Файл: Дипломды жмыста жобаланатын имаратты бас жоспары, архитектуралы жоспарлау шешімдері жне рлеу сыныстары келтірілген.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 123

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
микроклиматты жасанды жолмен жасау, аса жауапты қоғамдық үйлер мен ғимараттарда қолданылады. Жалпы құрылыстағы үйлерде (мектептер, мектеп жасына дейінгі мекемелер, ауруханалар, спорт ғимараттары, т.б.) ішкі микроклимат, архитектуралық жоспарлау және конструкциялық шешімдерді тиімді түрде пайдалана отырып, қарапайым әдістермен іске асырылады. Бөлмелердегі климаттық жағдайларды реттеудің, мұндай арзан және радикалды жолдары табиғи энергия көздерінің (күн сәулесі, ауаның ылғалдылығы мен температурасы, жел күші, жауын-шашын)мол қорын тиімді түрде пайдаланумен тікелей байланысты.

Энергия көздерінің табиғи көздерін тиімді пайдалану проблемаларын тиімді түрде шешу, әр түрлі табиғи климаттық жағдайлары бар біздің мемлекетіміз үшін маңызы өте зор.

Сондықтанда жобалаудың ең алғаш кезеңдерінен бастап, үйлер мен ғимараттар соғылатын жерлердің (орындардың) климаттық ерекшешеліктері туралы мәліметтрді жинақтап, талдап ыңғайластыра пайдалынған жөн. Өйткені құрылыс орындарының климаттық сипаттамаларын жетік білу, соғылатын үйлер мен ғимараттардың табиғатпен үйлесу жолдарын жетілдірілген жолмен шешуге көмектеседі.

Құрылыс орынының климаттық сипаттамалары:

  • Құрылыс орны – Жамбыл облысы Аса ауылы;

  • Ең суық тәуліктің температурасы – 260С; (0,92)

  • Ең суық бес күндік температурасы – 320С; (0,92)

  • Қар жүгінің нормативті мәні – 0,50 кН/м2

  • Жел екпінінің нормативті мәні – 0,73 кН/м2


3.2. Сыртқы қоршағыш конструкциялардың жылу

техникалық есебі

а) Үй жабынының жылу техникалық есебі.

Жобаның конструкциялық схемасы:

  1. Цемент төсемі δ = 15 мм;

  2. Жылу сақтағыш қабаты жартылай қатты минваталы плита γ = 800 кг/м3;

  3. Будан оқшаулау қабаты (1 қабат рубероид төсемі)

  4. Көп қуысты темірбетонды плита δ = 80мм; ауа қабаты δ = 140мм;

Конструкциялардың жылу беруге қажетті кедергісі төмендегідей екі шартқа байланысты анықталады:

  • Санитарлық – гигиеналық және комфорттық жағдай жасау шарты бойынша;

  • Энергияны сақтау шарты бойынша;

Санитарлық – гигиеналық және комфорттық жағдай жасау шарты бойынша;

(3.1)
мұндағы: - конструкцияның сыртқы бетінің қалай орналасқанына байланысты алынатын коэффициент. (кесте 3, ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002);

- Тараз қаласы үшін, (кесте 1, ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2201) қамтамасыздығы 0,92 ең суық бескүндік үшін;

- ішкі ауаның температурасы (кесте 3.2. ҚР ҚНжЕ 2.04-21-2004);

- температураның ауытқуының нормативті мәні (кесте 2*, ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002);

- қоршағыш конструкциясының ішкі бетінің жылу беру коэффициенті (кесте 4*, ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002)


Энергияны сақтау шарты бойынша:

ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 құжатындағы 1 кесте бойынша жылу беру кезеңінің тәуліктік – градусын (ЖКТГ) анықтаймыз
(3.2)

мұндағы: ;

(кесте 2, ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001);

тәулік, (кесте 3, ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001)
кесте 1 ҚР ҚНжЕ (ЖКТГ) сәйкес

Есепті жүргізуге осы екі шаманың үлкенін қабылдаймыз, яғни

Қоршағыш конструкциялардың жылу беруге кедергісін төмендегі формула бойынша анықтаймыз

(3.3)

мұндағы: - сыртқы беттің жылу беру коэффициенті (кесте 6*, ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002);


- жеке қабаттардың термикалық кедергісі
(3.4.)

мұндағы: - қабаттардың қалыңдығы, м

- қабаттардың жылу өткізгіштігі

Цемент төсемі үшін:



Будан оқшаулау қабаты (рубероид)



Ауа қабаты бар темірбетонды плита үшін



Ауа қабаты үшін (қосымша, ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002)









Жылу сақтағыш қабаттың қалыңдығын 150мм етіп қабылдаймыз.

б) Сыртқы кірпіш қабырғаның жылу техникалық есебі

1. Сылақ қабаты ;

2. Жартылай қатты минваталы плита ;

3. Кірпіш қабырға

4. Сылақ қабаты

Сылақ қабаты үшін:



Жылу сақтағыш қабаты үшін



Кірпіш қабырға үшін




Сылақ қабаты үшін





яғни,





Олай болса, жылу сақтағыш қабаттың қалыңдығы 50мм етіп қабылдаймыз.

3.3. Бөлмені жарықтандыру

Қоғамдық үйлердің бөлмелерін жарықтандыру олардың интерьерлерінің архитектурасымен тығыз байланысты. Жарық шашқыш беттер, жарық түсетін ойықтар, жарық бергіш құрылғылар бөлме интерьерінің негізгі детальдары (бөлшектері) және олар архитектуралық, утилитарлық талаптарды қанағаттандыруы қажет.

Адам үшін ең ыңғайлы және дұрысы табиғи жарық болып табылады. Сондықтанда табиғи жарықтың сипаттамалары (жарықтығы, спектрі, айқындылығы және т.б.) жасанды жарықтандыруды іске асыру үшін негізгі бастапқы нүкте болып табылады. Қазіргі заманғы жарықтандыру техникалары саласындағы техникалық прогресс нәтижелері жасанды жарықтандыру саласында үлкен мүмкіндіктерге жол ашуда. Осындай мүмкіндіктердің бірі құрылыс саласында бөлмелерді әрлеуде жарық сәулесін шашатын және техникалық сипаттамасы бойынша табиғи жарыққа ұқсас беттерді (қабырға беті) қолдану үрдісі болып табылады.

Жоғарыдағы айтылғандардан шығатын түсінік қоғамдық үйлер мен ғимараттарда, бөлмелерде қолданылатын жасанды жарықтандыру, бөлмелердегі көздердің қалыпты жұмыс жасауына мүмкіндік беруші және табиғи жарықтың толықтырушысы болып табылады.

Бөлмелердің қолданылатын орынына байланысты жарық бергіш аймақтардың (терезелер, фонарлар) түрлері, өлшемдері төмендегідей шарттарға байланысты қабылданады:

  • Көз көру жұмыстарының комфорттық жағдайы;

  • Бөлменің жарықпен барынша қанығуы және қоршаған кеңістікті көрудің әсерлігі;

Жарық бергіш ойықтардың архитектуралық және конструкциялық шешімдерін тағайындау ісінде міндетті түрде құрылыс соғылатын орынның климаттық ерекшеліктерін ескеру қажет.

Интерьердің әсерлілігі, оның кеңістіктік тереңдігі, бөлмедегі адамдардың көріністерді қабылдау әсерлігі негізінен басым көпшілік жағдайларда бөлмелердің жарықпен қанығу дәрежесіне және адамның көру аймағында орналасқан беттердің жарықтануының өзара қатысына байланысты.

Бөлменің жарықпен қанығуы тек қана жарықтану деңгейін көтерумен ғана шектелетін мәселе емес, өйткені осымен қатар беттердің (қабырға,еден, төбе) жарықты қайтару (шағылысу) коэффициенттеріне де өте тәуелді. Табиғатпен үйлесу (ашық жарық аспан, жарықтығы сәл төмен көлбеулік (горизонт) қараңғылау жер интерьерді әрлеуде төменгідей ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

  • Интерьерде негізінен жарығырақ түс (бояу) бөлменің төбесіне қолданылады (аспан); оның жарықты шағылдыру коэффициенті 0,7-0,8 аралығында болғаны жөн, мұндай мүмкіндікті толық пайдалану үшін бояу ретінде ақ түстерді қабылдаған жөн;

  • Ал қабырғаларды хроматикалық немесе ахроматикалық жартылай жарық түстерімен әрлеген дұрысырық болады, жарықты шағылыстыру коэффициентері 0,4-0,5 аралығында болғаны жөн.