Файл: Асазанны ойы жарасы перфорацияланан кезде ауырсыну сипаты мен орны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 235
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
психотерапиядан
-
Науқас айналаға қарап тұрып, терезеден тыс біреу оны шақырып тұрғанын айтады және оған жауап қайтарады.Дәл осы жағдай басқалардың да бірдей еститініне сенімді. Бұзылушылықты анықтаңыз:
Шынайы галлюцинация
-
23 жастағы А. есімді науқас екі көзінің бірдей айқын қышуына, жас ағуға, ісінуге шағымданып ауруханаға келді. Анамнезінен: науқас 1 күн бұрын үй тазалығымен айналысқан. Сіздің болжамды диагнозыңыз
аллергиялық конъюнктивит
-
33 жастағы науқас Б. оң жақ көзде пленка түрінде ісіктің пайда болуына, көру өткірлігінің төмендеуіне, жиі қызаруына, бөгде дененің сезіміне шағымданады. Офтальмолог науқасты қарап тексеруден кейін птеригиумның үшінші сатысы диагнозын қойды. Аурудың осы сатысында қандай асқынуды болжауға болады:
онкологиялық ауру
-
Қабылдау бөліміне 8 жастағы ер бала келді, футбол ойнау кезінде мұрнынан жарақат алған. Мұрын аймағындағы ауырсынуға және мұрыннан қан кетуге шағымданады. Сіз қандай алғашқы көмек көрсетесіз?
алдыңғы тампонада
-
Науқас 2 күн бұрын суық сыра ішкеннен кейін даусыныың қарлығуына, жөтелге, дене қызуының жоғарылауына шағымданады.Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 37,5 С. Ларингоскопияда: көмейдің шырышты қабығы гиперемияланған,дауыс саңылауы кең.Тыныс алуы еркін. Сіздің болжамды диагнозыңыз
жедел ларингит
-
Науқас Е. 50 жаста. Қант диабетінің орташа дәрежесімен сырқаттанады. Шағымы: аяқтарында сыздап ауырсынуы, әлсіздік, жиі шөлдегіштік, ентікпе. Емдік жаттығулардың әсері тиімді болу үшін жаттығулар келесі уақытқа созылу керек:
20-30 минут
-
ДСҰ анықтамасы: "Мақсаты ауру немесе жарақат салдарынан бұзылған қызметтерін толық қалпына келтіру болып табылатын белсенді үрдіс, егер ол мүмкін болмаса- мүгедектің физикалық, психикалық және әлеуметтік потенциалын тиімді орындау, оның қоғамдағы адекватты интеграциясы" сай келеді:
медициналық реабилитация
-
Балалар саны 0-4 жасқа дейінгі 8000, 0-4жасқа дейінгі балалар арасында 320 қызылша жағдай тіркелген. Таралуы қоршаған ортада 40%. Бұл көрсеткіш:
Интенсивті көрсеткіш
-
Әйелдер кеңесі жұмысының тиімділігін бағалайтын көрсеткішті көрсетіңіз:
фертильді жастағы 1000 әйелде түсік саны
-
ҚР ұлттық егу күнтізбесі бойынша қандай жастағы балаларға эпидемиялогиялық паротитқа қарсы тірі вакцинация жасалады:
12-15 ай және 6 жас
-
Егер баланың тамағы ауырып және сұйықтық мүлдем іше алмаса, науқас баланы емдеудің кешенді әдісін ауру бойынша классификациялаңыз:
Жұтқыншақ абсцессі
-
Бала 11айлық, балалар ауруханасына жөтелге, дене температурасының жоғарлауына, тамақтан бас тартуына, әлсіздікке шағымданып түсті. Объективті қарауда тынысы жиілеген, кеуде клеткасының төменгі бөлігі ішке кірген, аускультацияда әлсіреген тыныс. Осы жасқа сай "жиілеген тыныс" ұғымына келетін тыныс жиілігін көрсетіңіз:
минутына ≥50
-
Жаңа туылған нәрестенің бірінші патронажы. Анасына төспен емізудің маңыздылығы жайлы айтылды. Тек табиғи тамақтандыруда болатын тамақтандырудың негізгі үрдісін көрсетіңіз:
ана мен баланың терілік- тактильды байланысы
-
Жаңа туылған нәрестеге алғашқы патронаж жүргізілуде. Дәрігер анасына төспен емізу маңыздылығы жайлы, төспен тамақтандыру негіздері мен бос тамақтандыру жайлы түсіндіруде. Бір жасқа дейінгі балаларда еркін тамақтандыру деген ұғымға не жатады?
баланың тамақ көлемі мен уақытын анықтауы
-
Бала 4 жаста. Аймақтық дәрігер үйге шақырылған. Жөтелге, дене температурасының жоғарлауы, тамақтан және судан бас тартуға шағымданады. 3 күн бойы симптоматикалық ем қабылдған, ем нәтижесіз. Қарау барысында тері жамылғылары боз, мұрын- ерін үшбұрышының цианозы. Өкпеде тыныс әлсіреген, оң жақ төменгі бөлігінде ұсақ көпіршікті сырылдар. Ауруханадан тыс пневмонияға күдікпен бала ауруханаға жіберілген. Шұғыл госпитализация көрсеткішін көрсетіңіз:
тамақ пен судан бас тарту
-
Мейірбике таңу жүргізу үшін стерильді үстелді дайындауы қажет. Қолын залалсыздандырудың қандай деңгейін орындауы қажет:
хирургиялық
-
Науқас мұрын арқылы тыныс алудың қиындағанына шағымданды.Қарау кезінде: бет терілері кей жерлерде гематомалармен жабылған.Мұрын қалқасының гематомасы диагнозы қойылды. Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностикалық зерттеу әдісін қолданады
алдыңғы риноскопия
-
Сіз - оқиға орнына келген «Жедел жәрдем» фельдшері.Пациент -32 жастағы ер адам, салынып жатқан үйдің екінші қабатынан құлаған. Ол, сол жақ санының қатты ауырсынуына, қимылдың шектелуіне шағымданады.Пациент қозып, түруға әрекеттенеді. Қарағанда: сол жақ санның ортаңғы 1/3 бөлігінде гематома байқалады, сол аймақтың пальпациясы кезінде ісіну мен пішінінің өзгеруі (деформация) анықталады. Пациент, тұрамын деп әрекет жасағанда, патологиялық қозғалыс пен крепитация байқалады. Бұл жағдайда фельдшердің тактикасын анықтаңыз:
Ауырсынуды басу, транспорттық иммобилизация, жарақаттық шоктың алдын алу