ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 78
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күнім не болады, заманым не болады, ұрпағымның күні не болады? Қу құдай, жаратқан ием, қолдай көр! Не жаздым бұл өмірде, не жаздым соншама? Найзаның ұшында, қылыштың жүзінде жүріп, ата — бабаларымның қаны төгіліп, қорғаған жері еді ғой!
1 — жүргізуші «Видеоролик: Қанмен жазылған хат»
2 — жүргізуші:
1937 — 38 жылдары құрбан болған: «Алашшыл» Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамбетов және т. б.; большевизмді Қазақстанда құрылуына ат салысқан халықшыл: С. Сейфуллин, Н. Нұрмақов, І. Жансүгіров, Б. Майлин және т. б., түркішіл Т. Рысқұлов, Н. Төреқұлов, С. Қожанов және т. б. олардың көздерін көріп, тағылымын бойларына сіңірген жаңа «Қазақшыл» азаматтар келді. Қазақ халқының қазіргі руханиятын осы «нағыз қазақшыл» азаматтар құрады, ал, 40 — шы жылдардың екінші жартысынан жаппай белең алған Сталиндік репрессияларының үшінші кезеңі тікелей қазақ руханиятына бағытталғаны, тіпті, көзге басылады. Себебі, қазақшылдар саяси тұрғыдан өзге көзқарастарды ұстанбаған, тек қандайда болмасын руханияттың діңін құрайтын тіл, әдебиет және тарих саласында қызмет атқарған азаматтар. Репрессияларға қазақшылдардың тарихи шындықты ашық зерттеп, айтып, дәріптеулері себеп болды. Ал, ол ақиқаттар, қазақ халқының тәуелсіз ел болғандығын, теңдессіз тарихы, әдебиеті және өркениеті бар ұлт екенін көрсетті. «Ұлы державалық мүддені» қорғаған сырты социалистік, кеңестік, ал, ішінде «ұлы державалық шовенизм» үстемдік құрған заманда қазақшылдардың бұл істері қылмысқа парапар еді. Рухани тұрғыдан ең ауыр тиген соққы осы үшінші саяси — қуғын кезеңі болды.
1 — оқушы
Ойсыраған орның толмаса да,
Күтті сені қанша жыл – Ел босаға.
Амал нешік?!
Дәстүрден тайды халқым,
Аққуларды атуға болмаса да!
Әлде кімге білгің жақпады ма?
Әлде кімге ұлы ұғым жақпады ма?
Отызға жасы жеткен ағаларды,
Ақ — құрасын айырмай атқаны ма?
Қуғын — сүргін құрбандары. жүктеу
Қуғын сүргін құрбандары, Сталинизмнің орнығуы, КарЛАГ, 31 мамыр қуғын сүргін құрбандарын еске алу
«Өзекті өртер шындық». 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу кешіне арналған сценарий
Сымбат Айдархан
-
26.03.2021
0
3564
Мақсаты:
Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралымағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті, Алаш жұрты! 31 мамыр Ашаршылық және саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!
Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да запты кезең болды. Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды еске алу, ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы. Ақиық ақын М.Мақатаев:
Біздер мына дәуірменен бірге өстік,
Қарап соның қабағына күн кештік.
Уақыттың үніменен тілдестік,
Уақыттың көшіменен бір көштік.
Біз жараттық мынау ғажап ғасырды,
Тарихы оның біздерменен ашылды,
Біздің мына қолтаңбамыз басулы,
Құрметтендер жиырмасыншы ғасырды! – деп өзі өмір сүрген ғасырға осылайша баға береді.
Өркениетті қоғамға қадам басқалы тұрған ел үшін ел басынан өткен ауыр нәубет жылдардың оқиғаларынан сабақ алу – өте қажетті іс. Елбасының жарлығымен 31 мамыр саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жариялануы – ұрпақ мойнына жүктелер парызға деген адамдықтың жарқын көрінісі.
Елбасы өз сөзінде: «Аға буын ұрпақтың тарихы мен олардың тәлкекке толы тағдыры туралы жадымызда сақтау – біздің адамгершілік парызымыз және осынау сұмдықтың қайталануына біздің ешқашан жол бермейтіндігіміздің кепілі. Бұл біз үшін аса маңызды тарихи сабақ және біз оны әрдайым есімізде сақтауға тиіспіз» деген болатын.
Жүргізуші:
Бүгінгі дөңгелек үстелге қатысушы қонақтарымыз:
Жүргізуші:
Экраннан ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған суреттерге назар аударыңыздар
Экраннанфлеш-галереякөрсетіледі
Жүргізуші:
Қазақстандағы Ұлы аштық қырғыны жайлы әңгімені екі өте маңызды ескертуден бастаған жөн болар: кеңес заманында Қазақстанда екі рет аштық қырғыны блғанын айтуға тиіспіз. Әрине, ең үлкен аштық қырғыны өткен ғасырдың 30-шы жылдары орын алды. Ол тарихта Ұлы жұт – Ашаршылық жылдары деген атпен аталады. Бірақ сонымен бірге 1919-1922 жылдары орын алған ашаршылықты да ұмытпаған жөн болар. Енді сіздер, 1930 жылдардағы нәубет, Голощекиннің саясаты туралы не айтар едіңіздер?
Дөңгелекүстелгеқатысушыларғасөзберіледі
Жүргізуші:
Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф.И.Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды. Бай – кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да еңгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай – кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай – кулактарды тәркілеуден басталды.
Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру халықты жаппай ашаршылыққа алып келді. Жер-жерде кедейлер мен орта шаруаларды орынсыз соттау және шаруалардың малын жөнсіз кәмпескелеу, меншік құқығынан айыру, тұрақты тұратын жерінен күштеп көшіру орын алды. 1930-1932 жылдарда алапат тұратын жерінен күштеп көшіру орын алды. 1930-1932 жылдарда алапат аштық етек алды. 30 жылдардың басында қазақ халқы 4 млн. 800 мың болатын.
Соның 2 млн. 300 мыңы 3 жыл ішінде аштықтан қырылды. Геноцид саясатының салдарынан халық осындай қасіретке ұшырады. Тұтас ұлтты түбімен құртып жібере жаздаған. Бірақ халқымыз үнсіз көне бермеген. 1929-31 жылдар аралығында Қазақстанда 72 көтеріліс болыпты. Созақ, адай, сабыралы атты көтерілістер осыған дәлел
Дөңгелекүстелгеқатысушыларғасөзберіледі
Жүргізуші:
Сталинге табынушылық немесе «ер басына күн туса»…, «халық жаулары» болып аталып кеткен Алаш азаматтары жөнінде айтып өтсек
«Үлкен террордың» басталуы 1937 жылдың 5 тамызы деп есептеледі. Бұл Сталиннің «антисоветтік элементтерді» құрту туралы бұйрыққа қол қойған күні. Осыған орай политбюроның арнайы шешімімен әр республика бойынша репрессиялануға тиісті адам басына «квота белгіленді».
Жергілікті партия органдары мен НКВД басқармалары бұл шешімді өте бір өлермендікпен жанталаса орындап жатты. Тіпті көпшілік аймақтардан Сталин мен Халық комиссары Ежовтың атына «өлім лимитін» өсіріп белгілеп беру туралы өтініш-хаттар үздіксіз ағылды. Көзсіз конвейер дүрілдеп жұмыс істеп кетті – «ерекше үштік» ешқандай сотсыз тергеу-тексеріссіз кез-келген жанды ату жазасына кесіп немесе абақтыға жаба салатын болды.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға сөз беріледі
Жүргізуші:
1937-38 жылдарда террор жаппай сипат алды. Бұл жылдарда кеңес үкіметін орнату мен нығайтуға қатысқан, кезіндегі «Алаш» партиясының көрнекті қайраткерлері мен мүшелері Ә.Бөкейхан, Х.Досмұхамбетұлы, А.Байтұрсынұлы, т.б. жазаға ұшырады, оларды халық жаулары деп жариялады. Жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушылар С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М.Дулатов жазаға ұшырап, ату жазасына кесілді. Көрнекті тілші, ғалым, профессор Құдайберген Жұбанов, Санжар Асфендияров, Ғылым академиясының басшысы М.Төлепов және басқалары жазалау шараларының құрбаны болды.
Сондай-ақ адамдарды жойқын қырғаны үшін басшылардың жеке жауапкершілігі туралы айтатын болсақ, бұл тізімнің ең басында Сталин тұр. Оның мойнына 42,6 млн. адамның қаны жүктеледі. Одан кейін: Мао Цзедун – 37,8 млн., Гитлер – 20,9 млн., Чан Кайши – 10,2 млн., Ленин – 4 млн., Хидэки Тодзио – 3,9 млн., Пол Пот – 2,4 млн. адам.
Жүргізуші:
Бүкіл КСРО көлемінде барлық ұлттардың зиялы атаулысы, ғалымдары мен ағартушылары, батырлары мен қолбасылары, дәулеттілері мен білімділері, діндарлары мен ақындары айдалды, атылды. Тіпті тұтас ұлттар атамекенінен жер аударылып, намыстары тапталды емес пе! Осының барлығы атышулы «58 статьямен» жүзеге асырылды. «Ақты қара, қараны ақ» дегізген жазалау саясаты, бірді емес, мыңды зарлатқан үштіктің шешімі «58 статья» еді. Осы әйгілі статья туралы әңгімемізді өрбітсек.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға сөз беріледі
Жүргізуші:
Атақты «58 статья» РСФСР бойынша 1927 жылы 6 маусымда заңға кірген де, соның негізінде миллиондаған кінәсәз адамдардың тағдырын тәлкек етіп, өмірін үзген
Жүргізуші:
Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг, Балхашлаг, Жезқазғанлаг, ЧСИР – отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь.
Кейіннен ол «АЛЖИР» — халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері. «АЛЖИРде» репрессия құрбандарының әйелдері, аналары, қыздары азап шекті. Қарағанды жеріндегі Осакаров ауданында орналасқан 25 поселок – обсервацияда Россиядан «халық жауы» ретінде жазалағандар орналастырылды. Осы біздің жерімізде орналасқан атышулы лагерьлер жөнінде не білеміз? Және де Балқаш қаласына байланысты деректерге тоқталсақ?
Дөңгелек үстелге қатысушыларға сөз беріледі
Экраннан деректі фильм көрсетіледі
Жүргізуші:
1937 жылдың желтоқсан айында «АЛЖИР» лагерінің іргетасы қаланып, бір жылдан кейін онда халық жауы атанған азаматтардың әйелдері әкелінген. 8-15 мыңдай тұтқын әйелдің гүл өмірі көктей солып, көбі осында бақиға аттаныпты. 1937 жылғы қыркүйек, қазанда Қиыр Шығыстан 110 мың корейлер, Әзірбайжан мен Армениядан 2400 отбасы жер аударылып, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына қоныстандырылды.
Жүргізуші:
НКВД балалары
Сталинизм тепкісінен тентіреген сәбилердің тағдыры. Т.Рысқұловтың жасы 16-дан жаңа асқан жалғыз ұлы Ескендір Рысқұлов Мурманск лагеріне жөнелтіліп, қабырғасы қатпаған жігіттің сол жерде опат болуы, екі қызы Сәуле мен Розаның еліміздегі әртүрлі балалар үйінде өткізген жанкешті өмірінен не білеміз?
С.Сейфуллиннің жалғыз ұлы Аян (не бәрі екі жарым жаста) поездағы ыстық-суыққа төзбей, тұлпардың соңғы тұяғы жол үстінде үзіліп ол кетті. «АЛЖИР» тұтқыны Мәриям Есенгелдинаның екі жастағы жалғыз ұлын НКВД қызметкерлері қолынан тартып алып, Саратовтағы балалар үйіне жіберіп, нәресте сонда шетінепті.
Ілияс Жансүгіровтың ұлы Болаттың өмірінің сақталуы кісі таңданарлық. Қолынан тірідей алатын болған соң Фатима апай НКВД қызметкерлеріне «Одан да, өз баламды өз қолыммен өлтірейін!» деп балға алып, сес көрсеткен! Анасының нағыз ерлігінің арқасында Болат Жансүгіров НКВД балаларының қатарына алынбады, бірақ ХХ съезге дейін «халық жауынның баласы» болып келді. Зобалаңға ұшырағандардың әйелдері «халық жауынның әйелдері» деген жаламен ұталып, Ақмоладағы әйелдер лагері «АЛЖИРге» ұзақ мерзімге айдалғанда, балаларының көрген құқайы да жетерлік.
Жүргізуші:
Қорытынды:
«Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР-ның 1993 жылы 14 сәуірдегі заңына сәйкес қуғын-сүргіндерге ұшырағандар жаппай ақталды, қазақ қайраткерлерінің есімдері халқына қайтарылды. Сонда да халқымыздың басынан өткен қасіретін халық жадынан ешкім өшіре алмас. Бұл біздің Отанымыздың тарихындағы өзекті мәселе.
Осымен Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай өткізілген ісшарамыз аяқталды. Келіп ой бөліскендеріңіз үшін алғысымызды айтамыз. Құрметті жастар, әрдайым өткен тарихымызды ұмытпай, біздің болашағымыз үшін күрескен ата-баба рухына тағзым етіп отырайық. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!