Файл: Дипломды жмыста жобаланатын имаратты бас жоспары, архитектуралы жоспарлау шешімдері жне рлеу сыныстары келтірілген.doc
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 122
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлме интерьерін осындай әдістермен әрлеу, жұмыс беттерінің жарықтануының өзара қатынастары көздің қалыпты қабылдауына мүмкіндік жасайды, Мысалы біз жобалап отырған мәдени-сауықорталығының негізгі бөлмесі мәдени-сауықзалдары болып табылады. Сондықтан мәдени-сауықзалының интерьерін шешудегі негізгі міндет ол залдағы тауарларды көруге ыңғайлы (оптималды) жағдай жасау болып табылады. Мәдени-сауықүйлерін пайдалану кезінде бөлмелердің, бөлімдердің қолданыс бағыты және жабдықтарды орналастыру тәртібі сан мәрте ауысады, сондықтанда негізгі элементтердің (еден, қабырға, төбе) жобаны жасау кезіндегі қабылдаған алғашқы шешімдерге бағындыру қажет.
Зал интерьерлерінде жиі ауысатын жарнамалық тақталарды қолданады, өйткені мұндай әрекеттер бөлмелер, бөлімдердің құрылыс бағыттарының жиі аысуына сәйкес келетін қарекет болады. Шынымен қоршаған кеңістіктердегі экспозицияларды ыңғайлы қалыпты жағдайда көру тек табиғи жарық түсіп тұрған тұстан (көше жақ беті) ғана емес, интерьердің кез келген нүктесімен қарағанда мүмкіндік жасауы қажет.
Витрина кеңістігіндегі жарнамалық тақталарда жасанды неон жарықтарын қолдануға ұсыныс жасалады, өйткені бұлай жасау электр энергиясын үнемді жұмсауға мүмкіндік береді.
Қоғамдық үйлерде жасанды жарықтандыру үшін әртүрлі түстік сипаттамаларды (жарықтығы, жарықты бөлуі, сәуле шашу түстері) қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жарық беру құралдарын қолдану қажет.
Бөлмені жарықтандыруға қажет жарық көздерінің түрлері мен сандық сипаттамаларын тағайындауды меншікті қуат әдісімен жүргізген дұрыс болып табылады және бұл сипаттаманы төмендегі формуламен анықтаймыз:
W0 = Wγ1*S, (3.5)
мұндағы:
W0 – интерьердің (бөлмедегі) жасанды жарық бергіш лампалардың жалпы қуаты;
Wγ1 – мөлшерленген жарық түсіру және бөлме өлмемдеріне байланысты анықталатын меншікті қуат мөлшершері. Бүл шама төмендегі 3.1. кесте бойынша анықталады (қабылданады)
S – жарықтандырылатын бөлменің еденінің ауданы (жарықтану ауданы)
Кесте 3.1. Люминесцентті лампалардың жалпы бірқалыпты жарық беруінің меншікті қуаты (Wγ)
Жарық бергіш құрал биіктігі (м) | Бөлме ауданы (м2) | Жарықтануы, лк | ||||||
75 | 100 | 150 | 200 | 300 | 400 | 500 | ||
2 – 3 | 25-50 | 4,3 | 5,8 | 8,7 | 11,6 | 27,4 | 23 | 29 |
50-150 | 3,8 | 5,1 | 7,6 | 10,2 | 15,2 | 20,5 | 25 | |
150-300 | 3,4 | 4,5 | 6,8 | 9 | 13,6 | 18 | 22 | |
>300 | 3,1 | 4,2 | 6,3 | 8,4 | 12,6 | 16,8 | 21 | |
3 – 4 | 30-50 | 5 | 6,6 | 10 | 13,2 | 20 | 26,5 | 33 |
50-120 | 4,3 | 5,8 | 8,7 | 11,6 | 17,4 | 23 | 29 | |
120-300 | 3,7 | 5 | 7,4 | 10 | 14,8 | 20 | 25 | |
>300 | 3,4 | 4,5 | 6,8 | 9 | 13,6 | 18 | 23 |
Лампаның қуатын (Wγ1) тағайындай отырып, олардың қажетті санын төмендегі формуламен анықтаймыз:
, (3.6)
мұндағы: сәйкесінше жалпы және меншікті қуат мөлшерлері
Есептеу үшін төмендегі бөлмелерді аламыз:
а) Көрермендер залы (киноконцерт залы):
б) Вестибюль, фойе
в) Кітапхананың оқу залы
Залдағы лампалардың жалпы қуат мөлшері:
Көрермендер залы ;
Вестибюль-фойе ;
Оқу залы ;
Залдағы жарық беруіш лампалардың қажаетті сандары:
Көрермендер залы ;
Вестибюль-фойе ;
Оқу залы ;
4. Экономикалық (технико-экономикалық
негіздеу) бөлімі
4.1 Құрылыстағы нарықтық қатынастар
Экономиканың барлық саласында қосымша өндірісті кеңейту құрамын және оның көлемін техникалық деңгейін көтеру күрделі құрылыс саласына тікелей байланысты. Қазіргі кездегі кезек күттірмейтін міндет күрделі құрылысты түбегейлі жетілдіру және құрылыс кешенін толықтай жаңа индустриялдық ұйымдастыру деңгейіне көтеру болып отыр. Жылдар бойы жинақталғанпроблемалар және ұзақ уақыт бойы шешім таппауы осы саладағы күрделі қаржы салымының тиімділгін арттыруға қол байлау болып отыр. Оның үстіне қазіргі кездегі халық шаруашылығындағы экономикалық қиындықтар құрылыс саласында біраз әлсіреген жағдайы бар. Оның үстіне ғимараттардың өзінің нормативті пайдалану мерзімі 2-3 есе ұлғайту, жобалардың техникалық деңгейінің нашарлығы, мердігерлік мекемелердің тығырықтан шыға алмауы еліміздегі ғылыми техникалық прогресстің дамуына кері әсерін тигізіп отыр. Құрылыстағы сметалық бағаларды қайта қараудың негізгі бағыты – құрылыс және жобалау ұжымдарының жұмыстарын жетілдірудегі және күрделі қаржы игерімінің тиімділігін арттыруды сметалық бағалар рөлін күшейту болып табаылады. Бағаны негіздеу механизімің қайта қаралуын және олардың сапалық деңгейіне байланысты тұтынылатын материалдық ресурстары келісім бағаларды тұтынылатын материалдық ресурстарда келісім бағаларды кеңінен қолдану қажеттілігінен туындап отыр.
Өндірістік тауарларға қойылатын бағаларды тасымалдау қызметі тарифтерін, құрылыстағы сметалық бағаларды қайта қарау, ұжымдарда шынайы шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру принциптерін кешенді пайдалануды қалыптастыруға және нарықтық экономикаға өтуге оңтайлы ықпалын тигізері сөзсіз.
Сметалық және келісім бағаларды тағайындау кезіндегі күрделі қаржы қайтарымының тиімділігін арттыру, өнімнің тұтыну және сапалық деңгейін көтеру, проблемаларын және қажетті шығындарды адекватты түрде бағаламауға мүмкіндік беретін механизм тетіктерін құру құрылыстағы нарықтық экономикаға көшірудегі негізгі бағыт болып табылады.
Құрылыстың құнын төмендету үшін қазіргі заманғы тиімді және энергия үнемдеуші сәулет-құрылыс шешімдеріне көшуді талап етеді. Қосымша жүктемеге не магистральдық және орам ішілік инженерлік жүйелерді, өзге де инженерлік инфроқұрылымды дамытуға және жалғастыруға байланысты құрылысты салушылырдың шығындарды жүктеудің қазіргі кездегі практикалық салынып жатқан тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құнынан асады.
Объектілердің құрылысының төмендету сметалық нормативтік базаны жетілдіруге байланысты. Жаңа еңбекақы деңгейін, құрылыс машиналары мен тетіктерін, материалдарды, бұйымдарды және конструкцияларды пайдалануға арналған ағымдығы бағаларды ескере отырып, құрылыс өнімдерінің бағасына дәлме-дәл анықтау, жұмыстарды жүргізудің жаңа озық әдістерін қолдану мақсатында алғаш рет жаңа қазақстандық сметалықнормативтер әзірленді. Осы нормативтердің ережелері Қазақстан Республикасынң аумағындағы объектілердің құрылысын мемелкеттік қаражат есебінен жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызмет субъектілерінің қолдануына жағады. Басқа субъектілер үшін бұл нормативтер ұсынымдық сипатта болады.
Экономиканың жаңа құрылыс материалдарына, бұйымдар мен конструкцияға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда қажетті шикізаттар мен ресурстар, өндірістік қуаттар, жұмысшылар мен арнайы инженерлік мамандар да бар.
Құрылыс кешендерінің нарықтыққа өтуі жоғарғы мемелекеттік мердігерлеу басқару құрылымдары және жобалау мекемелерін тарату, мемлекеттік меншікті жетілдіру және құрылы өнімдеріне еркін нарықтық бағаны қолдану жолдарымен жүзеге асады.
Нарық бұл мемлекеттік іскерлік басқарудан еркін, әртүрлі меншік түрінде, әсірісе жекеменшікке және сұраным мен ұсыныстарға сәйкес тауар алмасы. Шаруашылықты нарықтық әдіспен жүргізуге, өтуге қарай яғни сметалық мөлшерлер мен бағалардың элементтеріне дерективті бекітіліп негізделген келісілген бағалар өткен кезеңге кетеді.
Сұраным мен ұсынымдар енгізінде мердігерлік жұмыстарды саудалау процесінде нарық пайда болады. Саудаласу көмегімен, яғни құрылыста сметалық мөлшерлер мен біркелкі бағалар керек еместігін білдірмейді. Олардың көмегімен барлық техникалық-экономикалық есептеулер жобалық шешімдердің варианттарын салыстыру жүзеге асуы керек.
Қазіргі құрылыстағы бағаның қалыптасу жағдайы өте қанағаттанарлықсыз жағдайда. Жобалау жұмыстары институттары қарастырған базистік деп аталатын сметалық құжаттар, өзінің мағнасы бойынша құрылыстың бағасы жалған дәрежеде және де шындықтан бірнеше есе алшақтайды.
Жергілікті смета
Жергілікті сметаны құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құны, қалыпты еңбек сиымдылғы және жұмысшылардың сметалық жалақысы есептеледі
Үйлер мен құрылыстарды салуға локальдық сметаларда үйдің жер асты және жер үсті бөліктеріне жеке қатысты жұмыстар, сондай-ақ құрылыс және монтаждау жұмыстарының жекелеген түрлері топтастырылатын жұмыстар ерекшеленеді.
Локальдық сметаларды дайындау жұмыс көлемдеріне жұмыстың сызбалары бойынша айқындаудан басталады. Бұл жағдайда ҚР ҚНЕ IV-2 элементінің сметалық нормаларды әрбір жинағының техникалық бөлігінде келтірілген есептеу ережесі сақталуы тиіс.
Тікелей шығындардың сметалық құнын олардың құрылыс машиналары менмехенизмдерін пайдалануға байланысты жұмысшылардың жалақыларын сондай-ақ машиналарға қызмет етумен айналыспайтын жұмысшылардың негізгі жалақысы н бөлу үшін ҚР ҚНЕ IV-2 жинақтары жекелеген бағалаулар: жергілікті материалдар мен құрылымдардарға аймақтық сметалық бағалар жинақтары пайдалынады.
Объектілік смета
Объектілік сметалар кәсіпорынның кезекті немесе іске қосу кешенінің құрылымына кіретін әрбір жекелеген үй және элементтер мен жұмыс түрлеріне локальдық сметалар негізінде әзірленеді. Объектілік сметаларға жалпы құрылыстық, санитарлық-техникалық, арнайы құрылыстық, монтаждық жұмыстардың инвентарі, және басқаларының бүкіл кешеннің өндіріске жұмсалатын шығындар, сметалық жалқы қалыптың еңбек сиымдылығы көрсеткіштері енеді.
Объектілік сметалық құнына: барлық локальдық сметалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының қорытындысынан белгіленген проценттер уақытына үйлер мен құрылыстарға қыс уақытында орындалатын жұмыстардың қымбаттауын жұмсалатын қаржылар жинақтық сметалық есептің тоғызыншы тарауының құрамында көзделген, барлық локальдық сметалық есептер және уақытша үйлер мен құрылыстардың қымбаттау құны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары қорытындысының тиісті проценті енеді.
4.2 Жобаланатын ғимараттың құрылысының есептік құнын анықтау
Құрылыстың есептік құнына құрылыстық-монтаждау жұмыстарының /ҚМЖ/ шығындары кіреді.
Есептік құнға технологиялық құрал жабдықтар кірмейді.
Құрылыстың дәлірек айтсақ, жеке объектінің есептік құнын ағымдағы баға деңгейінде есептеуге өндірістік қуаты қажетті.
Жобаланатын объектінің есептік құнын анықтау үшін жоба-аналог алып соның техника-экономикалық көрсеткіштерін қолдануға болады.
Ағымдағы жылдың бағасында тұрғын үй ғимаратының 1м3 құрылыс көлемінің есептік құны келесі формула бойынша анықталады.
(4.1)
где: - тұрғын үй ауданы, шаршы метр;
- құрылыстың базалық құны, қоғамыдқ үйдің қуат мөлшерінің бірлігіне есептегенде (кесте 2);
- қосымша бағаға салық мөлшерін ескеретін коэффициент;
- ағымдағы кезеңге сәйкес ҚМЖ аумақтық индексі (статбасқасқармасының мәліметтері бойынша);
- ҚМЖ базалық аумақтық индексі 2001 ж. 1-ші июльде қабылданады (ҚР ҚНЕ 8.02-01-2002 қосымша);
- аймақтық реттеуші коэффициент , кесте 3
ЕСЕПТЕУ:
Бастапқы мәліметтер:
Қабат саны – 2;
Қабырғасы – кірпіштен;
Құрылыс ауданы – 890,м2;
Құрылыс көлемі – 8678,0м3;
Құрылыстың аумағы – Жамбыл облысы, Аса ауылы;
Көрермендер залының сыйымдылығы – 400 адам
, , , ,