Файл: р брилль ауруын, бртпе сзегіні алдын алу, жетілдіру шаралары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 187
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- пациенттің басын көтеріп, жастығын алып тастаңыз;
- пациентті төсектің шетіне қырымен жатқызыңыз;
- кірлеген ақ жайманы ұзындығы бойынша ораңыз;
- таза ақ жайманы босаған жеріне жайыңыз;
- пациентті бірінші арқасына жатқызып, содан кейін басқа қырына таза жаймасы бар жерге аударыңыз;
- кірлеген жайманы алып тастап, таза жайманы дұрыстап жайыңыз; - жайманың шеттерін матрац астына жіберіңіз.
Екінші әдіс пациентке белсенді қозғалыстар рұқсат етілмесе қолданады.
Іс - әрекет алгоритмі:
1. Таза ақ жайманы толығымен шиыршықтаңыз.
2. Пациенттің жоғарғы кеудесін байқап көтеріп, жастықты алып тастаңыз.
3. Кір жайманы жамбасына дейін шиыршықтап, таза жайманы салыңыз.
4. Таза жаймаға жастықты салып, пациентті жатқызыңыз.
5. Аяқ жағын көтеріп, кірлеген жайманы алып тастап, таза жайманы дұрыстап жайыңыз.
6. Аяғын түсіріп жайманың шеттерін матрас астына жіберіңіз.
Халі ауыр пациенттердің көйлектерін шешіндіріп-киіндіру оңай емес, сондықтан киімнің алды ашық болғаны қажет.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Ішкі киімін арқасынан шиыршықтап, басынан шешіңіз.
2. Егер бір қолы жарақаттанған болса, онда сау қолынан шығарыңыз.
3. Содан кейін жарақаттанған қолынан шығарыңыз. Кигізгенде керісінше істелінеді.
Дәрет ыдысын қолдану мейіргердің технологиясы
Мақсаты: Пациенттің қуығын және ішегін босату
Жабдықтау: дәрет ыдысы, таңбаланған 2 клеенка, (дәрет ыдысына арналған), астына салынатын клеенка, жөргек, перде, дәретхана қағазы, екі резеңке қолғап, таңбаланған дезинфекциялық ертінділер. Мысалы: қолғаптарды зарарсыздандыратын ерітінді, клеенкаларды зарарсыздыратын ерітінді, дәрет ыдыстарды зарарсыздандыратын ерітінділер бөлек дайындалады.
1.Пациенттің өтініші бойынша оған төсекте ыңғайлы жағдай жасаңыз.
2.Пациенттің жамбасының астына клеенка және жөргек салыңыз.
3.Дәрет ыдысын жылы сумен шайып, кішкене су қалдырыңыз.
4.Пациентті пердемен көлеңкелеңіз.
5.Көрпесін алып тастаңыз.
6.Аяғын бүгуін сұраңыз.
7.Резеңке қолғапты киіңіз.
8.Дәрет ыдысын клеенканың үстіне, пациенттің жамбасының астына қойыңыз.
9.Дәрет ыдысының сырты құрғақ екенін анықтаңыз.
10.Қолғапты шешіп, дезинфекциялық ертіндіге тастаңыз.
11.Пациентпен байланысу тәсілімен келісіңіз.
12.Төсек орнын жөндеп, пациентке көрпе жабыңыз.
13.Пациентпен қарама – қарсы байланыс алыңыз.
14.Резеңке қолғапты киіңіз.
15.Дәрет ыдысын алып, клеенкамен жауып, арнайы орнына қойыңыз.
16.Клеенкамен, жөргекті алып тастап, төсек орнын жөндеңіз.
17.Пациентті ыңғайлап жатқызып, жылы көрпемен жабыңыз.
18.Клеенкаларды, дәрет ыдысын шығарып алып, дәрет ыдысының ішіндегісін канализацияға төгіп, шайып, дезинфекциялық ертіндіге салыңыз.
19.Резеңке қолғапты шешіп, дезинфекциялық ертіндіге салыңыз.
20.Қолынызды жуып, құрғатыңыз.
Ауыз қуысын күтудегі мейіргердің технологиясы
Ауыз қуыста көп микробтар жиналады, олар әлсірегенде, ауыз қуысының ауруларын шақырып, адамның жалпы жағдайын төмендетеді. Жалпы тәртіптегі пациенттер өздері ауыз қуысын тазалап отырады. Халы нашар пациенттердің ауыз қуысын әрбір тамақтан кейін мейіргер немесе туыстары өңдеп отырады. Бұл пациенттерде жиі стоматит кездеседі, тамақ ішкенде ауырып, сілекейі ағады, дене қызуы көтеріледі. Кейбір пациенттердің ернінде құрғақ жаралар пайда болады, жағдайын жеңілдету үшін дымқылданған дәке салып, май жағады. Пациенттерге ауызын қатты ашуға, жараның қабыршықтарын алуға, тіс қылшағын қолдануға болмайды. Пациент ауызын әрбір тамақ ішкеннен кейін шайып отырады. Тіс протездері бар пациенттер жатар алдында протезін шешіп, сабынмен жуып, құрғатып, жеке таза шыны ыдысқа салады, ал таңертең ағынды сумен жуып, қайтадан салып алады.
Жабдықтау:лоток, екі пинцет, дәкелер, екі шпатель және шприц немесе резеңке баллон 2 % гидрокарбонат натрий ерінітдісі, 1 % жасыл бриллиант ертіндісі, мензурка, орамал, су, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Пациентке процедура мақсатын түсіндіріңіз, жағымды қарым – қатынас жасап, келісімін алыңыз.
2.Мензуркаға антисептикалық ертіндіні құйыңыз.
3.Пациенттің басын қырына қаратып, алдына клеенка салып, лоток қойыңыз.
4.Қолды жуып, резеңке қолғапты киіңіз.
5.Пациенттің тістерін қабыстыру, егер тіс протезі болса, алып тастаңыз.
6.Шпательмен пациенттің жағын итеріп, дымқылдаған марлі түйіршіктері бар пинцетпен әрбір тісін өндеңіз.
7. Марлілі түйіршікті тастап, қайтадан бірізділік бойынша өңдеңіз.
8. Түйіршікті өзгертіп, тілін өңдеп жуыңыз.
9. Резеңке баллон арқылы ауыз қуысын жуыңыз.
10. Ауыздың жан-жағын құрғақ дәкемен сүртіп, вазелин майын жағу және жарылған жерлері болса 1 % бриллиант жасыл ерітіндісімен өңдеңіз.
11. Қолданған құрал – саймандарды дезинфекциялық ертіндіге, марлі түйіршіктерді контейнерге салыңыз.
12. Резенке қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.
13. Қолды жуып, құрғатыңыз.
Кейбір жағдайда ауыздың шырышты қабатына аппликация арқылы залалсыздырылған 0,1% фурацилин ертіндісіне малынған дәкені салады. Осы процедураны күніне бірнеше рет қайталайды. Егер еріні жарылып, аузының шеттері тілінсе, оны фурацилин ертіндісіне малынған дәкемен сүртіп, вазелин немесе өсімдік майын жағады. Ұзақ төсек режимінде жатқан пациенттердің дәрумендік жетіспеушілігінен стоматит дамиды. Сол себептен аузында әр түрлі жаралар және ауырсыну пайда болады. Осындай жағдайда жергілікті майлы және дәрілік аппликацияларды қолданады. Стоматиттік жағдайда Жане шприці арқылы ауыз қуысты антисептикалық ерітінділермен жууға болады.
Көзді күтудегі мейіргердің технологиясы
Халы нашар пациенттерде көздерінде әр түрлі жұғындар, кірпіктердің жабысуы жиі кездеседі. Сол себептен күнделікте көзді антисептикалық ертінділермен сүртіп отырады.
Жабдықтау: лоток, пинцет, марлі түйіршіктері, ундинкалар (көзді жуатын ыдыс) 1:2000 қатынастағы фурацилин ерітіндісі, вазелин майы, физиологиялық ерітіндісі, пипеткалар, резеңке қолғап, дезинфекциялық ерітінділері бар ыдыстар.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Пациентпен сенімді қарым – қатынас жасаңыз.
2. Пациентке процедура жасау мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
3. Пациентің көзіне қарап, баға беріңіз.
4. Қолды жуып, резеңке қолғап киіңіз.
5. Жабдықтарды дайындаңыз.
6. Бір мензуркаға вазелин майын, екінші мензуркаға фурацилин ерітіндісін –құйыңыз.
7. Марлі түйіршікті вазелин майына малыңыз, кішкене сығып дайындаңыз.
8. Оң жақ қолға түйіршікті алып, бір көзінің кірпіктерін сыртынан ішіне қарай сүртіңіз.
9. Құрғақ түйіршекпен осы бағыт бойынша қайталап сүртіңіз.
10. Марлі түйіршікті фурацилин ерітіндісіне малыңыз, 4-5 рет көздің кірпіктерін өңдеңіз.
11. Егер көздің бұрышында былшық болса онда: а) сол жақ үлкен саусақпен және 2-ші саусақпен көзді ашыңыз, оң жақ қолдағы физиологиялық ерітіндімен жуыңыз; ә) құрғақ түйіршікпен сол бағытпен сүртіңіз; б) екінші көзді осы әдіспен өңдеңіз.
12. Резеңке қолғапты шешіңіз, дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.
13. Қолды жуып құрғатыңыз.
Мұрын қуысының күтіміндегі мейіргердің технологиясы
Халі нашар пациенттің мұрнының шырышты қабаттарында көп мөлшерде сілекей және шаң жиналауынан, демнің шығуын қиындатады. Әлсізденген пациенттер өз бетінше мұрнын тазалай алмайды, сондықтан мейіргер күнде мұрынның ішіндегі қабыршықтарды алып отырады.
Мақсаты: Мұрынның, демінің бұзылуының алдын алу
Көрсеткіштері: пациенттің ауыр жағдайы, мұрынның шырышты қабатынан бөлінудің шығуы. Жабдықтау: лоток, мензурка, пинцет, вазелин майы, мақта, турундалар, резеңке қолғаптар, дезинфекциялық ертінділері бар ыдыстар.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Пациентпен немесе оның туыстарымен сенімді қарым – қатынас жасаңыз.
2.Процедура жүргізу мақсатымен таныстырып, және келісімін алып, іс-әрекетінің бірізділігін түсіндіріңіз.
3.Қолды жуып, құрғатып резеңке қолғап киіңіз.
4.Мензуркаға вазелин майын құйыңыз.
5.Пинцетпен турунданы вазелин майын салып, жайғана сығып алыңыз.
6.Турунданы оң жақ қолына алып, мұрынның ішіне айналандыра 1-3 мин кіргізіп, сол жақ қолымен мұрынның ұшын көтеріп тұрыңыз. 7.Турунданы алып шығып, екінші мұрынның қуысын жоғарғы айтылған әдіспен өңдеңіз.
8.Қолданған турундаларды, пинцетті, мензурканы дезинфекциялық ертіндіге салыңыз.
9.Қолғапты шешіп, зарарсыздандырыңыз.
10.Қолды жуып, құрғатыңыз.
Шаштың күтімі
Ұзақ төсекте жатқан пациенттердің үнемі шашын күтуге қажет. Шаштардың арасында қайызғақ, сірке, биттердің пайда болуы мүмкін. Ер пациенттердіңгигиеналық ванна қолданғаннан кейін шашын алып тастайды. Егер ваннаға түсе алмаса, кереуетің үстінде жуады. Ұзын шашты әйелдердің шашын күту қиындау болады. Күнде шашын тарап, өріп отыру керек, сірке қышқылы ерітіндісіне малынып алынған тарақпен тарайды. Пациенттің басын аптасына бір рет жуады.
Пациенттің жыныс мүшелерінің күтімі
Халі нашар, ұзақ уақыт бойы төсек тартып жатқан пациенттер уақытымен суға түсіп, денелерін тазарта алмайтыны бәрімізге белгілі. Оның үстіне кейбір пациент кіші дәреттерін немесе үлкен дәреттерін алатындары да болады. Міне, соның салдарынан пациенттердің шаптары, терілері ойылып (тесілу, ойылу), жара пайда болады. Сондықтан теріге жара түсірмеу үшін ойылатын қауіпті жерлерді перманганат калий, риванол ертінділерімен және тағы басқа дезинфекция жасайтын сұйықтармен сүртіп, тазалап отыру керек. Мақсаты: жыныс органдарын, таза ұстау, пациенттің жеке басының тазалығын сақтау, жұқпалардың алдын алуы Көрсеткіші: пациенттің ауыр жағдайы
Жабдықтау: құмыра немесе Эсмарх кружкадағы жылы су (Т°37°-38°С), әлсізперманганаткалия 1:5000 ертіндісі, фурациллина, корнцанг, залалсыздандырылған дәкелер. клеенка, судно, резенке қолғап, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыс, қалдықтарды салатын контейнер.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Пациентке процедур мақсаты мен барысын түсіндіріп,келісімін алыңыз.
2.Пациентті пердемен қорғаңыз.
3. Пациенттің жамбасына клеенка жөргекті салып ,судноны қойыңыз.
4. Пациентті шалқасына жатқызып аяғын бүгіп, аяқтың арасын сәл ашуын сұраңыз.
5. Құмыра немесе Эсмарх кружкаға жылы су құйыңыз (антисептикалық ертінді).
6. Қолды гигиеналық деңгейінде жуып, қолғап және алжапқыш киіңіз.
7. Пациенттің оң жағына тұрып, құмыраны немесе Эсмарх кружкасын сол қолыңызға алыңыз.Оң қолыңызға мәрлі түйіршегі бар корнцангты ұстап, жоғарыдан төмен жыныс мүшелерін жуып, осылайша дәкемен құрғағанша бір ізділікпен сүртіңіз: (қасаға аймағы, үлкен еріндерін, кіші еріндерін, шабын, тік ішек маңайын).
8. Құрғақ дәкемен осы жоғары айтылған ізділікпен жақсылап сүртіңіз.