Файл: 1 Мектеп малімі, малім ызметіні ерекшеліктері, педагогикалы абілеттері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 101
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру ұйымының әрбір қызметкері өзінің функцияларын, лауазымдық міндеттер шеңберін, құқықтары мен жауапкершілігін анықтайтын өзінің лауазымдық нұсқаулығын білуі және орындауы тиіс. Мектеп қызметкерлерінің әкімшілік-нормативтік әрекеттері оқу орны қызметкерлерінің еңбек функциясының негізін құрайды. Мектеп әкімшілігі оқу орнының оқу процесін жүзеге асыруға, мектептің әдістемелік, әкімшілік және қаржылық қызметін ұйымдастыруға жауап береді. Мектеп әкімшілігінің лауазымдық міндеттері жалпы білім беру мекемесіндегі әкімші қызметкерлердің функцияларын, педагог ұжымын басқару әдістерін, құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
33. Мектептегі педагогикалық кеңес. Әдістемелік жұмыс.
Педагогикалық кеңес дегеніміз білім беру ұйымындағы алқалы басқарма органы болып табылады.
Негізі педагогикалық кеңес жоспары ережеге сай әзірленуге тиіс. Педагогикалық кеңес білім беру ұйымындағы ұстаздардың кәсіптік қызметіне қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдауды жүзеге асырады. Педагогикалық кеңес жоспары мектеп басшысының басқару қызметін қамтамасыз етуді көздейді. Педагогикалық кеңестің мақсаты – мектептегі ұстаздар қызметін жетілдіруді және оның сапасын арттыру.
Педагогикалық кеңес жоспары мынадай міндеттерді көздейді:
ұстаздар даярлау жүйесінің әдістемелік және ғылыми-теоретикалық сапасын арттыру;
оқу-тәрбие процесін жетілдіру жұмыстарына ұжым мүшелерін тарту;
шешімдерді алқалы түрде шығару және оны бірлесе отырып жүзеге асыру.
Педагогикалық кеңес жоспарын іске асыру үшін педкеңес құрамы мен ұйымдастырушылық құрылымын айқындап алу керек. Білім беру ұйымының барлық ұстаздары педагогикалық кеңеске мүше болады. Ерекше жағдай туындаған кезде оқушылар басқармасының өкілдері, ата-аналар комитетінің мүшелері, басқа ұйымнан келген қызметкерлер, кәсіподақ мүшелері шақыртылады. Ал мектеп директоры мектептегі педагогикалық кеңес төрағасы болып тағайындалады. Сондай-ақ педагогикалық кеңес жоспары бойынша педагогикалық кеңестің хатшысы сайланып, бекітіледі.
34. Мұғалімнің имидж түрлері.
Мұғалім мамандығы ерекше болғандықтан, ол әрдайым көпшіліктің алдында. Сонымен имидж – мұғалім бойындағы таланттың жан-жақты ашылып, жарқырап көрінуі, өзі туралы жақсы пікірдің қалыптасу жолы. Мұғалім өз имиджін өзі жасау керек, бұған киім таңдауы да жатады. Мұғалім имиджіндегі басты құрал, оның даусы, дауыс ырғағы, оны сабақта қолдана білуі. Оқушылармен қарым-қатынас жасауда сөйлесе білу, дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру мұғалім біліктілігінің басты көрсеткіші. Сонымен мұғалім имиджі – бұл ішкі және сыртқы мазмұн бірлігі. Осы орайда ең маңыздысы мұғалім өзімен сыныпқа «не алып келеді?», ал ол кеткенде «не қалады?». Әрине мұғалім мамандығы ғана әрқашан «мен нені іске асырдым, не іске аспады, бұданда жақсы болу үшін не істеу керек?» деген сұрақтарға жауап іздеуі керек. Сонда ғана мұғалім сыйластыққа ие бола отырып, дұрыс қарым-қатынаста бола алады. Әр мұғалім имиджі тек өзіне тән педагогикалық стильде қалыптасады. Бір мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер имиджі, мектеп имиджін анықтайды. Мұғалім имиджі педагогикалық техника ретінде қарастырылады. Мектептегі оқушылардың жетістігін анықтайтан негізгі көрсеткіш білім сапасына тәуелділігі – бұл сабақтағы мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас деңгейі, ол өз кезегінде мұғалім квалификациясына байланысты.
Тартымды имидж дегеніміз:
Айналасындағы адамдардың көңілін таба білу кепілі.
Кез келген жұмыста жетістікке жетудің негізгі шарты.
Қандай да бір жағдайда шешім таба білуі.
Имидж құрылымы:
сыртқы бейне;
вербалды және вербалды емес қарым-қатынасты пайдалану құралы;
ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі.
Сыртқы имиджді құраушыларға: мимика, дауыс күші мен дауыс ырғағы, костюм, қимыл, сөйлеу мәнері жатады.
Айналаңыздағы адамның санасындағы сіздің бейнеңіз туралы көзқарас қандай. Ол сізбен жүздесуден соң сыртқы кейпіңіз бен өз-өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптасады. Әрине сыртқы бейнеміздің үйлесімді әсер қалдыру үшін вербалды және вербалды емес қатынас қажет:
Мәнерлі сөйлеу
Көндіре білу
Стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу
Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу
Шыдамдылық
Көргіштік
Сезе білу
35. Оқудың мазмұны. Оқу түрлері және оларға қойылатын талаптар.
Оқыту мазмұны– оқыту процесінде оқушы меңгеретін ғылыми білімдер, практикалық іскерлік, дағды, іс–әрекет және ойлау тәсілдері, оқыту мазмұны пән бойынша жасалған мемелекеттік оқу жоспарында, мемлекеттік оқу бағдарламасында, оқулықтарда жазылған.
Оқу материалын меңгертудің әрбір кезеңінде мұғалім өзінің алдына 4 түрлі дидактикалық мақсат қояды. Олар:
оқушыны оқу материалымен таныстыру және оны бірінші рет бекіту;
оқығанды еске түсірту, іс жүзінде репродуктивтік және продуктивтік деңгейде қолдандыру;
білім және іскерлікті қолдану арқылы жүйелеу;
білім, іскерлікті бақылау және есепке алу.
Оқыту процесін ұйымдастыратын педагог. Оқыту процесі –бірнеше элементтен құрылатын жүйе. Оқыту процесінің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.
Оқыту процесінің педагогикалық құрылымы: мақсат – принциптер –мазмұн –әдістер –құралдар– түрлер.
Мақсат –ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн – мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер–мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру –қабылдауға арналған іс–әрекеттері. Құралдар – мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.
Оқыту процесінің әдістемелік жүйесін жасау үшін мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс –әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды. Мысалы, сабақтың әдістемелік құрылымы: сабаққа дайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау; экскурсияның әдістемелік құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижелі талдау.
Оқыту процесінің психологиялық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күш–қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы).
36. Сабақ түрлері, құрылымы. Сабаққа қойылатын талаптар.
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ упқыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды.
Одан басқа мектептерде көмекші нысандар, атап айтсақ, кеңес, қосымша сабақтар, нұсқаулар, үйірме, клуб жұмысы, сыныптан тыс оқу, үй жұмыстары және басқалары қолданылады. Кейде сыныптан тыс оқытатын нысандарға экскурсияларды, мектеп жанындағы үлеске, шеберханадағы жұмысты, туған өлкеге саяхатты, спорт жарыстарын, т.б. жатқызады.
Сабаққа қойылатын талаптар
Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұл орайда Ж.Аймауытовтың мұғалімге байланысты берген төмендегі бағалы нұсқауларын есте сақтаған жөн:
• жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;
• тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару;
• сабақты алдын ала даярлайтын сұрақтар қою арқылы оқушының ынтасын арттыру, ілтипатын сақтау;
• қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын оятатын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп үйрету;
• баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану; лайықты салыстыру, ұқсастыру тәсілдер арқылы оңтайлы оқытуды жандандыруға тырысу;
• алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болуы керек;
• өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы оқытатын пәніне өзі де ынталануы, өзі де жақсы көруі тиіс, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді.
37. Тұлғаны әлеуметтендіру кезеңдері.
Тұлға әлеуметтенуі – бұл тұлғаның қоғамдық құндылықтар мен
адамзаттық ұнамды әрекет-қылық әдістерін меңгеруі негізінде қауым
тіршілігіне қажет қабілеттерді қалыптастыруы.
Әлеуметтену үдерісінде адам әлеуметтік қалыптарды меңгереді,
әлеуметтік рөлдерді пайдалану әдістері мен қоғамдық әрекет-қылық
дағдыларын игереді. Тұлғаның әлеуметтенуі әлеуметтік шындықты тану
негізінде қалыптасып барады.
Тұлға әлеуметтенуінің негізгі көздері:
1) ерте балалық шақ тәжірибесі – психикалық қызметтер мен әрекет-
қылықтық қарапайым формаларының қалыптасуы;
2) әлеуметтік мекемелер – тәрбие, оқу, білім жүйелері;
3) қарым-қатынас және іс-әрекет үдерісіндегі адамдардың өзара
ықпал-әсері.
Әрқандай әлеуметтік роль өз ішіне көптеген мәдени қалыптар, ереже-
лер және әрекет-қылық үлгілерін қамтиды. Өмір барысында әрбір адам
жасы мен қызмет бабының өсуіне орай бір емес, бірнеше әлеуметтік
рөлдерді меңгеруіне тура келеді.
38. Білімді меңгеру кезеңдері (этаптары).
Білімді меңгеру — белгілі уақыт аралығын талап ететін үрдіс. Білімді меңгеру арқылы адам ой және дене еңбегінің мазмұнын жан-жақты, әрі терең ұғынады. Білімді меңгеруге ұмтылдыратын түрткілер (мотивтер) адамның жас ерекшелігіне байланысты өзгеріп дамып отырады. Жасы өскен сайын мотивтерінің түрлері мен мазмұны да дамиды. Білімді меңгеру адамның танымдық әрекеттерін ұйымдастыруға да тәуелді.
Білім :
Қоғамдық-тарихи тәжірибеде тексеруден өткізілген ақиқатты тану процесінің нәтижесі.
Ақиқаттың адам санасында ұғым, пікір, теория түріндегі адекватты бейнесі.
Білімді меңгеру кезеңдері (этаптары):
Тану:
Қайта жаңғырту;
Түсіну;
Таныс жағдаяттарда қолдану;
Таныс емес жағдаяттарда қолдану;
Бағалау.
39. Еңбек тәрбиесі.
Еңбек тәрбиесі - тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдеріне жауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті.[1] Еңбек тәрбиесі — жасөспірімдерді еңбекқорлыққа , еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы. Е. т. барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Отбасында бала кішкене кезінен еңбек тапсырмаларын орындауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Е. т. мектепте білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу процесінде өзіне-өзі қызмет ету, оқу құралдарын дайындау, мектеп үйін жөндеу, табиғатты қорғау, т.б. қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуы олардың ой-өрісінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды. Педагогика ғылымы Е. т-н жас ұрпақты отбасы мен мектепте тәрбиелеудің жалпы үрдісінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Оқушыларды еңбек етуге, еңбекқорлыққа баулу, оларға кәсіптік бағдар беру қазіргі таңда барлық оқу жүйесінде оқушы әрекетінің белсенділігін қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады.
40. Экономикалық тәрбие.
Жас жеткіншектерге экономикалық тәрбие берудің белгілі жүйесі:
• Экономикалық тәрбие мектепте оқу пәндерін, ғылым негізгісін оқып үйренуде сонымен қатар, оқушылардың қызығуына қарай енгізілген факультативтік сабақтарда беріледі;
• Еңбек сабағы процесінде;
• Экономикалық тәрбие қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек барысында іске асады;
• Экономикалық тәрбие сыныптан және мектептен тыс сабақтарда беріледі;
• Экономикалық тәрбие отбасында қалыптасады.
Қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті экономикаға пайда келтіретіндей етіп ұйымдастыру үшін жоспарлау, еңбекті нормалау, оны механикаландыру, пайдасы мен нөтижесін есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың экономика саласында жұмыс істеуі, олардың өз еңбегінің сипатын талдауы арқылы бала экономикалық мәселені түсінуге көмектесетін тәжірибе жинайды, адамгершілігін қалыптастырады, экономикаға деген сенімін арттырады. Қоғамға пайда келтіретін жұмыс істегенде оқушылар бір-бірімен, ересектермен қарым-қатынасқа түсіп, еңбек құралдарын, жиһаздарды күтіп ұстайды. Сонымен, экономиканы тану, іс-әрекет, қарым-қатынас оқушылардың экономикалық санасын қалыптастыратын механизмдер.
41. Эстетикалық тәрбие. Эстетикалық тәрбиенің міндеттері
Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдасуда және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Ең бастысы – адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру,мінез – құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс – әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанынан көрсетеді.
Материалисттік эстетика – эстетикалық тәрбиенің методологиялық негізі болып табылады. Ол өмір мен өнердегі эстетиканың мәнін ашады, адамның ортаны эстетикалық тұрғыдан меңгеруіне деген принциптерді зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компонеттері:
·Эстетикалық қабылдау
·Эстетикалық сезім
·Эстетикалық талғам
Эстетикалық қабылдау деп – ісемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады.