Файл: Абаты таырыбы Саяси рбандар Сабаты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 79

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


9 -Слайд 7-Оқушы/фон елім-ай әні қобызбен/

Әлихан Бөкейханов көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт-азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда өкіметінің төрағасы. , Ресейдің І Мемлекеттік Думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.

10 -Слайд 8-Оқушы/фон елім-ай әні қобызбен/

Бейімбет Майлин қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушы, Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын» (1929); «Күш» - сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930); «Жаңаша оқы және жаз» құралын (1931) және Ғабит Мүсіреповпен және А. Ситдыковпен бірге «Сауатсыздарға арналған әліппені» (1935-1936) жазып шығарды. «Еңбекші қазақ» (қазіргі «ЕгеменҚазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925). 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932). Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының бас редакторы болып істейді.1938 жы­лы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.

1 1 -Слайд 9-Оқушыфон елім-ай әні қобызбен/Мағжан Жұмабаев Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік білген.Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон, Гете тағы да басқа орыс, Батыс ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, олардың таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне айналдырған. .Мағжан – лирик , сыршыл ақын.  Ақын лирикасының тақырыптары алуан: туған жер, ата мекен, халық тағдыры, ар – адамгершілік, шынайы махаббат, т.б. 1917 көктемінде Ақмола облыстық халық ағарту бөліміне қызметке кіреді. Алаш партиясының жұмысына араласады. Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде жұмыс істейді. 1922 Ташкентке келіп, сондағы "Ақ жол" газетінің редакциясына кіреді.1923-1926 Мәскеудегі әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Мәскеуде оқып жүргенде "Алқа" ұйымын ұйымдастырғаны үшін тұтқындалып, он жылға сотталады. 1936 тұтқыннан босап, еңбек жолына қайта оралысымен, 1937 аяғында ұсталып, 1938 "халық жауы" деген жаламен ату жазасына кесіледі


1 2 -Слайд 10-Оқушыфон елім-ай әні қобызбен/Ахмет Байтұрсынов қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы. 1873 жылы, Қостанай облысы, дүниеге келді. 1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.1905 жылы жер меселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге «Қазақ» газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.ұлттық «Алаш» партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады.

Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалык жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды

13 -Слайд 11-Оқушыфон елім-ай әні қобызбен/Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР  (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды. 1920-1936 Ақмола атқару комитеті төрағасы, әкімшілік бөлімінің м еңгерушісі, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, хaлық ағарту комиссарының орынбасары, ҚазКАСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым Орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының басшысы, Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры, «Жыл құсы» альманағы, «Жаңа әдебиет» журналы басшысы, Қазақтың мемлекеттік институтының доценті, «Әдебиет майданы» журналының редакторы, Қазақтың коммунистік журнлистика институтының профессоры қызметтерін атқарды. еңбек етті

14 -Слайд Сәкен Сейфуллин кітаптары

15 -Слайд Сәкен Сейфуллин қойылған ескерткіш



16 -Слайд фон елім-ай әні қобызбен/Міржақып Дулатов(1885-1935) – Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі, ақын, драматург.. Ауыл мұғалімі деген куәлік алып, ауылда бала оқытты. 1904 жылы Омбы қаласына қоныс аударып, онда А.Байтұрсынов, Ә .Бөкейхановпен танысты. Омбы, Қарқаралы, Орал, Петербор қалаларында көрнекті қоғам қайраткерлерімен пікірлесу, саяси қозғалыстарға араласу оның саяси-әлеуметтік көзарасының қалыптасуына ықпал етті.. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.

"Бақытсыз Жамал" романы, "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары  ,екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады

17 -Слайд 12-Оқушы

Алыстан Алаш десе аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын.

Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ -

Мен неге, қазақтықтан сақтанамын / Міржақып Дулатов/

13-Оқушы

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас- ты. /

Міржақып Дулатов/
1 7 -Слайд Қуғын- сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайы

18 -19-20 Слайд Мұражай экспонаттары

21-слайд Қазақ қасіреті /1 минуттық еске алу видио/Әрбір оқушының қолында май шам жанып тұрады./

22-слайд 14-Оқушы

Бір замандарда атақты жаулаушы, француз императоры Наполеон Бонапарт «түріктерді (қазақтарды–Б.Б.) өлтіруің мүмкін, бірақ оларды жеңе алмайсың деп мойындаған екен. Құрбандардың топырағы торқа, жаныпейіште шалқысын! Біз, бүгінгі ұрпағының бақытты болашағы үшін баласынан бастап, бабасына дейін алтын жанын пида еткен құрбандардың өшпес рухына мәңгі басымызды иеміз! Біз, қазақты жер бетінен жойып жіберу үшін, тұқымын тұздай құрту үшін әдейі, қасақана жасалған аштықты, геносидті, репресияны еш қашан естен шығармаймыз! Өйткені, Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз


23-слайд 15-Оқушы / фон Өмірқұл Айниязов «Елім-ай »әні жаңа үлгіде/

«Отанды қастерлеу – елдігіміздің тірегі. Біз отаншыл болуға, жас ұрпақтың санасына отаншылдық ұғымын берік орнықтыруға тиіспіз. Біле-білсек, Отанды сүю – біздің перзенттік парызымыз, қарыс қадам үшін жанын қиған бабалардың асыл аманатына адалдығымыз!»
Н.Ә.Назарбаев.


16-Оқушы «Отаным» деген - Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі.

24 слайд видио «Елім менің»Бекболат Тлеуханов

Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабағымызды қортындылай келе Сталиннің жеке басына табынудың салдарынан тұтас бір халық өздерінің ең асыл азаматтарынан айырылып қалды. Иә, Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз. Сол жылдары қан ішіп, қара жамылмаған қазақ отбасы жоқтың қасы. Сол нәубат жылдарында қазақтың жалпы санының жетпіс пайызға жуығы қырылып кеткенін Елбасы ашық айтты.

Мектеп:

Астана қаласы. №69 мектеп-гимназия


Мерзімі: 05.03.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Тулегенова Ш.К. Даулеева Г.Т.

Сынып: 9 Ә, 5 А






Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы:

Ашаршылық – қазақ халқының қасіреті”

Мақсаты:


Қазақстанда Кеңес өкіметінің ұжымдастыру жылдарында орын алған ашаршылық себеп-салдарымен таныстыру. Оқушылардың Отаншылдық сезімін арттыра отырып – қиындыққа төзе білуге, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.

Іс-шараның өткізілу түрі:


Тарихи-әдеби кеш


Көрнекіліктер:

Тақырыпқа сәйкес презентация мен бейнеклип.

Іс-шараның барысы

Іс-шараның жоспарланған кезеңдері:

Жоспарланған іс-әрекеттер


Ресурстар

Басы

Профессордың кіріспе сөзі:

Ортаға профессор кейпінде оқушы шығады:

  • Армысыздар құрметті қауым! Мың өліп, мың тірілген қазақтың басынан не зұлматтар өтпеді десеңші. Ноғайлы болып аңыраған, Отырар болып қаңыраған, Ақтабан болып шұбырған қазақты кімдер де кімдер шаппаған. Біздің қазіргі Қазақстан Республикасының халқы 18 млн. Егер сол заманда сол бір қасіретке ұшырамағанда қазір біздің санымыз 60 млн болар еді. Ол қандай қасірет дейсіз ғой. Ол..... ол.......

Сахна артындағы дауыстар:



1-оқушы: Құдай атқан ашаршылық

  1. оқушы: Ақпан төңкерісі

3-оқушы: Халықтың жаппай қырылуы

4-оқушы: Зауал уақытындағы жұт

Презентация

1, 2 слайд



Бейнеклип қойылады.
Оқушы сөзі:

Көрініс:

Ән «Атамекен»

Монолог:

Күй «Қараторғай»

Профессор сөзі (баға берілуі):

1 минут үнсіздік:

Оқушы сөзі (Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштер туралы)

Оқушы өлең оқиды:

Қорытынды.

Ән орындалады.

Бейнеклип экранда басталғанда профессор ақырындап шығып кетеді.


Сакенова Жансая:

Тәуелсіздік жылдары жарияланған деректерде кеңестiк билiктiң алғашқы 1920- 1930-жылдарында қазақтар 4-4,5 млн. адамынан айырылған. 1921-1922-жылдардағы аштық кезiнде 1 млн. 700 мың адам, 1932-1933-жылдары 2 млн. 300 мыңға жуық адам құрбан болған. Сол кездегі қазақ зиялыларының мәліметтері бойынша, ашаршылық апаты Алтайдан Маңғыстауға дейінгі қазақ даласын түгел қамтыған.
Аштықтан шұбыра көшкен халық, бірін – бірі сүйрелеген, сәбиін кеудесіне қысқан т.б. адамдар. (Аштықтан жол бойы құлап жатқан адамдар, бір бала жерге құлайды, анасы зарлап, жылап, баласын құшақтайды, екі әйел алып кетпекші болады, оған әйел бой бермей, баласын құшақтайды, схнадан шығып кетеді).
Күн шығысты бетке алып жан сауғалап үрке көшкен елден қалып қалған бір үйлі жан ілбіп басып ілгерлей берді.
Үйелмелі-сүйелмелі төрт баласын жетектеп жаяу босқан бейбақтардың азығы таусылғалы екі күн. Қап түбіндегі нанның қоқымын санап теріп, аштықтан шырылдаған төрт баласының ауызына салып, бұлдыр белесті бетке алып келеді. Емшектегісі мен жасы үштен енді асқан екі баласын құшақтарына алып, сегізден енді асқан естиярына тете алты жастағы екі баласын жетектеп келеді. Екі күннен бері нәр сызбаған ата-ананың көзі шүңірейіп, жағы суалған. Өлеусіреген әлсіз жанарларын ата-анасына тігіп екі бала ілби аяңдайды. Кішкентай сәбидің аштықтан жылай-жылай дауысы да қарлығып өшкен. Көмейінен қырыл ғана шығады...
Қара суды қатық қылғалы тағы екі күн. Балалардан әл кеткен. Адам жаны мұншама сірі болар ма? Дүниенің тозағы қағанағыңды жарып шыққан балаларың көз алдыңда солып, семіп бара жатқаны. Ақыреттің тозағы да бұған тең келмес...
Бір емес, төрт құлынының көз алдында солып бара жатқаны жанына батып, көзі қарауытқан әке:
Кепкен ағаштың қабығындай шытынай жарылған ерінін жалап алып: "Төртеуін тең өлтіреміз бе? Одан да біреуін сойып, үшеуін аман алып қалайық. Емшектегісі ел қатарына қосылмас, соны сояйық",-деп шарасыздан әйелінің құлағына сыбырлады.
Бұны естіген шеше байқұс сәулесі сөнейін деген қос жанарын бағжаң еткізіп бір қарады да, құндақтағы баласын құшағына қыса түсіп, құбылаға қарап бүк түсіп отыра кетті. Жүзінің қызылы кетіп, еріні көгеріп, сүлдесі ғана қалған сәбиіне қарап аңырап тұрып жылады-ай. Иегі дірілдеп, екі иығы селкілдеп сәбиін құшты. Тарам-тарам аққан жас сұлық жатқан сәби бетіне тамшылады, ерініне тамған жылымық жасты қоңыр өңезделген кішкене тілімен болымсыз қимылдап жалаған болды сәби. 
"Тар құрсағымды кеңітіп, тас емшегімді жібітіп, омыртқамды үзіп өмірге алып келген балапандарымды көз алдымда алғанша, менің жанымды неге алмадың құдай?.. Шұнақ құдай! Келте құдай! Еңіреген елім, езілген ерімді көрсеткенің аздай, құлындарымның қырылғанын көрсетейін дедің бе құдай?.."



Көз шанағына іркіле қатқан екі тамшы жаспен ту алыста бұлдыраған тауға қабағын түйе қараған ерінің етегіне оралып “Анау тұрған дөңнен асайықшы, ел-жұрт жолықпаса көрерміз сосын”, деп булыға жылап, жалына үн қатты. 


Торсықтағы қара судан балаларының ауызына тамызып ілгері қарай аяңдады. 
Белестен асты. Иен дала, көзге тағы бір белес бұлдырады. Шарасы таусылған шеше байқұс “екіншісінен асайықшы, ел-жұрт жолықпаса көрерсің",-деп ерінің шалғайына оралып еңірей жөнелді. 
Сіңіріне сүйеніп, сүрініп-қабынып екінші белестен де асты-ау. 
Көз алдында күйреп бара жатқан құлындарына қарайтын қуаты қалмаған әке қынына қол апарды. Тағы көрінген иен жер, бұлдыр далаға үміттене қараған шеше байқұс құдайға зарын айтып, қатқыл тарытқан әкеге жалына жылады. "Үшіншісінен асайықшы, осы соңғысы болсын. Ел-жұрт жолықпаса айтқаның болсын. Қалай, қалай... қалай ғана қолың барады? Жарық дүниені жаңа сезіп, қос табаны қара жерге толық тимеген құлыныңды қалай бауыздамақшысың? Болмаса, болмаса мені бауызда. Осылардың жолында мен-ақ құрбан болайын, мен-ақ азық болайын. Тек, тек өлтіре көрмеші сәбиімді..."-деп зар еңіреді. 
Көнін сүйреткен көтерем балаларын кезек-кезек көтеріп, өліп-талып үшінші дөңнен де асты-ау. Тағы да иен дала. Қара терге түсіп, аштықтан бұратылып, екі тізесі дірілдеген әке қынындағы кездігін сурып алып, қалтырай басып, көзінен қан жауа ұмтылып барып орып ұмытла түскенде Құдайдың кереметін көрмейсіз бе, үшінші дөңнің үстінде он екі аша мүйізі сүзіскеннен ілініп қалған екі бұғы ешқайда бұлтара алмай тұр екен...

Орындаушы оқушы : Томирис әнді орындайды

Анамның әңгімесі (Мырзатай Жолдасбековтың естелігі бойынша)

Сауық құрып түзден оралғанымда налыған кейіппен: «Қасқырға қарындасыңды емес, сені тастауым керек еді» дегенін түсіне алмап едім. Ендігі әңгімені төсекке таңылған анам көзіне жас алып отырып баяндады. 

Небір сұмдық жайтты өткердік, ашаршылық кезеңде,

Барсың, байсың бір уыс дән қалған болса кесеңде.
Қу құлқынның қамы үшін жегендер бар баласын,
Мейірім жоқ, адалдық жоқ, адамдық жоқ кез елде.

Әл – дәрменім қалмаса да жүріп келем күні – түн,
Қарашығы көздерімнің екі балам үмітім.
Ұл – қызымда бұл нәубетте аман қалса арман не?!
Меңіреу түн! Сөндірмеші сорлы ананың үмітін.

Жүріп келем көксегенім жеткізбеді әлі де,
Тоқтай қалсам жым – жырт дала мінетіндей кәріне.
Аман қалсын деп екеуің тартып кеттім бір күнде
Кемербастау қайдасың деп қарамастан әліме.

Сорлы анаңның қара бұлттар торлай кетті аспанын,
Сезе қойдым, мақұлықтар мамық қарды басқанын.
Қан иісін сезген хайуан, тегін кетпес дедім де,
Амалым жоқ, құлынымды қанды ауызға тастадым.

Тоқтамастан ыстық жасым жуып кетті жүзімді,
Қасқырға жем қыламын деп ойлаппын ба қызымды.
Мен мың өліп, мың тірілген сол азалы шақтарым,
Мұз боп қатқан ұмытылмас өмірімнен үзінді.

Түсімде ол мені іздейді, маған қарай беттейді,
Апа дейді, бірде кел деп, бірде маған кет дейді.
Сәби дене жұламаланып, жемтік болған кездегі 
Шырқыраған үні әліге құлағымнан кетпейді.

Секундтармен арпалысып ойларымды еледім,
Бір әулеттің бір ұрпағы аман қалсын деп едім.
Қарындасың жүрегімнің ащы зары боп қалған,
Бірақ, балам ақ сүтімді ақтарыңа сенемін. 

Тастап кеткен айдалаға бейбіт күнде баласын.
Замананың ессіз дерті улап жүрген санасын.
Бауырындағы сәбиінен нәубет күштеп айырған
Мына сорлы, шерлі анаға жақсылап бір қарасын.

Оқушы ортаға шығып қобызбен «Қараторғай» күйін орындап береді.


Бір ұлттың жартысынан көбі қасақана әрекеттердің құрбаны болса, оған қандай тарихи баға берілу керектігін көзі қарақты кез келген азамат біледі. Ашаршылық құрбандарына тағзым да жетіспей жатыр. Тарихтың осы бір қасіретті кезеңін зерттеп жүрген отандық және шетелдік ғалымдар қазаққа бағытталған қызыл қырғынды «адамзат қасіреті» деп бағалады.

Ашаршылық және саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік

2007 жылдың 31 мамырында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен «Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып белгіленді. Біз сыныппен осы сабақты ұйымдастыру барысында ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке барып, тағзым еттік. Осы ескерткіш қысқаша мәлімет беріп өтсем, ол 2012 жылы 31 мамырда Абай және Республика көшелерінің қиылысында орналасқан. Ескерткіштің авторы: Орал Әлібаев. Ол композицияның өзіне тиесілі бөлігін «Қасірет керегесі» деп атапты. Монументінің сәулеттік композициясы екі мазмұндық бөлімге негізделген. Монументтің негізгі идеясы көкке қолын жайып, үмітпен жәрдем сұраған, өз ұрпағына өмір тілеген әйел-ана бейнесінен көрінеді. Сәулеттік композицияның артқы қапталына «Қасірет керегесі» тұрғызылған. Сондай-ақ осы ашаршылық тақырыбын одан терңірек түсіну үшін Қуанышбаев атындағы театрда «Жұт» деп аталатын қойылымға бардық.

2017 жылы 31 мамырда Алматы қаласында 1931-1933 жалдардағы аштық құрбандарына арналған ескерткіш орнатылды. Алматыда Ескерткіш авторлары:  Дулат Үсенбаев, Айдос Бүркітбаев пен Қанат Бегүлиев. «Баласын кеудесіне қысқан ана бейнесі» Ана — бар тіршіліктің қайнар көзі, келешек кепілі. Ана қасіреті — ел қасіреті. Аштықтан бұратылған болашағын, сәбиін құшақтаған ана халі сол замандағы өмір мен өлім арасындағы қазақ халқының басынан кешкен тағдырын шынайы бейнелейтіндей. Бұл ескерткіштер біздің тарихтың ақтаңдақ беттерін есімізге салып тұрады.

Біздің​  халық күрескер мойымады,

Тарих өзі қазақты мойындады.

Тәуелсіз ел – бұл күнде Қазақстан,

Күш –білімін, өнерін бойындағы.

Сарқа жұмсап елінің ертеңіне,

Ата ұрпақ - жас өскін өркеніне.

Әнін естіп тоқтамас өмір ағын,

Бірге гүлдеп жасамақ өз елімен.

Сол ескерткіш бейнелеп аштық жылын.

Еске салар аштықтың құрбандығын.

Ақ таңдақтың айқара бетін ашып,

Қара жүзін аярдың етер жырым.

Өлісін тірісіндей ардақтаған,

Еліме Алла өзі төккей нұрын.

Сахнаға барлық қатысушылар шығады. Ортада бір оқушы «Оян қазақ» әнін орындап береді.



Экранда бейнеклип көрсетіледі.

Экранда 3, 4 слайд

«Елім-ай» әні орындалып тұрады.

Экранда 5,6,7, 8,9 слайд

Экранда 10,11,12,13, 14слайд


Ақырын әуен ойнап тұрады.
Экранда 15,16, 17 слайд

Экранда 18,19слайд


Экранда

20-слайд


Экранда

21-слайд


22,23,24 слайдтарға сәйкес айтады.

Экранда

25-26 слайд

Экранда бейнеклип.