ВУЗ: Казахская Национальная Академия Искусств им. Т. Жургенова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2019
Просмотров: 16996
Скачиваний: 34
22. XIXғ қазақ ағартушылары. Абай Шоқан Ыбырай
Ресейге
күштеп қосылу нәтижесінде Қазақстанда
өндіргіш күштер мен халық ағарту ісін
ұйымдастыру және басқаруда ілгерілеу
байқалды. Орыс революционер демократтарының
идеалдары Қазақстан ағартушы
демократтарының жанына жақын келді.
Олардың кейбірі (Уәлиханов, Абай,
Алтынсарин) Н.Г.Чернышевскийдің,
Н.А.Добролюбовтың, А.И.Герценнің,
В.Г.Белинскийдің еңбектерімен, ал кейбірі
(Уәлиханов, Абай) авторларымен таныс
болатын.
Қазақ ағартушылығының
негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
(1835-1865) – демократиялық ұлттық
мәдениетіміздің көрнекті өкілі.
Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы,
саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері
Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде
еуропалық білімділік пен Шығыс
халықтарының мәдениеті жайлы терең
түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында
мол да жан-жақты шығармашылық мұра
қалдырды. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық
мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған,
алайда, көптеген шығармаларынан
философиялық пікірлері мен тұжырымдарын
байқауға болады. Ол «Қазақтардағы
шамандықтың қалдығы», «Даладағы
мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)»
деген еңбектерінде философияның негізгі
мәселесіне қатысты пікірлер айтады.
Қазақ
ағарту ісінің көрнекті өкілі,
педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай
Алтынсарин (1841-1889).
Ыбырай дүниетанымы
қалыптасуына халық ауыз әдебиеті,
прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа
ойшылдарының еңбектері өз әсерін
тигізді. Ыбырайдың көптеген өлеңдері
мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің
санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін
мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен»
сияқты өлеңдерінде табиғатты өзінше
тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның
адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі
сезіледі. Екіншіден, Ыбырай дүниені
жаратушы құдай деп біледі. («Жаратқан
мұнша таңсық жаббар құдай!», «Жаратты
неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең
шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың
тұтқасында», т.б. еңбектерінде осы
пікірді қуаттайды). Алтынсариннің
этикалық және эстетикалық көзқарастары
құндылығы және маңызы жағынан ерекше
орын алады. Жастарды инабаттылық пен
адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалары
ерекше орын алады. Еңбекті сүю, үлкенді
құрметтеу, мейірімділік, кішіпейілділік
сияқты қасиеттерді қырда өскен балаларға
әңгіме, мысалдар арқылы жеткізе
білді.
Қазақ ағарту ісінде, қазақ
халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті
тарихында үлкен орын алған ұлы ақын,
ойшыл-демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы
(1845-1904) болды. Оның шығармашылық мұрасы
өлең, поэма, философиялық проза, аудармалар
мен әндерден тұрады. Абай – қазақ
әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін
салушы. Дүниетанымдық мәселеде ол
деизмге жақын. Құдай – өз заңдары бойынша
дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі
деп түсінді. Дінбасыларының насихаттап
жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен
тануды қарсы қойды. Абай Құнанбаев
өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің
тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен
әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге
көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны
біржақты бағалап, бір бояумен көрсету
мүмкін емес. Абай шығармаларындағы
негізгі тақырып моральдық мәселелер
десек, қателеспейміз. Еңбекке, ғылымға
мойын бұрмай, ауыл арасында бос қыдырумен
күнін өткізген пысықсымақтар
жөнінде:
«Осындай сидаң жігіт елде
мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді
олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын
түзеп,
Бар өнері – қу борбай сымпыс
шолақ», -
деп өмірін бос өткізіп жүрген
жастарды қатты сынайды. Әсіресе, пайдасы
үшін арын сатқан, екіжүзді адамдарға
жиіркенішпен қарайды. Жастарды азғырып,
ру тартысы, болыс сайлауының партия
таласына баурап жүрген ауыл
атқамінерлеріне:
«Ары кеткен
алдамыш
Мені-ақ алда, сөкпейін.
Балы
тамған жас қамыс,
Ормасайшы көктейін»,
-
- деп ренішін білдіреді. Жастарға
ғылым таппай мақтанбауды, өсек, өтірік,
мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
сияқты мінездерден аулақ болуды кеңес
етеді. Қоғам өмірін түсінуді Абайдың
көзқарасы, әрине, идеалистік тұрғыда
болды. Абай – ұлы гуманист. Абстрактылы,
утопиялық сарынды гуманист.
Абай
ілімін одан әрі жалғастырған қазақтың
рухани мәдениеті мен менталитетінде
өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі
– Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931). Оның
шығармашылығының негізгі тақырыбы
мораль философиясы мен мәдениет ілімін
қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі
және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол
арнайы оқу орнында оқымаса да араб,
парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен
үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан
дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан:
«Жасымнан
жетік білдім түрік тілін,
Сол тілге
аударылған барлық білім.
Ерінбей
еңбек еттім, еңбек жанды,
Жарқырап
қараңғыда туып күнім.
Оятқан мені
ерте – Шығыс жыры,
Айнадай айқын
болды әлем сыры.
Талпынып орыс тілін
үйренумен,
Надандықтың тазарып кетті
кірі».
Абай сияқты Шәкәрім де қазақ
елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер
қатарына қосамын деп талпынады. Шәкәрімнің
рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік
заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным
ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн,Табиғат
– ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.
Шәкәрімнің
«Үш анық» атты шығармасы негізгі
философиялық шығармалардың бірі болып
табылады. Басқа шығармалары: «Еңлік-Кебек»,
«Қалқаман-Мамыр», «Қодардың өлімі»,
«Нартайлақ-Айсұлу», «Мұтылғанның өмірі»
поэмалары, «Қазақтардың кітабы»
(этнофилософиялық), «Мұсылмандық шарты»,
«Үш анық» философиялық трактаттары,
«Әділ-Мария» көлемді романы, «Түрік,
қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі»,
тарихи шығармасы және т.б.
Ал, енді
Шәкәрімнен кейінгі қазақ философиясын
дамытуда үлкен өзіндік орны бар қазақ
зиялылары: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып
Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров,
Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев,
Мұстафа Шоқай.
23. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңы
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан Тәуелсіздігінің маңызды кезеңі болды.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан халқының тағдырын анықтаушы құжат болды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңның қабылданғанынан бастап елдің тәуелсіз даму жолы басталды.
Оның мазмұнында ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығына басымдық беру, саяси тұрақтылық, билікті бөлісу, ұлтаралық келісім т.б. іргелі демократиялық қағидалар көрініс тапты.
Шынайы егемендікті жариялау елді сыртқы әлемнің мойындауына мүмкіндік берді. Мемлекеттік егемендік туралы декларация мен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституцилық заң мемлекет Конституциясының негізі болды. Олар саяси және әлеуметтік-экономикалық салада тиісті реформалар жүргізу үшін құқықтық база болды.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы дәуір құжаты болып табылады. Аталған заң 1991 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласында қабылданды.
«Қазақстан Республикасы — тәуелсіз мемлекет» деп аталатын оның бірінші тарауында былай жазылған: «1-бап. Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық және құқылық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді. 2-бап. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптері бойынша құрады. 3-бап. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық. 4-бап. Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. 5-бап. Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылады».
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 7 тараудан тұрады.
Міне, осылай 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қазақстан халқының еркiн бiлдiре отырып, Адам құқыларының жалпыға бiрдей Декларациясында, халықаралық құқтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқылары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының өзiн-өзi билеу құқын растай отырып, азаматтық қоғам және құқылық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, бейбітшiлiк сүйгiш сыртқы саясат жүргiзе отырып, ядролық қаруды таратпау принципi мен қарусыздану процесіне адалдығын мәлiмдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялады.
Т.ғ.д., профессор Бүркітбай Аяғанның редакциясымен шыққан «Қазақстанның жаңа тарихы: Кеңес жүйесінің дағдырысы және ыдырауы» кітабынан алынған мақаланы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылыми комитеті Мемлекеттік тарихы институтының Ғылыми кеңесі ұсынған, Алматы, 2012 ж., 1-ші том, 107 б..
24. Қимақ және Оғыз мемлекеттері
Оғыз
Бұл мемлекет Сырдарияның төменгі Арал мен батыс Қазақстанға тоғысатын жерінде орналасқан. Оғыздар құрамына негізінен Арал Каспий далаларының түркіленген халқы кірді, және сонымен қоса Жетісу мен Сібірдің түркі көшпелі тайпалары мен рулары кірген. Оғыздардың негізгі орталығы Жетісуда қалыптасты, бірақ түркі империясының таралуынан кейін, батысқа қозғалу барысында Батыс Қазақстанның көшпелі тұрғындары есебінен толықты. Оғыздардың астанасы Янгикент, Сырдарияның бойындағы қала болды. Оғыздар өз мемлекетін түркі қағанатының қалдықтарында құрды. Олардың қуатының басталуы ІХ ғасырда болды. Олар түркі тайпаларының Арал, Каспийді мекендеген печегнег көшпелі тайпаларын алып соққыға жықты.
Арал бойында печенегтермен оғыздар арасындағы қақтығыстар жүз жылдан астам уақытқа созылды.
Оғыздардың және оның одақтасы Хазар қағанатының ығыстыруымен Еділ бойында және қазақстанның батысындағы печенегтер Қаратеңіз бойына қоныс аударды, сол жерде олар Х ғасырда Киев Русіне және Византияға басып кіруімен бүкіл елді дүр сілкіндірді.
Оғыздардың нақты өрлеуі Х ғасырдың екінші жартысына жатады, яғни 965 жылы олар Киев князі Святославпен Хазар мемлекетін талқандады.
985 жылы Святославтың ұлы Владимир, қазіргі татар-чуваштардың ата бабалары – еділ бұлғарларына қарсы жорықта оғыздардың көмегісіз қимылдай алмады. Бұл оқиға Оғыз мемлекетін Алихан басқарып тұрған уақытқа тап келеді.
Оның ізбасары Шахмелик 1041 жылы Хорезмді жаулап алды, бірақ 2 жылдан соң салжықтар қолынан қаза тапты.
Салжықтармен жүргізілген бірнеше соғыстар мемлекеттің әлсіреуіне әкеп соқты және қыпшақтардың тықсыруымен оғыз мемлекеті құлады. Оғыздардың едәуір бөлігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға кетті. Қалған бөлігі Қарахан билігі астына кірді. Қалғандары түркі тілдес тайпалар арасына қосылды.
М.Қашғаридің айтуына қарағанда олар 24 тайпадан тұрған және 2 топқа: бұзуқ және ұшык бөлінген. Әр топқа 12 тайпа кірген, олар басқа кіші топтарға бөлінген. Мемлекет басшысы – билеуші жабғы болған. Оның өзінің орынбасарлары кюль – еркіндері болған. Билік мұрагерлік болған. Жабғы жанында кеңес құрылған. Әскер қолбасшысы – сюбаши ерекше маңызды роль атқарған.
Мемлекетте басқару аппараты болған. Малға жеке меншік болған, себебі негізгі кәсіп – көшпелі мал шаруашылығы. Көшпелі ақсүйектер қатардағы қауымдастардан алым – салық жинаған. Көшпелі халықпен қатар Оғыз мемлекетінде жартылай көшпелі, отырықшы тұрғындарда болған. Олар Дженд, Сауран, Фараб, Сығанак, Карнак қалаларында қоныстанған. Негізгі кәсібі – егіншілік және қолөнер. Әскери тұтқындар қатарынан құлдар да болған. Алым – салықтың аса көп арттырылуы, халықтың наразылығын тудырып, мемлекетті әлсіретті, көптеген соғыстар, күштірек түркі тайпаларының қысымы – осының бәрі оғыздар мемлекетінің құлауына себеп
болды.
Қарахан қағанаты – жаңа түркі империясы, олардың билеушілері қарлұқтардан шыққан, оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қашғария аумағын мекендеген.
940 жылы түркі тайпалары Қарлұқ қағанатының астанасы Баласағұнды жаулап алып, жаңа Қарахан хандығын құрды. Хандық билеушілері 990 жылы Тараз, Испиджаб қалаларын өздеріне қосып алды. Х ғасырдың аяғына қарай хандық аумағы, Амудария мен Жетісуге дейінгі және шығыста Қашғарияға дейінгі аралықты алып жатты.
Жазба көздеріндегі деректерге қарасақ, қарахан ұрпақтарының шығу тегі бұрынғы Жабғы – Қарлұқтан шыққан.
Бильге Күл Қадыр – қаған екендігі айтылған.
Мемлекетте ең басты рольді екі тайпалық топтар – шігілдер мен яғма, яғни қарлұқ тайпаларының негізін құраған.
Қарахан мемлекетінде билік осы екі топтың ақсүйектері арасында бөлінген. Бұл бөліс қағанаттың – шығыс және батыс бөлігі болып екіге бөлінуіне әкелді, олардың әр қайсысының өз қағаны болған. Бас қаған болып шығыс қаған саналған, оның ордасы Қашғар мен Баласағұнда болған.
Қимақ мемелекеті
VIII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасырда қаулаған оқиғалар Қимақтардыңтердің мемлекеттік ұйымдарының дамуына түрткі болды, бұл оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертістің орта ағысынан Жоңғар қақпасына дейінгі аумақта берік ірге теуіп, батысқа қарай, Оңтүстік Оралмен Сырдария аңғарына дейін ілгерілеп
барды.Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, IX ғасырдағы тарихшы әрі географ, өз хабарларында кең білімдарлығымен және біршама жоғары дәлдігімен ерекшеленетін әл-Якуби қимақтар мен басқа да түркі
тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай дейді: «Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге (мамалик), соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-ғұздар, қимақтар және оғыздар болып бөлінеді.
Түріктердің әр тайпасында жеке мемлекеті бар және олар бір- бірімен соғысып жатады.» Ибн әл-Факихте (X ғ.) қимақтар туралы қызықты мәліметтер бар, ол барлық түріктердің ең күштілері — оғыздардың, тоғыз- ғұздардың және қимақтардың патшалары бар деп жазады. Ал классикалық араб географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль
«түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекеленеді» деп хабарлайды. Қимақ билеушісі едәуір құдіретті болған.
IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басында Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғары атағымен қаған (хақан) деп атала бастады. «Қаған — түріктердің ең басты патшасы. Қаған — хандардың ханы, яғни парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы», — дейді X ғасырдағы орта азиялық ғалым әл-Хорезми. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған.
Қимақтардың шаруашылығы
Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егін шілікпенмен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.
Қимақ қағанатының құлауы
X ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Негізінен алғанда, өзін-өзі билеуге және өз мемлекеттілігін құруға ұмтьшған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп. Сонымен қатар XI ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар.
Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі — 916 жылы Солтүстік Кытайда қидандардың Ляо мемлекетініңкұрылуы болды. Бұл держава жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан әрі ығысуына әкеп соқты. Тайпалардың орасан зор қоныс аударуының жаңғырығы орта ғасырлардағы көптеген деректемелерде: араб-парсы, орыс, армян, венгр, Византия, сирия жэне т.б. деректемелерінде көрініс тапты. Бұл деректемелерден ең алдымен араб ғалымы әл-Марвазиді (XII г.) атап өткен жөн, онын шығармаларында сол көшу