Файл: р брилль ауруын, бртпе сзегіні алдын алу, жетілдіру шаралары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 184
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жабдықтау: залалсыздырылған түтікше, лоток, вазелин, дәрілер, латекстіқ қолғап, система, үштаған, клеенка, үлкен жөргек, су термометрі, 400-500С температурасындағы жылытқыш.
Ескерту: тамшы клизмасын тазарту клизмасынан 30-40 минуттан кейін жасайды.
Іс әрекет алгоритмі:
1. Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріп, келісімін алыңыз.
2. Халатыңызды ауыстырыңыз, алжапқышты киіп, қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.
3. Дәрісі бар флаконды ыстық суы бар ыдыста, 37-380 градусқа дейін жылытыңыз.
4. Системаның орамасын ашыңыз, системадағы қысқышты жауып, дәрісі бар флаконға тамшы системаның қысқа инесін енгізіңіз.
5. Резеңке жылытқышпен оралған флаконды түбін жоғары қаратып төңкере ұстап, үштағанға іліп қойыңыз.
6. Залалсыздандырылған дәкемен жел шығаратын түтікшені алып , ұшына вазелин майын жағыңыз.
7. Дәрі жіберетін инені қалпақшасымен алып оған жел шығаратын түтікшені жалғаңыз, тамшы системаның ауа өткізгішін ашыңыз, тамшы ағатын бөлігіне дәрі толтырыңыз, системадан ауаны шығарыңыз.
8. Пациенттің жамбасын сол қолдың екі саусағымен ашып, тік ішекке системамен жалғанған жел шығаратын түтікшені 20-30см. тереңдікке енгіземіз, алдымен 3-4 см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бойымен.
9. Енгізілген дәрі препараттың тамшы жиілігін ретке келтіріңіз (60-80 тамшы минутына);
10. Қысқышын жабыңыз және жел шығаратын түтікшені алып тастаңыз.
11. Процедурадан соң пациентке арқасымен немесе сол жақ қырымен 30 – 60 минут уақыт тыныш жатуды ұсыныңыз.
12. Жел шығаратын түтікшені зарарсыздандырыңыз, системаны жойыныз.
13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз
Жел шығаратын түтікшені қолданудағы мейіргердің технологиясы
Жел шығаратын түтікшені іштің тырсылдағанында (метеоризмде) қолданады. Жел шығаратын түтікті енгізу іс-әрекет алгоритмі: Мақсаты: ішектердегі газдарды шығару.
Көрсеткіші: метеоризм (газдың көп пайда болуына байланысты немесе оның ішектерден нашар шығарылуына байланысты іш кебу). Асқазан ішек жолдарын эндоскопиялық зерттеулерге дайындық кезінде.
Қарсы көрсеткіші: Асқазан-ішек жолдарынан қан кету. Тоқ ішек айналасында және тік ішек маңында жедел қабыну немесе ойық жара болуы. Жиі қанайтын геморрой. Тік ішектің қатерлі ісігі. Тік ішектің сыртқа шығып түсіп кетуі немесе оның маңындағы жарылулары.
Жабдықтау: Халат, алжапқыш, қолғап, жел шығаратын түтік, дәкелер салынған залалсыздандырылған бикс, залалсыздандырылған корнцанг, залалсыздандырылған лоток, судно немесе суы бар лоток, клеенка, жөргек, вазелин майы, қолданылған заттарды салатын ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Пациентке іс-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оған оның келісімін алыңыз.
2. Халатыңызды ауыстырып, алжапқыш киіңіз. Қолыңызға гигиеналық деңгейде өңдеу жүргізіп, қолғап киіңіз.
3. Бикстен жел шығаратын түтік оралған ораманы шығарыңыз.
4. Кушеткаға клеенка және жаялықты жайыңыз.
5. Пациенті сол жақ қырына немесе арқасына жатқызыңыз.
6. Оң қолыңызға залалсыдандырылған дәкемен жел шығаратын түтікті алыңыз, 20-30см ұзындықта вазелин майымен майлаңыз.
7. Сол қолыңыбен пациенттің жамбас арасын ашыңыз,ал оң қолыңызбен абайлап айналмалы қозғалыстар жасай отырып, жел шығаратын түтікті 20-30см тереңдікке еңгізіңіз.
8. Сыртқы ұшын судноға салыңыз немесе суы бар лотоққа салыңыз.
9. Газ шығып жатқанына көзіңіз жеткен соң (судағы көпіршектер бойынша) суы бар лотокты алып тастаңыз, жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшын жаялыққа конверт пішіндес етіп ораңыз.
10. Әрбір 20-30 мин сайын пациенттің жағдайын бақылаңыз.
11. Жел шығаратын түтікті қажетіне қарай алып тастаңыз, бірақ бір сағаттан көп емес, ойылып қалу болмас үшін.
12. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандырыңыз.
13. Тік ішектің айналасын дәкемен сүртіңіз, ал қажет болған жағдайда вазелин майын жағыңыз.
14. Егер жел толық шықпаса процедураны 2-3 сағаттан соң қайталаңыз, бірақ тәулігіне 2-3 реттен көп болмауы керек.
Асқазанды жуудағы мейіргердің технологиясы
Мақсаты: асқазанды өңеш арқылы тазалау, емдеу, диагностикалық әдісін жүргізу.
Көрсеткіштері: ішімдікпен, дәрілермен, тамақпен улану, ішектің түйілуі.
Қарсы көрсеткіштері: асқазан, өңештен қан кету, асқазан мен өңештің күйігі, өңештің тарылуы, стенокардия, миокард инфарктісі, қолқа аневризмасы, инсульт.
Жабдықтау: лоток, 0,5-1 л сыйымдылы шыны құйғыш, 2 жуан зонд, зондтарды жалғайтын түтік, 10л (бөлме температурасына сәйкес) су, ожау, леген, клеенкалы екі алжапқыш, мәрліленген дәкелер, қақпағы бар таза ыдыс, латекстық қолғап, зарарсыздандыруға арналған ыдыстар, жолдама.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, іс-әрекет мақсатымен, орындау барысымен таныстырып, келісімін алыңыз.
2. Керекті жабдықтарды дайындаңыз.
3. Алжапқышты киіңіз.
4. Қолды жуып, құрғатып, латекстық қолғапты киіңіз.
5. Пациентті орындыққа отырғызып, басын алдына қарай кішкене еңкейтіңіз.
6. Екі аяғының ортасына легенді қойыңыз.
7. Пациентке алжапқышты кигізіңіз.
8. Зондпен мұрын ұшынан бастап құлақ ұшына дейін, содан кейін кіндікке дейін өлшемдерді алыңыз.
9. Зондтарды шыны түтікпен жалғаңыз.
10. Зондтың соңғы ұшын жылы суға салыңыз.
11. Пациенттің ауызын ашып, зондты оң жақ қолыңызға алып (ұзындығы 10см), жұтқыншыққа қарай кіргізіңіз.
12. Пациентке жұтыну арқылы зондты асқазан деңгейіне дейін жұтқызыңыз (зондта белгісі бар).
13. Зондқа құйғышты жалғап, асқазаннан төмен және кішкене қисайтып түсіріңіз.
14. Құйғышқа суды құйыңыз.
15. Жайлап құйғышты пациенттің аузына 25-30 см көтеріңіз.
16. Құйғыштың түбінде су қалу керек.
17. Қайтадан құйғышты пациенттің тізесінен төмен түсіріп , ішіндегісін төгіңіз, ең біріншісін таза ыдысқа жинап, лабораторияға жіберіңіз.
18. Су тазарғанша осы шараны бірнеше рет қайталап отырыңыз.
19. Зондты жайлап алып, құйғыш екеуін зарарсыздандырылған ерітіндіге салыңыз.
20. Пациентке аузын сумен шайғызып, ауыз маңайын дәкелермен сүртіңіз.
21. Физикалық, психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Ескертпе: зондты жібергенде асқазанға кедергісіз өткенін тексеріп отыру керек.
Ерлерге қуыққа катетер енгізудегі мейіргердің технологиясы
Катетеризация дегеніміз - қуыққа катетер енгізу. Катетеризация емдеу және диагностикалық мақсатпен жүргізіліп, қуықты жуу үшін қолданылады. Катетерді тек қана керекті жағдайларда қолданады.
Қуықты екі мақсатпен жуады:
- механикалық мақсатпен (тастарды, іріңді шығару);
- эндоскопиялық тексерістер жүргізер алдында.
Мақсаты: зәрді қуықтан уақытымен шығару.
Көрсеткіштері:
- зәрдің жедел тұрып қалуы; - қуықты жуу және дәрілерді жіберу; - зәр жолдарының операцияларының кейінгі кезендері.
Қарсы көрсеткіштері: қуықтың жарылуы.
Жабдықтау: залалсыздырылған катетер, екі пинцет, лоток резеңке қолғап, фурацилин ерітіндісі 1:5000, вазелин майы, зәрді жинайтын ыдыс, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, клеенка, жуу үшін қолданатын антисептикалық ерітінділер, дәкелер.
Ескерту: катетер енгізгенде қатаң түрде асептика ережесін сақтайды, процедураны фельдшер немесе тәжірибелі мейіргер жасайды.
Іс әрекет алгоритмі:
1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, іс-әрекет мақсатымен, орындау барысымен таныстырып, келісімін алыңыз.
2. Керекті жабдықтарды дайындаңыз.
3. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, құрғатып, латекстық қолғапты киіңіз.
4. Пациентті арқасына жатқызып, тізе буынында аяғын бүгіп және аздап екі аяғының арасын ашуды ұсыныңыз.
5. Жамбасының астына клеенка және жаялық төсеңіз, судно қойыңыз.
6. Пациентті жуындырыңыз: пациенттің оң жағына тұрыңыз, сол қолынызға жуындыруға арналған суы бар ыдысты ұстаңыз, оң қолыңызға дәкемен корнцангты алыңыз. Жуындыруды жоғарыдан төмен қарай жүргізіңіз, ретімен қасағадан тік ішекке қарай. Теріні осы ретпен құрғатыңыз.
7. Қолғапты шешіп, оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыңыз. Қолыңызды жуыңыз.
8. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз;
9. Жуындыруды жүргізу: пациенттің оң жағына тұрыңыз, сол қолыңызға залалсыздандырылған дәкені алыңыз, онымен жыныс мүшесін басынан төмен орап ұстаңыз.
10. Жыныс мүшесін сол қолдың 3-4 саусақтарымен ұстаңыз, басын аздап қысыңыз, 1-ші және 2-ші саусақтарыңызбен ұшындағы шетін аздап ығыстырыңыз.
11. Оң қолға қысып ұстаған пинцетпен фурациллинге дәке малып алып өңдеңіз, мүшенің басын жоғарыдан төмен қарай, зәр шығатын тесікке қарай , дәкелерді ауыстыра отырып.
12. Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
13. Оң қолға пинцетпен катетердің ұшынан 5-6 см. төменірек ұстап алыңыз, екінші бос ұшы жағынан катетерді саусақтарыңызға орап ұстаңыз, және 4-5 саусақтар арасына қысып ұстаңыз.
14. Глицеринмен майланған, залалсыздандырылған, ерлерге арналған катетерді алыңыз, ұзындығы 15-20см., және ақырындап пинцетпен катетерді кіргізіңіз, алғашқы 4-5 см; сол қолдың 1-2-ші саусақтарымен ұстай отырып, мүшенің басын бекітіп ұстау мақсатында.
15. Катетерді тағыда пинцетпен 3-5 см. крігізіңіз, ақырындап зәр шығатын каналға 19-20см. ұзындыққа, бұл кезде мүшені үстіңгі жағынан сол қолыңызбен аздап тартып ұстаңыз. Катетер сыртқы сфинктерге жеткенде аздап бөгет байқалады, катетер қуыққа жеткенде зәрдің шыққаны байқалады.
16. Катетердің сыртта қалған ұшын зәр жинауға арналған ыдысқа саламыз.
17. Зәр шығып бітуге аз уақыт қалды-ау деген кезде пинцетпен катетерді ақырындап сыртқа шығара бастаңыз, себебі шығып жатқан зәр ағыны зәр шығатын жолдарды жуып өтуі қажет.
18. Катетерден зәр бөлінуі тоқтаған кезде іштің төменгі жағынан, қасаға сүйегінің үстінен сол қолыңызбен басыңыз.
19. Резеңке қолғапты шешіп, дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.
20. Қолды жуып құрғатыңыз.
21. Пациентке физикалық, психикалық тыныштық жағдайларын жасаңыз.
Қуыққа катетер қоюдағы мейіргердің технологиясы. Әйелдердің қуығына катетер қою.
Мақсаты: қуықтан уақытымен зәрді шығару, табиги зәрдің шығуын қалпына келтіру, қуықты жуу.
Көрсеткіштері: жедел және созылмалы зәрдің шықпауы, қуықты жуу және дәрілерді, рентгенконтрасты заттарды еңгізу, жыныс органдарымен зәр жолдарында ота жасау кезеңдері, зәрдің анализдерін клиникалық және бактериологиялық зерттеуіне алу, зәрдің қалдығын анықтау.
Қарсы көрсеткіштері: қуықтың жарылуы, жедел уретрит, простатит, эпидимит, гематурия, зәр шығаратын каналдарының тарылуы, қатерлі ісіктер, цистит.
Асқынулары: уретралдық қызба, қуықтың шырышты қабатының зақымдануы, асептика ережесін сақтамаған кезіңде жұқпаның енуі. Жабдықтау: залалсыздандырылған : бір рет қолданатын катетер, пинцеттер анатомиялық (2 шт), корнцанг, лоток, дәкелер, 2 жұп қолғап, вазелин майы, фурациллина 1:5000 ертіндісі, зәр жинағыш, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыс, клеенка, жөргек, перде, қуықты жуатын жабдықтар, КБСУ.
Іс әрекет алгоритмі:
1. Маска киіңіз, гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
2. Пациентканы арқасына жатқызып, тізе буынында аяғын бүгіп және аздап екі аяғының арасын ашуды ұсыныңыз.
3. Жамбасының астына клеенка және жаялық төсеңіз, судно қойыңыз.
4. Пациентканы жуындырыңыз: пациентканың оң жағына тұрыңыз, сол қолынызға жуындыруға арналған суы бар ыдысты ұстаңыз, оң қолыңызға дәкемен пинцетті алыңыз. Жуындыруды жоғарыдан төмен қарай жүргізіңіз, ретімен қасағадан тік ішекке қарай. Теріні осы ретпен құрғатыңыз.