Файл: Асазанны ойы жарасы перфорацияланан кезде ауырсыну сипаты мен орны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 533
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Асқазанның ойық жарасы перфорацияланған кезде ауырсыну сипаты мен орны:
-
Үйдің төбесін бояу кезінде жұмыскер жерге құлап түсті, оң жақ санын тіліп алды. Жарадан алқызыл қан бөлінуде. Қан кету түрін және уақытша қан тоқтату әдісін көрсетіңіз:
-
Операция алаңын өңдеу үшін қолданылатын ерітіндіні көрсетіңіз
-
Жедел жәрдем фельдшерін қатты ауырсынбалы толғақтарға шағымданатын босанушыға шақырды. Қарау барысында: мазасыз, контракциялық сақина жоғары және қиғаш орналасқан, жатыры кұмсағат пішіндес, сыртқы жыныс мүшелері ісінген. Қандай асқынуды күмәндәнуға болады?
-
Аралықтың ІІ дәрежелі жыртылуы сипатталады:
-
Босанғаннан кейінгі әйел 7 тәулік бойы үлкен дәретінің болмауына шағымданады, мейірбикенің қажетті іс-әрекеті:
-
Көп босанған әйел, бала жолдасы туылды, қарау барысында түгел. Жатырдың жиырылу қабілетінің төмендігіне байланысты жатыр қуысын қолмен тексерді. Әйел 1000 мл қан жоғалтты және қан кету жалғасуда. Қанды тоқтату мақсатында қандай іс-әрекет жасалады?
-
Жүкті әйел кезекті дәрігер қарауына әйелдер кеңес беру мекемесіне келді. Жүктілік мерзімі 28-29 апта. Тексеру барысында АК - 160/100 мм. сын. бағ. көрсетті. Аяғында ісігі бар. Зәрдегі ақуыз мөлшері 1 г/л дейін. Сәлден кейін әйел басының ауырғанына, көзінің қарауытқанына, құсқысы келетіндігіне шағымданды. Жедел жәрдем көмегі шақырылды. Ол келгенше сіздің тактикаңыз?
-
Босану хабаршысының диагностикалық белгісін көрсетіңіз:
-
24 жастағы жүкті С., босану үйіне 4 сағат бұрын басталған толғаққа шағымданып келді. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, АҚ -120/80 мм.с.б.б., ұрықтың жүрек қағысы анық, минутына 130 соққы, толғақ 30 секундтан әр 7-8 минут сайын. Бимануальды тексеруде: жатыр мойны 6 см ашылған, қағанақ қапшығы бүтін. Диагноз: Жүктілік 39 апта. Босану кезеңін анықтаңыз:
-
Науқас С.,22 жаста, 10 шілде етеккірінің болмауына, таңғы уақытта жүрек айну мен құсуға шағымданып келді. Анамнез: соңғы етеккірі 10 мамырда, жыныстық қосылу күнделікті. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, АҚ 110/70 мм.с.б.б. Айнамен қарағанда қынаптың шырышты қабаты көгілдір. Бимануальды зерттеуде: жатыры қаз жұмыртқасындай ұлғайған, ауырсынбайды, консистенциясы жұмсақ, пальпацияда қатаяды. Жүктіліктің және босанудың болжамды мезгілін анықтаңыз:
-
Көпұрықты жұктіліктің диагностикалық белгісін анықтаңыз:
-
Науқас әйел іштің төменгі жағындағы кенеттен бүріп ауыруға, есінен танған күйге шағымданады, АҚ 90/60 мм с.б., Тамыр соғу - минутына 100 соққы, терісі бозарыңқы, Щеткин-Блюмберг симптомы оң, төрт аптаға етеккірдің кідіруі, PV: кенеттен ауырғандықтан жатыр және қосалқылары анықталмайды, артқы күмбезі керіліп тұр. Нені болжауға болады?
-
Босану үйіне 22 жастағы Ф.түсті, жүктілік мерзімі 38-39 апта. Бойы 150 см, салмағы— 58 кг. Жамбас өлшемдері: 22-24-26-16,5 см, іш айналымы — 103 см, жатыр түбі биіктігі— 40 см. Ұрықтың қалпы ұзынша, басымен келіп тұр, ұрықтың жүрек қағысы анық, ырғақты, 140 соққы/мин, басының тік өлшемі— 12 см. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны жетілген, ұрық басымен келіп тұр, кіші жамбасқа кіреберісте қозғалмалы. Болжамды диагнозды көрсетіңіз:
-
Ұрықтың жедел гипоксиясы дамитын жағдайды көрсетіңіз:
-
Жаңа туылған нәрестелер асфиксиясы дамуының антенатальды қауіп факторын көрсетіңіз:
-
Босанушыда меконий аралас қағанақ суы кеткеннен кейін мерзімі жетілген нәресте туылды. Нәрестенің жағдайы ауыр, пульс 80 соққы/мин, бұлшықеттер атониялы, терісі боз, бала жыламайды. Акушердің арғы әрекетін көрсетіңіз:
-
Жыныс серіктестерін жиі ауыстыратын және жыныстық қатынаста жиі болатын 19 жастағы жас қызға контрацепция әдісін таңдаңыз:
-
Гинекологиядағы шұғыл жағдайларға жатады:
-
Оральды контрацептивтер қолданатын 33 жастағы әйелге ұсыныстар таңдаңыз:
кеуде клеткасында ауырсыну пайда болғанда контрацептивтерді қабылдауды тоқтату
-
Жүкті әйел бас ауруға, көз алдында шіркейлердің пайда болуына, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Тамыр соғу минутына 80 рет, АҚ 170/100 мм с.б., ісіктер жоқ. Жатырдың көлемі мерзімі жеткен жүктіліктің мерзіміне сәйкес келеді, жүрек соғысы минутына 140 рет, тұйықталған, ырғақты. Сіз нені болжайсыз?
-
Мүйіспен және қасаға симфизінің төменгі шеті арасындағы арақашықтық:
-
Ауруды оң үлкен жыныс еріннің аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Жыныс еріні ісінген, қатты ауырады, оның үстіндегі терісі қызарған, қатты ісік білінеді. Сіздің диагнозыңыз:
-
АИВ инфекциясы кезінде инкубациялық кезеңнің аяқталуы немен сипатталады?
-
"Эндемия (эндемиялық)" термині нені білдіреді?
-
Қай инфекциялық ауруларды убиквитарлы деп атайды?
-
Қабылдау бөліміне түскен науқаста педикулездің белгілері анықталғанда мейірбикенің іс-әрекеті:
-
Сальмонеллез анықталған науқасты соматикалық бөлімшесінен ауыстырғаннан кейін қандай шаралар орындау қажет:
-
Пациент медициналық көмек алу, ал қызметкер – кәсіби қызметінің барысында жұқтырған жұқпалы аурулар қалай аталады
-
Қабылдау бөліміне 3 күн бойы су тәрізді сұйық нәжістің болуына шағымданып науқас келді. Клиникалық белгілері: АҚ- 100/60 мм.с.б.б., пульс- 98/мин., шырышты қабаттары құрғақ. Осы жағдайда қандай ерітіндіні тамырішілік енгізуге болады?
-
Патогенді қоздырғыштардың макроорганизмге ену жолы:
-
Іш сүзекпен ауыратын науқаста өршу кезеңінде байқалады?
-
Жұқпалы ауруханаға ауыз жұтқыншағының дифтериясы, жамылғы формасы диагнозымен науқас түсті.Науқасты тексергеннен кейін қандай бөлімшеге жібереді ?
-
Қалалық аурухананың жұқпалы бөлімшесіне қатты бас ауруы, құсу, гипертермия, 39ᴼС шағымдармен науқас түсті. Болжам диагнозы: менингококк инфекциясы, менингококты менингит. Менингиттің диагностикасы кезінде менингиалдық белгілерді анықтайды, олардың бірі болып табылады:
желке бұлшықеттерінің сіресуі
-
Науқасқа ботулизм болжамды диагнозы қойылды. Медбикеге асқазанды жуу керек. Асқазан-ішек жолдарындағы ботулотоксинді белсенсіздендіруде қолданатын ерітіндіні көрсетіңіз:
-
А вирусты гепатит аурушаңдылығы анықталғанда бірінші кезекте жасалатын әрекетті көрсетіңіз:
-
Әйелді дене температурасының 37,9 °С дейін жоғарлауы, ішінің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну, шырыш пен қан аралас 15 ретке дейін нәжіс, тенезм, жалпы әлсіздік, жүрек айну, құсу мазалайды. Қарау: терісі бозарған. Тілі құрғақ. Пальпация кезінде сигма тәрізді ішек спазмдалған, қатты ауырсынады. Пульс 98 соққы/мин, АҚ-110/70 мм.с.б.б. Қай ауру жайлы болжауға болады?
-
№ 058/у формасы бойынша шұғыл хабарлама санитарлы эпидемиологиялық саладағы мемлекеттік мекеменің аймақтық бөлімшесіне ауру тіркелгеннен кейін неше сағатта жіберілу керек?
-
Іш сүзегімен ауыратын науқастың потенциальды спецификалық мәселесі:
-
"Жедел жәрдем" қызметкерлері науқаста ботулизм анықтады. Біріншілік медициналық көмекті көрсетіңіз:
-
Науқас 24 жаста, мейірбике, ерітіндімен қатынастан кейін пайда болған қышитын бөтрпелерге шағымымен келді. Бұл препаратпен қатынасты тоқтатқаннан кейін бөртпе және қышу жойылды. Қайталанған қатынаста таралған гиперемия және ісіну, папуловезикулалы элементтер пайда болды. Болжамды диагноз қойыңыз:
-
8 жасар бала іш және қолдарының терісінде 2 апта бұрын кейде жеңіл қышумен ұласатын бөртпелер пайда болды. Объективті: қалыпты тері түсіндей ортасында кіндік тәрізді басылған жылтыр байламы бар, сипағанда тығыз, көптеген бөртпелер көрсетілген. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
-
Мерездің біріншілік белгісі:
-
Күлдіреуік (пузырчатка) патогенезінде жатыр:
-
Бозғылт трепонема қандай антибактериялық препараттарға сезімтал?
-
Қабылдауға 34 жастағы еркек келді, түнгі клубта ди-джей, екі күн бойы дене температурасының 38°С дейін жоғарлауы, дизурия, зәр шығару кезінде қышу және ашу, уретрадан жағымсыз иісті ақшыл-сары бөліністің бөлінуіне шағымданады. Науқас ретсіз жыныстық қатынаста болады. Қарауда: жаныс мүшесі басының гиперемиясы мен ісінуі. Берілген клиникалық сурет қай ауруға тән?
жедел гонорея
-
54-жасар науқас дерматологқа башпай арасында орналасқан бөртпеге, қышу және күйдіру сезіміне шағымданды. Ауырғанына 2 ай. Емделмеген. Моншада жұмыс істейді. Болжамды диагноз:
-
Стационарға түскен қыз 18 жаста келесі шағымдармен: дене қызуының 39 С, басының қатты ауыруы, жарықтан қорқу, спонтанды құсу және денесінде бөртпе пайда болуымен келді. Қараған кезде байқалады: желке бұлшықетінің ригидтілігі, Керниг симптомы оң, көп қимылдағыш, беттің гиперемиясы, терісі ыстық, денесінде геморрагиялық бөртпе анықталды. Болжам диагноз:
-
Науқаста айқын атаксия, бұлшықет әлсіздігі, үзілмелі сөйлеу, тремор байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
-
60 жастағы науқаста артериялық қысым жоғарылауы аясында дизартрия, аяқ қолының дистальды бөлімдерінің әлсіздігі мен парастезиялар пайда болды. Сіздің әрекетіңіз:
-
Төменде көрсетілгендердің қайсысы шашыранды склероздың клиникалық сипаттамасы болып табылады?
-
Психиатриялық клиникаға 25 жастағы әйел босанудан 1 аптадан кейін түсті бала дені сау болып туылып босану асқынусыз өткен әйел қозулы айқайлайды киімдерін шешіп жүгіруге тырысады.Іштей баланың жылаған дауысын есітеді. Сұраққа жауап бермейді ұзақ уақыт бір нүктеге қарап отырады болжам диагноз:
-
43 жастағы ер адамда себепсіз түсіріңкі көңіл-күй, жабырқаулы сезімді сезінеді. Әлем сұр, түнеріңкі жабырқаулы қабылдайды. Моторикасы тежелген, ойлау қабілеті баяуланған, өзін-өзі кемсіту идеясы және суицидтік ойларды айтады. Бет әлпеті терең қайғыны және уайымды бейнелейді. Синдромды атаңыз:
-
Резонерлік тән:
-
18 жастағы ересек бала бас- ми жарақатынан кейін есте сақтаудың нашарлауына, сөйлеудің қиындауына, сөз тауып сөйлеудің нашарлауына, қиын тапсырмаларды орындай алмайтынына шағымданады. Қандай синдром жайлы ойлауға болады?
-
Эпилепсиялық статустың 1 сатысында шұғыл көмек көрсету кезеңінде енгізілетін дәрілік препаратты көрсетіңіз:
-
32 жастағы героиндік наркоманиямен зардап шегетін науқас Х., соңғы 3 күнде еріксіз наркотик қабылдауды тоқтатқан. Нарколог қарауы кезінде бүкіл денесіндегі күшті ауру сезіміне, жүрегі мен асқазанындағы жағымсыз сезімге, жүрек айну және іш өтуіне шағымданады. Қозғалыс мазасыздығы жағдайында, сұрақтарға тітіркеніп жауап береді, үнемі наркотик немесе қандай да бір дәрі беруді сұрайды. Осы жағдайда емдеуді бастау керек