Файл: Абаты таырыбы Саяси рбандар Сабаты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 77

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Долинканың аймағы жан-жақты темір торлармен қоршалып, оған кіру арнаулы рұқсаттама (пропуск) арқылы жүргізілді. Лагердің іші тағы да екі аймаққа бөлінген және әрбір бұрышқа күзет мұнарасы қойылған. Қамауға алынғандар Қарлагтың барлық жеріне орналастырылған. Қарлаг жұмыс істеген уақытта мұнда 1 миллионнан астам адам тұтқында болған.

Гулаг лагерінің жұмысы ондағы адамдардың жағдайын қалайда қиындатып, моральдық және психологиялық тұрғыдан құртуға негізделген. Казарма басшылары үшін тұтқындар берген баланданы ішіп, ұйықтап, қарсылық білдірмей жұмыс істесе болғаны.

Тұтқында болғандардың адам төзгісіз, қайғылы қиын жағдайлары туралы олардың кейіннен мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған естеліктері мен мұрағаттар қорында сақталған құжаттардан айқын көрінеді. Қарлагта тұтқындар өз міндеттерін саналы түрде түсінулері үшін олармен саяси-тәрбие жұмыстары жүргізілді. Тәрбиелік іс-шаралардың жан-жақтылығы сонша, ол: дұрыс тамақтандырудан бастап «әлеуметтік қорғаудың ең жоғарғы шарасы» – атуға дейін қамтыған. Сондай-ақ, социалистік жарыс, әртүрлі үгіт-насихат жұмыстары да қарастырылған.

Қарлагта отырғандар Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Елінің әскери экономикасын дамытуда айтарлықтай үлес қосты. Қарлагта мерзімдерін өтеу үшін өте ірі оқымыстылар отырған. Олар кейіннен Қарағандының мекемелері мен оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізін құрған.

XX ғасырдың ғажап істерінің бірі Қарлагта азап шеккен Кеңес елінің және шет елдер мәдениеті мен ғылымының жүздеген қайраткерлері Қарағандыдағы алғашқы Мәдени ошақтарын ашқандар болды. Олар өмірлерінің ең бір қисылтаяң, қайғылы, ауыр жағдайларына қарамастан арттарында өнердің өте сирек кездесетін бірден-бір туындыларын қалдырды.

50-ші жылдардың басында Қарлагта екі жүзден астам лагер бөлімдері мен нүктелері болған. Олар негізінен ауылшаруашылығымен айналысқан.

1959 жылы Қарлагты таратқанда онда «саясилардан» ешкім қалмаған.

Қазір «Қарлаг» жай жырынды қылмыскерлердін түрмесі.

Александр Леонидович Чижевский (1897 - 1964)

XX ғасырдың ұлы оқымыстысы, академик Александр Леонидович Чижевскийдің зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша таза ауаның тірілткіштік, жандандырғыштық күші теріс зарядты оттегі молекуласында деп анықталған. Бұл ғылыми қорытынды кең қолдау тауып, Чижевскийдің идеясын бүкіл әлем мойындаған.

Ол 30 университеттің, академиялар мен ғылыми қоғамдардың толық және құрметті мүшесі болып сайланған. 1939 жылы Нью-Йоркте өткен биофизика және биокосмология туралы халықаралық конгрестің құрметті президенті болып сайланған.


А.Л.Чижевский жан-жақты дарынды адам болған: ғалым, ақын, жазушы, суретші, тарихшы, дәрігер және өнертапқыш.

1942 жылы Москвада тұрып жатқан А.Л.Чижевский ешқандай дәлелсіз 8 жылға каторгаға айдалған. Осы жылдардың көпшілігін Қарлагта өткізген.

Қарағанды мұрағаттарында А.Л.Чижевскийдің түрмеде болған кездердегі жеке іс қағаздары сақталған.

Әлемге аты әйгілі ірі оқымысты А.Л.Чижевский өмірінің 8 жылын ГУЛАГ, Қарлаг лагерлерінде өткізген.

Лагерден босаған А.Л.Чижевскийді Қарағандыға қоныс аудартады. Осы жерде 1950 жылы 25 қаңтарда ССРО МҚКомитетінің Қарағанды басқармасы оның үстінен екінші рет іс қозғайды. Тағдырдың қаншама қиыншылықтарың көріп, азап шексе де рухы күшті оқымысты өзінің ғылыми еңбектерін тоқтатпайды. 1947 жылы 12 желтоқсанда Қарлагтың ОУРЗ бастығы Матросов Чижевскийдің"Электр тәсілімен барынша төзімді бетон алу" туралы ғылыми еңбегін Москваға жібереді. Одан кейінде бірнеше еңбектер жазылған, өкінішке орай осы уақытқа дейін еңбектері басылып шықпаған.

Спасск лагерінде А.Л.Чижевский тұтқын П.Г.Тихоновпен (математик) бірге микроскоп арқылы зерттеп қан элементтерінің құрылысын, оның электроқозғалысын анықтаған. Осы еңбегі "Қан қозғалысына құрылымдық талдау" (Структурный анализ движущейся крови) кітабына негіз болып, ол 1959 ж. жарық көрген.

1950 жылы Спасск лагерінен босап шыққан А.Л.Чижевскийге Қарағанды қаласында тұруға ұлықсат береді. Мұнда ол облыстық онкодиспансерде меңгеруші, облыстық клиникада кеңесші, КНИУИ-да ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Осы кезде атақты"Чижевский люстрасы" құрастырылған. "Шамның" ауаны иондау тәжірибесі №38 шахтада өткізілді. Ғылыми советтің ұсынысы мен тәжірибе №70 шахтада да өтті.

1959 жылы А.Л. Чижевский жұбайымен бірге Москваға тұрақты тұруға қоныс аударады.


«АЛЖИР» лагері мен тұтқындарының тарихы
Алғашқыда бұл жерде «26-нүкте» деп аталатын орын болған. Соның негізінде 1938 жылы НКВД-ның Ақмола арнайы бөліміне (Қарағанды лагеріне) қарасты «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері» пайда болды.

Қазір Астана қаласына таяу жерде орналасқан Ақмол поселкесіндегі қуғын-сүргін құрбандарына арналған аллеяда осы лагерьдің аты жазылған тақтайшадағы «отанын сатқандар» деген сөз тырнақшаға алынған.

Тұтқындар лагерьді бір сөзбен «АЛЖИР» деп атады. Бұл лагерьге Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен туған-туыстары қамалды. Осынау сегіз мың әйелдің бар айытары - «халық жауы» атанған күйеулері мен туыстарынан бас тартпағандығы еді. ГУЛАГ лагері Совет Одағының түкпір-түкпірінде қаптап кетті. «АЛЖИР» де жер бетіндегі сондай тозақтың бірі болатын.



Кейін лагерь өз алдына ауыл шаруашылық өндірісі, шеберханасы мен тігін фабирикасы бар сан-салалы шаруашылыққа айналды. 1953 жылы жабылғаннан соң тұтқындар кенті Малиновка деп аталды, кейіннен Ақмол деген атауға ие болды.

Бұл жерді тұтқындарың өзі адам тұратын қалыпқа келтірді. Барак, асхана, мал фермалары, астық қоймалары мен шеберханалардың барлығын тұтқын әйелдер өздері салды. Олардың басым көпшілігі - интеллигенция өкілдерінің қара жұмысқа үйренбеген әйелдері болатын.



Г.С. Суюнова , арнайы пәндер оқытушысы.

МКҚК «Технологиялық колледж »

БҚО, Орал қаласы.

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз.

С абақтың мақсаты: «Саяси репрессия құрбандарын еске алу» күніне орай ХХ ғасырдағы қазақ баласының басына түскен сұмдық апат, қанды қырғын, қазақ даласын адам қанымен суарған қатыгез қасапшылық – саяси репресия құрбандарын еске алу және оқушыларға елін,жерін, отанын сүюге тәрбиелеу.

  1. Слайд Мұғалімнің кіріспе сөзі / фон елім-ай әні/

1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы»  қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін  «геноцид саясаты»  осылай басталды.

2-Слайд / фон елім-ай әні/ Онда президент Н.Назарбаев «Қазақстанның мақсаты – өзіне жау табу емес, болғанды болғанындай шынайы білу» деп мәлімдеген. «Қазір тарихты зерттеуде екі бағыт етек алған: Бірінің мақсаты өткенге кінәліні іздеп-табу болса, ал екіншісі бұлай істеу әрі керек, әрі қажет болды дейді» деген.

Елбасы ақиқат осы екі бағыттың бел ортасында жатыр деп көреді. «Біздің мақсатымыз,- дейді Нұрсұлтан Әбішұлы жау іздну емес, болған қасыретті ұмытпау, нақты тарихты білу, оны жазып қалдыру және біздің тұқым-жұрағаттарымыз білу үшін еске алып отыру».

Және де президент: «Біз әлде кімді немесе тарихты кінәлағымыз келмейді. Біз тек шындықты білгіміз келеді. Шындықты білу арқылы тап сондай нәубат қайталанбас үшін не істеу керек екенін білеміз.» деген.

1-Оқушы / фон елім-ай әні/

Иә, Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз. Сол жылдары қан ішіп, қара жамылмаған қазақ отбасы жоқтың қасы. Сол нәубат жылдарында қазақтың жалпы санының жетпіс пайызға жуығы қырылып кеткенін Елбасы ашық айтты.!


3-Слайд 2-Оқушы / фон елім-ай әні/

Тарихқа үңіліп қарайтын болсақ, ашаршылық қазақ даласында 1929 жылы бірінші рет болып, кейін 1932 жылы қайталанған. Бірінші ашаршылықта бірнеше миллион халық қырылған болса, екіншісінде одан да көп халық аштықтан көз жұмды. Ал қырылғаннан қалғандары жан сақтау мақсатында басқа елдерге босып, тозып кетті. Сталиндік қуғын-сүргін кезінде 100 мыңнан астам қазақстандық «итжеккенге» айдалды Бұның барлығы қазақ даласына жасалған қиянат болатын


4 -Слайд видио Зауал Ашаршылық туралы деректі фильм

5 -Слайд 3-Оқушы /фон елім-ай әні қобыз/

Жұбан Молдағалиев

«Мен қазақпын» атты өлеңінде:
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
деп жырлағандай, қазақтың басынан өтпеген зұлмат кемде-кем. Алайда, тоталитарлық саясат бәрінен асып түсті.

Қазір осы датаны аза тұту күні ретінде атап өту парызымыз. Себебі өткенін ұмытқан ұлттың болашағы да жоқ.

6 -Слайд 4-ОқушыСаяси репрессия құрбандары /фон елім-ай әні қобызбен/

1938 жылдардағы қанды оқиға жаңғырығы мәңгі ел жадында. Нақақтан-нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары «ұлтым» деймін деп – «ұлы қылмыс» жасап, «халқым» деймін деп – «халық жауы» деген жала жабылып атылып кетті. Талай бейбіт отбасыларының оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды. Түптеп келгенде, саяси қуғын-сүргін, аштық, өзге ұлттардың депортациясы барлығы тоталитарлық жүйенің орыстандыру-шоқындыру,   бүтіндей бір ұлтты жою саясатының нәтижесі

7 -Слайд 5-Оқушы Алаш қозғалысының басты мақсаты –/фон елім-ай әні қобызбен/Қазақ елінің өзін-өзі басқару, ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, нарықтық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқығын және басқа демократиялық принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Қазақты «ұлт» ретінде қалу болды

8 -Слайд 6-Оқушы/фон елім-ай әні қобызбен/Оқушылар қолына май шам жанып тұрады және суреттерін алып тұрады./

Тұрар Рысқұлов – адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.