Файл: Студентті Пндік оУдістемелік кешені.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 214

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бұрандалы сораптар қондырғылары

Шельфте ұңғыларды осы қондырғылармен пайдалану үлкен қызығушылықты тудырады.

Терең бұрандалы сорап (сурет 43) қадамы бар қарапайым спираль (бұранда) түрінде болатын ротордан (сурет 43а) және қадамы бар, ротор қадамынан екі есе үлкен болатын екіеселік спираль түрінде статордан (сурет 43б) тұрады.

Сурет 43 в-да сорптың жиналған түрінің бөлігі көрсетілген. Бұрандалы сораптың негізгі параметрлері: ротор диаметр D, статордың қадам ұзындығы және эксентриситет . Ротор және статор арасындағы қуыстар бөлінген. Ротордың айналу кезінде осы қуыстар радиус және ось бойымен “ығысады”. Қуыстардың “ығысуы” сұйықты төменнен жоғары қарай итереді, сондықтан кей жағдайда осы сорапты ығыстыратын қуысы бар сорап деп атайды.

Негізінен бұрандалы ротор үйкелуге қарсы хромдалған және басқа да жапқыштармен жабылған беріктігі өте жақсы болаттардан жасалады. Статор пластикалық материалдан дайындалып, тұлғада орналасады. Статордың материалы үшін өте қатаң талаптар қойылады. Осы сораптың жетегі тереңдік (батырмалы электрқозғалтқыш) немесе беттік болвп келеді.

Батырмалы электрқозғалтқышты қолданғанда агрегат ұңғыға сорапты-компрессорлы құбырларда түсіріліп, ал оған қорек арнайы кабел арқылы жіберіледі (ОТЭС сияқты).





Сурет 43- Терең бұрандалы сорап: а- ротор; б- статор; в- сораптың жиналған түрі;

1- сораптың тұлғасы; 2- статор және ротор арасындағы қуыс.
Жер үстіндегі жетекті қолданған кезде сорап роторына қозғалыс штанга тізбегі арқылы беріледі. Жетек қозғалтқышы ретінде электрқозғалтқышнемесе басқа қозғалтқыштар қолданады.

Жылдамдықты реттеу ретінде токты жиілікті түрлендіргіш қолданады.

Жоғарғы жылдамдықты қозғалтқыштарды көбьінесе өнімділігі жақсы және динамикалық деңгейлері өте үлкен емес ұңғыларда, ал жағдайларда жылдамдығы өзгеретін қозғалтқыштарды қолданады.

Бұрандалы сораптар қондырғылары келесі параметрлерде жұмыс істейді: беруі 20 дан 240 м
3/тәу дейін, арын 2000м-ге дейін жіне келесі күрделі жағдайларда ұңғыларды пайдалануға тағайындалған:

  • мұнай тұтқырлығы- 20Па*с дейін,

  • механикалық қоспалардың көп болуы (1% дейін);

  • еркін газдың көп болуы;

  • вертикалдан ұңғының көп ауытқуы (70% дейін).

Бұрандалы сорап қондырғысы төменгі күрделі қаржыны жұмсаумен, азгабаритті, шулау деңгейі төмен және жоғарғы ПӘК-пен сипатталады. Бұл қондырғылар теңіз платформаларда мұнай өндірудің жақсы құралдары болып табылады.
Мұнай өндірудің жаңа құрылғылары

Жаңа және келешегі жоғары болып орынды қондырғы есептеледі. Арынды аппараттар әртүрлі өндіріс салаларында қолданылады, ол келесі жетістіктермен сипатталады: конструкциясының қарапайымдылығы, қозғалу бөлшектерінің жоқтығы, жоғары сенімділікте және келесі күрделі жағдайларда жұмыс істеу мүмкіндігі; механикалық қоспалардың және еркін газдың құрамда көп болуында, жоғарғы температура жағдайларында, мұнайдың жоғарғы тұтқырлығында және т.б.

Қазіргі кезде мұнай өндірудің көбісі күрделі табиғи-климаттық жағдайлармен сипатталатын көптеген елдерде жүргізіледі. Осы кезде өндіру ұңғыларын пайдалану үшін батырмалы қондырғылардың беріктігіне, жөндеу аралық кезеңді үлкейтуге үлкен талаптар қойылады. Осымен қатар, батырмалы қондырғы жоғары температуралы аумақтарда, еркін газды көп сұйықты алу, тұтқырлығы жоғары сұйықты ұңғыдан алу жағдайында жұмыс жасайды.

Жолдар, электрбергіш желілері және компрессорсыз газлифтіні қолдану мүмкіндігі жоқ алыстаған кен орындарды пайдалануда арынды қондырғыларды пайдаланады. Осы кезде жер үсті сораптардың жетегі болып пайдалану ұңғылардан келетін ілеспе газда жұмыс істейтін газды қозғалтқыштар болады.

Қазіргі уақытта Ресей және АҚШ мамандарымен келесі әртүрлі арынды сораптар компоновкалары құрылған: күш жетегі батырмалы және күш жетегі беттік, (яғни күш сорабы жер бетінде орналасқан кезінде).

Арынды сораптардың беттік қондырғысы бір ұңғы үшін (жеке жетек), және бір топ ұңғылар үшін (топты жетек) болып шығарылады. Ол күшті сораптар блогынан, жұмыс сұйық ыдысы, механикалық қоспалардан жұмыс сұйытатын тазалау үшін гидроциклонды аппараттан тұрады. өндіру сұйықтан газ арнайы ыдыстарда, немесе газсеператормен жұмыс сұйығын сақтау функцияларын біріктіретін ыдыстарда айырылады.

Батырмалы қондырғы стационарлы немесе салынбалы арынды сорап, пакерлі бірқатарлы құбыр тізбегі немесе екіқатар лифтан тұрады. Ұңғы сағасы ұңғыда жұмыс сұйығының циркуляция сұлбасын өзгертуге (слынбалы сорапты түсіру немесе көтеру кезінде) мүмкіндік беретін 4-жүрісті кранмен жабдықталады.


Арынды сораптың сұлбасы және жұмыс істеу принципі

Арынды сорап былайша айтқанда кәдімгі сорап сияқты шығару жерінде артық арынды құрмайды. Арынды сорапта гидравликалық энергияны екі есе түрлендіру болады. Жұмыс сұйықтау потенциалды энергиясы алғашқысында кинетикалық энергияға сұйыққа инжектрленген арынды орналастырудың арқасында ауысады. Араласқан сұйық (жұмыс және инжектерленген) араласу камерасынан өтіп, диффузорға түседі. Онда араласқан арынның түрленген кинетикалық энергиясы потнциалды энергияға ауысады.

Арынды сораптың принципиалды сұлбасы сурет 44-те келтірілген. Сорап келесі негізгі элементтерден тұрады: жұмыс агентін жеткізу каналы 1, белсенді сопло 2, инжектрлі сорапты жеткізу каналы 3, (осы каналды көбінесе қабылдау камерасы деп атайды), араластыру камерасы 4 және диффузор 5.

Арынды сорап келесідей жұмыс жасайды: өте жоғары потенциалды энергиямен жұмыс агент соплоға келеді, мұнда потенциалды энергия кинетикалыққа ауысады.



Сур.44-Арынды сорап.


Соплодан жұмыс агенті шығын қабылдау камерасында қысымды төмендетеді, осыдан инжектерлі сұйықтың бөлігі (ұңғы өнімі) жұмыс агентінің иарынымен араласып, орналасу камерасына түседі.

Араласу камерада жұмыс агенті және инжектрлі сұйық араласып, олардың жылдамдықтары мен қысымдары теңесіп, араласқан арын диффузорға түседі. Диффузорда араласқан арынның кинетикалық энергиясы жай төмендеп, потенциалды энергияның өсуі болады.

Диффузордың шығу жерінде араласқан арынның потенцалды энергиясы сұйықтың көтеруге қажетті болады. Осы сораптың жұмыс істеу принципі түсінікті болғанмен, оның негізгі элеменнерін есептеу өте күрделі, өйткені ол ұңғы өнімімен (инжектрлі арын) байланысты. Қазіргі жағдайда жобалаудың осы қиындықтарының алдын алып, осы сорап түрлері кеңінен пайдалануда.

Танемді қондырғы келесідей жұмыс істейді: ортадан тепкіш сораппен алынатын ұңғы өнімі арынды сораптың соплосында беріледі, онда сұйық жылдамдығы өсіп, соплодан келетін арын қабылдау камерасына келіп, онда қысымды төмендетеді. Осы кезде қабылдау камераның кері қақпағы ашылып, қосымша ұңғы өнімі қабылдау камерасына келіп түседі.



Сур.45-Танемді қондырғы


Қарастырылған танемді қондырғылар батырмалы қондырғыларды қолдану аймағын кеңейтеді, ал қосымша арнайы қондырғылар (мысалы, газосеператорлар) энергияны сақтаушы болып келеді.

Пайдаланудың осы әдісі шельфті кен орындарды игеруде негізгі болып келетіні мәлім.


Нег. 1.[93-151], 5.[185-208]

Бақылау сұрақтары:

  1. Шельфте қандай пайдалану тәсілдері бар?

  2. Өнім өндірудің механикаландырылған тәсілі қандай варианттарда болады?

  3. Арынды сорап қалай жұмыс істейді?

  4. Фонтанды өндіру тәсілінде жұмыс неге негізделеді?

  5. Танемді қондырғының жұмыс принципі.

  6. Қандай жағдайларда бұрандалы сораптарды қолданады?

  7. Батырмалы ортадан тепкіш сораптың қандай ерекшеліктері бар?

Дәріс № 15. Теңіз құбырларын құру.
Көптеген теңіздерде мұнай мен газ өндірудің дамуы су астында әртурлі теңіз құбырларды құру қажеттілігіне әкелді.

Каспийде алғашқы құбырларды 40-жылдардың аяғында және 50-жылдарда құра бастады. Каспийдің мұнайкәсіптік акваториясынан жағалаудың көп алыстамауы, теңіздің аз тереңдігі және кіші диаметрлі құбырлардың қажеттілігі құбырларды құру техникасымен технологиясын анықтады.

Ең алғашқы диаметрі 63-114 мм құбырларды теңіз түбі бойынша бұрғылау шоғыры арқылы тасу әдісімен қондырды. Кейін құбырларды орнату әдістері жүзбелі құрылғылар арқылы орындалды. Осы атаған әдістердің соңғысы ішкі кәсіптік қондырғыларды орнату үшін қазіргі кезде колдануда.

Су астында магистралды құбырларды құру ең алғашқы рет 60-шы жылдары Южное газ кен орнының ашылуымен байланысты болды. Осы кен орнына газды жағаға тасымалдау үшін ашық теңіз жағдайында магистралды газ құбырын құру қажеттілігі болды. Газ өндіру аумағының жағадан алыс орналасуы құбырларды құрудың жаңа технология бойынша ұзын километрлі құбырларды жалғау, оларды коррозиядан оқшаулау, транспортты понтондармен қамту сияқты жұмыстар жағадағы монтажды-пісіру алаңында орындалады. ЖАқсы ауа-райы кезінде километрлік құбырларды монтажды алаңнан теңізге лақтырып, жүзуі арқылы құру алаңына тасымалдап, онда понтондармен бірге трасса бойымен батырады.( еркін батыру әдісі). Құбырлардың жеке өрімдерін 40-тонналы кранды кемемен жалғайды.

Өрімдерді жүзбелі түрде тасымалдау үшін « Гипроморнефтегаз» институты құбырдан понтондарды автоматты түрде ажырату үшін құлыпты құрылысы бар арнайы понтондар өндірді.

Қазіргі кезде аталған технологиялар бойынша теңіз тереңдігі 30м-ге дейін диаметрі 500 мм-ге дейін су асты құбырлар еркін батыру әдісі бойынша оларды 50-60 км-ге дейінгі арақашықтықта теңіздің екі балға дейін толқуында қондыруға болады.
Құбыр жүйелерінің классификациясы