Файл: 1 Мектеп малімі, малім ызметіні ерекшеліктері, педагогикалы абілеттері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 100
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары. Оқулық - оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап. Оның мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәннің бағдарламасына сәйкес келу керек. Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатар оқу материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды ұйымдастырып, оқуға үйретеді.
Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар: қысқа, нақты, деректі материалдарды енгізілуі; ақиқат ғылымның мазмұнын баяндауы; балаларға түсініктілігі; баланың қызығушылықтарын, қабылдауын, ақыл-ойының, есінің ерекшеліктерін ескеріп, танымға, тәжірибеге деген қызығушылықты оятып, білімге және тәжірибелік іс-әрекетке деген сұранысты дамытуы;
25) Оқыту әдістері, олардың жіктелуі.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Оқыту әдістері жіктеу белгілі бip белгілеріне орай жүйеге келтіру болып табылады. Қазіргі кезде оқыту әдістерінің оннан астам классификациясы бар. Оқыту шектен тыс ауыспалы, диалектикалық процесс.
Бұл әдістердің әрқайсысы жекеленген әдістерден тұрады:
1. А у ы з ш а әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, кеңес беру, лекция, пікірталас, диспут.
2. К ө р н е к i л i к әдістер: иллюстрация, демонстрация, оқушылардың байқауы.
3. П р а к т и к а л ы қ әдістер : тәжірибе, жаттығу,өндірістік -оқу еңбегі.
4. Кітаппен жұмыс — оқу , жаттау, реферат, көріп, оқып шығу, мазмұндама, жоспар құру, конспект жазу.
5. Видео арқылы - қарау, көру, оқыту, бақылау,мұғалімнің бақылауымен жаттығу, бақылау.
26. Оқытуды ұйымдастыру нысандары туралы түсінік. Жіктелуі.
Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары болды. Олардың пайда болуы, дамуы, кейбіреулерінің жойылуы қоғамның талабына байланысты еді. Әр заман оқытуды ұйымдастыруға әсер етті. Нәтижесінде педагогика ғылыми тәжірибеден көптеген деректер жинады.
Баланы оқытуды ұйымдастырған алуан түрлі жұмыстар зерттеліп, олардың ішінен қазіргі заманға лайықтылары іріктелді.
Мектепте оқитын оқушылардың саны, олардың оқитын жерлері, оқу жұмысының ұзақтығы зерттеліп, баланы жекелеп оқыту, топты, ұжымды оқыту, сыныпта, сыныптан тыс, мектепті, мектептен тыс жерлерде оқыту жолдары анықталды.
Баланы жекелеп оқыту өте ерте кезден бар. Ол тапсырманы мұғалімнің не өзінің үйіндеорындайды. Тапсырма мұғалім оқулығынан беріледі. Жекелеп оқыту қазір де қолданылады.
27. Сабақ түрлері, құрылымы.
Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу - тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс - әрекеттің байланысы.
Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен, бір жағынан оқытудың психолого – педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген.
Сабақ түрлері және оның құрылымы
Түсіндіру сабақтары:
Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында.
Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында.
Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында.
Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында.
Пысықтау сабақтары:
Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау.
Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту.
Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету.
Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.
Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау.
Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.
Сынау сабақтары:
Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру.
Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту.
28. Сабаққа қойылатын талаптар.
1. Дидактикалық талаптар: сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы, білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануына әсер етеді. Бұл талаптар сабақ жоспары мен тақырыптық жоспардың жақсы жасалуына байланысты. Сабақ жоспарында сабақтың тақырыбы, мазмұнының қысқаша жоспары, білімдік және тәрбиелік мақсаты мен тапсырмалар, құрал - жабдықтар, көрнекіліктер, сабақтың құрамының
кезеңдік түрлері, оқыту әдістері мен дидактикалық әдіс - тәсілдердің түрлері жазылады.
2. Технологиялық талаптар: Мұғалім өзі сабақ беретін сыныбындағы оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, айтып жеткізуін, сабаққа ынта, көңіл қоюын, ерік - жігерін, т. б. психологиялық жағдайы сабақ үрдісіне ерекше әсерін тигізеді. Мұғалімнің көңіл - күйі, жинақтылығы, жүріс - тұрысы оқушыларға беріліп, оқу еңбегінің дұрыс немесе бұрыс болуына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалім өз бойындағы әр түрлі психикалық, эмоциялық көңіл - күйлеріне ерік бермей өзін тежеп ұстауы қажет.
Оқушылардың жеке басын танып, зерттеу арқылы сабақ үстінде оларды мадақтап, қолдап, көмек беріп және сол сияқты сабаққа үнемі қатысып отыруын ескеруі мұғалімнің назарынан тыс қалмауы қажет
3. Гигиеналық талаптар: Сынып бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол болып түсуі - балалар денсаулығының кепілі. Мұғалім оқушыларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек. Ақыл - ойдың тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады. Ақпаратты қабылдауды өмірлік тәжірибемен ұштастырмау дұрыс емес. Ең бастысы, дененің әр түрлі сезім мүшелері бірдей жұмыс істеуін қатаң ескеру қажет. Мұндай үзіліс оқушының демалып, әр түрлі органдарының қалыпқа келуіне әсер етеді.
29. Дидактиканың пайда болуы және дамуы.
Я.А.Коменский бірінші болып дидактиканы ғылыми білім жүйесі ретінде жасап, балаларды оқытудың бірізділікті ұстанымдарын және ережелерін ұсынды. Ол 1657 жылы «Ұлы дидактика» еңбегінде оқыту теориясының маңызды сұрақтарын қарастырады: білім беру мазмұны, көрнекілік дидактикалық ұстаным, бірізділікті оқыту, оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесін ұйымдастыру және т.б. Я.А. Коменскийдің оқыту теориясы тәрбиелеудің табиғатқа сәйкестілік принципіне сай құрылған. Я.А. Коменский орта ғасырдағы жаттауға негізделген оқытудың орнына балалардың жастық және психологиялық ерекшелігіне сай оқу жұмысының жаңа жүйесін ұсынды. Қайта өрлеу дәуірінде философияда гуманистік бастама үлкен мәнге ие болғанда Ж.Ж. Руссо оқытуда баланың сұранысын, қажеттілігін, өзекті қызығушылықтарын ескеруге шақырды. И.Г.Песталоцци біржақты тәрбиелеудің бүкіл түрлеріне қарсы шығып, адамның барлық күштерін және қызығушылықтарын дамыту керек деген оқыту мақсатына назар аударды. ХҮІІІғ. аяғында ХІХғ. басында классикалық педагогикада мектепте білім берудің 2 теориясы анықталды: формальдық білім беру теориясы бойынша Н.Ф.Гербарттың және оның ізбасарларының пікірінше оқытудың басты міндеті – оқушыларды ақыл-ой жағынан дамыту және материалдық білім беру теориясы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды өмірге пайдалы білімдермен қаруландыру деген болатын ХІХғ. ортасында А.Дистервег дамыта оқытудың дидактикалық негізін салып, дәлірек айтқанда «жақыннан алысқа», «қарапайымнан күрделіге» және т.б. 33 заңды және ережені анықтап берді. Индустриалдық дамыған елдерде қазіргі дидактикада психология көп орын алған.
30. Мектеп мұғалімінің. Сабаққа дайындық кезеңдері.
Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет. Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық.
31. Педагогикалық менеджмент туралы түсінік.
Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері,әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.
Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың шығармашылық потенциалын көрстеіп қана қоймай, педагогтар, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді.
Педагогикалық менеджмент міндеттері басқару мазмұнымен анықталады. Басқару мазмұны басқару функциясының мына төмендегі компоненттерінің өзара үйлесімділігі келесілер:
жоспарлау;
ұйымдастыру;
реттеу;
бақылау;
есеп жүргізу;
талдау.
Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттеріне мыналар жатады,
қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын жоспарлау, яғни іс-қимыл стратегиясын әзірлеу;
басқару шешімдерін рәсімдеу, оқыту мазмұнына сай бағдарламалар мен жоспарлау әзірлеу, олардың орындалу мерзімі мен жауапты қызметкерлерді нақты белгілеу;
жиналыстар, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізу туралы нұсқаулар беру;
Педагогикалық менеджмент принципі
Педагогикалық менеджмент принципі дегеніміз – білім беру менеджерінің қызметіне тән маңызды талаптар мен ережелердің жиынтығы, басқарудың объективті заңдылықтарының көрінісі және жеке тұлғалар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа негізделген біртұтас педагогикалық процесс.
Педагогикалық менеджмент әдістері
психо-педагогикалық әсер ету әдісі;
әкімшілік басқару әдісі;
экономикалық әдістер;
қоғамдық пікір арқылы әсер ету әдісі.
Педагогикалық менеджмент функциялары
жобалау - жоспарлау функциясы;
ақпараттық - сараптамалық;
мақсатты - мотивациялық;
ұйымдастыру - орындаушылық;
бақылау және бағалау;
коррекциялау функциясы.
32. Мектеп әкімшілігінің қызметі.