Файл: Жааауыл жалпы орта білім беру мектебі. 2010 2013 оу жылдарындаы трбие жмысыны талдауы бойынша анытамасы. Мазмны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 63
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
БЕКІТЕМІН:
Жаңа-ауыл жалпы орта
білім беру мектебі.
____________К.М Карманова.
« » ______________ 2013 жыл
Жаңа-ауыл жалпы орта білім беру мектебі.
2010 – 2013 оқу жылдарындағы тәрбие жұмысының талдауы бойынша анықтамасы.
Мазмұны
-
Мектептің ТӘРБИЕ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ -
Мектептің ТЖ мақсаты мен міндеттері. -
ТЖ бойынша бақылау сұрақтары. -
Сынып жетекшілерінің ӘБ жұмыс жоспары. -
ҚР 2011-2015 жылдарға арналаған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың жоспары. -
ТЖ бойынша іс-шаралардың жылдық жоспары. -
Оқушылардың құқықбұзушылығының, қаңғыру мен қайыр сұрауының алдын алу шараларының жоспары. -
Тәртіп бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жылдық жоспары. -
Діни экстремизм және лаңкестіктің алдын алу шараларының жылдық жоспары. -
Ата – аналар қауымдастығымен атқарылатын шаралардың жылдық жоспары. -
Ата-аналар лекторийлерінің жылдық жоспары. -
Психологиялық – педагогикалық іс-шаралардың жылдық жоспары. -
Ақпараттық – насихаттау топ жұмысының жылдық жоспары. -
Әлеуметтік қолдаудың жылдық жоспары. -
Оқушылардың жол апатынан зардап шегуінің алдын алудың жылдық жоспары. -
Мектеп кітапханасының тәрбие шараларының жылдық жоспары. -
Оқушылардың мамандық таңдауы бойынша жұмыс жоспары.
Мектептің тәрбие жұмысының тақырыбы: «Қазіргі кезде мәселені өзігінен шешіп, заманауи әлеуметтік жағдайда бейімделе алатын оқушылардың рухани-адамгершілік жүйесінің дамуына жағдай жасау».
Мектептің
ТӘРБИЕ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
КІРІСПЕ
Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып ол Қазақстанның ертеңі мен жас ұрпақтың болашағы, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.
«Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, субъектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің заңды басым бағыттарының бірі болып отыр» ( ҚР ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ )
Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда дербес шешім жасай алатын, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу Мемлекеттік бағдарламасынан және салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруды басқаратын аса маңызды құжаттардан орын алуда. Тәрбие үдерісіне тікелей қатысты негізгі құқықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, ден-саулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру – білім беру жүйесінің басты міндеттері болып табылады.
Тәрбие үдерісі ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз етіліп, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 2006-2011жылдарға арналған республикалық тәрбиенің кешенді бағдарламасы, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының аймақтық деңгейінде тәрбие беру бағдарламасы жасалып, енгізілді; авторлық бағдарламалар дайындалуда; тәрбие үдерісінің тиімділігін бағалу мен жеке тұлғаның тәрбиелік деңгейінің өлшемдері жасалды.
Мектепте нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды ескеретін педагогтар мен ата-аналардың, оқушылардың сұрыныстарына бағытталған тәрбие беру жүйесі құрылды және ол табысты қызмет көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде жеке тұлғаға тәрбиелік ықпал жасаудың диапозоны кеңейді.
Алайда, тәрбие беру ісінде шешімі табылмаған көптеген проблемалар бар, олардың бірінші тобына мыналар кіреді:
● Тәрбиенің мақсатын және басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін нақты идеологиялық бағдар толық жасалмауы.
● Ұлттық құндылық бағдарларының жоғалуы. Педагогтардың жалпы адамзаттық және жалпы мемлекеттік құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды қалыпқа келтіру әрекеттері үнемі тиімді бола бермеуі.
● Өмірлік құндылықтардың шынайы патриоттық сезімді мойындамауға жетелейтін тар прагматикалық көзқарастармен ауыстырылуы.
● Қоғамның әлеуметтік жіктелуі, қоғамның кірістер бойынша күрт қарама-қайшылануы; халықтың кейбір бөлігінің еңбек етпей табылған молшылықты дәріптеуі зияндық, әлеуметтік әділеттікке сенбеушілік сезімдерін тудыруы, заңға ден қоюшылықты қалыптастыруға мүмкіндік бермеуі.
● Ұлттық мәдени қабаттардың бұзылуы. Адамзаттың мұндай жалпы проблемасы біздің елімізде де тұрақсыздық, белгісіздік жағдайлардың шиеленісуіне және халықтың кейбір бөліктері негізгі күшін өмір сүруге қажетті қарапайым амалдарды жасауға бағыттауы. Бұл сияқты теріс ұғым бой алуы дәстүрдің, ұлттың мәдени көзінің жойылуына, білім алушылардың басым бөлігінің дүбаралануына алып келуі.
● Әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі.
● Адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты өмір салтын елемеушіліктің басым болуы.
● Бұқаралық ақпараттар құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы теріс ықпал етуі.
Білім беру жүйесінің ішкі себептерінен туындайтын тәрбие проблемалары екінші тобын жататындар:
● Тәрбиенің жаңа парадигмасының ғылыми-әдістемелермен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі. Тіпті, олар тұжырымдамалық мәнде нақты белгіленгеннің өзінде тәрбие үдерісін дамыту бағытында мазмұндық және осы үдерісті жергілікті орындарда ұйымдастырудың проблемалары.
● Педагогтардың тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі.
● Балалар қоғамдық ұйымдарының тәрбиелік потенциалы тиімділігінің төмендігі.
● Балалар және жастар қоғамдық ұйымдарының қызметін ұйымдастыруда бірыңғай ұстанымның болмауы.
● Еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жүйесіздігі.
● Мектепте және мектептен тыс ұйымдарында үйірмелер мен спорттық секциялар санының жеткіліксіздігі, оған формалды түрде қарау және қаржының тапшы бөлінуі, оқу жоспарындағы вариативті бөлімнің сағаттарының тек білім беру үдерісіне жұмсалуы.
Жоғарыда көрсетілген проблемаларға сүйеніп, жас жеткіншектер тәрбиесі еліміз қауіпсіздігінің негізін құрайтын басты стратегиялық міндеттер ретінде қаралуы тиіс. Мектепте тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат «Мектептің тәрбие жұмысының Кешенді бағдарламасы» болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны мен тәсілдері қарастырылып, отбасының тәрбиелік потенциалы мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінеді. Бұл құжат бүгінгі күні өзінің миссиясын орындады деп айта аламыз. Жоғарыда айтқанымызға орай үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие мәселесінің бүгінгі жағдайына сай келетін білім алушыларды тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамасын жасау қажеттілігі туып отыр.
Тұжырымдама құрылымы:
1. Кіріспе.
2. Тәрбие құндылықтары.
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері.
4. Тәрбие үдерісін ұйымдастыру ұстанымдары және методологиялық негізі
5. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны.
6. Тұжырымдаманы іске асыру шарттары.
7. Күтілетін нәтижелер.
8. Сөздік.
ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсат – жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту, балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің (мектеп, ата-ана, қоғамдық ұйымдардың) іс-қимылдарын келістіру, тәрбиеленушінің жан-жақты өз талғамына байланысты дамуына мүмкіндік туғызу арқылы тұлғаның шығармашылығын, талғампаздығын, мәдениетін, рухани-адамгершілігін қалыптастыру.
Міндеттер:
● жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуіне көмектесу;
● тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастырушылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдістемелік және т.б. ресурстарды шоғырландыру;
● балалар мен жас өспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;
● жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;
● балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көз-қарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау;
● өмір бойы білімін арттыруына, кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі табысты көрсетуіне қажетті жағдай жасау.
ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҰСТАНЫМДАРЫ
Тұлғаға бағытталған көзқарасы– тәрбиеленушінің өзара байланыстағы түсініктер, идеялар және іс-әрекет тәсілдерін қамтамасыз ету мен өзін-өзі тану, дербестігін құру және өзін-өзі табысты көрсету үдерістер жүйесін қолдау, оның қайталанбас жеке тұлғалық дамыту арқылы педагогикалық қызметтегі әдіснамалық байланыс.
Тәрбиедегі әрекетшіл көзқарас– жеке тұлғаның бірлігі оның әрекетшілдігінде екендігі туралы көріністен туындайды. Бұл бірліктің көп үлгілі формадағы қызметі жеке тұлғаның құрылымына тікелей және жанама түрде өзгеріс жасаудан байқалады; жеке тұлға өз кезегінде бір мезгілде тікелей және жанама түрде дербес даму сұранысын өтейтін барабар қызметтің түрлері мен формаларын жүзеге асырады. Әрекетшіл көзқарастағы тәрбиені бағамдаудың мәні басты назары қызметте ғана емес, мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі тәрбиеленушілер мен педагогтардың бірлесіп жасаған қызметінде екендігін аңғартады.
Кешенді көзқарас– тәрбиеге кешенді көзқарастың мәні бірлікті, әртүрлі кешендердің тұтастығын қамтамасыз етуді құрайды. Кешенді көзқарас құбылыстарды, шындық объектілерін, қатыстылықты, қызметті және т.б. барлық жүйелер мен деңгейлерді қарастыру кезінде қолайлы және тиімділікке жеткізеді. Кешенді көзқарасты тәрбиеде қолданғанда ол тәрбие үдерісінің басты, мәнді тұстарын ашуға негіз болатын, соңғы нәтижеге себепші болатын – жеке тұлғаның жан-жақты даму үндестігі дәрежесіне ие болады.
Құзыреттілік көзқарас – санадан «беретін» және адамның әлемге, адамдарға, өзіне қатысты әмбебап жалпы адамзаттық құндылықты қамтиды; табиғатпен, әлеуметпен, мәдениетпен барлық өтіп жатқан қарым-қатынасындағы жеке тұлғалық мәндерді тәрбиелеуде баланың өз білімінің, өмірінің мәніне ие болуына бағытталған.
Жүйелі көзқарас объектіні күрделі, оны құрайтын бөліктерді жинақтауға болмайтын және иерархиялық құрылым ретінде қарастыруды көздейді. Жүйелі көзқарас құрылымдық компоненттерді, олардың функциясын, функционалды-иерархиялық байланыстарды орнықтыруды, жүйе жасаушы факторларды анықтауды, сыртқы байланысты талдауды мөлшерлейді.
Біркелкілік көзқарастәрбиені тура себеп-салдарлық тәуелділікке негіздемей, тек, біркелкі емес түрде өтетін үдеріс ретінде қарастырады; маңызды дәрежеде өзін-өзі ұйымдастыратын, көптеген ішкі және сыртқы ықпалдарға себепші болатын: заңдылық пен кездейсоқ, болжамдық пен стихиялық, реттелген және ұйқы-тұйқы үдеріс.
ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ:
Табиғилылық қағидасытәрбие табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды тәрбиелеуде олардың жеке тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне негізделеді.
Мәдени сәйкестілік қағидасытәрбие жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетіндігін, жалпы адамзаттық құндылықтарға сай дәстүрлер мен ұлттық мәдени нормаларға және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады.
Мақстаттылық қағидасымақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық сұранысқа нақты есеп жасауды, тәрбие қызметінің басты түрлерін дұрыс таңдауды қарастырады.
Гуманистік бағыт қағидасы әрбір жеке тұлғаға құрметпен қарайтын, оның барлық мәнді күштерінің дамуына қамқорлық көрсететін, оның бостандығын және әлеуметтік құқын мойындайтын гуманистік идеяны және бағытты бірінші орынға қояды; педагогтың білім алушыларға және тәрбиешілерге өздерін-өздері дамытуға жауапкершілікті субъекті ретінде қарауын, сондай-ақ, субъектінің-субъектіге көңіл бөлу негізіндегі қарым-қатынасқа негізделген өзара іс-әрекет стратегиясын қамтиды.
Этникалық қағидаэтникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдниет жасаушы ортаны қалыптастыруды, азаматтық келісім және үйлесімдікке, қоғамдық қатынаста табысқа жетуді қарастырады. Әлемдік мәдениет құндылықтарын бір мезгілде игере отырып, ана тіліне және мәдениетке орайластыру, дәстүрді, тілді, психикалық қалыпты және этникалық сананы қамтитын рухани өмір саласына тарту жолымен субъектілердің қызметін этномәдениеттік сәйкестілікті сақтау қажеттілігін қарастырады.