі кедергісінің мәні тұрақты болады.
3-тапсырма. Ом заңын пайдаланып тізбек бөлігіндегі кедергіні анықтаңдар.

1.2 –тапсырмаға берілген электрлік сұлбадан (13.7-сурет) вольтметрді ағытыңдар.

2.Резистордың маркировка бойынша кедергісін және миллиамперметрдің көрсетуі бойынша ток күшін біле отырып, кернеуді есептеңдер.