ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 357

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. асцит және жедел колит

  2. қуыс мүшелердің перфорациясы

  3. жедел ішектің өткізгішсіздігі

  4. іш қуысының абсцессі

  5. созылмалы колит




  1. Науқас 37 жаста. Шағымы: оң жақ қолтық асты ауырсынуына, иық буынын қозғаған кезде ауырсыну күшейеді. Үшінші тәуліктен бері сырқатпын деп санайды. Қарағанда: оң жақ қолтық аймағында теріден аздап шығып тұрған, жеңіл гиперемияланған диаметрі 0,8-1,2 см болатын шектелген, 3 тығыз инфильтрат анықталды. Алғашқы диагнозды қойыңыз:

  1. қолтық асты аймағының фурункулезі

  2. қолтық асты аймағының атеромасы

  3. қолтық асты аймағының карбункулы

  4. оң жақты гидраденит

  5. тілменің қабыну




  1. Науқас 20 жаста. Шағымы: сол жақ жамбас аймағындағы көлемді (көлемі 15*10 см) түзіліске шағымданады. 4 жыл бұрын пайда болған және уақыт өте келе ұлғайған. Пальпациялағанда: жұмсақ консистенциялы, ауырсынусыз, айқын шекаралы, шектелген, қозғалғыш және терімен жабыспаған. Ықтимал диагнозды көрсертіңіз:

  1. фиброма малигнизациясы

  2. сол жақ жамбас аймағындағы рагі

  3. сол жақ жамбас аймағындағы липома

  4. сол жақ жамбас аймағындағы фибромасы

  5. сол жақ жамбас аймағындағы саркомасы




  1. Жалпы тәжірибелік дәрігерге температурасы 38°С, қалтырауға, айқын бас ауруына шағымданған науқас келді. Қарағанда: желке аймағында тығыз, ауырсынатын көкшіл-қызыл инфильтрат, теріде бірнеше ірің бөлінетін жыланкөз саңылауы анықталды. Диагнозды қойыңыз:

  1. абсцесс

  2. фурункул

  3. карбункул

  4. флегмона

  5. гидраденит




  1. Жалпы тәжірибелік дәрігерге науқас оң қолының үшінші саусағының дисталды фалангасы ұзақ уақыт бойы “бұрғылау” (сверлящего) сипаттағы ауырсыну мен дене температурасының 39°С дейін көтерілуіне, басының ауруы және жалпы мазасыздыққа шағымданып келді. Қарағанда: фаланганың колба тәріздес қалыңдаған, терісі гиперемияланған. Саусақ осіне қысым түсіргенде жедел ауырсынады. Ауру ұзақтығы 14 күн. Алғашқы диагнозды көрсетіңіз:

  1. тендовагинит

  2. тері астылық панариций

  3. сүйектік панариций

  4. терілік панариции

  5. паранихий




  1. Науқас емханаға іш терісіндегі түзіліске шағымданып келді. Анамнезінде: науқастың айтуы бойынша, іш қабырғасының терісінде ұзақ уақыттан бері “қалды дақ” болған. Соңғы айларда оның өлшемі ұлғайып түсі өзгере бастаған. Локальды статусы: алдыңғы іш қабырғасының терісінде тығыз эластикалы консистенциялы, шекарасы тегіс емес ірі өзекшелер анықталды. Өзекше беті кедір бұдыр. Түсі қоңырдан қараға дейін. Болжам диагнозды көрсетіңіз:


  1. невус

  2. кератома

  3. атерома

  4. меланома

  5. базелеома




  1. Науқас 28 жаста, етеккір алдында ісінетін, сол жақ қолтық асты аймағында (бірнеше жыл ішінде) ісік тәрізді түзілістің пайда болуына шағымданады. Мөлшері ұлғаяды, ауырады. Тексеру кезінде: диаметрі 4 см-ге дейін, жұмсақ серпімді консистенциясы, бөлііктік құрылымы бар. Сіздің диагнозыңыз?

  1. баяу өсіп келе жатқан ісіктің жалғыз метастазы

  2. қолтық аймағының липомасы

  3. қолтық аймағының фибромасы

  4. қосымша сүт безі

  5. гидроденит




  1. Жалпы тәжірибелік дәрігерге науқас іш қату, дәретке отырудан қорқу сезімі, ауырсыну, дефакациядан кейінгі аз мөлшерде қанды бөлініске (алқызыл түсті) шағымданды. Болжам диагноз қойыңыз:

  1. геморрой

  2. аналь арнасының сызаты

  3. параректальды жыланкөз

  4. аналь сфинктрының жеткіліксіздігі

  5. тік ішек рагы




  1. Емханаға 3 айлық баласының бетінде күрең түсті ісік тәріздес түйінге шағымданған әйел адам келді. Қараған кезде: тегіс, шектелген, күрең түсті түзіліс. Болжам диагнозды атаңыз

  1. ангиома

  2. базелиома

  3. меланома

  4. гемангиома

  5. кератома



  1. Бауыр эхиноккоккозбен ауыратын 30 жасар науқаста кенеттен ішінің ауырсынуы, перитонеальды белгілер, дене температурасының көтерілуі мен аллергиялық бөртпелер пайда болды. Сіздің диагнозыңыз:

  1. жедел холецистит

  2. кистаның ұлғаюы

  3. кистаның қабынуы

  4. кистаның жарылуы

  5. бауыр абсцессі




  1. Емхана хирургіне 34 жастағы әйел қабылдауға келді. Сол жақ сирағының және санның медиальды бетінде ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну 3 күн бұрын сирағында пайда болған және санына жайылған. Дене қызуы 37,50С-қа көтеріліп, жүруі қиындаған. Қараған кезде сан мен сирақтың тері асты көктамырының гиперемиясын көруге болады, пальпацияда ауырсынады. Табаны мен сирағының ісінуі жоқ. Сіздің диагнозыңыз.

  1. облитерлеуші эндартериит

  2. аяқтың трофикалық жарасы

  3. аяқ көктамырларының тромбофлебитпен асқынған варикозды ауруы

  4. аяқтың көктамырларының варикозды кеңуі, ІІІ дәреже

  5. аяқтың көктамырларының варикозды кеңуі, ІІ дәреже




  1. Жас жігітте оң жақ жоғарғы еріннің айқын, жайылмалы ісінуі анықталады. Еріннің терісі әсіресе оң жағы қызарған және осы жерде ортасында некротикалық ошағы бар инфильтрат орналасқан. Дене қызуы 380С. Науқаста қандай ауруды көруге болады?


  1. атерома

  2. карбункул

  3. флегмона

  4. фурункул

  5. абсцесс




  1. Науқас 28 жаста, оң аяқтың үлкен саусағының ауырсынуына шағымданып келді. Ауырсыну жүрген кезде, аяқ қиім киген кезде күшейеді. Қараған кезде: оң аяқтың үлкен саусағы аймағында қабыну белгілері, пальпацияда ауырсыну, тырнақ пластинкасының деформациясы, тырнағы саусақ терісіне терең ене өскен. Алғашқы диагнозды анықтаңыз

  1. онихокриптоз

  2. тері асты панариций

  3. тырнақ асты панариций

  4. пандактилит

  5. паронихий




  1. Жалпы тәжірибелік дәрігерге әйел адам сол жақ қолтық асты аймақта сол жақ иық буынында қозғалыс жасаған кезде күшейетін ауырсынуға шағымданып келді. Бес күннен бері сырқат. Сырқатын депиляция жасаумен байланыстырады. Қолтық асты аймағын қарау кезінде диаметрі 2-3 см тығыз аз ғана тері бетіне шығып тұратын, жеңіл гиперемияланған инфильтрат анықталды. Ең ықтимал диагнозды анықтаңыз

  1. тілме тәрізді қабыну

  2. сол жақты гидраденит

  3. қолтық асты аймағының фурункулезі

  4. қолтық асты аймағының атеромасы

  5. қолтық асты аймағының карбункулы




  1. Жалпы тәжірибелік дәрігерге 50 жастағы әйел мойынның артқы аймағында жұмсақ түзілістің пайда болуына шағымданып келді. Пальпацияда түзіліс ауырсынбайды, мөлшері 2х2 см, қозғалмалы, қабыну белгілері анықталмайды. Алғашқы диагнозды көрсетіңіз

  1. атерома

  2. липома

  3. флегмона

  4. карбункул

  5. фурункул




  1. Науқас амбулаториялық хирургқа дене температурасының 37,5-38° C-қа дейін көтерілуіне, дефекация кезінде күшейетін аралықтағы ауырсыну, нәжісте кейде қан, шырыш, іріңнің болуына шағымданды. Жергілікті статус: анустың оң жақ аймағында 8x6x5 см ауырсынатын инфильтрат анықталады, оның үстіндегі тері өзгермейді, флюктуация жоқ. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

  1. жедел геморрой

  2. созылмалы геморрой

  3. жедел проктит

  4. жедел парапроктит

  5. анус сызаты




  1. Поликлиникаға 55 жастағы науқас қаралды. Сүт безінің емізікше маңы терісінде шекарасы шектелген экзема тәріздес түзіліс бар. Беті ылғалды, қабыршақтану байқалады, кей жерлерде эрозия мен қыртыстар бар, қышиды. Емізікше ішке қарай тартылған. Алғашқы диагнозды рәсімдеңіз:

  1. Педжет рагі

  2. созылмалы қабыну үрдісі

  3. этиологиясы кокты экзема

  4. базелеома

  5. жараның қабынуы





  1. Науқас 46 жаста, дефекациядан кейін жағымсыз сезім және қышу мазалайды, ал аналь тесігі аймағында нәжіс аралас ал қызыл түсті қан белгілері анықталады. Обьективті зерттеу барысында күшену барысында Хилтон сызығынан төмен, 7- сағат проекциясында ұзарыңқы пішінді ісік тәрізді түзіліс анықталады. Алғашқы диангозды рәсімдеңіз:

  1. тік ішек рагі

  2. тік ішек полипі

  3. тік ішектің төмен түсуі

  4. созылмалы геморрой

  5. тік ішек сызатының қансырауы




  1. Амбулаторлы хиругқа оң жақ иығы аймағында қабыну процесі бар науқас келді. Анамнезінде жарақат алған. Диагноз қойылды: флегмона. Ашып қарау кезінде қуыс қанға толы, қатты қан кету орын алды, қанды тоқтату тек зақымдану аймағынан жоғары жерге жгут салу арқылы ғана мүмкін болды. Дұрыс диагнозды көрсетіңіз:

  1. оң жақ иықтың гематомасы

  2. қол аймағының флегмонасы

  3. постравматикалық артерия аневризмасы

  4. остеогенді емес фиброма

  5. иық аймағының гемангиомасы




  1. Науқас 70 жаста, калькулезды холецистит, қант диабетімен және күш тусу стенокардиясымен сырқаттанады. Соңғы айда оң жақ қабырға аймағына ауырсыну жие мазалайды. Осы науқасқа тән жүргізу тактикасын көрсетіңіз?

  1. жоспарлы хирургиялық ем

  2. диспансерлік бақылау, диетотерапия

  3. санаторлы – курорттық ем

  4. қант диабеті мен стенокардия емі

  5. жедел лапаротомия




  1. Егер аспаптық зерттеу әдістерін жүргізу мүмкін болмаса, беткей көктамырдың қақпақшаларының жетімсіздігін анықтау үшін қай сынаманы қолданасыз?

  1. Троянова-Тренделенбурга

  2. Шейнистің үш жгуты

  3. Гольдфлама сынамасы

  4. Пратта сынамасы

  5. Дельбе-Пертес маршы



  1. Сол жақ сирақ аймағында варикозды кеңейген көк тамырдан қан кеткен жағдайда амбулаторлы хирургтың тактикасын таңдаңыз?

  1. викасолды бұлшықет ішіне енгізу

  2. сан артериясын басыңыз

  3. аяқ-қолдарға жоғары позиция беру

  4. қан кететін жерге қысып таңғыш салып, ауруханаға жіберу

  5. донорлық қанды көктамыр ішіне құю




  1. Аппендэктомия операциясынан кейінгі 12-ші тәулікте науқаста жамбас аймағында ауырсыну пайда болды, дене қызуы көтеріліп, тенезм және зәр шығару бұзылыстары мазалады, лейкоцитоз (12*109/л) дейін жоғарылады. Емханалық хирург Дуглас кеңістігіндегі абсцесске күдіктенді. Диагнозды нақтылау үшін зерттеу әдісін таңдаңыз:


  1. колоноскопия

  2. сигмоидоскопиямен

  3. ирригографиямен

  4. тік ішекті саусақпен қарау

  5. іш қуысының шолу рентгенографиясы




  1. Жасы 23 шамасындағы әйелде эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болды. 4 сағаттан кейін ауырсыну күшейіп, оң жақ мықын аймаңына тарады. Науқас жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауына келді. Тексеру кезінде: пульс - 86 рет минутына, қан қысымы -120/80 мм с.б.б. Тілі құрғақ, іші кеппеген, оң жақ іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық етінің аздап тітіркенуі анықталады. Перитонеальды тітіркенудің белгілері жоқ. Қандағы лейкоциттер - 10х109/л. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз:

  1. науқасқа гинеколог кеңесін ұсыну

  2. үйде динамикалық бақылау

  3. іш қуысының ультрадыбысын жасау

  4. хирургиялық стационарға жіберу

  5. толық тексеру жүргізіге жолдама жасау




  1. Емхана жағдайында "жедел ішек өтімсіздігі" диагнозын қою үшін зерттеудің шешуші әдісін тағайыңдаңыз:

  1. гастроскопия

  2. қанның жалпы талдауы

  3. іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы

  4. Барийдің ішекте жинақталуын зерттеу

  5. тік ішекті саусақпен зерттеу




  1. 19- жасар ер адамда статикалық жүктемеден кейін бұрын пайда болған шап жарығы қайта шықты және орнына келтірілмей қалды. Науқас бірнеше рет жарықты орнына келтіргісі келді, бірақ әрекеті сәтсіз болды. Содан кейін жалпы тәжірибелік дәрігердің қарауына келді. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз:

  1. спазмолитиктер енгізу

  2. қатаң төсектік режим тағайындау

  3. науқасты хирургиялық стационарға жолдау

  4. 1 сағаттан кейін жарықты орыныа салып көру

  5. іш қуысының шолу рентгенографиясын жасау




  1. ''Жедел аппендицит'' диагнозы белгіленген науқас госпитализациядан бас тартқан жағдайда амбулаторлы дәрігер тактикасы:

  1. телефонмен бақылау

  2. медициналық құжат түрінде бас тартуды жаздыртып алу

  3. консервативті емі жайлы ұсыныс беру

  4. учаскелік дәрігер бақыылауы бойынша үйіне жіберу

  5. атқарушы органдар көмегімен госпитализациялау




  1. Науқаста қысылған жарығының қайта орнына келуінде емханалық хирург әрекетін таңдаңыз: