Файл: р брилль ауруын, бртпе сзегіні алдын алу, жетілдіру шаралары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 183

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


5. Қолғапты ауыстырыңыз.

6. Екінші залалсыздандырылған пинцетті алыңыз.

7. Залалсыздандырылған пинцетпен жұмсақ катетердің тұмсық ұшынан ұстаңыз жазатын қалам сияқты етіп, ұшынан 4-6 см арақашықтықта, катетердің сыртқы ұшын оң қолдың 4-ші және 5-ші саусағының арасына қыса ұстаңыз. Әйелдерге арналған глицерин майы жағылған залалсыздандырылған катетерді абайлап, зәр шыққанша 4-6 см тереңдікке, зәр шығатын тесікке енгізіңіз. Катетердің бос ұшын зәр жинауға арналған ыдысқа салыңыз;

8. Сол қолыңызбен құрсақ қуысының төменгі жағынан қасаға сүйегінің үстінен басыңыз, осы кезде біртіндеп катетерді шығарыңыз

9. Катетерді барлық зәр шығардан сәл бұрын шығарыңыз, себебі катетер алынғаннан кейін зәр шығаратын жолдарды шығатын зәр жуып шығу үшін.

10. Қолғапты шешіп оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыңыз, ал пинцетті – зарарсыздандыратын ерітіндіге салыңыз.

Қуықты жуудағы мейіргердің технологиясы

Мақсаты: емдеу

Қарсы көрсеткіштері: - жарақатты зақымданулар; - қуықтың және зәр шығару жолдарының жедел қабынуы.

Жабдықтау: бір реттік жұмсақ залалсыздандырылған катетер, залалсыздандырған қолғаптар, 2 залалсыздандырылған пинцет, залалсыздандырған дәкелер, глицерин, фурациллин 1:5000, таза лоток, жылытылған су, сұйықтықты жинайтын лоток, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыс.

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап киіңіз.

2. Пациентті арқасына жатқызып, тізе буынында аяғын бүгіп және аздап екі аяғының арасын ашуды ұсыныңыз.

3. Жамбасының астына клеенка және жаялық төсеңіз, судно қойыңыз.

4. Пациенттің жыныс мүшелерін жуыңыз: пациенттің оң жағына тұрыңыз, сол қолынызға жуындыруға арналған суы бар ыдысты ұстаңыз, оң қолыңызға пинцетпен дәкені алыңыз. Жууды жоғарыдан қасағадан бастап тік ішекке қарай төмен жүргізіңіз. Теріні осы әдіспен құрғатыңыз.

5. Қолғапты шешіп, оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыңыз, қолыңызды жуыңыз.

6. Залалсыздандырылған қолғапты киініз.

7. Сол қолынызбен жыныс еріндерін ашыңыз, ал оң қолынызбен жоғарыдан төмен қарай зәр шығаратын каналды тік ішекке қарай фурацилинмен жақсылап жуыңыз.

8. Пинцетті зарарсыздандыратын ерітіндегі салыныз.

9. Мәрлі дәкені ауыстырыныз.

10. Екінші залалсыздандырылған пинцетті алыныз.

11. Залалсыздандырылған пинцетпен жазатын қалам сияқты жұмсақ катетердің ұшынан ұстаныз, ұшынан 4-6 см арашылығынан, катетердің сыртқы ұшын оң қолдың 4-ші және 5-ші саусағының арасына қыса ұстаныз. Әйелдерге арналған глицерин майы жағылған залалсындандырылған катетерді 4-6 см тереңдікке, зәр шыққанша абайлап зәр шығатын тесікке енгізіңіз. Катетердің бос ұшын зәр жинауға арналған ыдысқа салыңыз.


12. Зәр шыққаннаң кейін катеттерды алмаңыз, Жане шприціне жылытылған 100-150мл фурациллин ертіндісін сорып алып катетерға жалғаныз.

13. Ертіндіні жібергеннен кейін Жане шприцін алып катетерді зәр жинайтын лотокқа салыныз. Осылайша қуықты фурацилинмен тазарғанша жуыңыз.

14. Катетерды қуықтан алыныз.

15. Қолғапты шешіп оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыныз, ал пинцетті – зарарсыздандыратын ерітіндіге салыныз.

Қарапайым жүрек-өкпе реанимациясы Терминалдық жағдайдағы мейіргердің іс -әрекеті.

Өлу кезеңін орталық нерв жүйесінің қанауынан, деммен гемодинамиканың терең бұзылуынан ажыратады.

Терминалдық жағдайлар ағзаның тіршілік деңгейінің бұзылуынан сипатталады, қан қысымы күрт төмендейді, газ алмасуы және торшалармен тінде терең бұзылыстар дамиды

Арпалыс алды (предагония), арпалыс ( агония) және клиникалық өлім өмірмен өлімнің арасындағы терминалдық жағдай болып саналады, Осындай жағдайда адамның өмірін сақтайтын жалғыз ғана алғашқы реанимациялық көмек көрсету.

Арпалыс алдындағы шағымдары:

- тежелу;

- сана сезімі шатасқан;

- қан қысымының күрт төмендеуі 60 мм. с. б.б. одан да төмен;

- тамыр соғысының жиілеуі, жіп тәрізді болуы;

- демі жиі сыртқы; - ентігу(тахипноэ);

- цианоз немесе терінің, кілегейлі қабаттарының бозаруы.

Терминалдық үзіліс - арпалыс алдындағы жағдайдан арпалысқа ауысу. Терминалдық үзілісінде тахипноэдан кейін демі кенеттен тоқтайды. Терминалдық үзілістің ұзақтығы 5-10 сек. - 3-4 минутқа дейін созылады.

Арпалыс - ағзаның ең соңғы өлімге соғатын көріністері.

Арпалыс жағдайындағы шағымдары - демнің бұзылуы( Биота, Чейн-Стокс, Куссмауль демі). Басы әрбір демін алғанда шалқаяды, өлімге шалдыққан адам ауаны жұтадын тәрізді болады(гаспинг);

- есі жоқ, барлық рефлекстері қанауда, көз қарашығы кеңейген;

- жүректің соғысы жиі;

- қан қысымы күрт төмендейді20-40 мм.с.б. бойынша;

- шеткейлі тамырларда тамыр соғысы жойылады, ал ірі артерияларда әлсірейді; - жалпы тоникалық тырысулар;

- дене температурасының төмендеуі; - ықтиярсыз зәрмен нәжісінің шығуы.

Клиникалық өлім – ол ағзаның (5-6 минуттан кейін), қайтадан оралатын жағдай, деммен қан айналысының толық тоқтауынан мидын жарты шарының қыртысы уақытша қамыған болып анықталады. Зат алмасуының өшіп қалуы біртіндеп басталады. Жүрекпен дем тоқтағанда ағзадағы зат алмасуы төмендейді, бірақ толық анаэробдық гликолиз механизмнің арқасында тоқтамайды.



Клиникалық өлімнің ұзақтығында- ми торшалары қан айналымының жоқтығында өмір сүру қабілеті сақталынады, ал оттегі мүлде болмағанда 5-6минуттан кейін жүрегі тоқтаса торшалар өлімге шалдығады.

Клиникалық өлімнің шағымдары:

- есі жоқ;

- демнің тоқтауы;

- терісі боз, цианоз;

- ірі магистральдық тамырлардың соғуының жоқтығы (ұйқы, жамбас, артерияларында);

- көз қарашығының кеңеюі, жарыққа реакциясының жоқтығы;

- арефлексияның дамуы.


Жәрдем көрсетудің негізгі қағидалары:

1. Дем жолдарының өткізгіштігін жақсарту.

2. Өкпеге жасанды ауаны жаңарту және демді қалпына келтіру.

3. Жүрекке жабық бұрылысты массаж жасау, қан айналысын қалпына келтіру.

Реанимация - ол ағзаның маңызды қызметтерің, әсіресе деммен қан айналымын тірілту, тіндерді оттегімен қамтамас етеді.

1.Тірілту шаралары тез арада кешіктірмей басталуы керек.

2. Болған оқиғаға қарамастан алғашқы әрекеттерді бірдей бастайды, өте маңызды міндетті түрде орындайтын екі әдіс: - зардап шеккен адамды қатты жерге жатқызу; - кеуде қуысын босату.

3. Питер Сафар әдісі бойынша тірілту бірнеше ережеден құралады:

А ережесі. Дем жолдарының өткізгіштігін жақсарту.

В ережесі. Жасанды дем қолдану «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға».

С ережесі. Қан айналымын қолдау үшін жүрекке тікелей емес массаж жасау.

А ережесі. Дем жолдарының өткізгіштігін жақсарту. Зардап шегушінің ауыз қуысын тексеру:

Бөгде заттар болғанда (қан, сілекей, құсықтың қалдықтары, тамақтың қалдықтары т. б.) ауыз қуысты және жұтқыншақты босату керек:

- зардап шегушініңбасын оң жаққа бұрыңыз, сол жақ қолдың үлкен саусағымен төменгі алдынғы тістерін басып отыру, ал екінші саусақпен жоғарғы тістерді;

- ауызын ашыңыз;

- тіс алмалы салмалы протезін алып тастаңыз;

- ауыз қуысын оң жақ қолдың екінші үшінші дәкемен оралған саусағымен тазалаңыз (дем жолдарын толық ашады) немесе электросорғышпен;

- дем жолдарының өткізгіштігін тексеру үшін 3-5 дем жіберіп кеуде қуысынан байқап көз жеткізу.

В ережесі. Жасанды дем қолдану «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға».

П. Сафардың үш есе әдісі

1. Дем жолдарының өткізгіштігін жақсарту үшін басын шалқайту: - реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қойып неғурлым басын шалқайтады, екінші қолымен мойының артқы жағын көтереді.

2. Тілің жұтып алмау үшін, төменгі жақ сүйегін алдына қарай итереді:

- жоғарғы және төменгі тістері бірдей болуына келтіру үшін, саусақтың үштерімен төменгі жақ сүйегін көтеру. Бірінші саусақпен алдыңғы тістерінің түбінен ұстап, екінші саусақпен төменгі жақ сүйегін ұстап, қалған үш саусақпен төменгі жақ сүйегін бекітеді. Төменгі жақ сүйегін төмен және алдына қарай тартыңыз. Басқа қолдың алақаны зардап шегушінің маңдайына.


3.Демді зардап шегушіге жіберу үшін ауызын ашу:

Осы әдістер ауыз қуысының бұлшық еттерін созып тілді жұтып алмау үшін бекітеді.

В ережесі. Өкпенің жасанды желдетуі (ӨЖЖ).

ӨЖЖ жасаған кезінде келесі ережелерді сақтау:

1. Реаниматормен зардап шегушінің өкпелері ауа кірместей жабылатын жүйе тәрізді болу керек «зардап шегушінің өкпесі және реаниматордың өкпесі».

2. Желдетудің тиімділігін үнемі тексеріп отыру; кеуде қуысының демін алғанда көтерілуін, демін шығарғанда төмен түсуін бақылап отыру.

3. Желдетудің тиымдылығы дем жолдарының өткізгіштігінен байланысты екенін еске алу.

«Ауыздан ауызға» әдісімен ӨЖЖ жасау

Мақсаты: реаниматордың демін шығару арқылы зардап шегушінің өкпесіне ауа жіберу.

Көрсеткіші: клиникалық өлім. -Сафардың үш есе әдісін қараңыз.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зардап шегушінің басын шалқайтып ұстаңыз.

2. Зардап шегушінің үлкен және екінші саусағынызбен мұрынын қысыңыз.

3. Екінші қолыңызбен зардап шегушінің ауызын ашу үшін төменгі жақ сүйегін тартып, ауызына орамал немесе дәке салыңыз.

4. Терең демді алып, дәке арқылы ерніңізді зардап шегушінің ауызына тығыздап салып, демінізді жіберіңіз, содан кейін басынызды басқа жаққа бұрыңыз, себебі зардап шегушінің ауызынан әлсіз дем шығады. Осындай жағдайда зардап шегушінің кеудесі көтеріледі. Келесі демді кеудесі төмендеп қалпына келгенде жібереді.

«Ауыздан мұрынға». әдісімен ӨЖЖ жасау

5. Басын шалқайтып бір қолын зардап шегушінің маңдайына, екінші қолыменен төменгі жақ сүйегін төмен және алға тарту. Осылайша ауызы жабылады.

6. Терең демді алып зардап шегушінің мұрнына ерніңізбен терең түрде ауаны жіберіңіз. ӨЖЖ минутына 12 дем жиілігімен жіберіледі, себебі зардап шегушінің өкпесін өз бетінше демалу үшін және жедел жәрдем келгенше әрбір 5 сек сайын үрлеу керек.

С ережесі. Жүрекке тікелей емес массаж жасау.

Жүрекке тікелей емес массаж жасауы әлсіз жүректің қан айналымының жақсартуына бағытталған. Кеудемен омыртқаның дұрыс басылуы арқылы қуыстағы қан қан тамырларына итеріледі. Кеудеге қысым беруін тоқтатқанда кеуде торшасы өзінің созылғыштық күшімен ашылып, жүрекке қанды толтырады.

Мақсаты: Жүректің жұмысын жақсарту, қан айналымын қалпына келтіру. Көрсеткіші: клиникалық өлім.