ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 80
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
31 мамыр - саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
11 мам 2023, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
aiboll
31 МАМЫР - САЯСИ ҚУҒЫН - СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
«Халқым, елім, жерім, Атамекенім! Бірлігіміз білектің күшіндей еді ғой. Аш – жалаңаш қайда беттеп барамыз? Қара шаңырағым шайқалып, жерімізден қуылып қайдан, кімнен пана іздейміз?
Күнім не болады, заманым не болады, ұрпағымның күні не болады? Қу құдай, Жаратқан ием, қолдай көр! Не жаздым бұл өмірде? Найзаның ұшында, қылыштың жүзінде жүріп, ата - бабаларымның қаны төгіліп, қорғаған жері еді ғой!»
Дәл осындай зарлы үн XX ғасырдың басында қазақтың жерін жайлап еді. Қайран, қазақ елі... Бүгінгі ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең дала, заңғар таулар, өзен - көлдер, құм - шөлдер, тарихи ескерткіштер, мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Біз бүгін басып жүрген топыраққа ғасырлар бойы ата - бабамыздың қаны тамып келген.
Иә, қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада жойылып кету қаупі тұрған еді.
Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1 - хатшысы болып келген Ф. И. Голощекин республиканың саяси - экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысып «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады, сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялық шаралар жүргізе бастайды. Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардың ішінде қазақстандық Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков т. б. болды.
1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын - сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.
Жалпы 1930 - 1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген.
Қаншама зобалаң жылдарды бастан кешкен қазағымның әрқайсысының айтқан зары, кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдары – бәрі - бәрі бүгінгі ұрпақтың құлағында, жүрегінде, мәңгі есінде.
Осыған орай, 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы шығып, соған сәйкес 31 мамыр Саяси қуғын - сүргін құрбандары күні болып жарияланды, ал ҚР үкіметіне жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын - сүргін құрбандарына арналған іс - шаралар әзірлеп өткізу тапсырылған. Бұл күні бүкіл ел саяси қуғын - сүргін құрбандары болған біздің отандастарымызды еске алады.
«Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі» КМҚК
Сынып сағаты:
«31 МАМЫР – САЯСИ ҚҰҒЫН СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ»
Дайындаған:
Сынып жетекшісі: Тайшикова Б.Б.
Ө/о шебері: Исина А.Ж.
Екібастұз қаласы
2017 жыл
31 МАМЫР – САЯСИ ҚҰҒЫН СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
31 мамыр күні - республикамызда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтіледі. Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу 1997 жылдан бастап өткізіліп келе жатыр.
Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Тарих өрісіне орай, біздің республикамыз миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған.
«Халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген. Сол кездердегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да жапа шекті.
Осы кезең аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.
Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі – 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы.
31 МАМЫР – САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
Мақсаты: 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін білу. Оқушыларға халықының өткенін ұмытпауға, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында халық қамын ойлаған ағалар ісін үлгі ету.
Көрнекілігі: «Қайғылы кезең еді» атты кітап көрмесі бойынша әдеби шолу, суреттер.
І. Кіріспе сөз.
ІІ. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне жалпы мәлімет.
Қарлаг. «АЛЖИР» лагері мен тұтқындарының тарихы
ІІІ. «Білсін мұны ұрпақтар» фактілерден үзінді.
ІV. «Сорлы қазақ» , «Зар заман», «Елім-ай» өлеңдерінен үзінді оқу.
Қазақстан тарихының өткен кезеңдеріне зер сала қарасақ тағдырдың талай қысталаң шақтарында тапқанынан жоғалтқаны көп халқымыздың сан қилы қиындықтарды бастан өткергенің көреміз. Әйтсе де ел басына түскен небір зұлматтардың ішінде орны толмас өкініш, азалы да қаралы кезең, қасіретті апат ретінде 1931-1933 жылдардағы ашаршлық нәубеті бәрінен де асып түскені сөзсіз. Бұл жеке адамның немесе отбасының емес, бүкіл халық басына келген апат.
Әрине, ол жылдары ашаршлық тек бізде ғана болған жоқ. Ол Украинада, Солтүстік Кавказда, Еділ бойының кей жерлерінде халықты қырғынға ұшыратты. Бірақ солардың ішінде аз ғана қазақ халқының жартысына жуығының қырылып қалуы бұл қасіретті көлемі жағынан да, нәубеттен орны толмас зардап шеккен ұлт ретінде де ХХ ғасырдағы әлем тарихынан орын алған осындай апаттардың алдыңғы қатарына шығарады.
1931-1933 жылдардағы аштық туралы тоталитарлық жүйе тұсында шындықты айтуға тыйым салынды. Бостандық пен теңдікке ұмтылу саналы адамзат тарихының қай кезеңінде болмасын ерекше орын алып келгені белгілі. 1917 жылы Ресейдегі Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісі қарапайым халыққа, әсіресе, езгіге түсіп, отаршылар тепкісінде келген аз ұлттар мен халықтарға өздері ежелден аңсаған бостандық пен тәуелсіздік, әділеттік пен теңдік идеялары тез арада орындалатындай болашақтан көп үміт күттірген еді.
20- жылдары сезімтал қазақ зиялыларын қатты ойландырып, іштей наразылығын тудырған мәселенің бірі – орталықтың Қазақстанның жергілікті ерекшеліктерімен және ұлттық мүддесімен көп жағдайда санаса бермеу саясаты еді. Батылы жетіп, өз қара басының қамын ойламаған Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов, сияқты қайраткерлер бұған барынша қарсы тұруға тырысты. Бірақ, сол үшін кейіннен күйіп кетті.
Жүргізуші: («Білсін мұны ұрпақтар» Зейтін Ақышевтың әңгімесінен үзінді оқу. «Қызылдар қырғыны», 12 б.)
Фактілерден үзінді
1. 1932 жылы Қазақстан байрығы халқының 64 процентінен айрылған.
2. Қазақстан халқының саны 1930 жылғы 5,9 миллион адамнан азайды.
3. Алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шекарасынан шығып, босқыншылыққа ұшырған шаруалар саны – 1 миллион 31 мың. Олардың 165 мыңы бұрыңғы Кеңестер Одағының шекарасынан әрі асып, Қытайға, Монғолияға, Ауғанстанға , Иранға, Түркияға өтіп кеткен. Сөйтіп туған жерлеріне қайтып орала алмаған. Ал көрші республикаларға, Ресейге қоныс аударып, орнығып қалғандар саны – 450 мыңдай.
4. Қазақстанда 1933 жылы мал саны 1929 жылғымен салыстырғанда 16 есеге кемі кеткен. Басқаша айтқанда, қолда бар 39 миллион 294 мың малдан 2 миллион 428 мыңы қалған. Бұл небәрі төрт жылдың ішінде 37 миллион малдың жоқ болғанын көрсетеді. (жалғасуы 162 бетте)
«Сорлы қазақ» (М. Мақатаев) (үзінді)
1 оқушы
Сорлы қазақ жаны алқымға тығылып
Қара күн кеп, тіккен туы жығылып
Алға баспай, барлық ісі кер кетіп
Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп
Оқу білім жақындатпай, жолатпай
Қырын қарап, қазақ ісін ұнатпай
Пыр-пыр ұйықтап сорлы қазақ тек жатыр
Қанды жаспен екі көзін шылатпай
Қозғал, қазақ, білім іздер кез келді
Қылыш алып, «надандық» саған кезенді.
Шетке лақтыр, тымақтай алып, елден қу
Ертелі кеш басыңа мініп, езгенді!
Кітап әпер, оқысын, балаң қолына
Малды аяма басқалармен қатар бол,
Қосыл бірдей тобына!
«Зар заман» М. Дулатов (үзінді)
2 оқушы:
Кез болған соң кер заман біздің баққа
Жау жарағые асынып, міндік атқа
Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын
Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа
Заман-ай!
Ел бастайтын қайдасың, көсемдерім?
Сөз бастайтын қайдасың, шешендерім?
Тәуекелге бел байлап, басты топты
Тигізбеген жұртқа жау кеселдерін
Заман-ай!
Бай, қайдасың, ортаға малынды сал
Азды-көпті аямай барынды сал
Жаны тәтті жақсылар, қайдасындар?
Мұсылманның жолына жанынды сал
Заман-ай!
«Елім-ай»М. Дулатов (үзінді)
3 оқушы:
Ем таба алмай дертіне мен ертеден
Сол бір қайғын өзегімді өртеген
Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден
Еңсең неге түсті мұнша , елім-ай?
Өткен сағым, келер алдың бір мұнар
Қызылшылсың қызарғанға тым құмар
Сақтан деген сөзді жан жоқ шын ұғар
Жемге шапқан, қармақ құрса, елім-ай!
4 оқушы:
Қандай едің, қара кейін қайырылып
Қандай едің, тұрсың одан айрылып
Мүгедек боп қос қанаттың майрылып
Өксіп жылап өгей ұлша, елім-ай!
Мұны құр бос өлең десең, өзің біл
Жұрт болмаймын өлем десең, өзің біл
Не болса да көнем десең, өзің біл
Босағада жүрген құлша, елім-ай!
5 оқушы:
Түзелесің қашан, жұртым, оңалып?
Тіл алмасаң, кетпеймісің жоғалып?
Қайтер едің өткен дәурен оралып
Жылы жүзбен мойнын бұрса, елім-ай!
Сол күнінді көрсем-менің арманым
Жоқтамас ем өзге тілек қалғанын
Сұм жүрегім селк етпейді жалғанын
Бұл мінезің бойда тұрса, елім-ай!
«Қайғылы кезең еді» атты кітап көрмесі бойынша әдеби шолу.
ҚАРЛАГ
Орталық Қазақстанның мәдениеті 30-шы жылдары Гулагтың филиалдары болған: Қарлаг, Степлаг, Песчанлаг, Алжир т.б. кең көлемді концлагерлер зонасында қалыптасқан. Бұл кезең өлкені жедел индустриаландыру кезеңі болатын. Және мұнда мыңдаған жер аударылғандар мен тұтқындардың, бай, кулактардың еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Қарағандының еңбекпен-түзеу лагері 30-шы жылдары бір жағынан бұрынғы саяси партиялар өкілдері мен бай, кулактардан тұрса, екінші жағынан айыпты деп саналған жұмысшылар мен шаруалардан құрылған.
Гулагтың (лагерлердің мемлекеттік басқармасы) ең ірі филиалы болған Қарлаг Қазақстан аумағындағы кіші мемлекет сияқты, дербес мекеме ретінде қалыптасты. Еңбекпен түзеу лагерінің негізгі мақсат-бағыты, тұтқындағылардың тегін еңбектерін пайдаланып, Сталиннің социализм құрылысы туралы бағдарламасын жүзеге асыру.
Қарағандының еңбекпен-түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда ұйымдастырылған, лагердің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шакырым жердегі Долинка селосында орналасқан. «Қарлагқа» 120 000 га – жыртуға, 41 000 га пішендік жер бөлінген. Қарлагтың аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 300 шақырым, шығыстан батысқа дейін 200 шақырым жерді алып жатқан. Бұдан басқа лагер орталығынан 350 шақырым қашықтықтағы Ақмолада және 650 шақырым қашықтықтағы Балқашта Қарлагтың филиалдары болған.
Қарлагты ұйымдастырудағы басты себептердің бірі – Орталық Қазақстанда жедел қарқынмен өсіп келе жатқан көмірлі-металлургиялық өндіріс орындары: Қарағанды көмір бассейні, Жезқазған және Балқаш мыс балқыту комбинаттары үшін ірі азық-түлік базасын құру болған. Тағы бір жағдай – осы өндіріс орындарын құрып және оны жетілдіру үшін жұмысшы күші де өте қажет еді.
Қарлаг Орталық Қазақстандағы ең бір бос жатқан далада, бұрын пайдаланылмаған жерге орналастырылды деген ұғым, түсінік дұрыс емес. Лагерге бөлінген үлкен аймақта 80 мың халқы бар 4000 қазақ үйлері болған, және 1200 неміс, орыс, украин отбасылары тұрған. Жергілікті тұрғындарды ықтиярсыз қоныс аударуға мәжбүр еткен соң, бос қалған жерлерді көптеген тұтқындар колоннасы иемденген. Олар лагердің барлық аумағын пайдаланып: теміржол, тұтқындар үшін барақ, мал қораларын, әскерилендірілген күзет үшін казарма және гарнизон бастықтары үшін үйлер салған.
Қарлаг басқармасы тек Москваға - Гулагқа - ОГПУға (НКВД) тікелей бағынған. Республикалық, облыстық партия және кеңес органдарының лагердің жұмысына іс жүзінде ешқандай ықпалы болмаған. Шындығында «Қарлаг» мемлекет ішіндегі Мемлекет болған. Өзінің нақтылы билігі бар, қару-жарағы, көлігі және пошта, телеграф байланыстары болған.
Қарлагтың құрылымы мөлшерден тыс үлкен және көптеген құрылымдық бөлімдері болған. Арзан жұмыс күші, негізгі қордың арзандығы, амартизациялық шығындардың төмендігі өндірістің пайдалылығын арттырып оның жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызды.