Файл: 1 Мектеп малімі, малім ызметіні ерекшеліктері, педагогикалы абілеттері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 104
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбиенің заңдылықтары:
1. Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік – экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамуына игі әсер етеді.
2. Тәрбие мен өзін — өзі тәрбиелеудің бірлігі заңдылығы. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Белсенділіктің бірнеше түрлері бар. Олар: қарым – қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін — өзі тәрбиелеу белсенділігі.
3. Тәрбие іс — әрекетінің және қарым – қатынастың шешуші рөлі заңдылығы. Тәрбие, оқыту және білім беру іс — әрекетіне байланысты. Іс — әрекеттің мынандай түрлері бар. Олар: ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық – саяси іс — әрекеттері т.б. жатады.
4. Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу заңдылығы. Жас ерекшеліктері мынандай жағдайда еске алынады:
а) оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын
т.б. жасағанда;
ә) ағзаның дене және психикалық дамуына байланысты;
б) оқу, тәрбие процесінде.
Жеке адамның дербес ерекшеліктері;
а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик) ;
ә) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер.
Принцип дегеніміз — адамның нақты іс — әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шартты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер.
Принциптер:
1)Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. Тәрбиенің алдына қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады.
2) Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасы мен байланыс принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.
3) Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі. Бұл тәрбие жұмысының жетекші принциптерінің бірі. Педагогика ғылымы балалар мен жас өспірімдердің топтық және ұжымдық өмірін, олардың тұлғасының рухани байлығының, әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасуының міндетті шарты деп қарайды.
4)Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен көрсетілетін құрметтің бірлігі принципі. А.С. Макаренко кезінде “Егер біреу – міреу педагогикалық тәжірибенің мәнін қысқаша ғана формуламен қалай анықтар едіңіз деп сұрай қалса, мен оған адамға мүмкіндігінше үлкен талап қою және құрмет көрсету деп жауап берер едім” , — деген екен. Мұғалім осы принципті басшылыққа алып оқушы күш – қуатына ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкершілігін ұғындыратын өзіндік өрнегі (стилі) мен сарыны (тоны) бар қатынастарды таңдап алады.
5)Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі принципі. Бұл принципті ұстау әрбір бөліктері мен элементтері түгел біртұтастықты құрайтын педагогикалық жүйенің болуын талап етеді.
6)Тәрбиенің оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі принципі. Бұл принципті жүзеге асыру оқушылар іс — әрекетінің мазмұны мен түрін олардың жасына, өмір тәжірибесіне, күш – қуаты мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуын талап етеді. Осы принциптің жүзеге асуына мұғалімнің жас және педагогикалық психологияны терең білуі көмектеседі.
9) Тәрбие әдістері мен құралдары.
Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері. Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.
Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары: • Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек); • заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар); • рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір); • бұқаралық ақпарат құралдары; • педагогикалық ықпал жасау құралдары.
10) Оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны мен формалары.
Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары жэне әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек. Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады: — қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай); — тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия); — таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.) — оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
11) Қазіргі мектептегі балалар қоғамдық ұйымдары.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны тандау. Осыған орай А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап баланың іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою бала-ларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы: жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау, т.б.
Үшінші кезең - белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланылады.
12) Оқушылар ұжымын қалыптастыру.
Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.
1.Ұжым тәрбиенің мақсаты мен объектісі. Жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
3.Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4.Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері – ұйымдастырушылары болады
13) Оқушылар ұжымын қалыптастыру жолдары.
Оқушылар ұжымы- бұл жалпы әлеуметтік маңызды мақсаттарымен, іс-әрекеттерімен, іс-әрекетті ұйымдастыруымен, жалпы міндеттерімен теңдік жағдайында ортақ мүдде бірлігі мен ұжымдасқан оқушылар тобын айтады. А.С. Макаренко ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді:
1)Қозғалыс- ұжымның өмір сүру түрі; 2)Тоқтау- оның жойылу түрі; 3)Ұжымның даму сатылары мен кезеңдері:
Бірінші кезең – ұжымда педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.
Екінші кезең - белсенділердің ықпалының арта түсуі, ұжым құрылымының тұрақтауы, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі ұйымдастыру, механизмдерінің іске қосылуын көрсетеді. Сондай-ақ ұжым өз мүшелерінен белгілі-бір қылықтар нормаларын талап ете бастайды, ол талаптар біртіндеп кеңейе береді.
Үшінші кезең – ұжымның кемелденуі.
14) Ұжымның белгілері.
Ұжым тәрбие құралы. Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.1.Ұжым тәрбиенің мақсаты мен объектісі. Жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.3.Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.4.Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері – ұйымдастырушылары болады.
15) Мұғалім-сынып жетекшісі.
Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады. Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін: • жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы; • сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы; • оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы;
сыныпта қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы; • оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;
16) Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері: Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект, бастапқы міндет тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі болмағанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады. Сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті - ұжымды ұйымдастыру және дамыту. Сынып жетекшісінің үшінші міндеті - оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.
Бірінші топ міндеттері - әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, Отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін калыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату. Екінші топ міндеттері - диагностикалық-әдептік-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу. Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру. Төртінші топ міндеттері — жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия.