ВУЗ: Казахская Национальная Академия Искусств им. Т. Жургенова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2019
Просмотров: 16993
Скачиваний: 34
Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Түркі руналық жазушыларында Кангю-тарбанд деген кенттің (қаланың) аты бар.
Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарьяның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады.
Біздің заманымыздаң бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы. Олардың саны 600 мың, немесе 120 мың үй болған.
Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан.
Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы.
Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің қолында болған.
Шаруашылығы.
Қаңлылардың негізгі кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы болды. Оларда тәлімі және көлдетіп суару егіншілік жақсы дамыды. Олар дәнді дақылдар еккен және огород өсурумен де айналасқан.
Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке, арқар, киік аулады. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық аулау құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелер шықты.
Ет, балық және өсімдік өнімдерімен жабайы өсетін алма, алмұрт, өрік, тау жуасы, сарымсақ т.б. пайданылды.
Қаңлылар қоғамында әр түрлі кәсіптер,қол өнер, сауда және ақша айналысы дамыды.
Олардың қоныстарында ондаған тұрғын үй мен қора – қопсылар болды. Қоныстарда тұрғын үйлерде болсын, қора-қопсыларда болсын дән, астық сақтайтын ұра, еденді сылайтын балшыққа, шикі кірпішке қосылған сабан, толып жатқан дәнүккіштер, астық, бақша дақылдарын сақтайтын қыш кеспектер табылды. Жерді тас кетпендермен өңдеген, сүйектен жасалған егіншілік құралдары да пайданылған.
Қаңлылардың діні.
Қаңлылар табиғат күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Әр жылдың маусым айында барлық тайпалар жиналып, ата-бабаларына шектік беріп отырған. Олардың бір бөлігі будды дінін қабылдады. Көп құдайға табынушылық болды. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған.
Қаңлы тайпалық бірлестігі б.з.б. I ғасырдың ортасында ыдырады.
Сонымен қаңлы тайпаларында сонау ерте кезден бастап мемлекеттік дәрежесіне дейін көтерілген тайпа бірлестіктері болды деп айтуға болады.
19. Ұлы Жібек жолының Қазақстан тарихындағы рөлі
Адамдар өте ерте кезден-ақ бір-бірімен сауда жасасқан. Бұл сауда орындарының – базардың, жәрмеңкенің, сонымен қатар ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-біріне жалғаған сауда жолдарының пайда болуына себепші болды. Жолдар бір-біріне қосылып, батысқа, шығысқа, оңтүстікке, солтүстікке қарай көршілес жатқан жерлердің бірінен соң біріне жылжи отырып созыла берді. Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы пайда болды. Чжан Цянбның жасаған саяхаты нәтижесінде б. з. б. 2 ғасырда ашылды.
Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Египет пен Вавилонда, Иранда өте қымбат бағаланатын, әдемі көк тас лазурит тасымалданған — «лазурит жолы» деп аталған. Екінші тармағы – Қытайдағы императорлар мен ақсүйектердің сүйікті заты болған әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит тасын тасымалдайтын — «нефрит жолы» болған. Ал үшінші «бұлғын жолымен» қымбат бағалы терілер тасылған. Ғалымдардың анықтағананындай бұл б. з. б. II ғасырда болған.
Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен.
Бас сауда жолы Тянь-Шань тауларының бөктерімен жүріп, Сырдария, Талас, Шу, Іле алқабын кесіп өтіп, Қытайға қарай созылып жатты. Оның тармақтары бұрын Яксарт, кейінірек Сейхун деп аталған Сырдария жағасымен Аралды бойлап Жайық өзеніне, ары қарай Қара теңіз жағалауына, Византияға, Батыс Еуропаға өтті.
Басты жолдан Орталық Қазақстан даласымен Сарыарқаға, Ертіске, Алтай мен Моңғолияға апарар жолдар тарамдалып жатты. Жолдың бойында Испиджаб, Тараз, Құлан, Аспара, Алматы, Талхир, Қаялық, Усбаникет, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Янгикент, Сарайшық қалалары бой көтерді.
«Ұлы Жібек жолы» деген атау тек 1877 жылы пайда болды. Оны неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен қалыптастырды.
Сол кездегі сауданың басты тауары Қытайда өндірілетін жібек болған. Сондықтан жол «Жібек жолы» деп аталған. Жібекпен бірге Шығыстан Батысқа, Батыстан Шығысқа – Римде, Францияда, Византияда, Русьте, Иран мен Араб халифатында, Ерте түркі қағанаттарында, Қытай, Корей, Жапонияда өндірілген көптеген тауарлар ағылды
Мұндай экзотикалық тауарлардың тізімі өте үлкен. Олар: хош иісті заттар – жасмин (ақгүл, ақтамақгүл) суы мен асбра иіс майлары, кардамон астатымы, мускат жаңғақтары; женьшень мен дәрі-дәрмектер; кілемдер мен кенептер, бояулар мен минералдық шикізаттар; алмас, яшма, янтарь мен теңіз маржандары; морж сүйегі мен азу тістері, алтын мен күмістер; қымбат терілер мен теңгелер; садақ-жебелер, қылыш пен найзалар және бұдан басқа көптеген заттар.
Қазақстандық археологтар ортағасырлық қалаларға қазба жұмыстарын жүргізу барысында тауып алған металл ақшалар алыстағы Қытай мен Византияда, Иран мен Үндістанда соғылған. Сонымен қатар, сол елдерден керуендер арқылы жеткізілген басқа заттарды да кездестірді.
Ежелгі Талхир қаласына жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде Иранда жасалған қола табақ пен қытай фарфоры, жапонның фаянс ыдыстарының сынықтары аршылып алынды.
Осы ирандық ыдыстар Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұражайдағы экзпозицияға қойылған.
Жібек жолын зерттеудің әрі маңызды, әрі сирек олжасы – Отырардан табылған күміс ақша мен заттар көмбесі. Көмбедегі тиындардың жиыны таңғаларлық. Ол жерде Шығыс Түркістан қалалары – Алмалық, Пулад, Эмиль (Еміл), Орда әл-Азамның; еуропалық Қырымның; малайзиялық Сива, Кони, Тебриздің; қазақстандық Жент қалаларының ақшалары жинақталған. Ақшалардың соғылған уақыты XIII ғасырдың 40–60 жылдары. Заттардың ішінен, әсіресе, күмістен жасалған ұйғыр жазуы бар құрама белдік жапсырмалар, ортаазиялық бұрама білезіктер, поволжиялық өрме білезіктер, Кіші Азия қалалары шеберханаларының бірінде жасалған белдік айылбастар – теңдесі жоқ жәдігерлер. Көмбе Моңғол империясы кезіндегі Жібек жолы бойында орналасқан қалалардың айғағындай. Сонымен қатар, Жібек жолы арқылы жан-жаққа діни ой-пікірлер де таратылды. Миссионерлер (басқа діндегілер арасына өз дінін, әдет-ғұрпын уағыздайтын, насихаттайтын адам) өз діндерін алыс елдерге алып барды. Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Қытайға, Кореяға, Жапонияға буддизм келді. Вавилоннан Иран мен Закавказье арқылы иудей діні тарады.
3–6 ғасырларда Ұлы Жібек жолымен көбіне «қажылар жолы» ретінде пайдаланылды, бұл жол арқылы будда монахтары Қытайдан Үндістанға, Үндістаннан Қытайға сапар шекті. 7–10 ғасырларда Ұлы Жібек жолының халықаралық маңызы арта түсті – Қытай Византиямен және арабтармен байланыс орнатты. 15 ғасырдан теңіз байланысының дамуына байланысты Ұлы Жібек жолы маңызын жоя бастады. Ұлы Жібек жолының ұзындығы 7 км-ден асты.
Жібек жолы буддизммен қоса Батыстан Шығысқа қарай христиан және ислам діндерінің кең өріс алуына себепкер болды.
Жібек жолы – әлемдік өркениеттің Азиядан Еуропаға шексіз дала, асқар тау арқылы жол салған жарқын көрінісі.
.
Шахристан – қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы.
Рабад – қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі.
Цитадель – қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер.
Жібек жолының пайда болуы.
Жібек жолымен ең алғашқы сауда байланысы б. з. б. III-II ғасырларда жасалған. Бұл сауда жолының Жібек жолы
атануында үлкен мән бар. Себебі алғашқы негізгі тауары жібек (Қытай) болған. Сонымен қатар VII ғасырда будда
ламасы Сюань-Цзянь Ыстықкөл маңындағы Түрік қағанатының Суяб қаласына келеді. Түрік қағанының оған
жібекті сыйға бергені айтылады.
Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты
байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі.
Ұзындығы — 7 мың шақырымнан астам. Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтеді.
Қазақстандағы Жібек жолы.
Б. з. б. II ғасырда Ұлы Жібек жолының сауда дипломатиялық басты жолы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жолы
Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының тармақтары V-VII ғасырларда
Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жерлерін қамтыған. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самарқан,
Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш. Весидж, Шауғар т. б. ірі
ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейіннен XIII-XIV ғасырларда Жібек жолының саяси-экономикалық маңызы
артқан.
Жібек жолы бағыты: Хуанхэ өзені – Ұлы Қытай қорғанының батысы – Іле өзені – Ыстықкөл. Бірнеше сауда
жолдары қалыптасып, дамыды.
Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран – Месопатамия – Мысыр – Сирия-Қытай.
Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.
Дала жолы (б. з. б. 1 мыңжылдықтың ортасы).
Жібек жолындағы тауарлар.
Жібек жолының алғашқы негізгі тауары Қытай жібегі болған. Қытай жібегі осы жолмен Батысқа жеткізіліп
тұрған. Кейіннен Батыс пен Шығыстың басқа тауарлары тасылған (күміс, алтын, тұлпар, түйе, бүркіт, қаршыға,
піл сүйегі, жеміс-жидектер, экзотикалық аңдар т. б.). Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған.
Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген.
Жібек жолының маңызы.
Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жалпы, Жібек
жолымен 2000 жылдан астам уақыт бойы сауда керуендері жүрген. Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан
христиан діні таралған. Жібек жолы – сауда жолы ғана емес, көшпелі отырықшы халықтар мәдениетінің даму,
таралу жолы.
20.XIX соңы XX басы Қазақстанда патшалық қоныстандыру саясаты
XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды.
Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең – кезеңімен іске асырды.
Оның алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды.
Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды.
Отарлаудың осы әскери - әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды.
Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі – отарлаушы елдің ішкі қуат көзі – этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды.
Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.
XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бүл усыныс қабылданбады.
1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.
1865 жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б.
Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды:
-
Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде
құру.
- Әлеуметтіқ – экономикалық
жаңалықтар енгізу.
- Алайда Ш.Уәлиханов
усыныстары қабылданбай, комиссия
мүшелері ірі феодалдармен ақылдасып,
мәліметтерді солардан жинады.
1867 жылғы 11 шілдеде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді.
1868 жылы 21 қазан – «Төрғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді.
Реформа
нәтижесі.
1)
Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге
қолайлы жағдайлар қалыптасты.
2)
Феодалдық – патриархалдық қатынасты
әлсіреткен капиталистік құбылыстар
ене бастады.
3) Таптық жіктелу салдарын
жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген
қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы).
4) Отарлық басқару күшейді.
5) Қазақ
жері Россия үкіметінің меншігі болды.
6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру
басталды.
1886 – 1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер.
1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті.
1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды.
Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді.