Файл: З. Г. Мурзагулова атындаЫ даналы жоары медициналы колледжі бм курсты Жмыс таырып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 102
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұның барлығын балаға одан әрі патронаж жасау кезінде ескеру маңызды.
Емханадағы жұмыс орнында медбике кішкентай пациентті БХТ АЖ-да тіркейді («Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесі), баланың амбулаторлық картасында тексеру нәтижелері туралы жазба жасайды, учаскелік педиатр дәрігерге үйде тексерудің нәтижелері туралы хабарлайды.
Егер медбике сәбидің денсаулығында орташа және жоғары қауіпті анықтаса, ол ЖПД дәрігерге, аға мейірбикеге, емхана меңгерушісіне медициналық ұйым осындай баланы бақылауда ұстауы үшін және дәрігер қауіп дәрежесі мен факторларына сәйкес жеке бақылау жоспарын әзірлеуі үшін хабарлайды.
Бөлім ІІ. Алғашқы медициналық – санитарлық көмек деңгейінде ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі
Тарау 1. Зерттеу әдістері мен материалдары
Зерттеу базасы №14 қалалық емхана базасында болды.
Курстық жұмыстың мақсаты – алғашқы медициналық – санитарлық көмек деңгейінде ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделін талдау. Емхана базасында статистикалық шолу жасап өтейік.
Кесте 3 - Өмірдің бірінші жылындағы балаларды диспансерлеу
Өмірдің бірінші жылындағы балалар | Тексерілген балалар саны | Денсаулық топтары бойынша бөлу |
2020 год | 792 (34%) | 1 топ – 369 (46,6%) 2 топ – 256 (32,4%) 3 топ – 117 (14,7%) 4 топ – 29 (3,8%) 5 топ – 21 (2,5%) |
2021 год | 764 (32.80%) | 1 топ – 233 (30,4%) 2 топ – 383 (50,3%) 3 топ – 99 (12,9%) 4 топ – 22 (2,8%) 5 топ – 27 (3,6%) |
2022 год | 775 (33.20%) | 1 топ – 294 (37,9%) 2 топ – 359 (46,3%) 3 топ – 75 (9,5%) 4 топ – 16 (2%) 5 топ – 32 (4,1%) |
Үш жыл ішінде 2331 бала (өмірінің бірінші жылындағы балалар) диспансерлеуден өтті, оның ішінде 2020 жылы 792 бала өтті, бұл бір жыл ішінде диспансерлеуден өткендердің жалпы санының 34% -. құрады.
2021 жылы 764 бала диспансерлеуден өтті, бұл бір жыл ішінде диспансерлеуден өткендердің жалпы санының 32,8% -. құрады.
2022 жылы 775 бала диспансерлеуден өтті, бұл бір жыл ішінде диспансерлеуден өткендердің жалпы санының 33,2% -. құрады. 2022 жылы қаралған балалардың саны 2021 жылмен салыстырғанда 0,8% - ға төмендеді (кесте 3).
Сурет 1 – 2020-2022 жылдардағы өмірдің бірінші жылында қаралған балалар санының үлестік қатынасы
2020 жылы қаралған балалар саны 2021 жылмен салыстырғанда 1,2% - ға және 2022 жылғы сағ 0,8% - ға жоғары болды (2-сурет).
Тарау 2. Ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрседудің әмбебап прогрессивті моделі
Патронаждық қызмет көрсету жүйесі: патронаждық медбикенің жаңа туған балалармен,әйелдің босанғанға дейінгі кезеңді қоса алғанда үйлеріне баруын қамтиды.Жанұямен өз үйінде ,өз ортасында кездесу маманға,патронаждық медбикеге өзінің қамқорындағы ана мен баланың, қандайда бір қиындықтары барын және оң шешім қабылдауға үлкен мүмкіндік береді.
Балаларға патронаждық қызмет көрсетудің 3 негізгі моделі бар, оның әр қайсысының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар:
Әмбебап моделі -бұл барлық ерте жастағы балаларды патронаждық бақылаумен қамту, белгілі жас кезеңдеріне байланысты әр балаға міндетті түрде бару болып табылады.
Мақсатты моделі – бұл медициналық немесе психоәлеуметтік тәуекелдерге байланысты ерекше қажеттіліктері бар жоғарғы тәуекел тобындағы патронаждық бақылаумен қамту болып табылады.
Әмбебап-прогрессивті моделі - бұл әмбебап прогрессивті модель шеңберінде үйде маманға барудың әмбабап (міндетті) қызметтері барлық отбасылар үшін қол жетімді, ал патронаждық қызметкерлерге барудың прогрессивті (күшейтілген+қарқынды) қызметтерінің ұсынылуын айтамыз. Үйдегі патронаждық сапалардың әмбебап прогрессивті моделі -бұл әмбебап және мақсатты моделдің артықшылықтарын біріктіретін, олардың шектеулерін еңсеретін және максимальды тиімділікті қамтамасыз ететін аралас модель.
Әлеуметтік - экономикалық қиындықтарды, психоәлеуметтік стресті, басқада қолайсыз жағдайларды (мысалы; баланы тамақтандырудағы қиындықтар, даму проблемалары, қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету және т.б) бастан кешіретін отбасылар оңтайлы өсу мен дамуды қамтамасыз ету үшін өздеріне және балаларына қамқорлық жасай алатындай етіп күшейтілген қолдау алады.
Сурет 2 - Патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап- прогрессивті моделінің кескіні
Іске асыроудың негіздемесі. Патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті енгізу негіздеменің үш сатысына ие:
1.Маңыздылыққа қатысты ғылыми жаңалықтар баланың миының дамуы мен ерте өмірлік тәжірибенің қалыптасуы үшін қауіпсіз, эмоциалды жылы ортаны ынталандыратын , дамып келе жатқан нәресте миына уытты стресстің жойқын ролі және басқада бірқатар жаңалақтар тұжырымдамадан өмірдің үшінші жылына дейінгі кезеңде осалдық пен мүмкіндіктертерезелері бар екенін көрсетеді, осалдықтарды азайтуға және ерте жаста мүмкіндіктерді іске асыруға бағытталған шаралар адамның бүкіл өмірінде өте жоғары нәтижебереді.
2. Осы кезеңде баланың денсаулығы мен дамуының негізгі әлеуметтік институты және медиаторы оның ата-анасымен отбасы мүшелері болып табылады және отбасымен кездесу өз ортасында болған кезде үйге бару отбасының проблемалары мен күресу стратегияларын таңдаудың бірегей түсінігін қамтамасыз етеді.
3. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау(соның ішінде балаларды қорғау) және білім беру жүйесінің «жарықтарына» жиі түсетін жүкті әйелдер, ата-аналар және балалар патронаждық сапарларға аса мұқтаж.
Кесте 4 - УПМП-нің жалпы индикаторлары
0 ден 2 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны | 0 ден 2 жасқа дейінгі емшектегі науқас балалар саны | 0 ден 2 жасқа дейінгі емшектегі науқас балалардың үлес салмағы | 5 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсететін медицина қызметкерлерінің жалпы саны | УПМП тренингінен өткен медицина қызметкер-лерінің саны | УПМП тренингіде оқытылған медицина қызметкер-лерінің үлесі | |
2021 | 2107 | 1462 | 69% | 5 | 34 | 91% |
2022 | 1987 | 1357 | 58% | 5 | 34 | 91% |
Кесте 5 - Балаларға әмбебап прогрессивті пакеттің берілуі
Қызметтердің әмбебап пакетін мерзімінде және толық көлемде ұсынған 3 жасқа дейінгі балалар саны | Қызметтердің әмбебап пакеті толық берілген 3 жасқа дейінгі балалар саны 100 пайыздық көрсетіммен | Жалпы жағдайлардың, тәуекл тобындағы жағдайлардың немесе жоспарланған сектораралық коммиссиясының қарауы үшін кейстердің жалпы саны | Сектораралық коммиссияның қараған жағдайлардың кейстердің саны 100 пайыздық көрсетіммен | Қарастырылуы керек немесе жоспарланған сектораралық коммиссияның жағдайларды қарауы үшін кейстердің саны 100 пайыздық көрсетіммен | |||||
2021 | | 95% | 15 | 15% | 100% | ||||
2022 | | 99% | 17 | 20% | 100% |
Сурет 3 - Балаларға әмбебап прогрессивті пакеттің берілуінің диаграммасы
Негізгі принциптер:
Басты мақсаты әмбебап прогрессивті модель ата-аналардың және жақын ортаның әл - ауқатымен тығыз байланыста, ерте жастағы балалардың денсаулығымен әл - ауқатын қорғау және нығайту.Отбасындағы жағдай балаға әсер ететінін түсініп, оған өз кезегінде тұрғылықтыжердегі және кең ортадағы жағдай әсер етеді,патронаждық қызмет экологиялық принциптерге сәйкес барлық қабатармен жұмыс істейді.Бұл жағдайда баланың мүдделерімен құқыөтары әрқашан назарда болады.
Патронаждың жаңа моделін тәжірибеге сәтті енгізу үшін келесі принциптерді сақтау қажет:
1.Ең мұқтаж адамдармен байланыс орнату және оларға көп көңіл бөлу,ең мұқтаж адамдар қолда бар қызметтермен аз қамтылған.
2. «Проблемаларды анықтау және бағыттау» механикалық моделінен «тәуекел факторларын бағалау және мәселе туындағанға дейін дереу әрекет ету» моделіне өту, яғни тәуекелге бағытталған тәсіл.Патронаждық медбике баланың қажеттіліктерінің негізгі принциптерін бағалайды.
3.Әр түрлі ведомстволар, денсаулық саұтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерімен жеке қызметтер арасындағы қызметтердің бөлінуін жеңу,сала ішілік және сала аралық берікмынтымақтастықты дамыту.
4.Патронаждық медбикелердің кәсіби құзіреттерін дамыту.
Жаңа модельді тиімді енгізудің кедергі факторлары:
Патронаждың әмбебап – прогрессивті моделін пилоттық енгізуді жүзеге асыру тәжірибесі бір үйге барған кезде бірнеше тақырыптар бойынша кеңес бермеу керектігін көрсетті. «бір сапар -бір кеңес беру тақырыбы» стратегиясы тіжірибеде ең тиімді болып табылады. Кеңес берудің барлық кезеңдерін (сауалнама, белсенді тыңдау, мақтау, ұсыныстар, кері байланыс) сақтай отырып, кеңес беру кем дегенде қырық минутты алады. Екі тақырыпты біріктірген жағдайда үйде кеңес беру кем дегенде бір жарым сағатты алады, бұл өте жағымсыз.
Пилоттық жобаның тәжірибесі көрсеткендей, кейбір факторлар патронаждық қызметтің нәтижелеріне теріс әсер етіп, жұмыс тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Ерте жастағы ауру балаларды кешенді басқару, емшек сүтімен емізу, қосымша тағамдарды дұрыс енгізу, жаңа туған нәрестенің жағдайын бағалау, науқас балаларды дереу ауруханаға жатқызуды қажет ететін қауіпті белгілер мен жағдайларды анықтау және тағы басқа сияқты негізгі мәселелер бойынша медбикелердің бастапқы әлсіз білімі мен дағдылары модельді енгізуді айтарлықтай баяулатуы мүмкін. Негізгі білімсіз жаңа модельді одан ары ілгерілету мүмкін емес.
Медбикенің әлсіз қарым-қатынас орнату жаңа модельдің негізі болып табылады. Патронаждық медбике мен отбасы мүшелерінің дұрыс қарым- қатынасы болмаса, модель тиімді жұмыс істемейді, сонымен қатар медбикенің өзіне немесе балаға қауіп төндіруі мүмкін. Отбасы тарапынан серіктестік пен өзара жауапкершілік емес, тұтынушылық қатынас ретінде жағымсыз қатынастарды қалыптастыру қаупі бар.
Қызметкерлердің эмоциальды болуы, патронаждық медбикелердің өздеріне сенетін отбасылар алдында жауапкершілікті сезініп, олардың құзіретін немесе адами мүмкіндіктерінен тыс мәселелерді шешуге тырысқанда пайда болады. Егерде бұл ретте рефлексивті кеңес беру, қолдаушы кураторлық, қалпына келтіру бақылауы болмаса, патронаждық медбикелер ақыл- ой күштерін құрғатып алады.
Мекеме басшылығының қолдауының болмауы. Патронаж қызметкерінің отбасыларда және жергілікті қоғамдастықта анықтайтын тәуекелдерін дұрыс түсіну және бақылау үшін менеджерлер модульдік оқытудан өтуі, әр модульдің негізгі идеяларын түсінуі, топтық жұмысты қадағалауды дамытуға ықпал етуі керек ведомства аралық өзара іс- қимыл жасау, қоғамдастықта бар мүмкіндіктерді барынша пайдалану үшін жағдай жасау. Басшылықтың мұндай қызметі нәтижелердің тұрақтылығына кепіл береді.
Патронаждық медбикелерді үздіксіз кәсіби дамыту жүйесінің болмауы. Тренингте бір рет оқығаннан кейін патронаждық медбике бәрін бірден жасауды үйренеді, оған үлгереді және қателіктер жібермейді деген түсінік өте қате. Тренингте қамқоршы патронаждық медбике алғашқы білімін алады. Ал дағдыларды бекіту күнделікті тәжірибеде , әр жағдайда жүргізілген бағалау, тәуеклді анықтау, жеке жоспар құру және тағы басқалары.
Топтық жұмыстың болмауы, патронаждық медбике тәуекелдерді тиімді анықтай және басқара алмайды. Бұл мүмкіндік жалпы тәжірибелік дәрігер үйлестіретін жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс кезінде ғана пайда болады. Команданың жұмысын тек тәуекел жағдайлары туралы ақпараттандырылған, қамқоршының жұмысын, әлеуметтік қызметкердің, психологтың, басқа мамандардың мүмкіндіктерін, сондай-ақ қоғамда ұсынылуы мүмкін қызметтерді білетін жалпы тәжірибелік дәрігер ғана үйлестіре алады. Ол үшін жалпы тәжірибелік дәрігер оқудан медбикелермен, әлеуметтік қызметкерлермен, психологпен бірге өтуі керек. Мәселелерді жазадан қорықпай ашық талқылау мүмкіндігі, топ мүшелері арасындағы қолдау қарым- қатынасы әр топ мүшесінің кәсіби өсуіне ықпал етеді, қамқоршылардың эмоцияналды күйіп қалуының алдын алады және қиын жағдайларды шешуге көмектеседі.