Файл: Жааауыл жалпы орта білім беру мектебі. 2010 2013 оу жылдарындаы трбие жмысыны талдауы бойынша анытамасы. Мазмны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 65
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Психологиялық-педагогикалық қолдау педагог-тәрбиешілердіңбалалар мен жастарды тәрбиелеуде ғылыми ұйымдардың, педагогикалық жоғары оқу орындарының және колледждердің профессор-ұстаздар құрамымен, ата-аналар бірлестігімен және қоғамдық ұйымдармен серіктестік және достастықта қызмет етуді; серіктестікке, достастыққа, өзара сыйластыққа негізделген жеке аралық қатынастарға ынталылық көрсету арқылы тәрбиеге қатысуды; тәрбие институттарының (әлеуметтік серіктестік) шоғырлануын күшейтуді; балалар мен жастардың әлеуметтік-педагогикалық қорғалуын қамтмасыз етуді, өзін-өзі бағалаушылықты және психологиялық жайлылықты қалыптастыруды; психикалық-педагогикалық түзетуді дамытуды қажетсінетін әртүрлі категорияларға қатысты балалар мен жастармен жүргізілетін жұмыстарды арттыруды (дарынды, тәуекелшіл топтардың өкілдері, шектелген мүмкіндіктегі балалар мен жастар) қамтиды.
Кадрлық қамтамасыз ету «әлеуметтік педагог», «қосымша білім беру педагогі» мамандықтарын классификаторға енгізуді; тәрбие жұмысымен шұғылданатын барлық категориядағы педагогикалық қызметкерлердің мамандықтарын көтеру және қайта даярлауды қамтама-сыз етуді; сынып жетекшілерінің, мектеп психологтарының, әлеуметтік педагогтардің («қиын» балалармен жұмыс жөніндегі, және т.б.) қызметтік міндеттерін нақты бөлуді.
ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ОРЫНДАУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Мектептің тәрбие Тұжырымдамасын жүзеге асыру:
● тәрбиенің басымдығы мен маңызын қоғамның сезінуін, оның қоғамдағы мәртебесін нақты бекітеді;
● білім беру жүйесінің барлық деңгейінде тәрбиенің үздіксіздігін және сабақтас-тығын қамтамасыз етеді;
● балалардың, жас өспірімдердің және жастардың тәрбиелілігін жоғары деңгейіне жеткізеді;
● салауатты өмір салтын норма ретінде бекітеді;
● қоғамның рухани және адамгершілік деңгейі жоғарылайды;
● барлық деңгейлі білім беру ұйымдарында қолданыстағы өзін-өзі дамытушы тәрбие жүйелерін қамтамасыз етеді.
Тәрбие жұмысына дайындық және қабілеттілік шарттары:
● педагог-тәрбиешінің гуманистік-тұлғалық бағдары;
● оның басқа адамдардың тіршілік әрекетіне әлеуметтік мәдени және кәсіби құндылықтарды жеткізуші болу қабілеті;
● тәрбиеші ретінде белгілі бір әлеуметтік мәдени және білім беру жағдайында өзінің орнын, функционалдық мүмкіндіктерін сезіну;
● басқа адамды қабылдау және түсінуге ұмтылу;
● тәрбиенің теориясы мен практикасының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес әдіснамалық, әдістемелік және технологиялық дайындығы;
● одан әрі кәсіби-жеке өсуінің ішкі алғы шартының болуы.
Жаңа-ауыл жалпы орта білім беру мектебі.
2010 – 2013 оқу жылдарындағы тәрбие жұмысының талдауы бойынша анықтамасы.
«Тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім-тәрбие»,-демекші қазақ халқының жағалы да, мағыналы педагогикалық ой-пікірлерін мектептегі бүкіл оқу-тәрбие жүйесінің тірегінде айналдыру мақсатында Жаңа-ауыл жалпы орта білім беру мектебі адамзаттық қадір-ұасиеттерінің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді, өз отанын сүйе білетін ізгі ұрпақ тәрбиелеу міндетін алға қойып, оқу-тәрбие процесін ұлттық негізде ұйымдастыруда. 2010-2013 оқу жылдарында мектепте 2006-2011 жылдарға арналған «Тәрбие» кешенді аймақтың бағдарламасы бойынша тәрбие бағыттарын басшылыққа ала отырып, тәрбие жұмысының жүйесін жетілдіру жұмыстары жүргізілді.
Мектептегі тәрбие жұмысының тақырыбы: «Ұлттық мектептің келешегі – халық тағлымында».
Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі мақсаты:
-
мектептегі әрбір оқушының бойына имандылық пен сауаттылық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру; -
жеке қабілеттерінің дамуына, сонымен қатар кәсіби, интеллектуалды және шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай туғызу; -
Қазақстан Республикасының азаматтары және ұлттық рухты патриоттары ретінде қалыптастыру; -
дені сау, толерантты азамат тәрбиелеу.
Міндеттері:
-
білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілігі мол, тәуелсіз және жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту; -
балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу; -
жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау; -
қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыдан үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру; -
қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу.
Жетістіктері:
-
мектепте әр түрлі бағыттағы іс-шаралар, қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып, мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар белсене қатысып отырды; -
сабақты себепсіз босату болған жоқ; -
оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын ұйымдастыру мақсатында үйірме, секция жұмыстары жүргізіліп, оқушылар аудан, облыс көлеміндегі жетістіктерге қол жеткізуде.
2010 – 2013 оқу жылындағы оқушылардың жеткен жетістіктері:
Капкенова Айдана – «Абай оқулары» ІІІ орынға
Карпекова Данагүл – «Мұқағали оқулары» ІІІ орын, «Наурыз аруы» сайысынан – ГРАНПРИ-ге ие болды,
Алимбаев Батырбек – аудандық әндер байқауынан жүлделі орынға ие болды. Волейбол қыздар командасы аудан, облыс көлемінде өтілген жарыстардан үнемі І-ІІ орындарға ие болуда.
Бердығожина Мерей «Әнші балапан» сайысына қатысып І орынға ие болды.
Аймульдин Азат – «Қазақша күрес» жарысынан аудан, облыс көлемінде әрдайым І орынды иемденіп жүр. Сол сияты Акенов Нұрқайыр, Жұмағұлов Еркебұлан, Жиенбаев Аян сияқты оқушыларымыз да спорттың осы түрінен жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алуда.
Ауданда және облыс көлемінде өткізілген КТК-ға Капкенова Айдана, Акенов Нұрқайыр, Аймульдинова Жұлдыз, Жұмағұлов Еркебұлан, Карманов Еркебұлан, Хамитов Бахтияр, Максон Асанали сияқты балаларымыз қатысып І орынға ие болды.
Кемшіліктері:
-
мектепте әлеуметтік орталық ретінде ата-аналар, әкелер мектебі жұмысының жоқтығы.
Кемшілктерді жою:
-
мектептегі тәрбие жұмысын нығайту; -
оқушылардың ұсыныстарымен, ой-пікірлерімен санасу, оларға еркіндік бере отырып, дұрыс жолға сала білу; -
тәрбие жұмыстарына көп көңіл бөлу, әр баланың ерекшелігіне қарай тәрбие жұмыстарын жоспарлау, әр баланың жүрегіне тіл табу арқылы оларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу; -
ата-аналар лектоийлері мен балалар ұйымы жұмысын жандандыру.
Мектепішілік бақылау: мектептегі тәрбие жұмысын жүргізуде сабақтан тыс тәрбие сағаттары, саяси сабақтар, үйірме, секциялар мен мектепішілік іс-шаралар, ата-аналар жиналысының өтілуі бақыланды.
Оқушылардың сабаққа қатысуы: оқушылардың сабаққа қатысуы күнде бақыланада. Себепсіз сабақ босатқан балалар жоқ. Балалардың ауырып қалған жағдайда сабақ босатқан күндері болған сәттерде, дәрігерлік тексерістен өтілді деген анықтамасын болады. сабақ босатқан оқушыларды күнде арнайы журналға белгілеп, тіркеп отырылады және аудандық оқу бөліміне хабарланады.
Оқушылардың бос уақытының қамтылуы: мектепте оқушылардың бос уақытын қамту мақсатында әр түрлі бағыттағы сабақтан тыс үйірмелер мен секция жұмыстары ұйымдастырылды.
«Тілашар», «Жауқазын» би үйірмесі, «Жас экологтар» Компьютер үйірмесі, «Сиқырлы қыл-қалам» бейнелеу, «Шебер қолдар», «Өлкетану», «Жас қалам», «Жас шекарашылар», « Меткий стрелок», Волейбол, Футбол, «Қазақша күрес», «Үстел теннисі».
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша 85 оқушы қамтылды, ол
деген 77 % болып табылады.
Мектептегі тәрбие жұмысының бағыттары бойынша жүргізілген шаралар:
«Тәрбие нәтижесі-келешекте»,-дейтін халық даналығын ту етіп, өз шәкірттерімізді ертеңгі күннің жүгін мойындай білетін, жат қылықтан бойын аулақ ұстайтын, ұлттық дәстүр мен мәдениетті толық меңгерген, білімімен бәсекелестікке түсе алатын, шығармашылық ойлауы мен өздігінен еңбек ететін, шынайы патриот азаматты тәрбиелеу мақсатында келесі тәрбие бағыттарын ұстанамыз:
-
Азаматтық- Құқықтық тәрбие. -
Отбасы тәрбиесі -
Рухани-адамгершілік мәдениет. -
Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын ұстану. -
Эстетикалық тәрбие. -
Экологиялық мәдениеттілік тәрбиесі. -
Кәсіптік бағдар және экономикалық тәрбие. -
Еңбек және экономикалық тәрбие; -
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
Мектепті адамгершілік пен имандылық тәрбиесін беретін орынға айналдыру арқылы жеткіншектіғылымдардың жетістіктерінкеңінен және орынды пайдалана отырып, нарықтық экономикаға сай дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеуді мақсат ете отырып, мектеп және жеке сыныптардың тәрбие жоспарлары құрылды. Тәуелсіздіктің белгісі болып табылатын рәміздер мен Ата Заң туралы түсініктерін нығайта отырып, еліміздің тәуелсіздік жолындағы даму жетістіктерін айқындай келе, оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу, Жаңа-ауыл жалпы орта мектебінде тәрбие жұмысының маңызды бөлігі оқушыларға патриоттық тәрбие беру ісіндегі мемлекеттік рәміздерді насихаттау болып табылады. Қазақстан Республикасының рәміздерін насихаттау мақсатындағы іс-шаралар жоспары құрастырылып бекітілді. Жоспарға сәйкес жыл бойы ҚР рәміздерді насихаттау жұмысы жүзеге асты. Мектеп дәлізінде Қазақстан Республикасының рәміздері бірегей мемлекеттік стильмен жасалып орнатылған. Мемлекеттік символдарды пайдалану мен ұлттық танымын дамытудың тиімділігін арттыру мақсатында «Еліміздің рәміздерімен таныс болайық», «Мен өз елімнің патриотымын», «Туымен –тұғырлы, Елтаңбасымен-еңселі, гимнімен- айбатты», «Я - гражданин Казахстана» атты сынып сағаттары өткізілді. 2012 жылы қараша айында «Қазақстан республикасының рәміздерінің тарихы жайлы не білеміз?» тақырыбында жоғарғы 9-10 сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті. 2012 жылы желтоқсанның 2-ші аптасында бастауыш сыныптар арасында «Менің Отаным - Қазақстан» атты сурет байқауы өткізілді, және «Мен өз елімнің патриотымын» атты акция ұйымдастырылды. Оқушыларды мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарап, әр уақытта жадында сақтау үшін мектеп әкімшілігі мен оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы бірлесіп рейд жүргізіп отырды.
Азаматтық-ұлтжандылық тәрбие «Тілдердің үштұғырлығы – достықтың тірегі» атты өтілген тілдер мерекесімен жалғасын тапты. Онкүндік нәтижесінде: «Тіл –тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізіліп, жүлдеге ие болған балалар марапатталды. «Тілім бар да, жырым бар ажарлы» ақындар байқауы, Орыс сыныптары арасында «Тіл - достық тірегі», «Қазақшаңыз қалай?» атты білім сайысы өтілді. Шет тілі бірлестігі «Тілдер мерекесінде» қойылымдарымен көзге ерекше түсті. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, ағылшын тілдерінде «Туған күн кеш», «Дастархан басында» атты сахналық көріністер көрсетілді. «Тәуелсіздік тірегі – ел тілегі» атты онкүндік өтті. Онкүндік жоспары құрылып, жоспар негізінде бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. «Менің елім – туған жерім!» атты көркем-әдеби кеште 9-11 сынып оқушыларының партиоттық өлеңдері тыңдалды. Әр оқушының бойынан патриоттық сезім тәрбиесін көру мақсатында «Өзім елімнің патриоты болғым келеді!» шығармалар байқауы өткізілді.
Мектеп – жастарға құқықтық тәрбие беруде және құқық бұзушылықтың алдын алудағы мүмкіндігі зор әлеуметтік мекеме. Сондықтан мектепте ұстаздар шәкірттерге қоятын талаптарын айқындап, оларға лайықты мінез-құлық ережелерін жасап, адамгершілік қасиеттерді бойларына дарытуға тәрбиелеп, жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға баулиды. Мектеп қабырғасындағы әрбір оқушы құқықтық тәрбие ала отырып, сондай-ақ 9-сыныптан бастап құқық пәнімен танысады. Ол балалардың жас ерекшелігіне сәйкес орындалады. Құқықтық тәрбиедегі негізгі мақсатымыз - болашақ азаматтарымызды құқықты демократиялық мемлекетімізде өмір сүруге дайындау, мемлекет пен қоғамның, адам мен қожа иеліктерінің ара қатынасын айқындауға үйрету. Мектепішілік есепте тұрған оқушылар саны 2011-2012 оқу жылында – 4, 2012-2013 оқу жылы бойынша -2 оқушы болса, 2013-2014 оқу жылында мектеп бақылауында, ҚІІБ-нің есебінде тұрған қиын оқушыларымыз жоқшылық. Қиын балалар болдырмауға алдын-алу жұмыстары жүргізіліп, жоспар негізінде жүзеге асырылады. 2011-2013 оқу жылында ай сайын құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңесінің жұмыс жоспары бекітіліп, комиссия құрамы тағайындалып, отырыстар өткізіліп, мәселелер қаралып, талқылануда. Сонымен қоса мектеп мұғалімдері мен ата-аналар қауымдастығы рейд жұмыстарын жүргізіп отырады. Балалардың бос уақытын қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатыстыру жұмыстары жүргізілді. ҚІІБ-нің қызметкерлерімен де кездесулер ұйымдастырылып отырылды. 2012 жылы қазан айында «Сен құқығыңды білесің бе?» атты кездесу өтті. Кездесуге ТІЖБ инспекторы полиция аға лейтенанты Фогель О.Л. келіп, оқушыларға заң алдында барлығы бірдей, әрбір тәртіп бұзушылық жауапқа тартылатындығы айтылып өтілді. Нашақорлық пен маскүнемдіктің салдарынан адам ағзасына қандай әсер тигізетіндігі жайлы әңгіме қозғалып, оқушыларға ескертулер айтылды.