ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 137

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Науқасқа байланысты қандай іс –әрекет ЕҢ маңызды болып табылады?

*Геймлих әдісі

*өкпені жасанды желдендіру

*тыныс аналептиктерін енгізу

*тырысуға қарсы препараттар енгізу

*ешқандай іс шараларсыз шұғыл госпитализация
#210

*!Науқас 49 жаста. Шағымдары: әлсіздік, ентігу, бас ауруы, жөтел қиын бөліністі қақырықпен. Анамнезінде жағдайының ауырлауы 6 сағат бұрын басталды. Беротек ингаляциясын қабылдаған – әсері жоқ. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Есі анық. Тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Тері жамылғысы цианозды. Өкпеде құрғақ ысқырықты сырылдар. Тыныс алу өкпенің барлық бөлігінде. ТАЖ 34рет/мин. ЖСЖ 92рет/мин. АҚ 130/90мм.сб.б.

Аталғандардың қайсысы науқасқа қатысты ЕҢ маңызды әрекет болып табылады?

*қысқа әсер ететін β2 агонистер, антибиотик

*оттегі ингаляциясы, глюкокортикостероидтар

*зәр айдағыш препараттар, оттегі ингаляциясы

*ингаляциялық глюкокортикостероидтар, антибиотик

*спазмолитиктер, сұйықтықтарды тамырішілік инфузиялау
#211

*!Науқас әйел 47 жаста. Жас кезінен бастап бронх демікпесімен ауырады. Үнемі бронх кеңейткіш дәрілік заттарды қолданады (ингалятор). Өзінің қаралатын дәрігері сальбутамол (альбутерол) ұсынған, тұншығу ұстамасын жақсарту мақсатында. Бірақ кейінгі уақытта науқасқа сальбутамолды күн сайын күндіз де, түнде де (2-3 рет түнде) қабылдауға тура келді.

Аталғандардың ішінде қай дәрілік затты тағайындау ЕҢ маңызды болып табылады?

*в- блокатор

*антибиотиктер

*пролонгирленген теофиллин

*жүйелік глюкокортикостероид

*ингаляциялық кортикостероидтар
#212

*! 25 жастағы науқас ентігуге, тамағындағы ауыру сезіміне, даусының қарлығуына, дене температурасының 38,5С дейін жоғарлауына шағымданды. Науқасқа – «Ларинготрахеит, көмей стенозы, I дәрежесі» диагнозы қойылды.

Шұғыл көмек мақсатында НӘТИЖЕЛІ ПРЕПАРАТ

*оттегі

*эуфиллин

*глюкокортикоид

*сілтілі ингаляция

*кеңірдек интубациясы, ӨЖЖ
#213

*! Науқас Н. 65 жаста, қозғалғанда күшейетін алқызыл қан аралас қақырықпен жөтелге шағымданады. Анамнезінде: өкпе ауруына байланысты мекен-жайы бойынша бақыланады, жақында өкпесіне ота жасатқан. Жүрек ауруына байланысты аспирин қабылдайды. Объективті: тәбеті нашар, тері жабындылары бозғылт, ЖСЖ 100 рет минутына, АҚҚ 100/60 мм.с.б.

Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді?

*седативті препараттар

*тыныс аналептиктері

*жүрек гликозидтері

*қан тоқтатқыштар

*бронхолитиктер

#214

*!Науқас 28 жаста. Жарақатынан қан ағуына, кеудесіндегі ауыру сезіміне шағымданды. Анамнезінен: кеудесіне пышақтық жарақат алған. Объективті: кеудесінде пышақтық ойық жарақат, оң жақта алдыңғы қолтық сызығынан 7 қабырғааралықта 1х4см өлшемінде орналасқан. Аускультацияда: оң жақ өкпеде тыныс әлсіреген, тыныс алу жиілігі 22 рет минутына.АҚҚ 80/60 мм.сын.бағ.. Пульсі жіп тәрізді.ЖСЖ 120 рет минутына.

Науқасты емдеуде ЕҢ дұрыс тәсіл қандай?

*гепарин, трамадол енгізу, физиологиялық ерітіндісін енгізу

*cутегі асқын тотығымен жуу, басып тұратын асептикалық таңғыш

*эуфиллин, изотониялық ерітінді енгізу, стационарға шұғыл жеткізу

*ауырсынуды басатын дәрілер енгізу, иммобилизация

*полиглюкин, викасол , басып тұратын асептикалық таңғыш
#215

*!Бала майда ойыншықтармен ойнап отырып кенет жөтелдi, тыныс алғанда алыстан естiлетiн сырыл бар.

Төменде аталған әрекеттердiң ішінде қайсысы науқасқа ЕҢ тиімді?
*жасанды тыныс

*емханаға актив тастау

*шұғыл госпитализация

*жүректің жабық массажы

*тез арада кеңiрдек интубациясын жасау
#216

*!Науқас 28 жаста. Маңдай және самай бөлігінің ауыруына, әлсіздікке,енжарлық, мұрнының бітуіне,денесінің сырқырауына,сирек құрғақ жөтелге,дене температурасы 39,1ºС қа көтерілуіне шағымданады. Объективті: беті ісінген,қызарған.Склерит, конъюнктивит байқалады.

Төмендегі дәрілік заттардың қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді?

*беродуал

*эуфиллин

*пенициллин

*парацетамол

*левомицетин
#217

*!Бронх демікпесі ұстамасын басу үшін 3 жасар балаға ингаляциялық сальбутамол қолданылған. Жағдайы біраз жақсарғанымен, ысқырықты сырыл мен ентігу сақталған. Науқасқа қай препаратты енгізген ЕҢ қажет?

*интал

*алупент

*теофиллин

*преднизолон

*тербуталин
#218

*!Бала 12 жаста. Кеуде торының оқ жарақатын алған, жағдайы өте ауыр. Шок пен жедел тыныс жеткіліксіздігінің клиникасы айқын. Шұғыл көмек көрсеткен дәрігер диагнозы: ашық пневматоракс.

Аталған шаралардың қайсысы науқас үшін АСА маңызды ?

* ӨЖЖ

* Бюлау бойынша дренаж қою

*окклюзиялық таңғыш қою

* плевра пункциясын жасау

* ауыру сезімін басу, оксигенотерапия

#219

*!Бронх демікпесі ұстамасын басу мақсатында 63 жасар ер адамға сальбутамол ингаляциясы жасалды, сәлден кейін науқаста аздаған жеңілдік болды, бірақ ентігу мен ысқырықты сырылдар сақталған. Науқасқа қандай дәрілік зат қолдану қажет:



*интал

* алупент

*теофиллин

* преднизолон

*тербуталин
# 220

*! Ер азамат асылудан кейін. Тыныс спонтанды, ақыл-есі жоқ, тырысу байқалады. Жедел жәрдем дәрігерінің ЕҢ дұрыс іс әрекеті болып табылдаы:.

*жүрек – өкпе реанимациясын бастау

*ауа өткізгіш түтікше енгізіп, тырысу болса тырысуға қарсы дәрілер салып, ауруханаға тасымалдау

*тырысуға қарсы дәрілер салу, ӨЖЖ көшіру, ауруханаға тасымалдау

* кордиамин, кофеин, бемегрид енгізу

*қосымша шаралар жүргізбей ауруханаға тасымалдау
#221

*!Бала 9 жаста, қабақ пен еріннің ісінуіне шағымданды. Жаңғақ жегеннен кейін жағдайы нашарлады. Қандай дәрілік препараттарды алдымен қолданған ЕҢ тиімді?
*цетиризин

*супрастин

*фуросемид

*сальбутамол

*преднизолон
# 222

*!2 жастағы балада уртикарлы бөртпе пайда болды. Таңертең апельсин жеген. Қандай дәрілік препараттарды алдымен қолданған ЕҢ тиімді?

*холинолитиктер

*антиферменттер

*адреномиметиктер

*+антигистаминді

*глюкокортикостероидтар
#223

*!36 жастағы науқас инспираторлы ентігу, тұншығу, құрғақ жөтелге шағымданды. Парфюм қолданғаннан кейін жағдайы ауырлаған. Қозғыш. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тоны тұйықталған, ЖСЖ 54мин, пульс толымы әлсіз, АҚ 80/40 мм. сын.бағ.ст.

Қандай дәрілік препараттарды қолданған ЕҢ тиімді?

*клемастин

*эпинефрин

*преднизолон

*норэпинефрин

*кальций хлориді
# 224

*! Науқас 32 жаста арықтауға арналған қытай таблеткаларын қабылдағаннан кейін әлсіздік, бас айналу, жүрек соғуы, терінің қышуына шағымданды. Объективті: жағдайы өте ауыр, санасы көмескіленген. Тері жамылғысы бозғылт, акроцианоз, жабысқақ тер басқан. Қабағы мен еріні ісінген. Аускультацияда өкпеде везикулярлы тыныс. ТЖ 25 рет минутына. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 140 рет мин., АҚҚ 70/40 мм сын. бағ.

Қандай препаратты бірінші кезекте енгізу қажет?
*клемастин

*эпинефрин

*преднизолон

*норэпинефрин

*кальций хлориді
# 225

*! 28 жастағы науқас әйел емшара бөлмесінде метронидазол ерітіндісін көк тамырға тамшылатып енгізу кезінде инспираторлы ентігу, тұншығу, құрғақ жөтел, әлсіздікке шағымданды. Жағдайы ауыр, жүзінде қорқыныш бар, науқас қозған. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тоны әлсіз, ЖСЖ 94\мин, пульс әлсіз толтыру, АҚ 80/60 мм. сын.бағ.ст.

Аталғандардың қайсысы шұғыл көмек көрсету үшін ЕҢ дұрысы?

*к/т лазикс

*б/е димедрол

*т/а адреналин


*к/т пипольфен

*к/т кальций хлориді
# 226

*!10 жастағы балада баралгин салғаннан соң, 15 минуттан кейін орнында қышыну, бөртпе, саусақтардың ұюы, жүрек айну басталды. Клиникалық қарап тексергенде жіп тәрізді пульс, АҚ төмендеген, жүрек тоны тұйық. Аталғандардың қайсысы анафилактикалық шокта НЕҒҰРЛЫМ орынды шұғыл көмек көрсету үшін қажет?

*адреналин

*супрастин

*преднизолон

*сальбутамол

*хлорид кальция
# 227

*!45 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, бас айналуына, жүрек соғысына, ауа жетіспеушілікке шағымданды. Жалпы симптоматика 5% глюкоза ерітіндісінен кейін басталған. Үйінде көршісі дәрігердің нұсқауынсыз тамшылы иньекция жасаған. Бірнеше минуттан кейін жоғарыдағы шағымдар пайда болды. Қарап тексергенде: терісі бозарған, ылғалды. Өкпесіндее везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ 22 минутына. Журек тоны анық, ритмді. ЖСЖ 90 минутына. АҚ 80/60 мм.рт.ст.

ЕҢ бірінші кезектегі әрекет?

*препаратты енгізуді тоқтату

* супрастин беру

* преднизолон егу

*салқын басу

*жгут салу
# 228

*!Науқас әйел 34 жаста. Шағымдары: терісінің қышуы, әлсіздік, басының айналуы, жүрек қағуы. Жарты сағат бұрын жоғарғы ернін ара шаққан. Объективті: жағдайы ауыр, есі шатасқан. Тері жабындысы гиперемирленген, жабысқақ термен қапталған. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. Тыныс жиілігі минутына 19 рет. Жүрек үні тұйықталған, ырғағы тұрақты. Жүрек соғу жиілігі минутына 140 рет. АҚ 40/0 мм рт.ст.

Төмендегі препараттардың қайсысы бірінші кезекте ЕҢ дұрысы?

*клемастин к\т

*эпинефрин б/е

*аминофиллин к\т

*преднизолон к/т

*норадреналин т/а
# 229

*! 38 жастағы əйел адам стоматологиялық бөлмеде отырған, лидокаин енгізгеннен кейін еріннің ісінуі, ентігу, әлсіздік, терісінің бозаруы пайда болды. АҚ 80/60 мм рт.ст.

ЕҢ бірінші кезектегі әрекет?

*ауруханаға жатқызу

*преднизолон енгізу

*аяқ жағын көтеру

*бас жағын көтеру

*емханаға жіберу
# 230

*!42 жастағы науқас тыныс алу жетіспеушілігіне, құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезінен: көптеген жылдар бойы аллергиялық риниттен зардап шегуде. Аскорбин қышқылы таблеткасын қабылдағаннан кейін денсаулығын күрт нашарлаған. Объективті: жағдайы ауыр. Науқас қозған. Тері жабындысы бозғылт. Шулы тыныс. Өкпе үстінде қатаң тыныс алдымен, өкпенің барлық алаңында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Тыныс жиілігі минутына 32 рет. Жүрек үні тұйықталған, ырғағы тұрақты. Жүрек соғу жиілігі минутына 127 рет. АҚ 130/80 мм сын.бағ.

Төмендегі қайсы препаратты қолдану ЕҢ орынды болып табылады?


* адреналин

*супрастин

*сальбутамол

*преднизолон

* кальций хлориді
# 231

*!4 жасар балада тағаммен апельсин қабылдағаннан кейін терісінде бөртпе, қышыну пайда болды. Жағдайы орташа ауырлықта. Беттің, қолдың терісінде дақты-папулезді, сұйық сипаттағы қышынумен журетін бөртпелер бар.

Аталған препараттың қайсысын тағайындау ЕҢ орынды?

*холинолитиктер

*антиферменттер

*адреномиметиктер

*антигистаминдер

*глюкокортикостероидтар
#232

*!35 жастағы əйел адамда аз уақытта бисептолды қабылдағаннан соң температурасының 39 С градусқа дейін көтерілуіне, қызбаға денесінің жоғарғы жартысында күйген тәрізді сезімге шағымданды. Бірнеше сағаттан соң арқада және іште бірден гиперемия пайда болып, біртіндеп бір-бірімен қосылатын төменгі дәрежелі көпіршіктер пайда болды. Никольский симтомы оң. Науқасты кай бөлімге тасымалдау керек:

*терапиялық

*хирургиялық

*аллергологиялық

*реанимациялық

*госпитализациялау керек емес
#233

*!Науқас 28 жаста, маңдай мен самай бөлігінің ауыру сезіміне, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, бүкіл денесінде ауыру сезіміне, сирек құрғақ жөтелге, мұрын бітелуіне шағымданып келді. Объективті: беті ісінген, гипермияланған. Склерит, конъюнктивит байқалады. Дене температурасы 39,10С. Ауыз жұтқыншақ шырышты қабаты гиперимияланған, ұсақ дән тәрізді ісінулер бар.

Жедел көмек көрсету үшін ең ОРЫНДЫ препарат:

*пенициллин

*левомицетин

*парацетамол

*аминофиллин

*ацетилсалицил қышқылы
#234

*! Бала 2 жаста. Бүгін таңертең дене температурасы 37,8º С дейін жоғарылаған, шулы тыныс, дөрекі үрген жөтел, дауысы қырылдаған. Кешке жағдайы нашарлаған. Қосымша бұлшық еттер қатысуымен жүретін шулы тыныс, ара-қашықтықта естіледі, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы, мазасыздық.

Қай топ препараттарын қолдану ЕҢ ОРЫНДЫ болып табылады?

*диуретиктер

*антибиотиктер

*вазопрессорлар

*бронхолитиктер

*глюкокортикоидтар
#235

*! ЖРВИ бар 5 жасар балада жоғары дене қызуы (39,5º С) фонында жағдайы бірден нашарлады, тырысулар пайда болды.

Жедел көмек көрсету үшін ең ОРЫНДЫ препарат:

*диазепам

*люминал

*хлоралгидрат

*глюконат кальция

*күкірт қышқыл магнезия
#236

*! Бала 1 жаста кенеттен ауырды, дене температурасы 37,6°С жоғарылады, қозған, жиі үрген жөтел, инспираторлы ентігу, тахипноэ 60 рет минутына, қосымша бұлшық еттерінің қатысуымен стридорозды тыныс.

Қай топ препараттары ЕҢ әсерлі?