Файл: Студентті Пндік оУдістемелік кешені.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 216

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Нег.: 5[146-161]

Бақылау сұрақтары:

1.Екіреттік және үшреттік әдістерді енгізуге дейін мұнай өндіру ненің есебінен болады?

2.Қабат режимдерінің қандай түрлерін білесіз?

3. Қабаттың серпімді режимінен серпімді- суарынды режимге ауысу неден болады?

4. Қабат қысымы қанығу қысымынан төмен болғанда не болады?

5. МАЭ- неге негізделеді?

6. Қоршау коэффициенті деген не?
Дәріс №14. Ұңғыларды пайдалану тәсілдері.

Егер сұйықтыцң немесе қоспаның жер бетіне көтерілуі табиғи энергияның есебінен болса, онда бұл тәсіл табиғи- фонтанды деп атаймыз.

Егер ұңғы сағасындағы қысым қанығу қысымынан үлкен болса , онда көтергіште еркін газ болмайды, ал сұйық жер бетіне өзінің потенциал энергиясының арқасында көтеріледі. Пайдаланудың осы тәсілін артезианды фонтандау, не болмаса қабаттың гидростатикалық арынның есебінен сұйық көтеріледі. Қазіргі уақытта бұл тәсіл шектеулі тараған.

Егер ұңғы өнімінің жер бетіне көтерілуі табиғи және жасанды энергиялар есебінен, не болмаса тек ғана жасанды энергия себінен болса, онда осындай пайдалану тәсілін механикаландырылған деп аталады.

Сурет 37- Пайдалану тәсілдерінің және ұңғылардан өнімді көтерудің әртүрлі энергетикалық көздерінің классификациясы.

Пайдаланудың механикаландырылған тәсілі келесі варианттарда орындалады:

  1. Жасанды энерг.ия өндірілетін өнімге ортадан енгізіледі, ал оның өндіру ұңғылары арасында таралуы кеніште болады. Кенішке энергияны осылай енгізу тәсілі және оны тарату қабат қысымын ұстау әдістері қолданғанда жүзеге асырылады. Егер әрбір жеке өндіру ұңығ тек ғана саорапты компрессорлы құбырлар тізбегімен жабдықталса (ұңғы өнімін көтеруге механикалық құрылғылары жоқ болса), онда аталған тәсілді жасанды- фонтанды деп атаймыз. Жасанды-фонтанды пайдалану тәсілі көбінесе Ресейде кенңінен қолданылады.

  2. Әрбір өндірілетін ұңғыға жасанды энергия механикалық, электрлік немесе гидравикалық құрылғы арқылы енгізіледі. Ұңғыға табиғи энергияны енгізу әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі: арнайы газ (ауа) немесе арнайы терең сораптармен ұңғыға энергияны енгізудің бірінші тәсілінде қарастырамыз.

Өндіру ұңғыларды пайдалану тәсілдерінің кейбіреулері ерекше орын алады, өйткені сұйық пен газдың табиғи энергиясын пайдалану арнайы жер асты (ұңғы ішінде) жабдықты қолдану арқылы орындалады.


Оларға келесілер жатады:

а) Ұңғыларды компрессордыз газлифтен (ұңғы ішінде) пайдалану. Өнім көтерудің теориялық негіздері фонтанды- компрессорлы пайдалану сияқты. Тек ғана бір айырмашылық, ол- өнімді көтеру үшін сол ұңғының газды қабатшаларынан алынатын немесе жеке газ қолданылады. Осы жағдайда компрессорларды қолдану болмайды.

б) Ұңғыларды плунжерлі лифтен пайдалану. Өнімнің көтерілуі мұнайдан бөлінетін газдың табиғи энергиясынан арнайы плунжерлерді қолданумен болады.

Ұңғының өнімін көтеру үшін пайдаланатын энергетикалық көздердің сұлбасын жалпы сурет 37 көруге болады. Қарастырылған сұлба тек ғана классификациялы түрде қарастырылады.

Ұңғы өнімнің жер бетіне көтерілуі тек ғана қабат энергиясының есебінен болатын пайдалану тәсілді фонтанды пайдалану тәсілі атайды.

Егер қабат және түп қысымдар арасындағы қысым айырымы сұйық бағанасының қарсы қысымы және үйкеліске кететін қысым шығындарынан асатын болса ғана ұңғының фонтандауы болады,яғни фонтандау сұйықтың гидростатикалық қысым немесе кеңейген газ энергиясының әсерінен болады. Көп ұңғылар газ энергиясы және гидростатикалық арынның берігу есебінен фонтандайды.

Мұнайда болатын газдың көтергіш қабілеті бар, ол мұнайға қысым көрсету формасында білінеді. Мұнайда газ неғұрлым көп болган сайын коспаның тығыздығы аз болып, соғұрлым сұйық деңгейі жоғары көтеріледі.

Фонтанды ұңғылар жабдығы

Фонтанды пайдалануда ұңғының түбінен сағасына дейін газмұнайлы қоспаның көтерілуі ұңғыға меңгеруге дейін түсірілетін сорапты-компрессорлы құбырлар тізбегі арқылы болады. Газ энергиясын тиімді пайдалану, құмшығаруды жақсарту, газ сырғанауынан шығындардың азаюы және қабат қысымдарында фонтандаудың мүмкіндігін сақтау үшін олардың түсіру қажеттілігін тудырды.

Ұңғы сағасына әртүрлі үщжақтар, крестовиктер және жапқыш құрылғыларының қосылыстарынан тұратын фонтанды арматураны орнатады. Бұл арматура сорапты-компрессорлы құбырларды ілуге, құбырлармен шегендеу тізбек арасындағы кұбыраралық кеңістікті герметизациялау , фонтанды ұңғы жұмысын бақылау және реттеу үшін тағайындалған.

Фонтанды арматуралар (сурет 38) крестпішінді және үщжақты болып дайындалады. Ол құбыр басы және фонтанды шыршадан тұрады. Құбыр басы сорапты-компрессорлы құбырларды ілу және құбырлар арасындағы кеңістікті герметизациялау үшін арналған. Фонтанды шырша ұңғы өнімін лақтыру желілерге бағыттауға, ұңғы жұмысын бақылау және реттеу үшін арналған. Фонтанды шыршада екі немесе үщ лақтыру желілері болады. Оның бірі артығы. Үшжақты арматурада төменгі лақтыру желісі- артық. Жұмыс желіде (жоғарғы) жабу құрылғы әрдайым ашық болуы керек, ал артығы – жабық болу керек.






Сур. 38- Фонтанды арматура:

а — крестпішінді; б — үщжақты
Оқпанды жабу құрылғылар ашық болу керек. Фонтанды арматура оқпанның төменгі жағында орналасқан жабу құрылғы – негізі деп аталады. Үщжақты арматурадалақтыру желілері бір жаққа бағытталған.Фонтанды арматураны таңдау кезінде, крестовиналар үщжақтыларға қарағанда құммен тез желінетінін ескеру қажет.

МЕСТ 13846-74 сәйкес фонтанды арматуралар 70, 140, 210, 350, 700 және 1000 кг күщ/см2 жұмыс қысымына шығарылуы тиіс. Жабу құрылғылар арматурада екі түрлі болады: ысырма түрінде немесе кран түрінде. Арматураның түрін ұңғы сағасында мүмкін болатын ең үлкен қысым бойынша таңдайды.

Лақтыру желілерде жабу құрылғылардан кейін кейбір жағдайларда фонтанды ұңғы режимін реттеу үшін штуцерлер орнатады. Штуцерлер дөңгелек тәрізді ортасында тесігі бар құрылғы.

Арматурада фонтанғы ұңғы жұмысынбақылау үшін екі манометр қондырады: бірі- буферде, екіншісі- құбыр басы крестовигінің кірісінде (құбыр сыртындағы қысымды өлшеу үшін).

Фонтанды арматура топты қондырғылармен лақтыру желілері арқылы жалғанады. Дебитке, қысымға, құмның және парафиннің болуына байланысты фонтанды ұңғылардың жалғау сұлбаларын әртүрлі қолданады.




Сур. 39- Газлифтілі ұңғы

1 — өндірілетін газ; 2 — айдайтын газ.
Пайдаланудың газлифтілі тәсілі

Сурет 39-да газлифтілі ұңғының принципиалды сұлбасы келтірілген. Газлифтілі пайдалануда ұңғы өнімін көтеру үрдісінің маңызы, ол- көтергішке арнайы газды Vг көлемінде айдау.

Газлифтілі пайдаланудың физикалық маңызы, ол айдалатын газ арқылы болатын газсұйықты қоспаның тығыздығын, қабылддау жеріндегі қысым Рпр көтергіштегі барлық кедергілерді жеңетіндей төмендету қажет. Бұл тәсіл техникалық және технологиялық жағынан қарапайым болғанымен,кейбір жағдайларда экономикалы тиімді емес болып табылады. Оны іске асыру үщін газдың бөлек көзін, қымбат компрессорлы станцияларды құру, газды дайындау жүйелері және оны өндіру ұңғыларына тарату қажет. Газлифтілі пайдалану пайдалы әсер коэффициентінің үлкен еместігімен, ұңғының сулануында өнім бірлігін көтеріге кететін меншікті газ шығымының өсуіменен сипатталады. өнімнің белгілі сулануында меншікті газ шығымы және пайдалы әсер коэффициентінің төмендігі пайдалануды рантабельді емес себептері болады.





Сур.40-.ОТЭС
Штангасыз пайдалану

Штангасыз пайдалануда электірлі ортадан тепкіш сораптар жатады.

Біріншіден, олар өнім көтерілу биіктігі үлкен диапазонда болатын орташа- және жоғары дебитті ұңғыларды пайдалану үщін арналған. Екіншіден, тереңсораптың жетегі ұңғыда орналасқан электр қозғалтқыш арқылы жүзеге асады. Қозғалтқыштың қоректенуі күшті электрлі кабель арқылы болады. Қондырғының сұлбасы сурет 40-та көрсетілген.

Қондырғы батырмалы қозғалтқыштан (ПЭД) 1, протектордан 2, ұңғыға сорапты-компрессорлы құбырлар тізбегінде 4 түсірелетін көпсатылы ортадан тепкіш сораптан тұрады 3 тұрады. Электрлі күшті кабель 5 құбырларға хомуттар 6 арқылы бекітіледі. Сағалы арматурада кабелдің саңылау сыздануы арнайы сальникпен 7 болады.

Жер үстіндегі жабдыққа келесілер кіреді: кабелді барабан 8, трансформатор 9 және басқару станциясы 10. Батырмалы агрегаттың параметрлерін үлкен диапазондареттеу үшінқондырғы ток жиілігін түрлендіргішпен жабдықталады. Батырмалы электрқозғалтқыш және батырмалы ортадан тепкіш сорап кәдімгілерден өзгеше болып, ұзындығы үлкен және үлкен емес диаметрімен сипатталады.




Сур. 41- Батырмалы ортадан тепкіш сораптың сипаттамалары

 
Батырмалы ортадан тепкіш сораптың сипаттамасы сурет 41-де көрсетілген. Батырмалы сораптың әрбір өлшемдері сораптың тиімді беруіне , ПӘК ең үлкен мәніне сәйкес келетін ұңғыдан қажетті сұйық көлемін алу үшін арналған. Бұл шарт кәсіпшіліктен көп мөлшерде әртүрлі батырмалы сораптарды шығаруды талап етеді, ал ол экономикалы рентабельді емес болып саналады.

Әртүрлі өлшемді сораптың жұмыс аумағын кеңейту мақсатында, белгілі бір диапазонда оның жұмысы беру бойынша ден
дейін) және арын бойынша (Н1 ден Н2 дейін) келесідей анықталады ):

(1)

Келтірілген диапазон сурет 42 де штрихталған. Қанығу қысымынан төмен болған қысым кезінде мұнайдан бөлінген еркін газ ортадан тепкіш сораптың жұмысына белгілі әсерін тигізеді, ол осы батырмалы ортадан тепкіш сораптың сипаттамаларының өзгеруіне әкеледі (сурет 42).

Сипаттамалардың өзгеруі сораптың кіріс жерінде көлемді шығынды газ құрамынан тәуелді.



Сур.42- Еркін газдың батырмалы ортадан тепкіш сорап сипаттамаларына әсері

Сурет 42-де көрсетілгендей сораптың беруін, арыннан және пайдалы әсер коэффициентінен күрт төмендетеді, яғни батырмалы ортадан тепкіш сораптың жұмыс тиімділігіне теріс әсерін тигізеді.

Ортадан тепкіш сорапқа еркін газдың кері әсерінен сақтау мақсатында сораптың қабылдау жерінде арнайы құрылғы – сорапты газосеператор орнатады. Қазіргі уақытта Ресейде шығарылатын ең тиімді болатын газосеператор МН-ГСЛ.

Қарастырылған қондырғы штангілі сорапты қондырғыларға қарағанда келесі жетістіктері болады:


  • Қондырғының жоғарғы ПӘК-і;

  • Кондырғының автоматизациялануының жоғарғы дәрежесі;

  • Ауаның төменгі температурасында жұмыстың жоғарғы беріктігі (сенімділігі);

  • Дебит және көтерілу биіктігі бойынша кең қолданылуы;

  • Жер үсті қондырғының ыңғайлылығы (икемділігі).

; ;



ОТЭС кеңінен қолдану және ұзақ қолдану нәтижелері көрсеткендей, бұл қондырғылармен өнімі бірнеше есе тұтқырлығы жоғары болатын ұңғыларда қолданады.

Жалпы осы қондырғылармен Ресейде мұнай өндіру жалпы өндіруден 60% құрайды. Сонымен қатар ОТЭС қондырғылары Арктикалық шельфте ең ыңғайлы және тиімді техникалық құрылғы болып табылады.