Файл: 1 Мектеп малімі, малім ызметіні ерекшеліктері, педагогикалы абілеттері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 103
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сезім байлығы – адамның рухани өмірін жоғары да әр тарапты дамытудың қажетті шарты адам рухани жағынан бай болып, өсімдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиіс.
Эстетикалық талғам – әсемдікті дұрыс бағалай білуге, тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
·Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.
·Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
·Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасуды тәрбиелеу.
·Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.
Тәрбиенің қай саласы болса да негізінен ол балаларға, жасөспірімдерге арналады. Ал оларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие жүргізу арқылы іске асырылады.
42. Дене тәрбиесінің негізгі құралдары.
Дене тәрбиесінің кешенді құралдарына дене жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күштері мен гигиеналық қозғаушы күштері жатады. Адамның дене тәрбиесінің негізгі ерекшелігі бар (спецификалық) құралы дене тәрбиесінің заңдылықтарына сәйкес пайланылатын қозғалыс әрекеттері, яғни дене жаттығулары болып табылады. Дене жаттығулары гимнастика, ойын, спорт және саяхат түрінде тарихи жинақталып, әдістемелік түрде қалыптасты.
Дене жаттығулары дене тәрбиесінің құралы ретінде шұғылданушылардың белсенді қозғалыс әрекетін қамтамасыз етеді. Дене жаттығуларының сапалы сипаты бірқатар мына психикалық қызметтер жиынтығынан көрінеді: жетілдіруге талаптану, оған жетуге деген әрекеттің мақсаты мен құралдары туралы мағлұматы, берілген жаттығуды орындауға деген ықылас пен ерік-жігер күшінің болуы және т.б.
Дене жаттығуларын дұрыс орындауға қоршаған орта жағдайының әсері және оған бағдар алу, қозғалу мағлұматының, ойлау жұмыс қабілетінің, толқу сезімінің және т.б. болуы әсер етеді. Дене жаттығулары адамның психикалық қасиеттерін жетілдіруге мүмкіндік жасап, оның ойлау (зерде, сана) қызметін жақсартады.
Дене жаттығулары қызығушылық пен сезімді, ерік-жігер мен мінезді дамытып, адамның рухани даму құралының бірі болып табылады. Олар сонымен бірге адамның дене және психикалық қызметінің бірлігін көрсетеді.
43. Оқыту принциптері.
Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.
44. Оқыту заңдылықтары.
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:
1. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.
Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.
Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.
Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс-әрекеттеріне тәуелді.
Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыру.
Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы.
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады. Оқытудың негізгі заңдары:
Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту жүйесін қалып-тастыруға ықпал етуі туралы заң.
Білім алу, іс-әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы заң.
Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң.
Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысы туралы заң.
- Оқу іс-әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара байланысы туралы заң. Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді. Кейбір
зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді.
45. Педагогикалық менеджмент туралы ұғым.
Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері,әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.
Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың шығармашылық потенциалын көрстеіп қана қоймай, педагогтар, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді. Педагогикалық менеджмент принципі дегеніміз – білім беру менеджерінің қызметіне тән маңызды талаптар мен ережелердің жиынтығы, басқарудың объективті заңдылықтарының көрінісі және жеке тұлғалар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа негізделген біртұтас педагогикалық процесс. Педагогикалық менеджменттің өзіне тән ерекшеліктері бар, өйткені ол адамдардың шығармашылық әрекеттерімен байланысты. Білім беру процесін басқаруда педагогикалық менеджментті білім беруді тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі, технологиясы деп түсінуге болады.Жалпы менеджмент адамдарды, әлеуметтік процестерді басқару өнері мен ғылым жиынтығы ретінде қарастырылады, адамдардың интеллектісін, еңбегін, мотивацияларын пайдалану арқылы басшының алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады.
46. Мектеп басшыларының қызметі.
Мектеп басшының бағдарламасы
Мектепке жалпы басшылық ету.
Мектеп кеңесін (педагогикалық кеңесті) басқару.
Жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру.
Мектеп жұмысын жоспарлау.
Оқу және тәрбие жұмысындағы мектеп, отбасы, жұртшылықтың ынтымақтастығын тексеру және орнату.
Ата- аналар комитетінің жұмысын қадағалау.
Мектеп директоры орынбасарларының жұмысына басшылық ету және оны бақылау.
Оқытудың барысын және оқушылардың білім сапасын бақылау.
Мектеп кітапханасымен жұмыс.
Мектептің шаруашылық және қаражат жұмысын бақылау.
Мектептің бақылау жүйесіне басшылық жасау.
Мектеп директоры жанындағы мәжілісті жеткізу.
Мектеп асханасымен жұмыс.
Демеуші мекемелермен байланыс орнату.
Баланың қамын орындау.
Техникалық қауіпсіздік талабын орындауды қадағалау.
Халық арасында педагогикалық білімді насихаттау.
47. Мектептегі педагогикалық кеңес.
Педагогикалық кеңес дегеніміз білім беру ұйымындағы алқалы басқарма органы болып табылады.
Негізі педагогикалық кеңес жоспары ережеге сай әзірленуге тиіс. Педагогикалық кеңес білім беру ұйымындағы ұстаздардың кәсіптік қызметіне қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдауды жүзеге асырады. Педагогикалық кеңес жоспары мектеп басшысының басқару қызметін қамтамасыз етуді көздейді. Педагогикалық кеңестің мақсаты – мектептегі ұстаздар қызметін жетілдіруді және оның сапасын арттыру.
Педагогикалық кеңес жоспары мынадай міндеттерді көздейді:
ұстаздар даярлау жүйесінің әдістемелік және ғылыми-теоретикалық сапасын арттыру;
оқу-тәрбие процесін жетілдіру жұмыстарына ұжым мүшелерін тарту;
шешімдерді алқалы түрде шығару және оны бірлесе отырып жүзеге асыру.
Педагогикалық кеңес жоспарын іске асыру үшін педкеңес құрамы мен ұйымдастырушылық құрылымын айқындап алу керек. Білім беру ұйымының барлық ұстаздары педагогикалық кеңеске мүше болады. Ерекше жағдай туындаған кезде оқушылар басқармасының өкілдері, ата-аналар комитетінің мүшелері, басқа ұйымнан келген қызметкерлер, кәсіподақ мүшелері шақыртылады. Ал мектеп директоры мектептегі педагогикалық кеңес төрағасы болып тағайындалады. Сондай-ақ педагогикалық кеңес жоспары бойынша педагогикалық кеңестің хатшысы сайланып, бекітіледі.
48. Озат педагогикалық тәжірибе.
Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.
49. Педагогикалық инновация туралы ұғым.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешуде, әрбір орта мектептің бастауыш сатысында білім беруде оқу-тәрбие үрдісін жаңа технологияларға сай ұйымдастыру әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы» деп аталатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мәнін білім беру үдерісін өзгеше дамытатын жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың іс-әрекеті жетекші фактор болып табылып, оқыту мұғалім мен білім алушының субьектаралық өзара әрекетін қарастыратын және олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.
50. Ынтымақтастық педагогиксы.
Ынтымақтастың - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет. Оған керекті жағдайлар:
- мақсаттың бір екенін анық сезіну;
- ынтымақтасушы жақтардың қызметш дәл белгілеу;
- мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың, т.б. педагогикалық процеске қатысушылардың бір-біріне көмек беру і.
Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуына себеп болған оқушылардың білім деңгейінің төмендігі, кеңес педагогикасының баланың еркін және жан-жақты дамуын тежеп, талантын басуы.
Ынтымақтастың педагогикасы баланың психикасының саулығын сақтап, күштеп оқытуға, формализмге қарсы шығып, баланы оқуға ынталандырып, табысқа деген сенімін нығайтып, жазалаудың ауыр түрлерін мүлдем қолданбайды, адамгершілік пен ынтымақтың бала өмірінде үлкен маңызы бар екенін жете түсінеді. Баланың бір күнінің екінші жартысы оның икемділігін, қызығушылығын дамытуға арналады, бұл міндетті орындауға ересектердің уақыты жетпейтіндіктен, балаға негізінен сабақта білім беріліп, қалған уақытта баланың өзі қызығатын іспен айналысуына жағдай жасаған жөн.
Жаңашылдар баланы өзін-өзі құрметтеуге оқу-тәрбие жүмысының барлық кезеңдерінде үйретеді. Өзін-өзі реттеу баланың өзінің іс-әрекеті арқылы жүреді.