Файл: Смело алып шыасы прям осыны жаттаса апелляция барлыы бар осыда.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 198
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Болжанған қай диагноз болуы мүмкін? абстинентті синдром
29 Ұл балада ерте жаста ерте даму байқалған ( әскери тақырыпта қызығушылық танытқан), жеке болуға тырысқан. Әкесі қаңғыруға бейім; отбасынан бірнеше жыл бұрын кетіп қалған. 14 жасынан бастап бала қаңғыра бастаған, мектепке барудан бас тартқан, анасына себепсіз ашу-ыза танытқан. Анасы дайындаған тамақтан бас тартады, тамақты өзі аулада отқа пісіреді; анасы оны «уландыратынына» сенімді. Жануарларға қатігездік танытып, гигиеналық дағдыларды сақтамайды
Төменде көрсетілгендердің қайсысы алдын-ала болжам диагнозына сәйкес келеді шизофрения
30 Төменде көрсетілген психотропты препараттардың қайсы тобы жедел үрей жағдайын басу үшін ЕҢ ЫҚТИМАЛ? транквилизаторлар
31 29 жастағы ер адам, шизофрениямен зардап шегеді, галоперидол қабылдағаннан кейін үрей, қозу, мойын және бет бұлшықеттерінің тырысуы, сөйлеудің қиындауы, саливация байқалды.
Жағымсыз әсерді басу үшін төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ ЫҚТИМАЛ циклодол
32 Эпилепсиямен ауыратын науқаста дисфория жағдайында төменде көрсетілген препараттардың қайсы ЕҢ ЫҚТИМАЛ қолданылады? тизерцин
33 27 жастағы ер адам, делириозды сананың күңгірттену жағдайында, қорқынышты галлюцинаторлы кейіптерден қорғанып екінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен, екі аяғынан жарақат алды.
Төменде көрсетілген қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ жағдай науқастың травма алуына әкелді? бақытсыз жағдай
34 30 жастағы ер адам,шизофрениямен зардап шегеді,стационардан шыққаннан кейін ішімдікке салынып кеткені соншалық туыстарымен жиі ұрысқа алып келетін. Осындай бір ұрыс кезінде ішімдікке ақша талап етті, ол қозып, туыстарына агрессивтілік көрсетті.
Бұл жағдай қозудың қандай клиникалық типіне ЕҢ ЫҚТИМАЛ? психопат тәрізді
35 36 жастағы палатада жатқан ер адам кенеттен басын қабырғаға ұра бастады. Медициналық персоналдың айтуы бойынша кеше кешке науқас ыңғайсыз қалыпта, стеротипті шайқатылып, керуетте отырып басына жамылғышты орап алып жатқан. Қарым –қатынасқа түспеген.
Бұл жағдай қозудың қандай клиникалық типіне ЕҢ ЫҚТИМАЛ? кататониялық
36 Ер адам, 26 жас, өт-тас ауруы бойынша стационарда ем алып жатыр,бір күн іщінде емдеуші дәрігерге қайта- қайта келіп емің дұрыстауын сұрады,ол басының ауратынын айтуды ұмытып кеткенін айтты, жүрек-қантамыр жүйесінде ақау бар екеніне күмәнданады, «ішінде сағат тықылы» естіледі.
Бұл жағдайда ауруға жауап ретінде қандай тұлғалық тип ЕҢ ЫҚТИМАЛ?
Ипохондриялық
37 19 жастағы боз бала, бүйректің созылмалы қабыну ауруымен зардап шегеді. Дәрігердің кеңесіне қарамастан, жеңіл киінеді, осыған байланысты жиі суық тиеді. Күзде және қыста жиі сыртта жүріп қалады, айналасындағыларға «мен жаспын және менің организмім мықты, суыққа қарсы тұрады» - деп, айтады.
Осы жағдайда төменде келтірілгендердің ішіндегі ауруға қарсы тұлғалық реакцияның қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал? эйфориялық
38 50 жастағы әйел, көп уақыттан бері ауыр соматикалық аурумен ауырады. Соматикалық аурудың өршуі кезінде: орындағы, уақыттағы, жеке өзіндегі дезориентирлену көріністері байқалды. Кейде өзінен-өзі айқайлайды немесе жеке сөздерді немесе қысқа тізбекті бірнеше рет қайталайды. Бейнесі тым абыржыған, кейде бет-әлпеті кернеу көрінеді, қолындағы заттарды алмастырады. Соңғы уақытта төсектегі тәртіпсіз қозғалыстық қозулар байқалады.
Төмендегі психикалық бұзылыстардың қайсысы ЕҢ ЫҚТИМАЛ? аменция
39 36 жастағы ер адам, инфекционды делирийді басынан өткізген. Аурудың өршуі кезінде медициналық қызметкерлердің транзисторлы қабылдағыш әкеліп беруін «көргенін» айтады. Психоз белгілері 3 күннен соң өтті, бірақ қабылдағышты әкелгеніне сенімді. Мед.қызметкермен қайтаруын талап етіп, ұрысты.
Төмендегі психикалық бұзылыстардың қайсысы ЕҢ ЫҚТИМАЛ? резидуальді сандырақ
40 13 жастағы жасөспірім, бронхиальді демікпемен ауырады, атропин-тәрізді препараттарды қолданады. Мазасыздық пайда болды, еденнен және сұр-көгілдіртүстегі түсқағаздан және әрқашан өзгеретін елесті сурет көрген. Бір уақытта, бейнелерге сәйкес музыка естілетін. Уақыт өте, диван астынан жирен-сары құмырсқалардың шығатынын, еденді толтырып, бөлменің қабырғасына өрлеп шығуын көрген. Орналасу, уақыт бойынша бағдары дезориентирленген.
Төмендегі психикалық бұзылыстардың қайсысы ЕҢ ЫҚТИМАЛ? делириозды
41 Немқұрайдылық пен әрекетсіздік төменде аталған синдромдардың қайсысына АСА ТӘН? апато-абулиялық
42 Төменде аталғандардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы психогенді бұзылыстарға жатады импульсивті қозу
43 42 жасар ер адамда, иісті газбен уланғаннан кейін, есте сақтау бұзылысы бақыланды. Естен шыққан сәттерді науқас ойдан құрастырылған естеліктермен толықтырады, шын мәнінде болмаған оқиғаларды “есіне алады”. Сонымен қатар, әңгімелесу кезінде, шын мәнінде болған, бірақ бұрмаланған, уақыты немесе орны бойынша дұрыс құрастырылмаған оқиғалар жөнінде айтады. Аталған бұзылыс полинейропатиямен бірге өтіп жатыр.
Төменде аталған синдромдардан қайсысы болуы мүмкін? Корсаков
44 Әңгімелесу кезінде науқастың бір ойынан екіншісіне ауысуы қиын. Науқас шағымдарын айта отырып, маңыздысын ажырата алмайды, детальдарда тұрып қалады, негізгі тақырыптан алшақ кетеді.
Төменде аталған ойлау бұзылыстарының қайсысы болуы мүмкін? байымдылық
45 28 жастағы науқас, утверждает, что “өзге ғаламдық ұйым” оның ойларын басқаратынына сенімді, олар басының ішінде пульсация “туындатады”, белгілі бір әрекеттер жасауға “мәжбүрлейді”.
Төменде аталған синдромдардан қайсысы болуы мүмкін? психикалық автоматизм
46 57 жастағы ер адам үреймен бірге жүретін көңіл-күйінің төмендеуіне, ойлаудың тежелуіне, қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне шағымданады. Периодты түлде қозғалыстың қозу жағдайы байқалады. Осы кезде науқас тынышсызданады, ыңырсып, қатты уайымдап, қайғырады, суицидальді әрекеттерге бейім.
Аталған болжам диагноздың қайсысы болуы мүмкін инволюциялық меланхолия
47 55 жастағы ер адам көңіл-күйдің төмендеуіне, ұйқысының болмауына шағымданады. Оның орнына үй шаруасымен айналысады. Науқаста тоқтаусыз сөйлеу, пессимистикалық қарым-қатынас анықталады. Көршілерімен соттық дау-дамай шығарады. Үй шаруасымен айналысу әрекеті, үй шаруасымен оның өзінен басқа ешкім айналыспайтындығымен түсідіріледі.
Аталған болжам диагноздың қайсысы болуы мүмкін?
невротикалық депрессия
48 35 жастағы әйелде, психикалық жарақат нәтижесінде депрессивті күй дамыды. Төмен көңіл-күй фонында қоршаған орта өзгерген, жасанды, бөтен тәрізді қабылданады.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? дереализация
49 Төменде көрсетілген препараттардың барлығы эпилепсиялық статусты басуға қолданады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: аминазинді көк тамырға енгізу
50 17 жастағы жасөспірімге бүкіл денесі үлкейіп бара жатқандай, басы шар тәрізді дөңгеленіп, үрленіп, дәп қазір жарылатындай болады. Осы сезімдерін көзбен көріп тексергенде өз денесінде ешқандай-да өзгерістің болмағанына көзі жетеді.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін? дене схемасының бұзылуы
51 Төменде аталған бұзылыстардан П.Б. Ганнушкин психопатия критериясына қайсысын жатқызған? әлеуметтік дезадаптация
52 17 жасар балада тырысулық ұстама дамыды. Ұстамалар бірінің соңынан бірі жалғасқан, олардың арасындағы үзілістер ұзақтығы әртүрлі. Ұстамалар арасындағы кезеңде науқас санасына келмеген.
Төменде аталғандардан қандай психикалық бұзылыс сәйкес? эпилепсиялық статус
53 15 жасар жасөспірім мақал-мәтелдерді тікелей мағынасында түсініп, астарын ұқпайды. Ойлауы қарапйымдылығымен, нақтылықпен сипатталады.
Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін? ақыл аздығы (олигофрениялық)
54 Рибо заңы бойынша жады бұзылысының қандай формасы дамиды? үдемелі амнезия
55 Ауыр жұқпалы аурумен науқастанған 40 жасар науқаста, интоксикация нәтижесінде, кеңістік пен уақыт бойынша бағдарлау бұзылды. Кешкі уақытқа қарай үрей, мазасыздық күшейе түседі, науқастың жүріс-тұрысына әсер ететін сахна тәрізді галлюцинациялар ағыны бақыланады. Ұйықтамайды, мазасыз, медициналық персоналдың үнемі бақылауын қажет етеді. Күндізгі уақытта жүріс-тұрысы түзеледі, бірақ кешке қарай қайтадан мазасызданады.
Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін? делириозды синдром
56 30 жастағы науқас, қандай-да бір халықаралық ұйым «оны әртүрлі әрекеттер жасауға мәжбүрлейтінін, өз ойларын оның басына салатынын, үнемі аңдып, оны басқаратынын» сеніммен айтады
Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін? психикалық автоматизм
57 23 жастағы науқас әйел қоршаған ортаның бөтенденуі, өзгеруі, шынайылығын жоғалту сезіміне шағымданады.
Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін? дереализация
58 18 жасар боз бала өз бетінің “ұсқынсыздығына” шағымданады. Мұрынының, құлақтарының “ақауын” түзету мақсатында косметикалық операция жасауды талап етеді. Көндіруге келмейді. Көмек көрсетілмесе өзіне қол жұмсаймын деп қорқытады.
Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін? дисморфомания
59 75 жастағы әйелде, сезімдер сферасындағы лабильділікпен көрініс беретін эмоциональды әлсіздік. Оның күйі болмашы себептен пайда болатын көңіл-күйдің тербелістерімен сипатталады. Аса жасаурағыштық, ал көңіл-күйі жоғарылағанда – сентиментальдылық бақыланады.
Аталған болжам диагноздардың ішінен қайсысы нақтырақ? церебральды атеросклероз
60 Шизофренияға қандай сана бұзылысы аса тән? онейроидты синдром
151 32 жастағы ер адам, инфекциялық ауруды басынан өткiзген соң, келесi шағымдар мазалайды: "Менiң әрдайым басым ауырады, басыма ыстық құйылғандай, iшiнде сiреңкемен өртеп жатқандай, iшiнде басып, жаншып жатқандай сеземiн. Аяқ-қолдарым мақта тәрiздi, үрiлген. ұйқым нашар, ұзақ уақыт ұйықтай алмаймын, таңертен басым бос қалғандай сезiм болады. Жұмыста түске дейiн әйтеуiр жұмыс жасай аламын, одан кейiн дым iстей алмайтындай қатты шаршаймын.Ашушаң болып кеттiм". Төмендегi психикалық бұзылыстардың қайсысы Ең ЫҚТИМАЛ? астено-сенестопатиялық+
152 23 жастағы ер адам, қандай да бiр аурумен аурып қаламын деген қорқыныш сезiмiн айтады, сонымен қатар өзiнiң ойларының негiзсiз екенiн түсiнедi, бiрақ олардан арыла алмайды. Төмендегi келтiрiлген қай симптом Ең ЫқТИМАЛ? жабысқақ ойлар
15357 жастағы ер адам, стенокардиямен зардап шегедi, өз денсаулығы үшiн үрейленедi. "Жүрегiм тоқтап қалуы мүмкiн" деген зорлық қорқыныш қатты мазалайды. Сонымен қатар өзiнiң уайымының негiзсiз екендiгiн, дұрыс еместiгiн түсiнедi, бiрақ оны өзiнiң еркiмен қадағалай алмайды. Төмендегi көрсетiлген синдромдардың қайсысы Ең ЫҚТИМАЛ? обсессивтi-фобиялық
154 Ер адам 43 жаста.Ауруханаға жүрек тұсындағы ауру сезiмiне ,жүрек қағу ұстамасы. Жүрек тұсындағы ауру сезiмiне байланысты,өзiн физикалық жүктемеден алшаң ұстады.Терапевт,кардиолог,невропотологға бiрнеше рет көрiндi, ешқандай патология анықталмады.Жұмысын үйiне жақын жерге ауыстырды.үйiнен әйелiнiң қарауымен шығады. Төмендегi психикалық бұзылыстардың қайсысы Ең ЫҚТИМАЛ? соматоформды бұзылыс
155Төмендегi психопотологиялық синдромдардың қайсысы эндокриндi ауруларда пайда болуы ең ықтимал психоорганикалық