Файл: Пнні атауы Жоары мектепте математиканы оыту теориясы мен дістемесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 324
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2.Педагогикалық әдебиетте оқытуға үйлесімді әдістерді таңдау туралы ұсыныстар бар. Семинар сабақтары оқушылардың өздігінен білім алуына, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуге, пәнге ынтасын арттыруға, ғылыми әдебиеттермен өздігінен жұмыс істеу іскерліктерін дамытуға көмектеседі. Семинарлардың мақсаты алған білімді қайталау, жүйелеу және есеп шығаруға қолдана білу іскерліктерін дамыту болып табылады. Мұнда мұғалім негізінен мақсатын, міндетін және жоспарын түсіндіреді, реферат даярлайтын оқушыларға жеке тапсырмалар мен кеңестер береді. Өткізілу тәсілдеріне қарай семинарлар әңгімелеу, рефераттар мен баяндамаларды талқылау, есеп шығару қамтылатын аралас типті және комплексті болып бөлінеді. Комплекс сипаттағы семинардың негізгі мақсаты – математиканың басқа пәндермен байланысын қорытындылау мен жүйелеу.
Сегізінші апта
№15, 16 дәріс тақырыбы: Математиканы оқытуды ұйымдастыру.
Дәрістің мазмұны:
-
Мұғалімнің сабаққа даярлануы және сабақ жоспары. -
Математикадан өздігінен орындайтын жұмыстарды ұйымдастыру
1. Оқу процесінің тиімділігі, сабақтың жүйелігі мен сапасы, бағдарламаның орындалу барысы, білімнің тереңдігі бүкіл оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты. Сабаққа дайындалу – күрделі де қиын жұмыс, сабақ өз деңгейінде өту үшін мұғалімнің әдістемеден жақсы теориялық білімі және дұрыс дайындығы мен сабақты жоспарлай алатын дағдысы болу керек. Сабақ жоспарын жасау, сабақты ұйымдастыру мен бағдарламалық материалды оқыту мұғалімнен қажырлықты талап етеді. Сондықтан әрбір мұғалім сабақты жоспарлаудың тиімді тәсілдерін меңгеруі тиіс. Оқушыны білімді, білікті, тәрбиелі азамат етіп қалыптастыру бірітіндеп, сабақ сайын, күнбе–күн жүзеге асып отыратыны сөзсіз. Мұғалімнің сабаққа дайындығы үш кезеңнен тұрады. 1) мұғалімнің жаңа оқу жылына дайындығы. 2) мұғалімнің тақырыптық дайындығы. 3) мұғалімнің күнделікті сабаққа дайындығы.
Тоғызыншы апта
№ 17, 18 дәріс тақырыбы: Математика есептерін шешудің жалпы әдістері.
Дәрістің мазмұны:
-
Математика есептерін шешудің жалпы әдістері. -
Математикалық есептерді шешудің алгоритмдік әдісі
1. Жоғары және орта мектепте математикалық есептер жалпы алғанда теорияны, математиканың әдістері мен ұғымдарын меңгеруге қажетті бірден бір шешімді құрал болып есептеледі. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, тәрбие беруде және оқушыларға математиканың тәжірибелік істерге қолданылуы туралы білім, біліктілік қалыптастыруда есептердің атқаратын рөлі зор. Математикалық есептерді дұрыс шешкізіп, оқытудың жаңа әдіс тәсілдері арқылы жоғары деңгейдегі математикалық білім, біліктілік, дағды қалыптастыруға болады. Математикалық есептер: а) жаңа математикалық ұғымдар мен мағлұматтарды үйрету үшін; б) тәжірибелік іскерліктер мен дағдыларын қалыптастыру; в) білімнің тереңділігі мен баяндылығын тексеру; г) оқушылардын шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін пайдаланады. Оқу процесінде есеп оқушыларды жаңа математикалық біліммен қаруландырып, қалыптасқан білім мен біліктілігін жүйелеуге және нақтылауға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда есептер маңызды роль атқарады. Математиканы оқытуда есептер оқушылардың математикалық ой-өрісінің дамуы, оқытудың мақсаты, әрі құралы болып табылады. Сабақтарды жоспарлаған және ұйымдастырған кезде теориялық материалдар көбінесе есептер шығару процесінде жете түсінілуі және жақсы меңгерілуі қажет екенін ескерген жөн. Есеп шығаруды ұйымдастыра отырып, оқушылардың жеке әдісін кеңірек пайдаланған жөн: нашар оқитын оқушыларға ұсынылатын есептердің қиындық деңгейі осы бағдарламаның талаптарына сай анықталуы керек; ал бұл деңгейге жеткен оқушыларға бұдан да гөрі күрделірек есептер берген пайдалы. Математиканы оқыту процесінде алгоритмдік әдіспен есептерді шешудің маңызы зор. Оқушыларды алгоритмдік әдіспен үйрету барысында олардың алгоритмдік икемділіктері мен біліктілігі қалыптасады. Оқушылар алғашқы кезде алгоритмді «берілген әрекеттер жүйесі» ретінде қабылдап, ұғым мен оның негізгі қасиеттерін белгілі деңгейде түсінеді, ал кейін ол оқушылардың өзіндік жұмысының белсенді әдісіне айналады. Ол кезде алгоритмнің кейбір жалпы түрлері әр алуан есептерді шешудің тиімді тәсілдерін іздестіруге мүмкіндік туғызып, ой еңбегінің мәдениетін арттырады, іс - әрекетті салыстыра саналы бағалауға үйретеді.
Оныншы апта
№19, 20 дәріс тақырыбы: Математикадан сыныптан тыс жұмыстар, оны өткізу әдістері. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және негізгі түрлері.
Дәріс мазмұны:
1. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және негізгі түрлері.
2. Математикадан факультативтік жұмыстар.
1. Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар – жалпы білім беретін мектептердегі оқу–тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттері мен дербестіктерін жан–жақты дамыту. Сонымен бірге, оқушыларды өзіндік және ғылыми–зерттеу жұмыстарының ең қарапайым дағдыларын үйретуге баулуға жол ашу. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды міндеттері: а) оқушылардың танымдық белсенділігі мен пәнге деген ынтасын қалыптастыру; б) математикалық білімдерін тереңдету; в) дүниеге ғылыми көзқарастарын кеңейту болып табылады. Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды мазмұны жағынан екі топқа бөлуге болады. 1. Бағдарламадағы материалды қосымша өту. 2. Математиканы ерекше қабілетпен қызығып оқитын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар. Бірінші бағыт әр түрлі себептермен білім деңгейі, біліктілігі төмендеген оқушылармен жүргізіледі. Мұндай оқушылармен дайындық мүмкіндігінше жүйелі түрде, әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Оның негізгі мақсаты математика курсы бойынша оқушы білімі мен дағдарысындағы кемшіліктерді дер кезінде жою. Екінші бағыты математиканы ынтамен оқитын оқушыларға арналады. Ол төмендегідей мақсаттарға жауап береді. 1) оқушылардың математикаға қызығушылығын тудырып дамыту; 2) бағдарламалық материал бойынша оқушының білім көлемін кеңейту және тереңдете оқыту; 3) оқушылардың ғылыми зерттеушілік сипаттағы дағдарысы мен математикалық қабілетін дамыту; 4) оқушылардың жеке өзіндік ойын дамытып жетілдіруге тәрбиелеу. Мұндағы мақсат – оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерге тәрбиелеу. 72 Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлеріне: математикалық үйірме, математикалық апталық, математикалық кеш, математикалық сайыс, викториналар, конкурстар, математикалық олимпиадалар, көңілді математиктер клубы, т.с.с жатады.
Он бірінші апта.
№ 21, 22 Дәріс тақырыбы. Математиканы оқыту барысында танымдық дербестікті қалыптастыру.
Дәріс мазмұны:
-
Математиканы оқыту барысында танымдық дербестікті қалыптастыру. -
Танымдық дербестіктің компоненттері мен деңгейі.
Дидактикалық әдебиеттерде есеп білім беру мақсаттарына жетуге бағытталған оқу әдісі болып табалады. Мысалы, И.Я.Лернер "педагогтар құрған шығармашылық есептер түріндегі педагогикалық конструкцияларды" ерекше бөліп көрсетеді. Есептің анықтамасына қатысты психологиялық көзқарасты негіз ете отырып, ол есепті түсінуді оның мазмұны мен құрылымы арқылы ашуға тырысады. Ол "танымдық есептер" ұғымын енгізген, оның өзі үш типке бөлінеді: оқу-танымдық, жаттығу және іздену-танымдық есептер. Барлық есептердің ортақ мазмұны "аралық мүше (аралық амалдар) арқылы шешімі табылатын, негізінде белгілі мен белгісіз араларындағы қарама-қайшылықтар жататын проблема" болып табылады.
Дербес дидактикаларда оқу есептерінің әр алуан анықтамалары қолданылады. Есептердің анықтамасын оқытылатын пәндердің құрылымы арқылы анықтау ісі жиі кездеседі. Математик ғалымдар есептерді оның құрылымдық элементтері арқылы анықтайды (В.М.Брадис, В.В.Репьев, А.А.Столяр, Л.М.Фридман, Ю.М.Колягин, В.И.Крупич және т.б.). Мысалы, А.А.Столяр есепті анықтаған кезде оның талаптарын ерекше атап көрсетеді. В.В Репьев есептегі белгілі мен белгісіз арасындағы функционалдық тәуелділіктің болу қажеттігін атап көрсетеді. Б.М.Брадис есепті математикалық сұрақ арқылы анықтайды, алайда ол оның белгілерін атамайды. М Фридман есептердің құрылымдық элементтерін ерекше көрсетеді. "Проблемалық ахуалдың қандай да болмасын таңбалық моделін біз есеп деп атай алатын боламыз", - деп атап көрсетеді дейді М.Фридман. Шығармашылық ойлау проблемаларына арналған еңбектерде (Дж.Брунер, К.Дункер, Е.И.Ефимов, В.П.Зинченко, Н.Нильсон, А.Ньюэлл, Д.А.Поспелов) есептік және есепті шығару жүйелері ерекше айқындалған. Есептік жүйеге есептің нысаны, шарты және талабы (берілген және ізделініп отырған шамалар), ал шығару жүйесіне - есептерді шығаруға қажетті алгоритмдік және эвристикалық ұйғарымдар құрудың көзі болып есептелетін ғылыми әдістер және құралдар жататын болады
Он екінші апта
№ 23, 24 Дәріс тақырыбы: Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Жобалап оқыту әдісі.
Дәріс мазмұны:
Студент тек толығынан беріліп еңбектеніп қоймай, оқу әрекетін іске асыруда өзінің даралық мәнін түсінеді. Оқытушы мен студенттің бірлесе жұмыс істеуі студенттің білім деңгейінің жоғарылап, дара тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік берері сөзсіз. Студент пен оқытушының ынтымақтастықта жұмыс істеуі негізінде кері байланыс орнап, белгілі бір оқу әрекеті белсенді түрде орындалып, орындалған әрекеттер бақылау мен өзіндік бақылау арқылы бекітіледі.
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында субъект-субъект қатынасы жүзеге асып, оқытушы мен студент арасындағы кері байланыс күшейе түседі. Оқытудың репродуктивті сипаты қарқынды, шығармашыл сипатқа ие болады.
Мазмұндық компонент педагогиканы тереңдетіп оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастыру мазмұнын анықтайды. Студенттердің кредиттік оқыту жүйесі жағдайында өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік жүйесін құру үлгінің негізгі мақсаты болады. Мазмұндық компонент өзіндік жұмыс негізінде студенттің дара тұлға ретінде өсуіне мүмкіндік береді. Студенттерге педагогикадан терең білім беру процесін нәтижелі ұйымдастыру пәннің әдістемелік қамтылуын қандай дәрежеде әзірлегенге байланысты болады. Пәннің әдістемелік қамтылуына оқу бағдарламасын, оқу жұмыс бағдарламасын, студенттің оқу-әдістемелік кешенін құру жатады. Аталған оқу-әдістемелік кешендер Қазақстан Республикасы білім беру стандартына, Қазақстан Республикасы жоғары білімін дамыту бағдарламасына, типтік бағдарламаға сүйеніп құрылады. Мазмұндық компонент пәнді оқыту құралдары толық болып, оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдері қолданылуын керек етеді. Студенттерді әр түрлі оқыту формаларын (дәріс, семинар, зертханалық жұмыс, сарамандақ сабақ), СӨЖ және СОӨЖ-ын дұрыс ұйымдастырудың да маңыздылығы кем емес.
Мазмұндық компонентте ең алдымен студенттердің өзіндік жұмысының жоспары құрылып, орындалу кестесі іске қосылады. Өзіндік жұмыс кестесі студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен силабуста беріледі. Өзіндік жұмыс жоспары мен кестесі оқытушы тарапынан өткізілетін кеңестер кестесімен толықтырылады. Студенттің қолында осындай оқу-әдістемелік кешеннің болуы студенттің өзіндік ұйымдасуын тездетіп, уақытын үнемді пайдалануына жағдай туғызады.
Процессуальды әрекеттік компонент оқытушының оқыту іс-әрекеті мен студенттің танымдық әрекетінің бірлесуінен тұрады. Оқытушының педагогикалық іс-әрекеті жоғары оқу орнының педагогикалық процесінде оқытуға, студенттің дара тұлға ретінде қалыптасуына, шығармашылықпен дамуына тиімді жағдай туғызуға бағытталады. Педагогикалық әрекеттің негізгі функциялары:
-
оқытушылық, білім беру мазмұнын жүзеге асыруда көрінеді; -
тәрбиешілік, жалпы адамзаттық және кәсіби мәдениетті таратушы ретінде; -
ұйымдастырушылық, оқу – танымдық процесті ұйымдастырып, жобалап, жоғары білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес оқытудың әдіс, құрал және формасын таңдаушы ретінде; -
зерттеушілік, кәсіби іс-әрекеті мәселесінің теориялық және іс жүзіндегі мәселелерін зерттеуші, оларды шешудің тиімді жолдарын іздестіруші ретінде көрінеді.
Оқытушы мен студенттің іс-әрекеті оқу жұмысының әр түрін іске асыруға бағытталады. Жоғары оқу орындарында оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына дәріс, сарамандық сабақ, зертханалық жұмыс, семинар, студенттің оқытушы қатысында өтетін өзіндік жұмысы жатады. Оларды дәрісханалық, дәрісханадан тыс деп жіктейміз. Сонымен бірге кез келген оқыту формасында өзіндік жұмыс түрін ұйымдастыру кредиттік оқыту жүйесінің негізгі құрам бөліктерінің бірі болып есептеледі.
Дұрыс құрылған дәріс сабағы басынан аяғына дейін студенттің белсенді ширыққан еңбегін қажет етеді. Дәріс сабақтарының деңгейі оқыту жүйесінің барлық дерлік ұйымдастыру әдістері мен формаларының тиімділігін анықтайды. Оқытушы студентті дәріс үстінде жұмыс істеу ерекшелігімен таныстыруға міндетті, студент негізгі ойды түйіндеп, қысқаша, рет-ретімен жазуға, материалды өңдеп, толықтыруға үйренеді.
Сарамандық сабақтар. Өзіндік жұмыстың сарамандық сабақта ұйымдастырылуы дәріспен байланысты және сарамандық икемділіктерді толықтыруы керек. Олар оқытушы мен студенттердің бірлескен әрекеті арқылы іске асырылады. Мұнда студенттің дербестік деңгейі жоғары болғандықтан, оның үлесіне тиетін жұмыс көлемі айтарлықтай деңгейде болады.
Он үшінші апта
№ 25, 26 дәріс тақырыбы: Геометрияны оқыту әдістемесі
Дәрістің мазмұны:
-
Планиметрия курсын үйрену әдістемесі. -
Геометрия есептерін шешудің әдістері. -
Стереометрия курсын үйрену әдістемесі.
1 Геометрияны оқытуда есептерді шеше білу дағдысын қалыптастыру және оны жалпы түрде дамыту аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Геометриялық есептерді шешу туралы жалпы білікдағдылар әдетте көптеген есептерді шешу арқылы қалыптасады. Олай болса, студент пен оқытушының не мұғалім мен оқушының жүйелі түрде ұзақ уақыт еңбектенуіне тура келеді. Шешілу жолы беймәлім, әр түрлі теориялық 80 фактілерді байланыстыруды қажет ететін, студенттер шығара алмайтын жаңа есептер де жиі кездеседі. Сондықтан студенттерді кез келген геометриялық есепті шешудің жалпы тәсілдерімен қаруландыру керек. Бұл талап математикалық есептерді шешу практикумының бағдарламасында да айтылған. Практикум белгілі бір есептердің түрлерін және оларды шешудің тәсілдерін таныстыруға бағытталып қана қоймай, қайта дәлелдеудің барынша жалпы әдістерін ойлауды меңгерту болып табылады. Оқытушы студентке әрбір есепті шығартқанда, оның шешімін әдістемелік талаптарға сай іздеуге, соңында мақсатқа сай дұрыс шешімді табуға жәрдемдесетіндей талдау тәсілдері мен болашақ мұғалімдерге қажетті білім-білік дағдыларын қалыптастыруға ұмтылады. Теориялық және әдістемелік білім мен әдістәсілдерінсіз кез-келген әдістемелік есепті шешуге бола бермейді. Практикадан байқалатындай, көбінесе геометрия есептері әр түрлі тәсілдермен логикалық тұрғыда көбірек ойлануды қажетсінеді. Геометрия есептерін шешудің кезеңдерін білу оқушылар мен студенттерде қалыптастырылуға тиісті аса маңызды дағдылардың бірі.