Файл: Дипломды жмыста жобаланатын имаратты бас жоспары, архитектуралы жоспарлау шешімдері жне рлеу сыныстары келтірілген.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 120

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2 деп қарастыру керек. Мұндай алаңшаны клубтың көрермендер залынан шығатын тұстарға да орналастырған жөн. Жобалау кезінде шағын архитектуралық формалардың шешіміне көңіл бөлген жөн. Клуб маңына тиімді болатын шағын сәулеттік формалар төмендегілер: ту ілгіш бағана, құрмет тақтасы, жарнамалық тақталар, декоративті бассейндер, шамдар мен прожекторлар, сәкілер және т.б. Шамдар мен прожекторларды орналастырғанда олардың ғимаратты тамашалауға кедергі келтірмейтіндігін және олардың кешкі мезгілдерде ғимараттың сәулеттік көркемдік сапасын ашатындығын ескеру өте маңызды.

Клуб алдындағы алаңды сәулеттік тұрғыдан ұйымдастырудың әдістері әртүрлі. Бір жағынан көркемділігін айшықтау үшін жергілікті табиғи рельефті оңтайлы пайдалану өте қажетті эффект (әсер) алуға мүмкіндік жасайды. Әдетте клуб ғимаратын рельефтің биіктеу тұсына орналастырады, бұлай жасау оған көтерілетін жерлерге соны көркемдік беретін саты, пондус және тірек қабырға сияқты архитектуралық элементтерді пайдаланып іске асырылады. Егерде рельефтегі белгілер айырмашылығы өте үлкен болса, онда рельефке ендіре қосымша қабат салуға мүмкіндік болады және осы арқылы ғимараттың биіктігін тағы бір деңгейге көтерген сияқты әсер алуға болады.

Тағы бір ескеретін мәселе мәдени бағыттағы ғимараттар алдындағы алаңшаларға әр түрлі монументтік композицияларды пайдалану және оларды оңтайлы түрде орналастыру шешімдері болып табылады.

Екінші негізгі міндеттердің бірі клуб маңындағы басқа мақсаттағы, қосалқы мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды орналастыруды ұйымдастыру.

Жер телімінің саябақ аймағында орналастын негізгі ғимараттар мыналар: жазғы оқу павильоны, шахмат, ойын павильондары, киноконцерт және би алаңдары. Бұл ғимараттардың ең ірісі киноконцерт алаңы болып табылады және көрермендерге арналған аймақпен, қосалқы бөлмелері бар эстрадан түзеледі. Көрермендерге арналған аймақ – тұрақты сәкілермен, орындықтармен жабдықталады. Би алаңдарын келушілердің емін еркін кіруіне жағдай жасау үшін, еш қоршаусыз жасайды. Оқу тағы басқа жазық павильондар, саябақ ішінде тыныш демалыс формаларын ұйымдастыру үшін қажетті элементтер. Әдетте, мұндай павильондардың сыйымдылығын 25-50 орынға арнап есептейді.

Саябақ аймағында жоғарыдағылармен қатар ойын алаңшаларын, әткеншектер, гимнастикалық снарядтар орналастыру керек
, егер де жер телімі жеткілікті болған жағдайда арнайы балалардың ойын алаңшаларын орналастыру өте дұрыс болып шығады.

Саябақ аймағындағы ғимараттарды орналастырғанда, оларды пайдалану ыңғайлы болуын, ғимараттарды бір бірімен байланыстыру жолдарының көркем, айшықты болуын және аралықтардың барынша көгеріштендіруін ұтымды ойластыру қажет.

Киноконцерт алаңына жер таңдағанда, еденнің еңістігін есепке алатын жер рельефін пайдалану керек.

Оқу павильондарын әдетте шудан аулақтау, тыныштау тұстарға орналастырады, ал көрмелік стендтерді, газет-журналға арналған тақталарды, жарнамалық тақталарды керісінше, негізгі жолдар, алаңдар және аллеялардың бойына орналастырған жөн.

Спорт ойындарына арналған алаңшалардың бойлық осьтерін меридиональдық бағытта орналастырған жөн, оның жарыққа бағытталуы солтүстікке, солтүстік-шығыс және шығыс бағыттарында болуы тиіс.

Жалпы алғанда, ғимаратқа бөлінген жер телімінде ғимарат алдындағы алаң, саябақ аймағы, шаруашылық ауласы және келушілер мен қызметкерлердің көліктеріне арналған автотұрақтар болуы тиіс.

Клуб маңындағы жер телімін жоспарлағанда ең маңызды және қажетті мәселелердің бірі, алаңды көгеріштендіру және көріктендіру жұмыстары болып табылады.

Ең алдымен жердің табиғи рельефін есепке ала отырып оның тік бағытта жоспарлауын тыңғылықты ойластыру керек. Солардың ішінде жауын-шашын және ағын суларын ағызуды, суғаруға арналған су құбыры жүйесін, су ішуге арналған фонтандарды, жарық бергіш шамдарды, демалыс сәкілерін, қоқыс салғыш урналарды және тағы да басқа шағын сәулеттік формаларды ыңғайлы, тиімді орналастыруды тыңғылықты ойластырып бірнеше вариантын қарастырған сәулеттік тұрғыдан алғанда өте дұрыс болып шығады.


1.1.2 Мәдени-сауық ғимараттарының архитектуралық жоспарлау шешімдеріне қойылатын талаптар

Жалпы профильдегі мәдени-сауық бағытындағы ғимараттардың көлемдік-жоспарлау шешімдері негізінен қала құрылысы жағдайын, ғимарат ішіндегі функционалдық-технологиялық шарттарды, бөлмелер құрамын олардың өзара байланысын ескере отырып ойластырылатын мәселе. Жалып алғанда ғимараттағы бөлмелер мен бөлімдер негізінен төмендегідей аймақтарға бөлінеді: көрермендер бөлігі, клубтық бөлік, әкімшілік-шаруашылық бөлік.

Көрермендерге арналған бөлік бөлмелері негізінен бұқаралық қызықты шараларды өткізуге, кинофильмдер мен концерттерді, спектакльдерді көрсетуге, жиналыстар мен конференцияларды өткізуге арналған. Көрермендер бөлігіне вестибюль, сырт киім гардеробы, фойе, ерлер мен әйелдерге арналған санитарлық түйіндер, жабдық қоймалары бөлмелері, көрермендер залы (киноконцерт залы), ойыналаңы (эстрада, сахна) және ойын алаңына қызмет көрсетуші бөлмелері (аспаптар, жарық, дыбыс аппараттары, әртістер бөлмелері) жатады.

Клубтық бөліктің бөлмелері негізгі үш топқа бөлінеді: студиялық-үйірмелер тобы, ақпараттық-лекциялық топ, демалыс және сауық тобы. Клубтық бөлік бөлмелері әр түрлі бағыттағы үйірмелер жұмысын, ойын ойнауды, демалысты ұйымдастыру үшін қолданылады.

Үйірмелік-студиялық топтың ішіне үйірмелерге арналған бөлмелер, ән, хор және оркестрге арналған бөлмелер, театр, драма жанрындағы бөлмелер, өнер саласына (скульптура, живопись, кино-фото) арналған бөлмелер, тұрмыс тірлігіне арналған бөлмелер жатады.

Үлкен мәдени ошақтарында жоғарыдағы тізімдегі салалар үшін жеке-жеке бөлмелер қарастырылады, ал шағын клубтық мекемелерде бағыт бойынша бір біріне жақын салаларды біріктіріп бөлмелер санын біршама қысқартуға қол жеткізуге болады.

Барлық үйірмелік-студиялық топтың бөлмелері негізінен балаларға арналған, оған қарамастан бір бөлмені міндетті түрде тек балалар үшін арнау керек.

Лекциялық-ақпараттық топқа, саяси ағарту бөлмелері, сабақ өткізуге арналған аудитория, үздік тәжірибелер бөлмелері және т.б. жатады.

Сонымен қатар бұл топтағы бөлмелерді осы бағытқа икемді болатын салалар үшін пайдалану өте дұрыс болып шығады.

Сабақ өткізуге арналған зал – аудиториялық бір шетінде киноаппараттар бөлмесін орналастырған жөн.

Демалыс және сауық тобының қатарына, қонақ бөлме, ойынойнау бөлмелері, бильярд, би және спорт залдарын жатқызамыз.


Әсіресе, ауылдық елді мекендерде соғылатын клуб ғимараттарында спорт түрлерімен айналысуға арналған бөлмелердің болуы міндетті.

Әкімшілік-шаруашылық бағыттағы топтың қатарына, әкімшілік бөлмелері, тұрмыстық бөлмелер, техникалық бөлмелер және шаруашылық, жабдықтар қоймалары жатады.

Клуб мекемелерінің ырғақты жұмыс жасауы, жоғарыдағы тізімделген әртүрлі бағыттағы бөлмелерді дұрыс орналастыруға және олардың өзара байланысын дұрыс қалыптастыруға тікелей байланысты. Сонымен қатар бөлмелер тобын пайдалану жағдайын ескеру керек, мысалы барлық бөлмелер тобын жұмысқа қосу немесе тек жеке бөлмелер тобын жұмысқа қосу.

Клубтың бөлмелер құрамы, олардың өлшемдері, өзара байланысы және орналасуы, ғимараттың көлемдік-жоспарлау шешімдерін дайындауға және композициялық келбетін дайындауға негізгі әсер етуші факторлар болып табылады.

Барлық бөлмелердің ішкі өзара байланысын және өзара ауысуын тиімді пайдалану мысалы көрермендер залы мен фойені жекеше пайдалану, үйірмелерге арналған бөлмелерді әртістерге арналған бөлме ретінде пайдалану, көрермендер залын бірінші қабатқа орналастыру және оны табиғи жарықпен қамту, тыныш жағдайда жұмыс жасайтын бөлмелерді, шулы бөлмелерден оқшаулау және т.т.

Негізгі бөлмелердің соның ішінде көрермендер залының орналасуына байланысты композициялық шешімді тағайындауда, жоспарлау схемасын төмендегідей бірнеше түрге бөлуге болады (1.1 суретін қара).

Фронтальды композиция, яғни ғимаратты қабылдау бас қасбет жағынан қарастырылған. Бұл композицияның негізгі сипаттамасы көрермендер залын негізгі қасбетке параллель орналастыру. Композицияда екі түрлі схема қарастырылған, көрермендер залы бас қасбетке және артқы жаққа шығады.

Бүйірлік композиция ғимараттарды үш жақтан қабылдауға есептелген. Негізгі сипаттамасы көрермендер залы, бас қасбетке перпендикуляр орналасқан және де көрермендер залы үш немесе төрт жақтан қапталады.

Бұрыштық композиция негізінен ғимаратты екі жағынан қабылдауға бағытталған. Оның бұрыштары бас фасадтың екі жағына шығады. Үйге негізгі кіре беріс осы екі шығыңқы тұстың бірінде орналасады.

Орталықты композиция ғимаратты барлық жағынан қабылдауға есептелген. Мұндай схема әдетте шағын клубтар үшін қолданылады. Орталықты композицияны екі түрлі схемаға бөлуге болады – бірінші тұйық схема мұнда ішкі аула барлық жағынан қоршалған, екінші ашық схема, яғниішкі аула үш жағынан қоршалған.

Сурет 1.1 Клуб ғимараттарын жоспарлаудың негізгі схемалары.


а,б,в – фронтальды, көрермендер залы бас қасбетке параллель орналасқан; 2 – тағы да, көрермендер залы бас қасбетке перпендикуляр орналасқан; е – бүйірлік көрермендер залы бас қасбетке перпендикуляр; ж,з – бұрыштық; и,к,л – орталықты ішкі ауласымен

Тұйық схеманы негізінен ірі клуб үйлерінде қолданады, мұндай клуб ғимараттарында қосымша спорт залы, кинозалы, кафе және де тағы басқа қосымша бөлмелер қарастырылған. Мұндай жағдайда ішкі ауланы барлық жағынан қоршауға және оның өлшемдерін біршама үлкен етіп қабылдауға болады.

Бас қасбеттің архитектуралық-көркемдік айшықтылығын бүйірдегі тұтас жазықтықтарен, шығыңқы орта бөліктің контрасты үйлесуі қамтамасыз етеді.

Клуб ғимаратының бөлмелерін жоспарлау.

Вестибюль клубқа келушілерді қабылдауға және оларды функционалдық бөлмелерге бөлуге арналған бөлме. Жеке жағдайларда, егер де көрермендер залында кинофильмдер жүріп жатса, фойе басқа мақсаттарға пайдаланылса, вестибюль көрермендердің сеанс алдындағы жиналатын орыны болады. Ауылдық клубтарда әдетте, көрермендер мен клубтық бөлікке ортақ бір вестибюль қарастырылады.

Вестибюльде кассаны орналастырады, оны орналастырғанда билетті іштен және сырттан сату мүмкіндігін қарастыру керек. Кассаның ең кіші ауданы 1,5м2, ал саны көрермендер залындағы 400 адамға 1 касса деп қабылданады. Вестибюльді жоспарлауға, сырт киім гардеробын орналастыру үлкен әсер етеді. Гардероб вестибюльмен бір бөлмеде не қоршау бағанасының ар жағына орналасқан ұяшық бөлмеде орналастырылады. Ал оның ұзындығы әрбір 50 адамға 1м етіп қабылданады. Гардеробты көшеден кіре беріске қарама қарсы жаққа, вестибюльдің бүйір бетіне, орналастырылады.

Вестибюль клубқа келушіге ғимарат туралы ой салатын бөлме, сондықтан оның архитектуралық-көркемдік шешіміне баса көңіл аударған жөн. Әрлеу материалдарын пайдалану талаптарын есепке алу арқылы іске асырылады. Еденін егелуге берік плиткалардан, қабырғасын әсем көрікті материалдан ал төбені шу жұтқыш материалдардан қабылдау керек.

Фойе бұл бөлменің негізгі міндеті көрермендер залындағы келушілерге қызмет көрсету болып табылады. Ал кейбір жағдайларда фойені қосымша әр түрлі клуб жұмыстарын жүргізуге пайдаланады. Фойеде әр түрлі көрмелер, би кештері, үйірмелер жұмысы, банкеттер ұйымдастырылады. Фойені көп бағытта пайдалану оны көрермендер залынан оқшаулауды талап етеді, және оның жұмыс тәртібі киноконцерт залының жұмысына байланыссыз болғаны абзал. Фойенің ауданы әр көрерменге 0,65м