Файл: р брилль ауруын, бртпе сзегіні алдын алу, жетілдіру шаралары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 186

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зардап шегушіні қатты жерге жатқызу.

2. Қысып тұрған киімдерін шешу, жүрек аймағын босату.

3. Реаниматор зардап шегушінің бір жақ қырында болады.

4. Зардап шегушінің бір жақ қырына тізеңізді бүгіп отырып, қолыңызды тік ұстап төстің төменгі жағына қойыңыз.

5. Иығынызды төсіңізбен қатарластырып (параллельно) ұстаңыз.

6. Алақаңызды төстің төменгі жағына саусақтарыңызды сәл көтеріп салыңыз. Саусақтарыңыз кеудеге тимеу керек, қолыңыз «ұшып жатқан құстың қанаттары» тәрізді.

7. Қолыңызды тік ұстаңыз.

8. Тиімді түрткі ретінде 0,5сек үзіліспен терендігі 5-6см кеудесінің төменгі жағын қысу.

9. Үзіліс кезінде қолды алмайсыз, тік ұстайсыз, саусақтары жоғары қарап тұрады.

Ескерту! Кеуде қуысына қысым жасағанда оны тоқтатумен кезектестіру керек, себебі жүрек қанға толу үшін, қысысымның жиелігі минутына 60-80 рет болуы тиіс. Ауаны қысымнан кейін жіберу. Реанимацияны жүргізгенде 2 рет дем жібереді 30 компрессия жасайды.

Алғашқы реанимациялық шаралар алгоритмі

2010 жылы Халықаралық реанимация комитетімен, американдық кардиологиялық ассоциациясымен дайындалған. (Литвадағы денсаулық ғылыми университеті)

Бес кезен:

1. Жағдайына баға беру.

2. Алғашқы реанимация 30/2.

3. Демнің тоқтауын емдеу.

4. Дефибрилляторды қолдану.

5. Әрі қарай көмек көрсету.

Жүректің тоқтағаның қалай білу.

Есінің, демінің, тамыр соғысының жоқтығы. Қан айналымын қамтамас ету кезені:

Ø кеудеге минутына 100 рет жылдамдықпен 30 компрессия жасап, содан кейін 2 рет дем жіберу.

Ø арнайы көмек келгенше компрессиямен демді 30/2 әрі қарай жалғастыру.

Ø нәтижесін 4 – 5 циклдан кейін тексеру.

Реанимацияны компрессиядан бастаймыз, себебі: Жүрек тоқтағанда алғашқы минутында қанда оттегі бар, ол компрессия жасаған кезінде ағзаның органдарына таралып реанимация шараларын жақсартады.
Әрбір компрессияның терендігі 5 – 6 см. (кеудені қысуымен жіберудің аралығында үзіліс жасауға болмайды). Компрессияны минутына 100 рет жасау, бірақ 120 реттен асырмау. Ауаны 800 – 1200 мл жіберу, 2 дем 5 – 10 сек аралығында. Демді алған кезінде өкпедегі ауаны шығаруға мүмкіншілік жасаныз.

Реанимация шараларының нәтижелі белгілері:
Ÿ

ұйқы және шынтақ артерияларында тамыр соғысының білінуі; Ÿ

көз қарашағының жіңішкеленуі; Ÿ қан қысымының қалпына келуі; Ÿ

цианоздың, өңі бозарудың азаюы; Ÿ

демнің қалпына келуі.

Реанимация қолданғанда болатын асқынулар: Ÿ

қабырғалардың, төстің жарақаттануы; Ÿ

өкпенің, жүректің, бауыр, көкбауырдың зақымдануы.

Асқынудың алдын-алуы: - реанимацияны дұрыс қолдану.

Биологиялық өлімнің белгілері

Биологиялық өлім – ол ағзаның тіршілігінің тоқтауы. Мидын жарты шарының қыртысының торшаларында қайтымсыз өзгерістер пайда болғаннан бастап биологиялық өлім айқын дамиды.

Биологиялық өлімнің белгілері: Ÿ

Демнің мүлде тоқтауы (апноэ). Ÿ

Қан айналымының тоқтауы (асистолия). Ÿ

Сана сезімінің токтауы (кома). Ÿ

Қасаң қабығының құрғауы қарауытуы. Ÿ

«Мысық көз» симптомы. Ÿ

Денесінің сууы. Ÿ

Денесінің қатаюы. Ÿ

Дақтардың пайда болуы.

Мәйітпен жұмыс атқару ережесі

1. Мәйіттің киімдерін шешіп, арқасына жатқызыңыз. Қымбат заттарын дәрігердің көзінше туған-туыстарына беріңіз.

2. Төменгі жақ сүйегін байлап, кірпіктерін жауып ақ жаймамен жабыңыз, екі сағатқа қалдырыңыз.

3. Қолына, аяғына мәйіттің аты жөнін, ауру тарихының белгісін жазыңыз.

4. Құжатта аты-жөнін, ауру тарихының белгісін, диагнозын, өлген уақытын белгілеңіз.

5. Мәйіттерді мейіргердің қатынасуы бойынша патолого-анатомиялық бөлімшеге апарыңыз.