Файл: Мектеп директоры Согосбай А. С.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

МІНЕЗДЕМЕ

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжнің 3-курс студенті Жилбир Нұртай Ерболатұлы 2021 жылдың 22.11 - 18.12 аралығында Қарағанды қаласындағы «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп – Бөбек жай кешені» КММ - де педагогикалық тәжірибеден өтті.

22.1-27.11 аралығында сабаққа қатысып, сабақ беретін сыныппен танысып, оқушылармен танысты. ҰМЖ, ҚМЖ - мен, электрондық журналмен жұмыс істеумен танысты. 29.11.21 - нен бастап 9 «А» сыныбына алғашқы сабағы ретінде «Геометриялық прогрессия» тақырыбын жаңа сабақ өткізді. Бұл сабақта Нұртай оқу мақсатына жету үшін сабақ құрылымын құруда тапқырлығын танытып, сабақты нәтижелі өткізе білді. Сабақта оқушылардың сабаққа деген қызғушылығын ояту үшін әдіс-тәсілдер қолданды. Оның ішінде «Мен қандаймын» әдісін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, психологиялық ахуал тудырып, жаңа сабақты қабылдауға жігерлендірді. Нұртай бұдан кейінгі өткізген сабақтарды 9-сыныпқа беретініне қарамастан, сабақты жақсы қарқынмен өткізе білді. ҚМЖ-ны алдын ала дайындап, оқу мақсатына сай сабақ құрылымын құрып шамасы келгенше өзінің байсалдығын, жауапкершілігін көрсетіп отырды. Сабақта жаңартылған білім мазмұнына сай, оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана білді. Оқушыларға сабақ соңында сергіту сәттерін және рефлексиялық әдістерді пайдаланып сабақты нәтижелі аяқтай білді. Сабақ барысында оқушыларға қалыптастырушы бағалауды, өздерін бағалауды және бірін-бірі бағалауды үйлестіре білді.

Осы педагогикалық тәжірибе кезінде Жилбир Нұртай Ерболатұлы өзінің мұғалімге тән еңбекқорлық, ізденімпаздық және тапқырлық қасиеттерін көрсете білді. Нұртайдың осы мұғалімдік тәжірибедегі жұмысына орташа бағаға лайық болды деп есептеп, «4» деген баға қоямын.

Мектеп директоры: Согосбай А.С

Іс-тәжірибе жетекшісі: Турмаганбетова М.К.