Файл: Дипломды жмыста жобаланатын имаратты бас жоспары, архитектуралы жоспарлау шешімдері жне рлеу сыныстары келтірілген.doc
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 121
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2 етіп қабылданады. Егер де ғимаратта арнайы би залы қарастырылса оның ауданын әр адамға 0,42м2 дейін кішірейтуге болады. Фойеде тұрақты немесе уақытша жиналмалы ауданы 6-7м2 эстрада қарастырылады. Фойенің жоспардағы ең дұрыс формасы – квадрат, ал рұқсат етілетіні – үш квадрат. Оның ені әдетте 6м, ал кейбір жағдайларда 9м (6+3м) етіп қабылданады. Фойенің енін 12м-ге дейін ұлғайтуға болады, бұлай жасау интерьерді айшықты жасауға мүмкіндік береді. Фойенің биіктігі 3,4м-ден кем болмауы керек ал оның эстетикалық тұрғыдан тиімділігі биіктігі енінің 1/3-ін құрайды. Шағын клубтарда фойемен вестибюльді біріктіріп фойе-вестибюль түрінде қолданады.
Фойеге немесе вестибюльге архитектуралық келбет беретін элементтің бірі саты болып табылады. Сатыларды әдетте, пайдалану және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес орналастырады, және одан кем дегенде екі эвакуациялық шығыс болуы керек. Әр саты клеткасынан сыртқа шығатын бір шығыс болуы міндетті. Бас саты клеткасында сыртқа шығатын есік вестибюльде орналасуы мүмкін. Саты клеткасы негізінен тұйық кеңістікте орналастырылады. Негізгі саты марштарының еңістігі 1:2 ал қызметтік сатылардыкі 1:1,5-тен аспауы қажет. Әдетте сатыны екі маршты етіп жобалайды, ал бас саты үш маршты ал кейбір жағдайларда бір маршты немесе қисық формалы болып келеді. Вестибюльде орналасқан сатыны, бөлме сәулетімен үйлесетін етіп ашық түрде жасаған дұрыс болады.
Демонстрациялық кешенде ең негізгі және ең ірі бөлме көрермендер залы болып табылады. Ол бас кіре беріспен ыңғайлы байланысу қажет. Байланыс фойе немесе вестибюль арқылы іске асырылады.
Өзінің қолданыс бағыты бойынша көрермендер залы әмбебап бөлме болып табылады, және әртүрлі сауық шараларын (концерттер, спектакльдер, кинофильмдер, жиналыстар) би кештерін, демалыс кештерін ұйымдастыруға арналған.
Көрермендер залының формасы, негізінен көрермендерге арналған орындар аймағы арқылы шешіледі. Кинотеатрларда бұл аймақ киноэкранның өлшемдеріне, ал театрда ойын порталының, еніне байланысты анықталады.
Театрларда көрермендер орындары аймағы зал осімен ойын порталының бүйір қырының арасында пайда болатын бұрыш сәулелерінің аралығында орналасады.
Клубтық көрермендер залының бойлық қимадағы формалары, барлық көрермендердің ойын алаңын (сахна, эстрада) және киноэкранды көру шартына байланысты тағайындалады. Қолданыстағы нормалар талабы бойынша көру сәулесі алдыңғы орындағы адамның көзінің деңгейінен 0,14м биік орналасуы керек. Еденнің тегіс бөліктегі соңғы орындықтар қатары, көру сәулесінің биіктеуі арқылы тағайындалады.
Көрермендер залында тек жақсы көру мүмкіндігімен қатар, ойын алаңында болып жатқан көріністерді жақсы есту талаптары да қатаң түрде ескерілуі қажет. Дыбыстардың қомақталып қалу қаупі артқы қабырғаның және зал төбесінің қисық сызықты болып келгенде туындайды. Зал төбесінің қисықтық радиусы залдың екі биіктігінен кем болмауын ескерген жөн. Акустикалық есепте негізгі шешуші роль атқаратын элементтер залдың көлемі, қоршағыш конструкциялардың қасиеттері және оларды әрлеу түрі. Жоғарыдағы баяндалған талаптарға сәйкес залдың негізгі пішіні трапеция тәріздес болады, өйткені бұл форма көрермендер орындарының шекарасы аймағында орналасады және акустикалық сапасы жоғары болып шығады. Бірақ та мұндай пішінде жамылғы конструкциясы күрделеніп кетеді, сондықтан да көпшілік құрылыста өте сирек қолданылады. Кейбір жеке жағдайларда көп бұрышты пішін кездеседі. Бұл форманың негізін бұрыштары қиылған квадрат болып табылады. Бұл жағдайда квадраттың бір бұрышы сахна (эстрада) жағынан қиылады, ал осыған қарама қарсы бұрыш киноаппараттар бөлмесі жағынан қиылады. Егер де барлық төрт бұрышы қиылатын болса залдың пішіні сегізбұрышты болып шығады және мұндай пішін сыйымдылығы үлкен залдарға өте ыңғайлы болып шығады.
Ауылдық жерлердегі клубтарда негізінен кең тарағаны залдың тік бұрышты пішіні, бірақ та акустикалық тұрғыдан қарағанда кемшілігі көп, дегенмен жамылғы конструкциясының шешімі қарапайым болып шығады. Тік бұрышты залдарда көрермендер орнын рұқсат етілген бұрыш шекарасының аймағында оналасады, ал бұл аймақтан тыс жерлер, тамбурлар, жарық беру ложаларын, желдеткіш шахталарды орналастыру үшін пайдаланылады. Сондықтанда залдың құрылыстық порталға жарқын тұсындағы қабырға белгілі бұрышпен сығыла түседі және осы арқылы залдың акустикалық сапасы жақсарады.
Көрермендер залына кіру фойеден немесе фойе-вестибюльден іске асырылады, және кіре беріс есіктер саны екіден кем болмауы тиіс. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес залдан кем дегенде екі эвакуациялық шығыс болуы керек. Залдан шығатын эвакуация жолы бірден сыртқа немесе адамдар көп жиналмайтын бөлмелер арқылы жүргізіледі.
Көрермендер залының сәулеттік шешімі, көрерменге салтанатты көңіл күйін сыйлауы керек. Бұл мәселені шешу үшін залдың тек пропорциясын ғана емес, төбесінің, қабырғасының әрлеуіне, қолданылатын әрлеу материалдарына және түстеріне, фактурасына баса көңіл аудару қажет.
Ойын алаңы (сахна, эстрада) – концерт, спектакль, кино және тағы басқа мәдени шараларды көрсету үшін қолданылады.
Клубтарда, мәдени-сауық кешендерінде эстраданың бес түрі, сахнаның төрт түрі қолданылады.
Сурет 1.2. Көрермендер залындағы көрермендер орнының орналасу схемасы
Эстраданың бірінші түрі үш жағынан қабырғамен қоршалған, ал көрермендер залынан жұмсақ пердемен бөлінген. Эстраданың бұл түрінде құрылыстық портал болмайды, залмен жалғастыратын ойықтың ені мен биіктігі перденің және арлекиннің көмегімен реттеледі. Перденің алдыңғы тұсында ені 1м-ден кем емес кеңістік орналастырады.
Эстраданың екінші түрі, барлық жағынан қабырғамен қоршалады, көрермендер залымен перде ілінген порталды ойық арқылы жалғасады (қатынасады), эстрада декорацияларды жоғары көтеруге есептелмеген, оның төбесі көрермендер залының төбесінен 1,5÷2,5м биік орналасады және қарапайым механизмдермен және жарық беру аппараттарымен жабдықталады.
Сахна – клубтық ойын алаңшаларының анағұрлым жетілген түрі болып табылады, және қойылымы күрделі сахналық дүниелерді көрсетуге мүмкіндігі үлкен. Онда сахналық декорацияларды жоғары көтеруге болады және осы әдіс арқылы декорацияларды ауыстыру мерзімін әлдеқайда қысқарады.
Сахналар сыйымдылығы үлкен мәдени-сауық кешендерінде, театрларда қолданылады.
Сахна күрделі көтеру-түсіру механизмдерімен, колосник төсенішімен, жұмыс галереясымен және оркестр шұңқырымен жабдықталады. Эстраа мен сахнаның технологиялық өлшемдерін үйдің конструкциялық шешімдерімен байланыстыру керек және оның енін 9,12,15,18,21м етіп қабылдау керек.
Сахна мен эстраданың тереңдігін 3м-ге еселі етіп қабылдау керек. Көрермендер залы тіктөртбұрышты пішінде болған кезде, сахнаның немесе эстраданың енін залдың еніне тең етіп алады. Ойын алаңшасының еденінің деңгейін көрермендер залының алдыңғы қатарларындағы деңгейден 0,8-1,0м-ге биік болады. Колосник төсемінен жамылғының астына дейінгі биіктік 2м аралықта қабылданады. Ойын алаңшасынан кем дегенде екі эвакуациялық шығыс қарастырылуы керек. Жұмыс галереясынан сыртқы өртке қарсы сатыға шығатын есік қарастырылуы керек.
Сурет 1.3. Ойын алаңшаларының схемалары:
а, б – эстрада; в – сахна; 1 – қызыл сызық; 2 – колосник төсеніші; 3 – бірінші портал қуысы;
4 – портал падугасы; 5 – антракт пердесі; 6 – арлекин; 7 – оркестр шұңқыры
Ойын алаңшасына қызмет көрсететін бөлмелердің негізгі міндеттері эстраданы ыңғайлы пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Бұл бөлмелердің құрамы, өлшемдері ойын алаңшасының түріне және оның өлшеміне байланысты тағайындалады. Қызмет көрсету бөлмелерін (дыбыс және жарық беру бөлмелерінен басқалары) ойын алаңшасын айландыра орналастырады. Орналастыру сахнаның (эстраданың) бір жағынан, екі жағынан және үш жағынан орналастырады. Бұлардың ішінде тек декорациялар қоймасы ғана сахнамен тікелей байланысады, ал қалған бөлмелер қызметтік дәліздер арқылы байланысады, бұл дәліздерде залдың сыйымдылығы 300 орыннан жоғары болғанда сыртқа шығатын есігі болуы тиіс.
Декорациялар қоймасы, декорацияларды дайындауға, уақытша сақтауға арналған. Оның сыртқа шығатын және сахнамен байланыстыратын есігінің ені кем дегенде 1,8м, ал биіктігі 3-5м етіп қабылданады.
Костюмдер бөлмесі – театр көріністеріне арналған костюмдерді, аяқ киімдерді сақтау үшін қолданылады.
Әртістер бөлмесін (кем дегенде екі бөлме) ойын алаңшасына жақын тұста орналастырады. Бұл бөлмеде гримдеу столы, айна, киім ілгіш және т.б. қажетті жабдықтар орналастырылады. Осылармен қатар қызмет көрсету бөлмелерінің қатарына шеберхананы, суретші бөлмесін, дыбыс және жарық беру бөлмелерін жатқызуға болады.
Клубтық бөлікте негізгі бөлмелердің санатына, үйірмелік-студиялық бағыттағы бөлмелер кіреді. Олардың өлшемдері, түрлері мәдени-сауық кешенінің қызмет көрсету салаларына байланысты қабылданады. Ғимарат ішінде олар көрермендер залына жапсарлас бір немесе бірнеше жағынан қоршай орналасады.
Үйірме бөлмелерінің құрамына хор, театр, драма, оркестр, би, ән т.б. үйірмелері кіреді.
Ақпараттық-лекциялық топтың құрамына – саяси оқу бөлмесі, лекциялық аудиториялар, мұражай және көрме залдары және кітапхана кешені жатады. Бұл бөлмелердің, залдардың өлшемдері әр бөлмеге келетін адамдардың санына байланысты қабылданады.
Демалыс және сауық құру тобына – қонақ бөлме, кафе, салтанатты шаралар ұйымдастыру бөлмелері жатады. Кейбір жағдайларда мысалы, жалпы аудан жетімсіздігі кезінде фойені, вестибюльді осы бағыттағы шараларды өткізу үшін қолдануға болады.
1.2. Жобаланатын мәдени-сауық орталығының бас жоспар шешімі
Құрылыс орны Жамбыл облысы Аса ауылындағы орталық көшенің бойында қоғамдық үйлер орналасқан алаңға қарсы бетте орналасқан. Жер телімі алаңға қарама қарсы бетте (көшенің қарсы беті) орналасқан және формасы трапеция тәріздес, рельефі бірыңғай тегіс және көше жаққа қарай аздаған еңістігі бар. Жер телімі оңтүстік-шығыс жағынан көшемен, оңтүстік батыс жағынан бұрын салынған қоғамдық үйлермен, солтүстік батыс жағынан жекеше үйлер секторымен, ал солтүстік шығыс жағынан резервтегі пайдаланылмаған жер учаскелерімен шектеседі. Жер учаскесі құрылыстан бос. Өлшемі 65х78м.
Соғылатын (жобаланып отырған) мәдени-сауық орталығының ғимараты алаңның орта тұсына көшеден 24 метр қашықтықта орналасқан. Жер телімінің бас фасад бөлігі (көше жағы) түгелімен жаяу жүргіншілер аймағына берілген. Бұл аймақта келушілердің емін еркін жүріп тұруы үшін ені 2,5х3,5 метр брусчатка төселген (бетон плиткалы) тротуарлар жүйесі орналастырылған. Мәдени-сауық орталығының бас кіре беріс тұсында радиусы 18 метр домаланып келген үлкен алаңша орналастырылған және мұндай шешім көше жақтан қарағанда ғимараттың бас фасадының понорамасын ашық көрсетуге мүмкіндік береді. Клуб ғимаратының архитектуралық келбетін аша түсу үшін жүргін жол аймағында тротуарлар аралығындағы құрылыстан бос жерлер барынша көгалдандырылған (жеке ағаштар, газондар, гүлзарлар орналастыру).
Сонымен қатар осы бөлікте жүргін жолдардың шетіне шағын архитектуралық формалар, демалыс сәкілері, қоқыс салғыштар, жарнамалық тақталар, билбордтар, түнгі мезгілде жарық беретін айшықты көше фонарлары орналастырылған. Қазіргі кезде жекеше көлік санының ұлғаюын ескере отырып (норма талаптарына сәйкес) жер телімінің солтүстік шығыс бөлігінде мәдени-сауық орталығына келушілердің жеке көліктеріне арналған автотұрақ орналасқан. Автотұрақ 16 көлікке арналған. Автотұрақты ғимараттың бүйір бетіне орналастыруымыздың басты мақсаты көше бойында көлік қатынасына кедергі келтіретін және аппаттық жағдайларды туындадатын көлік нөпірін болдырмау, екінші жағынан көліктерді арнайы орындарға қою сақтық шараларын ескергендік болып табылады. Ғимараттың екінші бүйір бетіндегі және арт жағындағы жерлер түгелдей мәдени-сауық орталығының шаруашылық аймағын ұйымдастыруға берілген. Оңтүстік шығыс бөлігінде арнайы шарбақпен қоршалған мәдени-сауық мекемесінің қызметкерлерінің жеке көліктеріне және тауарлар таситын жүк көліктеріне арнайы автотұрақ қарастырылған. Ал жобаланып отырған ғимараттың арт жағында шаруашылық ауласы орналасқан жоспардағы формасы тік төртбұрышты. Бұл аймақта әр түрлі қоймалар бастырмалар, 8 адамдық әжетхана және тағы басқа шаруашылыққа қажетті элементтер орналасқан.
Жер теліміндегі санитарлық гигиеналық ахуалды барынша жақсарту және келушілер мен қызметкерлердің демалысын дұрыс өткізу мақс атында құрылыстан бос жерлерді барынша көгалдандыру қарастырылған. Көгалдандыру жеке ағаштар (қарағай, қарағаш, жылауық ива) газондар және гүлзарлар отырғызу жолымен шешілген.
Жалпы бас жоспарда орналасатын үйлер мен ғимараттардың экспликациясы және бас жоспар бойынша анықталған техника-экономикалық көрсеткіштер төмендегі кестелерде келтірілген.
Кесте 1.1. Үйлер мен ғимараттар экспликациясы

№ | Аты | Ауданы м2 |
1 | Мәдени-сауық орталығы | 897,60 |
2 | Шаруашылық ауласы | 786,0 |
3 | Қызметкерлердің көліктеріне арналған автотұрақ | 480,0 |
4 | Бастырма | 84,0 |
5 | Келушілерге арналған автотұрақ | 623,50 |
6 | Қарауыл будкасы | 9,0 |
7 | Ауладағы әжетхана | 6,0 |
8 | Су бұрқақ (фонтан) | 12,60 |