ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 138
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
*оң жақ иық буынының соғылуы
*оң жақ иық сүйегі басының шығуы
*оң жақ иық сүйегі басының сынуы
*оң жақ иық буын байламының созылуы
*оң жақ иық буынының теріастылық гематомасы
#154
*!Жасөспірім 16 жаста, 3 м биіктіктен құлап түсті. Негізгі соққы күші сол аяққа түсті. 103 дәрігері қарап тексергенде: сол жамбасы ісінген, деформацияланған, оның осі қисайған. Жарақат алған аймақта ауыру сезімі сезіледі. Жамбастың ортаңғы үштен бір бөлігінде патологиялық қозғалу байқалады. Сол аяғын көтере алмайды. Табанның қозғалғыштық және сезімталдық қызметі толығымен сақталған. Шеткі артерияларда пульс сақталған.Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы көбірек СӘЙКЕС келеді?
*сол жамбастың ортаңғы үштен бір сынығы
*сол жамбастың жоғарғы үштен бір сынығы
*сол жамбастың төменгі үштен бір сынығы
*сол жамбастың жұмсақ тінінің соғылуы
*сол жамбастың мойын сынығы
#155
*!Науқас Ж. 37 жаста. Жол-көлік апаты болған жерге 103 бригадасы келген кезде, науқас оң жамбас аймағында кенет ауыру сезіміне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша, 10 минут бұрын автокөлікке соғылып, оң жамбас аймағынан соққы алған. Есін жоғалтпаған. Қарап тексергенде: оң жақ мықын сүйегінде кең көлемде теріастылық гематома анықталды, шат және шонданай сүйектерін, сонымен қатар мықын сүйегінің оң қанатын пальпациялағанда кенет ауыру сезімімен.
Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы көбірек СӘЙКЕС келеді?
*жамбастың жұмсақ тінінің гематомасы
*оң жамбастың мойнының сынығы
*жамбас сүйегінің сынығы
*жамбас сүйегінің соғылуы
*оңжамбастың сынығы
#156
*!Ер адам 45 жаста, 103 дәрігері жалпы қараған кезде, бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айну, құсуға шағымданған. Анамнезінде бір тәулік бұрын құлап, басын жерге соғып алған. Қысқа мерзімді есін жоғалтқан, жарақат себебі есінде жоқ. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, АҚ 130/80, брадикардия минутына 62 соққыға дейін, ошақтық неврологиялық симптомдар жоқ.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*ми соғылуының ауыр дәрежесі
*ми соғылуының орташа дәрежесі
*ми соғылуының жеңіл дәрежесі
*мидың шайқалуы
*мидың қысылуы
#157
*!Жедел жәрдем бригадасы қабылдау бөліміне 50 минут бұрын ағаш шабу кезінде байқаусызда басының үлкен көлемді шабылған жарақатын алған науқас жеткізілді. Қарау кезінде: сол жақ төбе-маңдай аймағында кең және аздаған қан кетумен көрінетін шабылған жара анықталды. Жарада сүйек қалдықтары көрінеді. АҚ 110/70 мм.с.б.б., пульс минутына 98 соққы, ритмді. Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы көбірек СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*бассүйек негізінің сынуы
*жабық бассүйек-ми жарақаты
*ашық бассүйек-ми жарақаты
*алдыңғы бассүйек шұңқырының сынуы
*бассүйек-ми зақымдалуының ауыр дәрежесі
#158
*!Ер кісі 43 жаста, құлау кезінде басын соғып алған. Басының қатты ауырсынуына, жүрегінің айнуына, бас айналуына шағымданады. Қарау кезінде: есеңгіреген, тері жамылғылары бозғылт, пульс минутына 62-64 соққы. Сол жақ самай бөлігінде жұмсақ тіндердің ісінуі, сол жақ құлағынан аздап қан кеткен. Науқас жарыққа қарай алмайды. Сол жақ қарашығы оң жақпен салыстырғанда кеңдеу.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы көбірек СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*бассүйек негізінің сынуы
*жабық бассүйек-ми жарақаты
*ашық бассүйек-ми жарақаты
*алдыңғы бас сүйек шұңқырының сынуы
*бассүйек-ми зақымдалуының ауыр дәрежесі
#159
*!Ер кісі 28 жаста. Төбелес кезінде басына қатты затпен соққы алған. Жедел жәрдем дәрігері қарау кезінде: ұйқышыл, сұрақтарға түсініксіз жауап береді, аздап бозғылт, пульсі минутына 62 соққы, маңдай аймағында 8х15 см көлемді жара,аздап қан кеткен, сол жақта мұрын-ерін қыртысы тегістелген, тілі аздап солға ығысқан, оң жақ қарашығы сол жақпен салыстырғанда аздап кеңейген.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы көбірек СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?
*бассүйек негізінің сынуы
*алдыңғы бассүйек шұңқырының сынуы
*ашық бас-ми жарақаты. мидың соғылуы.
*жабық бас-ми жарақаты. мидың соғылуы.
*жабық бас-ми жарақаты. мидың шайқалуы.
#160
*!Қала сыртында 10 жастағы бала бірнеше сағат бойы қатты аязда болды. Мұздалған баланы шаңғышылар тауып,жақын жерде орналасқан елді мекенге апарады. 103 шақырды. Қарағанда білек пен табан терісі гиперемияланған, қолдың және аяқтың саусақ ұштарында бірең-сараң күлдіреуік, сезімталдық төмендеген.
Науқаста үсіктің қандай дәрежесі?
*I дәреже
*II дәреже
*III дәреже
*IV дәреже
*II-III дәреже
#161
*!Моншада 20 жастағы қызда бұтаралық және екі жақты төменгі бөліктерде термиялық күйік.
Күйіктің жалпы ауданын анықтаңыз?
*19%
*22%
*27%
*32%
*37%
#162
*! Науқас 50 жас. Дене бетінде 35% аймағы I-II-IIIA дәрежелі термиялық күйік бар.Күйік жарақаттары бетте, мойында, кеуденің алдыңғы беткейінде орналасқан. Бетте, мойында жұмсақ тіндердің ісінуі бар. Тыныс алуы мұрын және ауыз арқылы қиын, шулы. Мұрын ішінде күйген қылшықтар бар.
Күйік науқастың тыныс алу жолдарының қай бөлігінде орналасқан?
*+жоғарғы тыныс алу жолының күйігі
*төменгі тыныс жолының күйігі
*мұрын қуысының күйігі
*көмей күйігі
*кеңірдек күйігі
#163
*!3 жастағы бала байқаусызда ыстық сумен төменгі бөліктерінде термиялық күйік алған. келген ЖМЖ дәрігері дене бетінде аумағы 10% күйік алғанын анықтаған.Гиперемия және ісіну фонында кей аумақта эпидермистің болмауын анықтады.
Балада МҮМКІН БОЛАТЫН термиялық күйіктің дәрежесін анықтаңыз?
*I дәреже
*II дәреже
*IIIа дәреже
*IIIб дәреже
*IV дәреже
#164
*!Бала 14 жаста, төменге және ұмаға берілетін іштің жәңе оң жақ бел аймағының ауыруына; әлсіздік, бас айналуға шағым айтты. Сырқатты жарақатпен байланыстырады (4 сағат ішінде белгісіз адамдар ұрып соққан). Тексеру кезінде оң жақ бел аймағында гематома анықталды, перитонит белгілері жоқ.
Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
*ішек жарақаты
*іштің тұйық жарақаты
*асқазанның тұйық жарақаты
*іштің ашық жарақаты
*қуық жарақаты
#165
*!Ер адам 33 жаста, автокөлік оқиғасының қатысушысы. Объективті: ауыру сезімінен айқайлап жатыр. Тері жамылғысы солғын. Оң жақ жамбасында жыртылған жарақат бар, сол жерден сүйек шығып тұр және қан бүркілдеген ағынмен ағып жатыр. Қан кету тоқтағаннан кейін ЖСЖ 1 минутта 120 соққы. АҚ 80/60 мм с.б.
Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
*бассүйек-ми жарақаты
*геморрагиялық шок
*жарақаттық шок
*мықын сынығы
*жамбас сынығы
#166
*!Ер адам 35 жаста, үйге қайтып бара жатты. Кенеттен қатты соққыны сезді. Қысқа мерзімге есінен таңды. Есін жиған кезде оң жақ жіліншігінде бірнеше жерден жыртылғанын көрді, сол жерден қан бүркілдеген ағынмен ағып жатыр, ал сол жақ жамбас жасанды қалыпта тұр. Аяқ-қол ұшында қатты ауыру сезімін сезді, қозғала алмады. Қорқыныш, шарасыз сезім пайда болды. Объективно: науқас қозған, солғын, ЖЖЖ 1 миутта 110 соққы, АҚ 90/60 мм с.б, екі жіліншігінде де жыртылған жаралар бар.
Төменде көрсетілген диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
*+қосарланған жарақат
*бассүйек-ми жарақаты
комбинирленген жарақат
*ашық бассүйек-ми жарақаты
*балтыр сүйегінің ашық сынығы
#167
*!Бала 4 жас. Медициналық көмекке жүгінген кезде анықталды: миоз, бұлшықеттік тартылу, галлюцинация, бронхоррея, бронхоспазм, тоқтаусыз құсу және іштің ауыру сезімі.
Төменде келтірілгендердің қайсысы КӨБІРЕК уланнудың себебіне ұқсайды?
*фосфорорганикалық қосындылармен улану
*наркотикалық аналгетик
*аконит тұнбасы
*парацетамол
*этанол
#168
*!Ер адам 45 жаста ауызынан «металлдың» дәмін сезеді. Құсығы көк түсті. Сілекей ағу мен шөлдеу мазалайды.
Төменде келтірілген препараттардың ҚАЙСЫСЫН науқас ішке пайдаланған?
*йод
*бор қышқылын
*күйдіргіш сода
*сутегі асқын тотығы
*гидропирит ерітіндісін
#169
*!34 жастағы ер адам, химиялық тыңайтқыштар шығаратын заводта істейді. Жүрек айнуға, құсуға, іштің ауыру сезіміне, қозғыштыққа шағымданды. Объективті: психомоторлы қозғыш, көз қарашығы тарылған, бұлшықеттік тартылу. Өкпесінен әртүрлі мөлшердегі ылғалды сырылдар естіледі. Мұрын қуысында сұйық бөлінді.Жүрек тондары тұйық.
Төменде келтірілген қай зат КӨБІРЕК уланудың себебі болып табылады?
*сірке қышқылы
*этилді алкоголь
*күйдіргіш сода
*ацетилсалицил қышқыл
*фосфорорганикалық қосындылармен улану
#170
*!Өнеркәсіпте улы зат шығып кетті. Жұмысшыларда тұншығу ұстамасы, кенеттен жөтел, үрейлі жағдай, бұлшықет әлсіздігі, жас ағу, жұмысшыларды зақымданған аумақтан шығарғаннан кейін өз бетінше басталды. Бір күн өткеннен кейін жұмысшылардың бір бөлігі өкпелік ісінумен ауруханаға жатқызылды.
Төменде келтірілгендердің ішінде қайсысы КӨБІРЕК сәйкес келеді?
*хлормен улану
*метанмен улану
*аммиакпен улану
*күкіртті газбен улану
*күкіртсутегісімен улану
# 171
*!20 жасар жас жігіт көшеде ес-түссіз ауыр жағдайда анықталды. Тексеру кезінде денесінде ешқандай жарақат анықталмады. Терісінде айқын цианоз, көктамырының бойында инъекциялардың ізі бар. Тынысы сирек, беткей. Жүрек тоны бәсеңдеген, ритмі дұрыс, ЖСЖ 70 рет/мин, АҚ 90/60 мм.сн.бғ.Ошақты белгілері жоқ
Төмендегі диагноздардың қайсысы КӨБІРЕК сәйкес келеді?
*алкогольді кома
*наркотикалық кома
*апоплексиялық кома
*гипогликемиялық кома
*жедел жүрек жеткіліксіздігі
# 172
*!Ер адам 39 жаста, көшеде ес-түссіз күйде табылды. Объективті: тері ылғалды, бозғылт, қарашық әлсіз кеңейген, Д=S. Аяқ-қолының бұлшық ет тонусы төмендеген. Аузынан алкогольдің иісі шығып тұр. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия 108 рет мин., АД 110/70 мм рт ст. Ошақтық симптомдар жоқ. Менингеалды белгілер теріс. Беттің терісінде жыртылған жарақаттар
Қандай төменде аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
*алкогольді кома
*есірткілік кома
*гипогликемическая кома
*жедел миокард инфаркты
*жедел ми қанайналым бұзылысы
# 173
*! Ер адам 48 жаста, экстасистолия және пароксизмальді тахикардиямен ЖСЖ 180 рет/ мин токсикологияның қабылдау бөліміне жеткізілді. АҚҚ 60/40 мм. сын.бағ., көпреттік құсу шағымдарымен, тілі, ауыз қуысының кілегейі ұйыпқалу сезіміне , 200г. Шарап қабылдаған соң, 15-20 мин кейін пайда болған. анамнезінде жүрек патологиясы жоқ.
Бірінші кезекте науқастан төменде келтірілгеннің қайсысын күмандануға болады?
*аконитпен улану
* димедролмен улану
* қышқылдармен улану
* алкоголь суррогатымен улану
* есірткі препараттарымен улану
#174
*!Ер адам 56 жаста. Шағымдары: жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея, қиын тыныс алу, тершеңдік. Анамнезінен: 2 апта ішінде қолдан сатып алынған алкогольді ішімдік пайдаланған. Бүгін жағдайы нашарлаған. Объективті: Жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, қолының дірілі. Көз қарашықтары D=S, дейін 1-2 мм кішірейген . Тынысы шулы. ТАЖ – 26 рет мин. Өкпеде ылғалды және құрғақ сырылдар. АҚ – 110/70 мм. сын.бағ.ст. PS – 140 соққы мин.
Қандай төменде аталған болжам диагноздардың ЕҢ дұрысы?
*сірке қышқылымен улану
* этил спиртімен улану
*алкоголь суррогатымен улану
* көмірсутектермен улану
* фосфоорганикалық қосылыстармен улану
175
*!Ер адам 28 жаста, қатты отынмен пеш жағатын бөлмеде болған, ес түссіз табылған. Объективті: ыстын иісі, тері жабындылары гипермияланған, акроцианоз, мидриаз, фоторекция әлсіз, тахипноэ 25 ке дейін, АҚ 100/70 мм.рт.ст., ЖСЖ- 90 рет/мин.
Төменде аталған болжама диагноздың қайсысы ЕҢ нақтысы?
*көмір қышқыл газымен улану
*өртенген азық түлікпен улану
*психотропты затпен улану
*апиын нашасымен улану
*табиғи газбен улану
#176
*!12 жасар бала қабылдау бөліміне белгісіз дәрімен уланумен түскен. Тексеру кезінде бала мазасыз, қимыл қозғалысы бұзылған. Терісі құрғақ. беті ыстық қарашықтары кеңейген, тахикардия Қандай затпен улануы ӘБДЕН мүмкін?
*аспиринмен
*атропинмен
* реланиуммен
*димедролмен
*адреналинмен
#177
*!12 жасар бала. 5 таблетка димедрол ішкен. Біраздан кейін психичкалық – қимылдық қозуы болды, гипертермия, шөлдеу,бетінің және жоғары дене бөлігінің гиперемиясы. Терісі құрғақ боз қарашық кеңейген, горизонтальды нистагм, тырысу
Төменде аталған болжама диагноздың қайсысы нақтырақ?
*антибиотикпен улану
*жүрек гликозидымен улану
*тырысуға қарсы препаратпен улану
*қабынуға қарсы препаратпен улану
*антигистамин препараттарымен улану
#178
*!Бала 13 жаста кездейсоқ ас үйде сөреде тұрған сұйықтықты ішіп қойған. Мамасы жедел жәрдем шақырған. Тексеруде аузынан бір иіс шығады, құсады, сілекей ағады, жұтынуы қатты ауыру сезіммен. Төменде аталған болжама диагноздың қайсысы нақтырақ?
*сілтімен улану
* қышқылмен улану
* эссенциямен улану
* алкогольмен улану
*сірке қышқылымен улану