Файл: Пнні атауы Жоары мектепте математиканы оыту теориясы мен дістемесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 326
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2 Студент – практиканттарға қысқаша нұсқаулар: 1. Мұғалім сынып бөлмесіне оқушылар орындарына отырғаннан кейін кіреді. 78 2. Сынып бөлмесінің тазалығы және сыныптың сабаққа дайындығы тексеріледі. 3. Сыныпта жұмыс жүйесі жасалғаннан кейін оқушыларға сабақ жоспары айтылады. Үй тапсырмасы тексеріледі. Жаңа сабаққа дайындау мақсатында жаттығулар шығарылады. 4. Жаңа материалды түсіндіргенде өткен тақырыппен логикалық байланыс жасалады. 5. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын дамыту үшін проблемалық сұрақтар, тарих элементтері, өз бетімен жұмыс т.б. қолданылады. 6. Үнемі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл бөлінеді. Есеп шығарғанда, оны шешудің тиімді жолын іздеуге дағдыланады. 7. Сабақты күнделікті қорытындылаудың және бағалаудың маңызы зор. Оқушылардың келешектегі белсенділігі олардың білімдерін әділ бағалау мен үйге тапсырманы орындауға бағыттау жұмыстарына байланысты.
3 Психология-педагогикалық теорияның көмегімен әр түрлі негізде құрылған сабақты талдаудың көптеген схемасы белгілі. Сабақты талдау схемасын таңдап алу үшін оқушылардың білімділік сапасының қазіргі өлшемдерін білу, оқыту мен тәрбиелеудегі сәттерді анықтаудағы және оны жеңудегі ой-ізденістік қызмет тәсілдерін игеру, педагогикалық қызметтің мәдени және адамгершілік мағынасын құру, оқытылатын білімнің мазмұнын таңдау және қайта құра білу, оқушылардың өз бетінше ұйымдастыруының негізгі құралдарын модельдеу және құру жеткілікті. Сабақты талдау схемасы: 1. Мектеп, сынып, сабақ, студент-практиканттың не мұғалімнің аты, тегі. 2. Сабақтың тақырыбы, сабақтың оқу-тәрбие мақсаттары, сабақ түсіндірудің жүйелілігі, қойылған мақсатқа жетуде оқушылар ұжымын ұйымдастырудың дұрыстығы. 3. Сабақты ұйымдастырудың бастапқы моменті: а) мұғалімнің сабаққа дайындығы (сабақ конспектісі және толық сабақ жоспары, көрнекі құрал-жабдықтар және т.б. бар болуы); ә) оқушылардың сабаққа дайындығы (кезекшілік, оқушылардың сабаққа қажетті дәптерлері, оқулық, оқу-құралдары және т.б. болуы); б) сынып бөлмесінің сабаққа дайындығы (тазалық, тақта, бор және т.б.). 4. Сабақтың ұйымдастыру құрылымы: а) сабаққа оқушыларды түгел жұмылдыру; ә) сабақтың оқу материалының мазмұнына сәйкестігі; б) сабақты жүргізу жүйесі; в) мұғалімнің сыныппен қарым-қатынасы; г) сабақ уақытындағы оқушылардың белсенділігі. 5. Сабақтағы оқу материалының мазмұнын талдау: а) оқу материалының ғылымилығы; ә) оқушылардың білім деңгейі бағдарламаға сәйкестігі; б) практикалық және теориялық материалдың сәйкестігі; 79 в) оқу материалдың жүйелігі; г) сабақ материалының тәрбие мақсатына сәйкестігі; д) өмірмен және практикамен байланыс. 6. Сабаққа қойылатын жалпы педагогикалық және дидактикалық талаптардың орындалуы. 7. Мұғалімнің іс-әрекеті. 8. Сабақтағы оқушылардың іс-әрекеті. 9. Сабақты бағалау: а) сабақ жоспарының орындалуы; ә) сабақтың мақсатына жетуі;б) сабақтың міндетінің орындалуы; в) ерекше үлгі аларлық мәселелер; г) сабақты қайталап өткізгенде қандай өзгерістер енгізуге болады? 10. Қорытынды жасау және баға қою.
7. Практикалық сабақтарға арналған нұсқаулық.
№1 практикалық сабақ тақырыбы: Жоғары мектепте математиканы оқыту әдістемесі пәні, мазмұны, міндеттері.
Негізгі сұрақтар:
1) математиканы оқыту әдістемесінің мазмұны, міндеттері;
2) 1-2 курс бойынша математика бағдарламасын талдау.
1-тапсырма. Математиканы оқыту әдістемесі - педагогика ғылымының бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Көрсетілген әдебиеттермен танысып, мына сұрақтарға жауап беріңіздер. Қандай басты мәселелер математиканы оқыту әдістемесінде оқытылады? Барлық курс қандай бөлімнен тұрады? Жоғары мектептегі математиканы оқыту әдістемесіне, мазмұнына талдау жасаңыздар.
2-тапсырма. Академик А.Н. Колмогоров математиканың даму тарихын 4 кезеңге бөледі: 1) Математиканың пайда болу кезеңі. 2) Элементар математиканың қалыптасуы. 3) Айнымалы шамалар математиканың даму кезеңі. 4) Қазіргі математика кезеңі. Әр кезеңге сипаттама беріңіздер. Қазіргі математиканың қандай әдістәсілдері мектеп бағдарламасында көрініс тапқан?
Әдістемелік нұсқау: көрсетілген тапсырмаларды конспект ретінде орындау.
Өткізу формасы: жеке жұмыс
Әдебиеттер:[1], [5], [6].
№2 практикалық сабақ тақырыбы: Математиканы оқытудың мақсаты мен мазмұны.
Математиканы оқытудың мақсаттары.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1-тапсырма. Математиканы оқытудың мақсаты жалпы білім беру, тәрбиелік және тәжірибелік болып бөлінеді. Осыларға сипаттама мен тұжырымдама беріңіздер. Сіздің көзқарасыңыз бойынша мектеп бағдарламасына математика курсы бойынша білім мен біліктілікті қалыптастыруда жалпы білім беру және тәжірибелік мәні қаншалықты кең қарастырылған.
2-тапсырма. Қазіргі таңда математика мұғалімі, ЖОО оқытушысы қандай қасиеттерді игеруі тиіс? Математика пәнін оқытудың мақсаты қандай?
3-тапсырма. Математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды, студенттерді тәрбиелеуде өзекті мәселелерге жататындар дүниеге диалектикалық-материалистік көзқарасты қалыптастыру, патриоттық, эстетикалық тәрбие беру. Осыларға сипаттама беріңіздер. Математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды және студенттерді тәрбиелеуге қандай тәрбиелеу жүйесін елестетесіз, әрқайсысына жеке түсініктеме беріңіз?
Әдістемелік нұсқау:
көрсетілген тапсырмаларды конспект ретінде орындау.
Өткізу формасы: жұппен жұмыс
Әдебиеттер:[2], [5].
№3 практикалық сабақ тақырыбы: Математиканы оқыту қағидасы туралы ұғым.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1-тапсырма. Жоғары және орта мектептегі математика бағдарламасына талдау жасап, мына сұрақтарға жауап беріңіздер. Сан ұғымының кеңейуі қалай өтілуде? Мектеп математика курсында қандай геометриялық шамалар оқытылады? Жоғары мектепте қандай геометриялық шамалар оқытылады? Қай сыныпта функция ұғымы енгізіледі? Орта мектепте қандай функциялар оқытылады? Жоғары мектепте қандай функциялар оқытылады? Мектеп бағдарламасында қандай теңдеулер, теңсіздіктер мен теңдеулер жүйесінің түрлері қарастырылған? Жоғары және орта мектепте геометриялық түрлендірулердің қандай түрлері оқытылады, ұқсастықтары мен айырмашылығы қандай?

Әдебиеттер:[1], [3], [8].
№4 практикалық сабақ тақырыбы: Математиканы оқытудың әдістері.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1. Оқыту әдістері және оның түрлері.
2. Математиканы оқытудың ғылыми әдістері
1-тапсырма. Оқытушы мен студенттердің қызметінің арасындағы айырмашылық тұрғысынан оқыту әдістерін сараптауға болады. Оқыту әдістері сабақ беру әдісіне (мұғалім/оқытушы қызметі, оқып үйрену әдісіне, оқушының/студенттің қызметіне) жіктеледі. Әрбір оқып үйрену әдісіне сабақ беру әдісі сәйкес келуі қажет. Сабақ беру әдісіне ақпараттық әдістер мен оқушылардың іздену қызметін басқару әдістері жатады: әңгімелесу, әңгіме, дәріс, мұғалімнің түсіндіруі, жаттықтыру сипатындағы өздігінен істейтін жұмысты басқару, оқушылардың оқулық әдебиетпен жұмыс істеуіне жетекшілік ету және т.б. Осы айтылған сабақ беру әдістеріне сипаттама беріңіздер. Олардың артықшылығы мен кемшіліктері қандай? «Үлкен немесе кіші» тақырыбы бойынша 5 сынып оқушыларына қандай әдістер қолданасыз?
«Үлкен немесе кіші» тақырыбы бойынша 1 курс студенттеріне қандай әдістер қолданасыз?
2-тапсырма. Оқып-үйрену әдістері ғылыми және оқу әдістері болып бөлінеді. Ғылыми әдістеріне: бақылау мен тәжірибе; салыстыру мен аналогия; анализ мен синтез; индукция мен дедукция және т.б. жатады. Салыстыру мен аналогия әдісіне сипаттама беріңіздер. Осы әдіс қандай сыныптарда және қандай курстарда кең қолданылады? Қандай тақырыптарды өткенде осы әдістемені қолданады?

Әдебиеттер:[4], [5], [9].
№5 практикалық сабақ тақырыбы: Математикалық ұғымдар, сөйлемдер және оларды үйренудің әдістемесі. Математикалық ұғымдар. Математикалық сөйлемдер. Дәлелдеу.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1-тапсырма. Ұғым - қарастыратын объектінің, құбылыстың соған ғана тән ерекше қасиетін сипаттайды. Ұғымға мысал: сан, кесінді, шек, туынды және т.б. Ұғымға тән сипаттамаларды айтыңыздар.
2-тапсырма. Ұғымның мазмұны деп, нәрселердің ұғым қамтитын елеулі белгілерінің жиынтығын айтады. Ұғымның көлемі деп, нәрселердің осы ұғымға тарайтын жиынтығын айтады. Мысалы, «Үшбұрыш» ұғымының мазмұны-үш қабырға, үш төбе, ал көлемі «барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың» жиыны. Мысалдар келтіріп, сол ұғымның көлемі мен мазмұнын айтыңыздар.
3-тапсырма. 8 сынып геометрия курсын оқу барысында жаңа ұғымдарды жазыңыздар. Олардың ішінен салыстырылатын, үйлесімді және үйлесімсіз, тепе-тең, айқасатын және қамту қатынысындағы ұғымдарды табыңыздар.
4-тапсырма. «Түзу сызық» анықталмаған ұғымын қалыптастыру әдістемесін тұжырымдаңыздар. ЖОО-да қалай қалыптырасыз?

Өткізу формасы: топтық жұмыс
Әдебиеттер:[5], [6], [8].
№6 практикалық сабақ тақырыбы: Жоғары мектептегі математиканы есептер арқылы оқыту әдістемесі.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1-тапсырма. Есеп шығаруға төмендегідей талаптар қойылады: қатесіз шығару, негіздеу, толық шығару, мүмкіндігінше тиімді жолмен шығару. Әр талаптар бойынша түсініктеме беріңіздер.
2-тапсырма. Жоғары және орта мектепте математика есептерін дәстүрлі шешудің кемшіліктерімен танысып, олардың негіздерін айтыңыздар. Оларды жою жолдары қандай?
3-тапсырма. Есептің негізгі міндеттері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту және бақылау болып табылады. Олар көбінде бір-бірімен байланысты. Барлық есептер оқыту міндетін орындайды дегенді қалай түсінесіздер және қандай түрлерге бөлінеді?
4-тапсырма. Есептер арқылы тәрбиелік міндетін орындайды дегенді қалай түсінесіздер? «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастар» тақырыбы бойынша есептерді қарастырыңыздар. Қандай есептерді шешуде тәрбиелік мәні зор?
5-тапсырма. Математиканы оқытуда есептерді дамыта шешу міндеттерін қалай түсінесіздер? «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастар» тақырыбының есептеріне осы көзқарас бойынша талдау жасаңыздар.

Әдебиеттер: [1], [6].
№7практикалық сабақ тақырыбы: Математиканы оқытуды ұйымдастыру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1-тапсырма. Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін қандай сабақ түрлерін білесіздер? Осы түрі бойынша сабақтың негізгі элементтерін айтыңыздар. Дәріс сабақты өткізудің жақсы жағы мен кемшілігі қандай?
2-тапсырма. Математика сабағының құрылымы көбінде әртүрлі болады. Олардың негізгі элементтері: үй тапсырмасын тексеру, жаңа тақырыпты тексеру, есеп тексеру, үйге тапсырма. Сабақтың құрылымы әрқашан осылай болу керек пе? Қандай сабақ элементтерін қолдануға болады?
3-тапсырма. Білім беруде қандай бекіту сабақ түрлерін білесіздер? Осы сабақтың негізгі элементтерін айтыңыздар. Осы мақсатта киносабақты қолдануға бола ма?
4-тапсырма. Математика сабағын жоғары дәрежеде өткізудің жолы әртүрлі. Олар сабақ мақсатын рационалды таңдай білу, олардың мазмұны мен құрылымы, өзіндік жұмыс түрін әртүрлі өткізу, көрнекіліктер және т.б. Белгіленген әдебиеттермен танысыңыздар. Математика сабағын жоғары дәрежеде өткізудің жолдарын айтыңыздар.
5-тапсырма. Қазіргі математика сабағына қойылатын негізгі талап: ғылымилық оқыту; негізгі дидактикалық оқыту мақсатының болуы; тәрбиелік мәні бар есептерді сабақта шешу; оқу материалын негізделген түрде таңдау; сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында оқыту әдістерін қолдану; сабақты жақсы ұйымдастырып, логикалық аяқталуын бақылау болып табылады. Қарастырылған әр талаптың мазмұнын ашыңыздар. 6-тапсырма. Ғылымилық оқыту-қазіргі сабақтың негізгі мақсаты болып табылады. Математиканы оқытудың ғылыми әдістерін игеру, оқыту процесінің тиімділігін арттыруға, математикалық ұғымдарды қалыптастыруға көмектеседі. «Планиметриялық ұғым және мазмұны, оның стереометриялық аналогиясы» тақырыбы бойынша жоғары сыныпқа арналған конспекті құрастырыңыздар.

Әдебиеттер:

-
Математиканы оқыту қағидасы туралы ұғым. -
Жоғары және орта мектепте оқыту қағидаларының ерекшелітері

Математикалық ұғымдар, сөйлемдер және оларды үйренудің әдістемесі. -
Математикалық ұғымдар. Математикалық сөйлемдер. Дәлелдеу.
1-тапсырма. Ұғым - қарастыратын объектінің, құбылыстың соған ғана тән ерекше қасиетін сипаттайды. Ұғымға мысал: сан, кесінді, шек, туынды және т.б. Ұғымға тән сипаттамаларды айтыңыздар.
2-тапсырма. Ұғымның мазмұны деп, нәрселердің ұғым қамтитын елеулі белгілерінің жиынтығын айтады. Ұғымның көлемі деп, нәрселердің осы ұғымға тарайтын жиынтығын айтады. Мысалы, «Үшбұрыш» ұғымының мазмұны-үш қабырға, үш төбе, ал көлемі «барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың» жиыны. Мысалдар келтіріп, сол ұғымның көлемі мен мазмұнын айтыңыздар.
3-тапсырма. 8 сынып геометрия курсын оқу барысында жаңа ұғымдарды жазыңыздар. Олардың ішінен салыстырылатын, үйлесімді және үйлесімсіз, тепе-тең, айқасатын және қамту қатынысындағы ұғымдарды табыңыздар.
4-тапсырма. «Түзу сызық» анықталмаған ұғымын қалыптастыру әдістемесін тұжырымдаңыздар. ЖОО-да қалай қалыптырасыз?
Әдістемелік нұсқау: көрсетілген тапсырмаларды конспект ретінде орындау.
Өткізу формасы: топтық жұмыс
Әдебиеттер:[5], [6], [8].
№6 практикалық сабақ тақырыбы: Жоғары мектептегі математиканы есептер арқылы оқыту әдістемесі.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
-
Жоғары мектептегі математиканы есептер арқылы оқыту әдістемесі. -
Математиканы оқытудағы есептердің мәні. Математиканы оқыту үрдісіндегі есептердің ролі.
1-тапсырма. Есеп шығаруға төмендегідей талаптар қойылады: қатесіз шығару, негіздеу, толық шығару, мүмкіндігінше тиімді жолмен шығару. Әр талаптар бойынша түсініктеме беріңіздер.
2-тапсырма. Жоғары және орта мектепте математика есептерін дәстүрлі шешудің кемшіліктерімен танысып, олардың негіздерін айтыңыздар. Оларды жою жолдары қандай?
3-тапсырма. Есептің негізгі міндеттері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту және бақылау болып табылады. Олар көбінде бір-бірімен байланысты. Барлық есептер оқыту міндетін орындайды дегенді қалай түсінесіздер және қандай түрлерге бөлінеді?
4-тапсырма. Есептер арқылы тәрбиелік міндетін орындайды дегенді қалай түсінесіздер? «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастар» тақырыбы бойынша есептерді қарастырыңыздар. Қандай есептерді шешуде тәрбиелік мәні зор?
5-тапсырма. Математиканы оқытуда есептерді дамыта шешу міндеттерін қалай түсінесіздер? «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастар» тақырыбының есептеріне осы көзқарас бойынша талдау жасаңыздар.
Әдістемелік нұсқау: көрсетілген тапсырмаларды конспект ретінде орындау.
Өткізу формасы: жеке жұмыс
Әдебиеттер: [1], [6].
№7практикалық сабақ тақырыбы: Математиканы оқытуды ұйымдастыру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
-
Математиканы оқытуды ұйымдастыру. -
Сабақ, оның құрылымы. Сабаққа қойылатын негізгі талаптар.