Файл: Пнні атауы Жоары мектепте математиканы оыту теориясы мен дістемесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 321
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Математика кафедрасы
SYLLABUS
Пәннің атауы: «Жоғары мектепте математиканы оқыту теориясы
мен әдістемесі»
Білім беру бағдарламасы:
7M01501 – Математика
Құрастырған: ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Алеуова З.Ж.
Орал, 2022 ж.
SYLLABUS мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы/элективті пәндер каталогы негізінде дайындалды
7M01501 – Математика білім беру бағдарламасы элективті пәндер каталогы
Кафедра мәжілісінде қаралды
Хаттама № 1 « 31 __» 08 2022 ж.
Кафедра меңгерушісі: _______________________Маутеева С.М.
(қолы, ТАӘ)
Пікір беруші: А.А.Кульжумиева - ф.-м.ғ.к., доцент, М. Өтемісов атындағы БҚУ
Пікір беруші: Ш.Д.Махмудова – ф.-м.ғ.к., доцент, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ
Сарапшы: Жумагалиева А.Е ф.-м.ғ.к., доцент
1 Пән туралы мәліметтер:
Кредит | 3 |
Курс | 1 |
Семестр | 1 |
Қорытынды бақылау түрі | Жоба қорғау |
Дәріс (сағаты) | 15 |
Практикалық (семинар, лабораториялық) сабақтар (сағаты) | 15 |
МОӨЖ (сағаты) | 15 |
МӨЖ (сағаты) | 45 |
Барлық сағаттар | 90 |
Мақсаты: Болашақта математика пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді, оқытушыларды нақты білімдермен, практикалық дағдылармен қаруландыру, педагогикалық ой өрісінің дамуына көмектесу. Болашақ мұғалімнің/оқытушының оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды және әдістемелері мен түрлерін меңгеруіне, педагогикалық жұмыстағы қарым-қатынастың әр түрлі талаптарын меңгеруге математикалық ойлауын дамытудың әр түрлі әдістерін меңгертуге үйрету.
Курстың міндеттері:
Сабақ өткізудің әдістемелерін, практикалық дағдысына ие болу, үй тапсырмасын тексеру әдістемесі, өзбетіндік жұмыс, жаңа материалды үйрену әдістемесі, өтілген сабаққа талдау жасаудың түрі және сабақтың барысын жазу т.б.
Оқытудан күтілетін нәтижелер: (Блум таксономиясы бойынша жазылады)
Курс аяқталғаннан кейін студенттер
білуге:
Студенттер математиканы орта мектепте және жоғары оқу орнында оқытудың ұйымдастыру формасы туралы түсінік алу керек.
дағдылары:
- абстрактілі ойлау, талдау және жүйелеу;
оқытудың ұйымдастыру
Пререквизиттер:
- мектеп математикасы;
- алгебра және анализ бастамалары;
-
- геометрия, физика;
Постреквизиттер:
Математика курсының материалдары физика, химия және басқа да ғылымдарды игеруге қолданылады.
2 мұғалім туралы ақпарат, Байланыс ақпараты: аты-жөні, лауазымы, атағы, телефоны, электрондық поштасы
● Аты-жөні: Алеуова Зарина Жеткергеновна – доцент, физика-математика ғылымдарының кандидаты.
● Телефон: 87781237563
●Электрондық пошта: zaleuova@mail.ru
3 Курс саясаты:
"Жоғары мектепте математиканы оқыту теориясы және әдістемесі" пәнін меңгеру дәрістік, практикалық сабақтарға міндетті түрде қатысуды, сондай-ақ студенттің өзіндік жұмысын көздейді.
Өзіндік жұмыс тақырыптар бойынша математикалық есептерді шешуді, жазбаша жеке және семестрлік тапсырмаларды орындауды қамтиды. Өзіндік жұмыстың орындалуын бақылау СОӨЖ сабақтарында жүргізіледі.
Сабақты дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда (тиісті анықтамалармен расталған) студент өткізіп алған материалды тапсыра алады.
Бірінші және екінші аралық бақылау ауызша сауалнама (коллоквиум) және өткен тақырыптар бойынша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі және 100 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Курс бойынша жақсы балл алу тұрақты жұмыссыз мүмкін емес. Бұл курс бойынша баға бүкіл семестр бойы қалыптасады деп болжайды. Сіз сабақ барысында жұмысқа белсенді қатысуға мүдделісіз. Барлық жұмыс түрлеріне максималды баға қойылады, егер қойылған сұрақтарға дұрыс, нақты жауап берілсе, жұмыс Мұқият, толық көлемде орындалды.
1. Бару
Келу міндетті болуы керек. Сабақтардың жіберілмеуі оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген сабақтардың толық көлемінде пысықталады. Курстың үштен бір бөлігінен асатын көлемде сабақтарды себепсіз өткізіп жіберу курстан шығаруға әкеледі.
2. Аудиториядағы мінез-құлық
Білім алушы сабаққа кешікпеуге, сабақ уақытында сөйлеспеуге, газет пен журналдарды оқымауға, ұялы телефонды өшіруге, оқу процесіне белсенді қатысуға міндетті.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түрде орындалуы керек және оқытушымен келісілген уақытта тапсырылуы керек. Сіздің ең жақсы он жұмысыңыздың негізінде қорытынды баллға әсер ететін балл шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Жеке семестрлік тапсырмалар міндетті болып табылады. Дұрыс орындалған жағдайда бұл тапсырмаларды студент қорғайды, ал қателер болған жағдайда олар студентке қайта қарау үшін қайтарылады. Осы тапсырмалардың әрқайсысы бөлек бағаланады және қорытынды бағалауға әсер етеді.
5. Аралық бақылау
Семестр бойы 8 аптада және 15 аптада екі аралық бақылау жүргізіледі.
Болмайды:
- дәлелсіз себептер бойынша жіберілімдер;
- сабақтардан кешігу және кету;
- сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалану;
- тапсырмаларды уақтылы тапсырмау;
- емтихан тапсыру кезінде алдау.
4 Пәннің құрылымы мен мазмұны
Апта | Дәріс | Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ | СОӨЖ | СӨЖ | |||
| Модуль 1. | ||||||
1 | Тақырыбы: Жоғары мектепте математиканы оқыту әдістемесі пәні. Математиканың ғылым ретінде дамуы. Математиканы оқыту әдістемесі пәні, мазмұны, міндеттері. Математиканы оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы. Әдістері: тірек конспект | Тақырыбы: Математиканы оқыту әдістемесі пәні, мазмұны, міндеттері. Әдісі: ауызша сауалнама | Тақырыбы: Математиканы оқыту әдістемесінің тарихы, қазіргі жайы, даму перспективалары. | Тақырыбы: Жоғары және орта мектептегі математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне, математиканың мазмұнына талдау жасау. Әдістері: тірек конспект | |||
Тақырыбы: Математиканы оқыту әдістемесінің тарихы, қазіргі жайы, даму перспективалары. Әдісі: тірек конспект | |||||||
2 | Тақырыбы: Математиканы оқытудың мақсаты мен мазмұны. Математиканы оқытудың мақсаттары. Әдісі: әңгіме | Тақырыбы: Математиканы оқытудың мақсаты мен мазмұны. Математиканы оқытудың мақсаттары. Әдісі: ауызша сауалнама | Тақырыбы: Математиканы оқыту мазмұнының негізгі компоненттері. Дамыту тенденциясы. | Тақырыбы: Математикадан жоғары мектепке арналған бағдарламамен, оның түсінік хатымен танысу. Математиканың бағдарламасын, оқулығын, көмекші құралын мектептерді дифференциал-дау есебінде талдау. | |||
Тақырыбы: Математиканы оқыту мазмұнының негізгі компоненттері. Дамыту тенденциясы. Әдісі: әңгіме | |||||||
3 | Тақырыбы: Математиканы оқытудың қағидалары. 1. Математиканы оқыту қағидасы туралы ұғым. 2. Математиканы оқытудың дидактикалық қағидалары.Әдісі: тірек конспект | Тақырыбы: Математиканы оқыту қағидасы туралы ұғым. Әдісі: ауызша сауалнама | Тақырыбы: Математиканы оқытудың дидактикалық қағидалары | Тақырыбы: Күнтізбелік жоспар. Математикадан үлгі тақырыптық жоспар және сабақ конспектісі | |||
4 | Тақырыбы: Математиканы оқытудың әдістері Оқыту әдістері және оның түрлері. Математиканы оқытудың ғылыми әдістері Әдісі: тірек конспект | Тақырыбы: Математиканы оқытудың әдістері. Оқыту әдістері және оның түрлері. Әдісі: жазбаша тапсырма | Тақырыбы: Математиканы оқытудың ғылыми әдістер | Тақырыбы: Ғылыми таным әдістерінің жалпы сипаттаммасының талдауы. | |||
5 | Тақырыбы: Математикалық ұғымдар, сөйлемдер және оларды үйренудің әдістемесі. Математикалық ұғымдар. Математикалық сөйлемдер. Дәлелдеу. Әдісі: әңгіме | Тақырыбы: Математикалық ұғымдар, сөйлемдер және оларды үйренудің әдістемесі. Әдісі: жазбаша тапсырма | Тақырыбы: Математикалық сөйлемдер. Дәлелдеу. | Тақырыбы: Мектептегі математика курсынан ұғымдарды анықтау, фигуралардың қасиетін үйрену, теоремаларды дәлелдеу барысында оларға сәйкес әдістерді қолдана білуге мысалдар келтіру. | |||
Тақырыбы: Математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі. Әдісі: тірек конспект | |||||||
6 | Тақырыбы: Жоғары мектептегі математиканы есептер арқылы оқыту әдістемесі. Математиканы оқытудағы есептердің мәні. Математиканы оқыту үрдісіндегі есептердің ролі. Әдісі: тірек конспект | Тақырыбы: Математиканы оқытудағы есептердің мәні. Әдісі: ауызша сауалнама | Тақырыбы: Математиканы оқыту үрдісіндегі есептердің ролі. | Тақырыбы: Математикалық ұғымдармен олардың қасиетін оқыту әдістерінің талдауы. | |||
7 | Тақырыбы: Математиканы оқытуды ұйымдастыру. Сабақ, оның құрылымы. Сабаққа қойылатын негізгі талаптар. Әдісі: әңгіме | Тақырыбы: Математиканы оқытуды ұйымдастыру. Әдісі: жазбаша тапсырма | Тақырыбы: Сабақ, оның құрылымы. Сабаққа қойылатын негізгі талаптар. | Тақырыбы: Жоғары мектептің жаңа бағдарламасына сәйкес 1 курс математика оқулықтарының мазмұны мен құрылымының әдістемелік ерекшеліктерін үйрену (Мысалы, математикалық талдау пәні бойынша) | |||
8 | Тақырыбы: Математика есептерін шешудің жалпы әдістері. Математикалық есептерді шешудің алгоритмдік әдісі Әдісі: тірек конспект | Тақырыбы: Математика есептерін шешудің жалпы әдістері. Әдісі: ауызша сауалнама | Тақырыбы: Математикалық есептерді шешудің алгоритмдік әдісі | Тақырыбы: Математикалық ұғымдармен олардың қасиетін оқыту әдістерінің талдауы | |||
Модуль 2 | |||||||
9 | Тақырыбы: Оқытушының сабаққа даярлануы және сабақ жоспары. Математикадан өздігінен орындайтын жұмыстарды ұйымдастыру. Әдісі: әңгіме | Тақырыбы: Математикадан өздігінен орындайтын жұмыстарды ұйымдастыру Әдісі: жазбаша тапсырма | Тақырыбы: Сабақ жоспары. | Тақырыбы: Жоғары мектептің жаңа бағдарламасына сәйкес 2 курс математика оқулықтарының мазмұны мен құрылымының әдістемелік ерекшеліктерін үйрену (мысалы дифференциалдық теңдеулер пәні) | |||
10 | Тақырыбы: Математикадан аудиториядан тыс жұмыстар, оны өткізу әдістері. Математикадан аудиториядан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және негізгі түрлері. Әдісі: тірек конспект | Тақырыбы: Математикадан аудиториядан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және негізгі түрлері. Әдісі: ауызша сауалнама | Тақырыбы: Математикадан аудиториядан тыс жұмыстар, оны өткізу әдістері. | Тақырыбы: Математикадан факультативтік сабақтар. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру | |||
11 | Тақырыбы: Математиканы оқыту барысында танымдық дербестікті қалыптастыру. Танымдық дербестіктің компоненттері мен деңгейі. Әдісі: әңгіме | Тақырыбы: Математиканы оқыту барысында танымдық дербестікті қалыптастыру. Әдісі: ауызша сауалнама | Тақырыбы: Танымдық дербестіктің компоненттері мен деңгейі. | Тақырыбы: Студенттерге математикадан сабақ өткізуде практикалық білім қалыптастыру, оларды мектептегі жұмыстарында қолдана білу | |||
12 | Тақырыбы: Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Жобалап оқыту әдісі. Әдісі: тірек конспект | Тақырыбы: Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Жобалап оқыту әдісі. Әдісі: жазбаша тапсырма | Тақырыбы: Жобалап оқыту әдісі | Тақырыбы: Жоғары және орта мектептегі жобалап оқыту әдісінің айырмашылығы мен ұқсастығын талдау | |||
13 | Тақырыбы: Жоғары мектептегі геометрияны оқыту әдістемесі Әдісі: тірек конспект | Тақырыбы: Жоғары мектептегі геометрияны оқыту әдістемесі Әдісі: жұппен жұмыс | Тақырыбы: Планиметрия курсын үйрену әдістемесі. Геометрия есептерін шешудің әдістері. | Тақырыбы: Стереометрия курсын үйрену әдістемесі. Дайын сабақ конспектісін талдау және оны толықтыру. | |||
14 | Тақырыбы: Математиканы оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері Әдісі: тірек конспект | Тақырыбы: Математиканы оқытудың психологиялық негіздері Әдісі: жазбаша тапсырма | Тақырыбы: Математиканы оқытудың педагогикалық негіздері | Тақырыбы: Жоғары мектептегі стандартты емес математикалық есептерді шешуді оқыту. | |||
15 | Тақырыбы: Педагогикалық практика туралы. Педагогикалық практиканың мақсаты және мазмұны туралы. Студент – практиканттарға қысқаша нұсқаулар. Сабақты талдау схемасы. Әдісі: тірек конспект | Тақырыбы: Педагогикалық практиканың мақсаты және мазмұны туралы. Әдісі: жазбаша тапсырма | Тақырыбы: Студент – практиканттарға қысқаша нұсқаулар. Сабақты талдау схемасы. | Тақырыбы: Педагогикалық практика кезінде сабақ өтуге дайындалу үшін студенттерді әдістемелік материалдармен, көрнекі құралдармен таныстыру. |
5. Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1. А.Е. Әбілқасымова, Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.-Алматы, 2004
2. Шыныбеков, Ә. Н. Алгебра және анализ бастамалары. 11 сынып:жалпы білім беретін мектептің 11 сыныбына арналған оқулық/Ә. Н.Шыныбеков.-Алматы:Атамұра, 2007\4..
3. Оспанов, Т. Қ. Математиканың теориялық негiздерi : оқулық [кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм беру ұйымдарына ұсынылған] / Оспанов, Т. Қ., Құрманалина, Ш. Х., Құрманалина, С. Қ. - Астана : Фолиант, 2007.
Қосымша:
4. Б.Е. Бидосов. Математиканы оқытудың әдістемесі.Алматы, 1995. Методика преподавания математики в сред. школе Под. ред. Колягина В.Е. и др.-М.1988.
5..Е. Әбілқасымова, А.К. Көбесов, Д.Р. Рахымбек, Ә.С. Кенеш, Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі, Алматы, 1998, 206 б.
6. Методика преподавания математики в ср. школе: частная методика. Сост. В.И. Мишин. –М., 1984. 416с.
7. Онищук В.А. Урок в свременной школе. –М., 1991.
8. П.М. Эрдниев, Укрупнение дидактических единиц как технология обучения, Часть І, М., 1985.
9. Ю.М. Колягин и др., Методика преподования математики в средней школе, М., 1980.
10. Е.Н. Кабанова-Меллер, Учебная деятельность и развивающее обучение, М., 1981, 96 с.
11. Г. Фройденталь, Математика как педагогическая задача, М., 1982.
12. В.И.Андреев Эвристическое программирование учебно-исследоватьельной деятельности, М., 1981.
6. Дәрістер кешені
Бірінші апта
№1, 2 дәріс тақырыбы: Жоғары мектепте математиканы оқыту әдістемесі пәні.
Дәріс мазмұны: Математиканың ғылым ретінде дамуы.
1. Математиканы оқыту әдістемесі пәні, мазмұны, міндеттері.
2. Математиканы оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
1. Математиканы оқыту әдістемесі математика ғылымымен тығыз байланысты. Математика әдістемесінің мазмұны мен даму барысын дұрыс бағдарлап түсіну үшін математика ғылымының даму тарихынан мағлұматтарды білу қажет. Математиканы оқыту әдістемесі математиканың көп ғасырлы дамуымен тығыз байланысты. Жалпы математика ғылымының даму тарихын төрт кезеңге бөледі: 1. Математиканың пайда болу кезеңі. Бұл кезең көне дәуірден біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларға дейін созылған. Бұл кезеңде математиканың алғашқы негізгі ұғымдары: сандар, фигуралар, т.б. қалыптасты; математиканың тәжірибелік есептерді шығаруға қажетті бастамасы шықты. 2. Элементар математика кезеңі. Біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырлардан бастап, біздің дәуіріміздің XVII ғасырына дейін болған аралықта тұрақты шамалар зерттеліп, ашылады. Математика ғылымы өзіндік зерттеу тақырыбы және зерттеу әдісі бар пән ретінде танылды. 3. Айнымалы шамалар математикасының даму кезеңі. XVII ғасырдан бастап XIX ғасырдың орта тұсына дейін созылған. Аналитикалық геометрияға айнымалы шамаларды Р. Декарттың (1596-1650) енгізуімен және И. Ньютон (1642-1727) мен Г. Лейбниц (1646-1716) жасаған дифференциалдық және интегралдық есептерден басталады. 4. Қазіргі математика кезеңі. Бұл кезең XIX ғасырдың ортасынан басталып қазіргі математика кезеңі. Мұнда математика пәні мен қолданылу ауқымы кеңейіп, көптеген математикалық жаңа теориялар пайда болады және аксиоматикалық әдістерінің даму салдарынан жаңа фундаменталды ұғым математикалық құрылым ұғымы пайда болды. Қазіргі заман математикасы ондаған әр түрлі салалардан тұрады, олардың өзіне тән мазмұны, әдіс-тәсілдері бар. Қазіргі ғылым мен техниканың дамуына байланысты математика ғылымы тереңдеп, күрделеніп, зерттеу объектілері кеңейе түсті, сөйтіп адамзат ақылымен құрылған 5 анағұрлым жоғарғы абстракцияларды қамтиды.
2. Математиканы оқыту әдістемесі математика пәнінің ерекшеліктеріне негізделген оқу-тәрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені меңгеру арқылы оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Математиканы оқыту әдістемесі – қоғамның алға қойған мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдарын зерттейтін педагогикалық ғылымның бір саласы. Сондықтан педагогика ғылымы анықтап берген білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылады және математикалық тақырыптарды оқып үйренудің ерекшеліктеріне қарай, ортақ педагогикалық қағидаларға негізделген. Математиканы оқыту әдістемесі оқу пәнінің мазмұнын, оқыту әдістері мен түрлерін, тәрбие жұмысын өзара тығыз бірлікте, бір-бірімен байланыстыра зерттейді. Оның үстіне әдістеме оқу жұмысының ұйымдастыру құралдары мен жабдықтарын анықтайды.