Файл: Дипломды жмыста жобаланатын имаратты бас жоспары, архитектуралы жоспарлау шешімдері жне рлеу сыныстары келтірілген.doc
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 125
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кейбір жеке жағдайларда тік бағыттағы тіректері жоқ көтергіш негіздері де кездесуі мүмкін, мысалы: көлбеу бағытта орналасқан жамылғы конструкциялары (аркалар, рамалар және т.б.) бірден өзіне түсетін жүкті іргетасқа, ғимараттың мұндай түрлерін құрылысы күрделі үлкен аралықта ангарларды, қоймаларды, спорт және мәдени бағыттағы ерекше элементтерден тұрғызған кезде қолданылады. Үйлер мен ғимараттардың көтергіш қаңқасының конструкциялық элементтері белгілі бір заңдылықтарға бағынышты. Өзара байланысып конструкциялық жүйені (сұлбаны) құрайды.
2.2. Жобаланатын ғимараттың конструкциялық схемалары
Біз жобалап отырған мәдени-сауық орталығының жоспардағы формасы қарапайым тік төртбұрышты пішінде жобаланған. Сонымен қатар сейсмикаға қарсы шаралар талабын орындау мақсатында сейсмикалық жік арқылы төрт тік бұрышты блоктарға бөлінген.
Бірінші блок үйдің орта тұсында (3-7) және (Б-В) осьтерінің аралығында орналасқан. Өлшемі 15х27м бір қабатты болып жобаланған. Конструкциялық схемасы қаңқалы, (темірбетонды колонна және металл ферма) және төмендегідей элементтерден жобаланған. Іргетасы біртұтас темірбетоннан бағаналы немесе ленталы болып келеді. Колонналар біртұтас құймалы темірбетоннан қимасы 40х40см. Қарылар құймалы темірбетоннан (құрылыс порталы). Арқалығы аралығы 15м металл ферма. Қаңқа элементтерін (іргетастар, колонналар, қарылар) темірлеу конструкциялық есептеулер негізінде дайындалған КЖ сериясындағы жұмыс сызбаларында келтіріледі. Мұндай темірбетонды қаңқаны көлденең бағыттағы жамылғылар дискісімен қатаң түрде үйлестіру жобаланып отырған объектіні сейсмикалық тұрғыдан (құрылыс салынатын Аса ауылы сейсмикалық тұрғыдан 8 балдық аймаққа жатады) берік болуына немесе шыдамды жағдай жасайды.
Екінші және үшінші блоктар өлшемдері бірдей (6х27м) және (А-Б’)/(3-7) және (В’-Г)/(3-7) осьтерінің аралығында орналасқан және екі қабатты болып жобаланған. Бұл блоктарда сыртқы қабырғасы кірпіштен, ал ішкі конструкциялық негізі біртұтас құймалы темірбетонды рамалардан түзелген. Конструкциялық сұлбасы қатаң схема түрінде жасалынған. Блоктардың беріктігін және орнықтылығын сыртқы кірпіш қабырғаларымен және ішкі рамалармен қатаң түрде байланысқан көлденең бағыттағы жамылғы дискілері құрайды.
2.3. Жобада қабылданған конструкциялық шешімдер
Жобаланып отырған мәдени-сауық орталығының ғимараты жалпы алғанда аралас конструкциялық схемада жобаланған. Құрылыс сейсмикалық әсері 8балдық аймақта орналасқандықтан, жоспардағы формасы күрделі болғандықтан, антисейсмикалық жіктер арқылы жоспарлық бейнесі қарапайым тік төртбұрышты блоктарға бөлінген.
Бірінші блок (3-7) және (Б-В) осьтерінің аралығында орналасқан конструкциялық схемасы толық қаңқалы, ал сыртқы қоршағыш конструкциялары өзін өзі көтергіш кірпіш қабырғалардан түзелген.
Екінші және үшінші блоктар, формалары бойынша бірін бірі қайталайды және сәйкесінше (А-Б)/(3-7) және (Г-В’)/(3-7) осьтерінің аралығында орналасқан. Конструкциялық схемасы – қатаң, сыртқы қоршағыш конструкциялары бойлық және көлденең бағытта орналасқан кірпіш қабырға болып табылады. Ал ішкі қабырғалары көлденең және бойлық бағытта орналасқан біртұтас құймалы темірбетоннан жасалған рамалармен алмастырылған.
Жалпы алғанда, жобаланатын ғимараттың жеке конструкциялық элементтері бойынша қабылданған нақты шешімдер төмендегі бөлімдерде баяндалған.
2.3.1. Іргетастар
Іргетас ғимараттың көтергіш қаңқасының негізгі конструкциялық элементі болып табылады және құрылымнан түсетін барлық жүктерді өзіне қабылдап, үйдің табанына (негізіне) бірқалыпты таратады. Кейбір жағдайларда оларға кететін материалдық шығын, яғни іргетастың құрылыстық құны жалпы ғимарат құнының 30%-ына дейін жетуі мүмкін.
Біз жобалап отырған ғимараттың іргетасы қолданылатын орнына байланысты төмендегі түрлерге бөлінген:
Сыртқы және ішкі көтергіш кірпіш қабырға астына ленталы біртұтас құймалы темірбетонды іргетастар қабылданған, қималары тавр тәріздес. Қиманың жоғарғы қабырғалық бөлігі кірпіш қабырғаның қалыңдығына сәйкес 500 және 400мм етіп қабылданған. Іргетастың төменгі табан бөлігінің өлшемі жоғары жағына қарағанда кеңейтіліп 1000-1400мм аралықта тағайындалған және А-ІІІ арматурасынан жасалған темір торлармен темірленген. Іргетасқа В-10 класындағы бетон қолданылады. Ленталы іргетастың жерге ену тереңдігі, топырақтың тоңу қабатынан төмен жатыр және жерасты (подвалы) бөлігі жоқ жерлерде -1,30м, ал жерасты бөлігі бар жерлерде -4,5м құрайды.
Ішкі көлденең және бойлық бағытта орналасқан рама колонналарының астына жекеше қадалы сатылы біртұтас құймалы темірбетонды іргетастар қабылданған. Жеке колонналардың астындағы іргетастардың табандарының өлшемдері 1,8х1,8м, ал биіктігі 1,20м, ал саты тепкішектерінің биіктігі 0,4м. Қосарланған сейсмикалық жіктердегі колонналардың іргетастарының табандарының өлшемдері 1,8х2,40м, ал биіктігі 1,20м. Жекеше қадалы іргетастардың табандары А-ІІІ арматурасынан дайындалған темір торлармен темірленген. Іргетасқа В-15 класындағы бетон қолданылады.
2.3.2. Колонналар
Колонналар негізінен қаңқалы үйлердегі барлық жүктерді қабылдайтын және оны іргетасқа тарқататын басты элемент болып табылады. Жоғарыда айтқанымыздай жобаланатын үйдің қаңқасы (ішкі көтергіш рамалар) темірбетоннан жасалған, сондықтан колонналар осы рамалардың құрамдас бөлігі болып табылатындықтан оларды да біртұтас құймалы темірбетоннан қабылдаймыз. Колонналарды дайындауға В-25 класындағы бетон қолданылады. Колонналардың қимасы квадратты, ал өлшемдері 400х400мм. Ұзындықтары қаңқа ярусының биіктігіне сәйкес 3,30 және 3,60м. Колонналар А-ІІІ арматурасынан дайындалған кеңістікті (көлемді) арматуралық қаңқалармен темірленген.
Колонналар қаңқаны құрайтын құрамдас элемент болғандықтан, көлденең орналасатын қары элементтерімен қатаң түрде байланысуы қажет.
2.3.3. Қарылар
Жоғарыда айтқанымыздай қарылар ішкі рама құрамына кіретін элемент болып табылады. Қарылар қабатаралық және жабын жамылғыларынан түсетін жүктерді қабылдап, оларды колонналарға таратушы негізгі элемент болып табылады. Қарылар біртұтас құймалы темірбетоннан жобаланған, оны дайындауға В-25 класындағы бетон қолданылады. Қимасы тіктөртбұрышты, ал өлшемдері 400х400(h) және 400x500(h)мм. Қарылар А-ІІІ арматурасынан дайындалған жазық арматуралық қаңқалармен темірленеді. Қарылар, колонналармен бірігіп қатаң, үйдің сейсмикалық беріктігін қамтамасыз ететін қаңқаны түзейді.
2.3.4. Қабатаралық және жабын жамылғылары
Жобаланатын ғимараттың барлық бөліктерінде қабатаралық және жабын жамылғылары зауыт жағдайында дайындалған құрастырмалы көп қуысты темірбетонды плиталардан түзелген.
Плиталар сейсмикалық аймақтарға арналған 1.141-1с сериясы бойынша дайындалған.
Плита өлшемдері жабу аралығына байланысты төмендегідей өлшемде дайындалған: 0,22х1,2х6,4м; 0,22х1,0х6,4м; 0,22х1,2х6,0м; 0,22х1,2х6,0м; 0,22х1,2х4,0м;0,22х1,0х4,0м.
Ал кейбір аралық өлшемдері стандартқа келмейтін тұстарда жамылғылар біртұтас құймалы темірбетоннан жобаланған, мұндай жамылғылардың қалыңдығы 220мм етіп қабылданған.
Көлденең қатаңдық дискісін құру үшін плиталардың бүкіл периметрі бойынша біртұтас құймалы темірбетоннан сейсмикалық белдеулер қарастырылған.
2.3.5. Қабырғалар
Жобаланатын ғимараттың бойлық және көлденең бағыттағы көтергіш қабырғалары құймалы темірбетоннан және кірпіштен жобаланған.
Ғимараттың жерасты бөлігінің (подвал) қабырғасы біртұтас құймалы темірбетоннан жобаланған сыртқы қабырғаның қалыңдығы 500мм, ал ішкі қабырғаның қалыңдығы 250 және 400мм. Бетонның класы В-15.
Ғимараттың жерүсті бөлігінің қабырғалары кәдімгі кірпіштен жобаланған. Кірпіш сыртқы қабырғалардың қалыңдығы 510мм, ал ішкі қабырғалардың қалыңдығы 380мм. Қолданылатын кірпіштің маркасы М-75, М-50 маркалы цемент ерітіндісімен қаланады. Барлық көтергіш кірпіш қабырғалар биіктігі бойынша әрбір 675мм сайын көлденең орналасқан Ø5Вр-І арматуралық торларымен темірленеді. Ені 1000мм-ден (ортадағы терезеаралық қабырға – простенка) және 1470мм-ден (бұрыштық қабырға бөліктері) кем қабырға бөліктері, екі жағынан темірбетонды өзекшелермен күшейтілген.
2.3.6. Шатыр
Жобаланатын ғимараттың шатыры чердакты желдетілетін суағар еңістігі бір жағына қараған формасы күрделі. Шатыр ағаштан жасалған қаңқаға төселген профильденген мырышталған қалыңдығы 0,7мм қаңылтырдан жобаланған.
Итарқасы қима өлшемдері 50х100мм ағаш тақтайдан қабылданған, итарқа адымы – 1000мм. Обрешетка (торлама) қима өлшемдері 50х50мм ағаш рейкадан қабылданған, адымы – 500мм.
Басқа қаңқа элементтері (мауэрлат, прогон, тіреуіш, көлбеу тіреуіш және т.б.) қима өлшемдері 100х100мм және 50х150мм ағаш тақтайшалардан қабылданған. Жабын жамылғысының үстінен будан оқшаулау және жылу сақтағыш қабаттары төселген. Жылу сақтағыш қабаты ретінде жартылай қатты минваталы плиталар қолданылады. Жылу сақтағыш қабаттың қалыңдығы «Құрылыс физикасы» бөлімінде жылу техникалық есептеулер негізінде – 150мм етіп қабылданған.
Суағар еңістігі жағындағы карниз бөлігі ақ түсті «Сайдинг» типті пластик тақтайлармен қапталған. Шатырдың осы бөліктері суағар жолақтармен және құбырлармен жабдықталған.
2.3.7. Едендер
Жобаланатын ғимараттың едендері, үйдегі бөлмелер мен бөліктердің функционалдық қолданыс бағытына қарай төмендегідей түрлерде жобаланған:
-
Керамикалық еден; -
Керамогранитті еден; -
Линолеумді еден; -
Цемент еден.
Мәдени-сауықзалдарының едені керамогранитті плиткалардан жасалған. Плиткалардың қалыңдығы 16-20мм және қалыңдығы 100мм керамзитбетонды дайындық қабатының үстіне 25мм цемент төсемі арқылы орнатылған.
Санитарлық түйіндерде, жабдықтар қоймасында, буфет асханада және оның қосалқы бөлмелерінде еден керамикалық плиткалардан жасалған.
Әкімшілік бөлмелерінде, демалыс бөлмелерінде еден орама материалдан (линолеумнен) тұрғызылған.
Қоймаларда және тағы басқа техникалық бағыттағы бөлмелерде еден таза цементтен тұрғызылған.
2.3.8. Есік терезелер
Жобаланатын ғимаратта негізінен жекеше тапсырыспен жасалатын есіктер орнату жоспарланған. Сыртқы есіктер алюминий профильді витражды, ал ішкі бөлме есіктері негізінен таза ағаштан. Өлшемдері 1000х2400мм, 1200х2400мм, 800х2400мм, 1500х2400мм және 1600х2400мм.
Терезелер жеке терезе және көлемді витраж түріндегі формаларда жобаланған. Ғимараттың негізгі бас фасадындағы терезелер үлкен көлемді витраж түрінде жобаланған. Өлшемдері 1200x6000(h)мм, 5000x6000(h)мм және 2000x3300(h)мм.
Ғимараттың басқа фасадтарындағы терезелер жекеше және өлшемдері 600x1200(h)мм, 1200x2100(h)мм және 1500x2100(h)мм.
2.4. Сейсмикаға қарсы шаралар
Сейсмикалық әсерлерге қарсы шаралар ҚР ҚНжЕ 2.03-30-2006 «Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс» құжатының талаптарына сәйкес дайындалған.
-
Біріншіден, үйдің конфигурациясы күрделі болуына байланысты антисейсмикалық жікпен қарапайым тік бұрышты формадағы төрт блокқа бөлінген; -
Ғимараттың конструкциясы рамалы қаңқалы схема түрінде шешілген. Сыртқы көтергіш қабырғалары М75 маркалы кірпіштен, ерітіндісі М50 маркалы кірпіш пен ерітіндінің ілінісу күшін жоғарылатын арнайы қоспалар қосылған; -
Осьтік созылуға қарсы, уақытша кедергісі байланыспаған жіктер бойынша 180кПа>R>120кПа; -
Ғимараттың қатаңдығы бойлық және көлденең кірпіш қабырғалардың және біртұтас темірбетонды рамалардың, жамылғылардың қатаңдық дискісімен құрылған жүйе қамтамасыз етеді; -
Қабатаралық және жабын жамылғыларының қатаңдығын көтеру үшін олардың периметрі бойынша сейсмикаға қарсы белдеулер қарастырылған және 2.140-5с сериясының талаптарына сәйкес; -
Бойлық және көлденең қабырғалардың қиылысы 2.130-6с.1 сериясы бойынша арматуралық тормен темірленеді; -
Маңдайлық қарылар тек біртұтас құймалы бетоннан дайындалуы керек және кірпіш қалауға асылуы 250 және 350мм-ден кем болмауға тиіс; -
Кірпіштен тұрғызылған жұқа бөлмеаралық қабырғалар (перегородка) периметрі бойынша 25Вр-І және биіктігі бойынша 700мм адыммен темірленуі керек. Есік-терезелер ойығы темірбетонмен немесе металмен жақталуы тиіс. Ұзындығы 3м-ден ұзын перегородкалар металдан немесе темірбетоннан жасалған тіреуіштермен күшейтілуі қажет; -
Терезе аралық қабырғалар (простенкалар) ені 1200мм-ден кем болған жағдайларда екі жағынан темірбетонды өзекшелермен күшейтілуі тиіс; -
Парапет бөлігі биіктігі бойынша 400мм адыммен орналасқан көлденең арматуралық торлармен темірленеді. Тік бағытта сейсмикалық белдеумен байланысқан адымы 500мм шахматтық тәртіппен орналасқан 10А-ІІІ арматурасымен темірленеді.
3. құрылыс физикасы бөлімі
3.1. Жалпы жағдайлар
Кез келген ғимаратта (үйде) ішкі климаттық орта (микроклимат) адамдардың көңіл-күйіне және өзіндік мінез-құлығына басты әсер етуші фактор болып табылады. Микроклиматтық орта жасанды әсерлердің (күштердің) көмегімен жасалынатын дүние (ішкі температураны сақтау, желдету, жасанды жарықтандыру, ауаны кондиционерлеу және т.б.) болып табылады. Бірақ та, мәселені шешудің мұндай жолы құрылыс кезінде қосымша қаржы шығындарына ұрындырады. Сондықтанда